www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Тегін медициналық көмекті алу

Бәріміз тегін медициналық көмек алуға құқылымыз!

«Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын (БМСК) және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1263 Қаулысына сәйкес «Шахтинск қаласының емханасы» КМК  2014 жылғы 6 қазаннан  бастап 6 қарашаға дейін тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы негізінде жүзеге асырылады. БМСК ұйымына бекіту еркін нысандағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, паспорт, туу туралы куәлік)әкелу арқылы жүргізіледі.

  1. амбулаториялық – емханалық көмекке жататындары: дәрігерді үйге шақырту, учаскелік терапевтің, бала дәрігерінің, жалпы тәжірибелі дәрігердің қабылдауы.
  2. мамандықтар бойынша кеңестік – диагностикалық көмек: неврология, офтальмология, кардиология, дерматология, отоларингология, эндокринология, хирургия, гинекология, стоматология, зертханалық және функционалдық тексерулер: ЭКГ,ЭХОКС (жүректі Deca_Lekari_strahультрадыбыстық тексеру) тәуліктік мониторлау ЭКГ, қан қысымын өлшеу, реовазография (бас миы және омыртқаның мойын бөлігінің тамырларын, дененің  төменгі жақтарының қан айналысы жағдайын зерттеу), мүшелерді рентгенге түсіру.
  3. күндізгі стационарда емдеу.
  4. әлеуметтік – маңызды аурулармен  (сусамыр, гипертониялық, жүректің ишемиялық аурулары, бронх демікпесі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, асқазанның ойық жарасы) науқастанатындар тегін дәрі – дәрмектермен қамтамасыз етіледі.
  5. ісік алды ауруларын, сүт бездері, жатыр мойнағы, асқазан, ұлтабар ,тоқ ішек және тік ішек , еркектік бездер, бауыр обырларын, «В» және «С» жұқпалы гепатиттерін, жүрек – қан тамырлары (жүректің ишемиялық ауруы, артериалдық гипертензия) сусамыр, глаукома ауруларын ерте бастан айқындау үшін, скринингтік алдын алу тексерулері жүргізіледі.

«Шахтинск қаласының емханасы» КМК 2014 жылғы қараша айынан бастап, Шахтинск қаласында университеттің профессорлық – оқытушылар құрамымен халыққа кеңес беру және жас мамандарды оқыту бойынша  Қарағанды медициналық университетінің клиникалық базасы болады!
Емханаға 2015 жылы  жаңа медициналық жабдықтар: УДЗ, гастроскоппен, колоноскоппен видеотұғыр, рентгенаппарат әкелінеді.

«Шахтинск қаласының емханасы» КМК бекітілсеңіз біздің қаладан тыс жаққа шықпай тегін медициналық көмекті алу СІЗГЕ  ҚОЛАЙЛЫ БОЛДАДЫ.

Мына байланыс телефондары арқылы: 53316, 50875, 51432, 32755 (Шахан кенті), 66807 (Новодолинский кенті) 58219 (Долинка кенті) немесе тікелей өзіңіздің учаскелік терапевтіңізге хабарласуыңызға болады.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 17°C , ылғал 57%, қысым 712, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.05
Euro 428.25
Рубль 5.84

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары