www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Білім беру

Шахтинск өңірінің мектепке дейінгі білім беру жүйесі «Аленка», «Березка», «Ботагоз», «Гүлдер», «Еркетай», «Қарлығаш», «Салтанат», «Снегурочка» 8 балабақша, №3, 4, 8 жалпы білім беру мектептері жанындағы Долинка, Северо-Западный кенттеріндегі толық күнді шағын-орталықтардан және 1 жеке меншік «Капуsта» сәбилер-балабақшасынан тұрады.

Жалпы өңірде 1 жас пен 6 жас аралығындағы балалар саны 2509 құрайды, соның ішінде 3 жас пен 6 жас аралығындағы балалар – 1906 адам. 3 жас пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту 100% құрайды немесе 1906 бала, 1 жас пен 6 жас аралығындағы балалар 98,2 %. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие және оқыту қызметін 2465 бала алады.

Шахтинск өңірінің білім беру ұйымдарының құрылымы келесі мекемелерден тұрады: 9 жалпы білім беру мектебі, 2 гимназия және 1 мектеп-лицей. 12 жалпы орта білім беру ұйымдары ішінен – қазақ тілінде оқытатын 3 мектеп (№ 9,12 ЖББМ, Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі), 1 аралас тілде оқытатын мектеп (№5 гимназия), 8- орыс тілінде оқытатын мектеп (№1 гимназия, №2, 3, 4, 6, 7, 8, 11 ЖББМ). Жалпы білім беру мектептерімен қатар, өңірде 4 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды: БЖО, БКМ, БММ, Шахан кентінің өнер мектебі.

Жалпы орта білім беру жүйесінде 568 педагог жұмыс жасайды, олардың ішінде 487 педагог кәсібі педагогикалық жоғары білімді (86%), арнайы орта білімді педагог саны 81 (14%). Арнайы педагогикалық білімсіз жұмыс істейтін педагогикалық қызметкерлер Шахтинск қаласының жалпы білім беру ұйымдарының бағдарында жоқ.

Педагогтердің сапалы құрамының 51% мұғалімдердің категориясы  бар екенін көрсетеді: Педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы (290 педагог). Өткен жылы бұл көрсеткіш 46,2% құрады. Бұл көрсеткіштің артуы 2018 жылы Шахтинск өңіріндегі мұғалімдердің санаттарды мерзімінен бұрын алуларына байланысты.

Компьютерлік база 1125 компьютерден тұрады. Бір компьютерге оқушылар саны – 6,4 құрайды, облыстық көрсеткіш 5,0. Компьютер техникасымен жабдықталған мектептер дамыту бағдарламасының кезеңдерін жүзеге асыру шамасы бойынша барлық жалпы білім беру мектептері кең жолақты ғаламторға жүйесіне 100 % қосылған, облыстық көрсеткіш 82%. Жаңа модификация кабинеттерімен жабдықталған мектептер 85,4% құрайды.
Олардың ішінде физика кабинеттерімен қамтылу 91,6%, химия кабинетімен қамтылу 83,3%, биология кабинеттерімен қамтылу 91,6%, ЛМК 75%. 12 мектептің 9-да (75%) LSD подиум орнатылған.

Қазіргі күні қаланың барлық мектептері интерактивтік жабдықтармен бейімделген, жалпы білім беру мектептерінде интерактивтік тақталар саны 64 дана. Осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында жоғарғы технологиялық интерактивтік жабдықтар (LCD панелі және ELF цифрлық подиумы) сатып алынған-9 дана.

2018 жылы ҰБТ бойынша орташа балл 79,73 баллды құрайды. 2018 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 4,06 баллға артқан.

2010 жылы «Алтын белгі» белгісін дәлелдегендердің үлесі -100% -ды құрады (2017 жылы - 44,4%).

Түлектердің одан әрі негізгі орта білім алуына оқыту мәселесіне ерекше назар аударылады.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 26.03.2019 09:22

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 30°C , ылғал 19%, қысым 705, жел 11 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.70
Euro 427.15
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары