www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Шахтинск аймағының СЭҚ қызметінің 2013 жылғы жұмысының қорытындысы

        Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістің енгізілуіне сәйкес ақпан айының аяғында «Шахтинск қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы» ММ «Қазақстан Республикасы тұтынушылырдың құқықтарын қорғау Агенттігінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің» Шахтинск қалалық тұтынушылырдың құқықтарын қорғау басқармасы» РММ деп атына өзгеріс енгізілді.
      Бұл өзгеріс өзімен бірге біздің мекемеге қосымша функциялар енгізеді. Сонымен, басқарманың басты міндетінің бірі тұтынушылар құқығын қамтамасыз ету және халықтың санитарлық-эпидемиолгиялық саламаттылығын қамтамасыз ету,
     2013 жылы мекеме ұжымының жұмысы  2011-2015 жж «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік дамыту бағдарламасын республикалық,  аймақтық бағдарламалар шараларын, облыстық кешенді жоспарларды іске асыруға бағытталған.
       Жалпы алғанда аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық деп бағаланады. Аса қауыпты, карантиндік және вакцина басқару инфекциялары тіркелмеген. Дифтерияға, сіреспеге, гимофильдік инфекцияға, қызылшаға, қызамыққа, көк жөтелге, паротитке, полиомиелитке, түберкүлезге қарсы балаларды, жасөспірімдерді және ересек қауымды жоспарлы иммундаумен   қамту 95-96% құрайды. Тұрғындардың «қауып-қатер тобына» тұмауға қарсы иммундау жүргізілді. 1200 адам егілді, сонымен қатар 82 адам төлем ақы түрінде егілді. Халықты эпидемиялогиялық мезгілде иммундау арқасында ақырғы жеті жыл ішінде қала бойынша тымау ауру-сырқаты тіркелмеген.
      Басқарма мамандарымен ауыз су сапасына, тамақ өнімдеріне, ауа атмосферасының ластану деңгейіне мониторинг жүргізіліп отырылады.
      Халыққа берілетін ауыз су сапасына үнемі бақылау жүргізіліп отырылады. Су құбырында 72 апаттың тіркелуіне қарамастан 2013 жылы бактериялық және санитарлық-гигиеналық зерттеуге  1296 сынама алынды, барлығы гигиеналық нормативтерге сай.
       Өткен жыл бойынша мектепке дейінгі мекемелерде және  мектеп араларында ауру-сырқаттанудың жоғарғы деңгейі байқалады: МДБМ  919 жағдай, мектептерде 1212 жағдай тіркелген. Бұл облыстық көрсеткіштен жоғары. Мектепке дейінгі балалар ортасында ЖРВИ, жіті бронхит және тонзиллит, ал оқушылар арасында тыныс алу органдарында, ІҚЖ, тері сырқаттарының өсуі байқалады.
      Балалар денсаулығын жақсарту мақсатында МДБМ, мектептер арасындағы балаларды сауықтандыру жоспары өңделген.
      Сонымен қатар кәсіптік сырқаттану жоғары деңгейде орын алуда. Жыл ішінде кәсіптік сырқаттанудың 288 жағдайы тіркелген (2012 ж.-259). Кәсіптік сырқаттанудың басты себептері бұрынғыдай: ауыр дене жұмысы, зиянды еңбек жағдайлары, жас шамасы бойынша, жер асты жағдайындағы ұзак еңбек етуі. Осыған байланысты өнеркәсіп кәсіпорындарының бірінші басшыларына кәсіптік және соматикалық ауру-сырқаттарды төмендету және алдын алу бойынша шаралардың жоспарын ұсыну туралы хаттар жолданған. 
      Тамақтың қауыпсіздігін қамтамасыз ету санэпид қызметіндегі басты бағыттардың бірі болып табылады. Тамақ өнімін зерттеу барысында 155 сынаманың 12 сынамасы санитарлық-химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді және  561 сынаманың ішінде 12 микробиологиялық сыңама көрсеткішке сай келмеді.. 2013 жылы 188 кг сапасы төмен өнімдер іске асырылудан алынған және жойылған.
      Тамақ нысандарын бақылау жолында 74 айыппұл салынған, 199420 соммасына, 63 ұйғарым ресімделген, медициналық тексерістің жоқтығы бойынша 44 адам жұмыстан шектетілген.
      Заңды және жеке тұлғалардың 387 өтініштері қарастырылған, 216 санитарлық-эпидемиологиялық қортынды берілген. Бұзушылықтың табылуы бойынша 125 ұйғарым, 188 айыппұл сылынғын, 510326 тг өндіріліп алынды және 82 адам жұмыстан шектетілді.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 5°C , ылғал 19%, қысым 719, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.75
Euro 434.26
Рубль 6.12

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары