www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

ҰБТ

  1. Қатысу тәртібі (құжаттарды тапсыру мерзімі, шағымдану тәртібі)
  2. ҰБТ қатысу үшін құжаттар тізімі
  3. ҰБТ өту бөлімдері мен уақыты
  4. ҰБТ тапсыру үшін дайындық өткізу бөлімдері.

ҰБТ тапсыруға ерікті түрде қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын, орта жалпы білімнің оқу бағдарламасын игерген биылғы жылдың барлық білім беру ұйымдарының түлектері жіберіледі.
ҰБТ қатысқысы келмеген түлектер қорытынды емтихан түрінде орта мектеп курсы бойынша қорытынды атестаттаудан өтеді.
ҰБТ 5 пән бойынша өткізіледі: қазақ тілі, орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы және жоғары оқу орынына қабылдау Типтік ережесіне сәйкес, таңдаған мамандығына байланысты таңдау пәні бойынша.
ҰБТ өткізу технологиясы Министрлік арқылы бекітіледі және Қазақстан Республикасы индустрия және сауда Министрлігінің стандартизация, метрология және сертификттау бойынша комитеті келісіледі.
ҰБТ қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі 1 наурыздан 25 сәуірге дейін. Өтініштер бланкін толтыру өздері оқитын орта жалпы білім беру ұйымдарында жүргізіледі.
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) қатысу үшін өтінішті түлектер 10 наурыздан 25 сәуірге дейінгі аралықта ұсынады.
Өтініштерді қабылдау оқитын жері бойынша білім беру ұйымдарында жүргізіледі.
Өтініш беру үшін қажетті құжаттар: жеке басын куәландыратын құжат;
2 фотография (3х4 өлшемде).
Өтінішті деректер базасына енгізгеннен кейін түлекке келесідей құжаттар беріледі: түлекті тіркеу туралы анқытама; тестілеуден өтуге рұқсат.
Тестілеу маусым айының 1-і мен 15-і аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу қабылдау бөлімдерінде (ҰБТ ҚБ) өткізіледі.
ҰБТ тестілеу тапсырмаларының көмегі арқылы өткізіледі, олар білім беру және тестілеу мемлекеттік стандарты Ұлттық орталығының жалпы білім беру пәндері бағдарламасы негізінде әзірленеді, олардың мазмұны көрсетілген бағдарлама аясынан ауытқымайды.
Әрбір пән бойынша тесттік тапсырма саны-25.
ҰБТ 3,5 астрономиялық сағат беріледі (210 минут).
ҰБТ нәтижесі 125-баллдық жүйе бойынша бағаланады және орта жалпы білім беру туралы аттестат алу үшін бесбалдық жүйе бойынша белгіленеді.
Балладар аударымы және беліглеу Министрлік бекіткен өлшемге сәйкес Мемлекеттік комиссия (МК) арқылы жүргізіледі.
Бірыңғай талаптарды сақтауды және тесттік тапсырмаларды бағалауда талас тудыратын сұрақтарды шешуді қамтамасыз ету мақсатында, тестілеу өтуі барысында ҰБТ қатысушылар құқығын қорғау үшін шағымдарды қарастыру үшін республикалық комиссия және әрбір ҰБТ ҚБ шағым қабылдаушы комиссия құрылады.
Шағым қабылдаушы комиссия тестілеуге қатысушыдан өтініш қабылдайды, қарастырады және түлекке балл қосу туралы республикалық комиссияға ұсыныс білдіреді, шағым қабылдау қорытынды туралы ақпараттандырады.
Шағым қабылдау комиссиясына шағым өтініші тестілеу нәтижесін жариялаған күннен келесі күні сағат 13:00-ге  дейін беріледі және бір тәулік ішінде қаралады.
Өтініш арнайы бланкіде комиссия төрағасының атына тестлеуге қатысушының өзі арқылы беріледі.
Өтініш берушінің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, ҰБТ рұқсат қағазы болуы керек.
ҰБТ тапсырған түлектерге білім беру гранты байқауына қатысу үшін баллы көрсетілген ҰБТ тапсырғаны туралы сертификат және орта жалпы білім беру аттестаты беріледі.
Сертификат формасын Министрлік бекітеді.
Сертификат берілген күннен бір жылға дейін жарамды.
Сертификатта ҰБТ аясында тапсырған әрбір пән бойынша баллдар көрсетіледі.
ҰБТ аясында тапсырылған жалпы білім беру пәндері бойынша аттестатқа МК шешімі арқылы орташа арифметикалық (жылдық+ҰБТ) баға қойылады.
Қандай да бір себеппен ҰБТ тапсырмаған оқушылар, жылдық және емтихан бағалары негізінде тек орта білім туралы аттестат алады


Размещение информации: 09.08.2016 11:03

Последнее изменение информации: 09.08.2016 11:05

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 13°C , ылғал 52%, қысым 711, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары