www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Жастар ісі жөніндегі қалалық кеңестің 2015 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру барысы


Бүгінгі күні Шахтинск аймағында жастар саны жалпы халық санының 24,3 %-ын немесе 13 862 адамды құрайды.
Шахтинск қаласы әкімінің тапсырмасын орындау аясында 2013 жылдың 12 ақпанында «Шахтинск қаласының жастар ресурстық орталығы» құрылды, Шахан, Долинка, Новодолинка кенттерінде филиалдар ашылды.
Мекемеде 8 қызметкер жұмыс істейди.
Шаханнан басқа барлық ресурстық орталықтарының аймақтағы Мәдениет Сарайларында бөлімдері бар. 2014 жылдың қарашасында Шахан кентінің МС-нан шеберлік мектебіне ауысты.
Әрбір орталық жаңа құрылғымен жинақталған, керекті әдістемелік материалдары бар, бұл жастардың аймақтың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Шахтинск  аймағында мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында, 2015 жылы  8 миллион 832 мың теңге бөлінді, іс-шараларға 900 мың теңге бөлінді. 
Жалпы өткізілген іс-шаралар саны 2014 жылы  403 құрады, жалпы қамтылған адам саны 15019 адам.
2015 жылдың 1 тоқсанында ресурстық орталық мамандарымен 114 іс-шаралар өткізілді, жалпы қамтылған адам саны 5148 құрады.
2015 жылы патриотизмді тәрбиелеу бағыты бойынша 55 іс-шаралар өткізілді, жалпы қамтылған адам саны 4283 құрады.
Діни-рухани тәрбиелеу бағыты бойынша 31 іс-шаралар өткізілді, жалпы қамтылған адам саны 496.
Құқық бұзушылық пен жемқорлықтың алдын алубойынша 8 іс-шаралар өткізілді, жалпы қамтылған адам саны 119.
Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бағыты бойынша 3 іс-шаралар өткізілді, жалпы қамтылған адам саны 30.
Салауатты өмір салтын насихаттау бағыты бойынша 17 іс-шаралар өткізілді, жалпы қамтылған адам саны 210.
Діни экстремизмнің алдын алу бағыты бойынша 1 іс-шара өткізілді, жалпы қамтылған адам саны 10.
Жастар ресурстық орталығының жұмысының бөлінбейтін бөлігі болып прессаны күнделікті саралау болып табылады, өйткені жастар әрқашан қалада және әлемде болып жатқан барлық хабарлардан  хабардар болулары керек. Сонымен қатар орталықтардың жастардың бос уақытын толығымен қамтуға мүмкіндіктері бар – тегін интернетке кіру, үстел үстінде ойнайтын ойындар, жастарға қызықты прессалар ( «Отбасым» журналы, «Қазақстан әйелдері» журналы, «Жалын» журналы, «Предупреждение преступности» журналы, «Вы и Ваш компьютер» журналы, «Эрудит» журналы, «Speakout» журналы).
Жастардың ресурстық орталығының барлық әлеуметтік желілерінде аккаунттары бар (ВКонтакте, Фейсбук, Мой Мир), сонымен қатар әрдайым жұмыс істейтін сайт mc-shahtinsk.ucoz.org, мұнда болатын барлық шаралардың анонстары және атқарылған жұмыстың фото есептері енгіздіріледі.
«Ардағым Ардагерім» атты акциясы әрдайым өтеді. 2014 жылы 63 соғыс, еңбек ардагерлері және тылдың еңбеккерлері, жалғызсырып тұратын зейнеткерлер, ауғын соғысында қайтыс болған жауынгерлердің аналардың үйлеріне бардық, 2015 жылдың 1 тоқсанында 13 шығу жұмыстары ұйымдастырылды. Жастар орталығының еріктілері ардагерлерге барынша көмек беріп, үйлерін жинастырып, туған күндері мен мерекелермен құттықтайды.
Шахтинск қаласы жұмыспен қамту бөлімі мен Шахтинск қаласы жастарының ресурстық орталығы арасында 2015 жылдың 1 жарты жылдыққа АНТ жастарды қолдау бағдарламасын түсіндіру аясында жұмыс жсопары құрылды, сонымен қатар «Жұмыспен қамту бағдарламасы 2020» бағдарламысы. Есеп беру кезіңде жастармен 5 кездесу өтті. Қатысушылар саны 200 адам.
Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында Шахтинск қаласы әкімінің жастар ісі жөніндегі қалалық Кеңес жұмыс істейді. жастар ісі жөніндегі қалалық Кеңестің жұмыс жоспары бекітілген, жоспар бойынша отырыс тоқсан сайын өтеді.
2014 жылы жастар ісі жөніндегі қалалық Кеңестің 4 отырыс өтті. Отырыста жастарды әлеуметтік қолдауды жетілдіру бойынша кешенді жоспардын орындалуы қарастырылды. Кеңесте қала әкімдеріне нақты тапсырмалар беріліп, сол тапсырмалардың орындалуын үнемі бақылауда.

 


Размещение информации: 29.09.2016 13:01

Последнее изменение информации: 29.09.2016 13:02

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 41%, қысым 715, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.38
Euro 431.05
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары