www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Саяси қуғын – сүргін құрбандарына естелік мұражайы

 

Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайы.

Мұражай Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырысына байланысты 24.02.2001ж. облыс әкімінің өкіміне сәйкес, Шахтинск қаласы әкімінің шешімімен 30.11.2011ж. құрылды. Заңды тұлға ретінде мұражай әділет Басқармасында 19.03.2011ж. тіркелді және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын мәртебесіне ие болды. 2005 жылдан бері Мұражайдың құрылтайшысы - Қарағанды облысының Әкімдігі, ал мемлекеттік басқару органы - Қарағанды облысының мәдениет Басқармасы.
Есепті жылы жаңадан 502 жәдігер жиналды, негізгі қорға 212 , ал ғылыми-көмекші қорға 290 жәдігер түсті. Негізгі қорға Қаз ССР-нің үш туы, В.И.Ленин мен Н.К.Крупскаяның сөздері жазылған винилды табақтары және «Лениннің жүріп өткен жерлері» атты аудио, фото альбом түсті. Кент тұрғындары мұражайға 40-50 жылдардың жиһаздары мен үй жабдықтарын сыйға тартты.
Есепті жылда жәдігерлердің, келушілердің, экскурсиялардың  және оқылған лекциялардың саны өсті.


Мұражайды құру мақсаттары:
• Cаяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте қалдыру;
• Тарихи-мәдени мұраның тиімді пайдалануын және сақталуын қамтамасыз ету;
• Қарлаг ескерткіштерін кешенді түрде жан-жақты зерттеудің, жүйелеудің және сақтаудың негізінде тарихи-мәдени деректердің шоғырлануын және тапсырылуын ғылыми-әдістемелік жолмен қамтамасыз ету;
• Әлем қауымдастығының әртүрлі халықаралық ұйымдарымен хабарламалар алмасу.

            Міндеттері:
• ХХ ғасырдың 30-50-ші жылдарындағы саяси қуғын-сүргінге байланысты мұрағаттық құжаттарды, материалдарды және нысандарды зерттеу;
• Мемлекеттік мұрағаттарда, кітапханаларда, жекеменшік коллекцияларда, басқа мұражайлардың қорларында сақталған материалдарды анықтап білу және зерттеу;
• Қарлагтың бұрынғы тұтқындарының естеліктері мен заттарын жинақтау;
• Мұражай қорларын толықтыру үшін экспедициялар, ғылыми жолсапарлар ұйымдастыру;
• Мұражай қорларын сақтау және жүйелеу;
• Экспозициялық және көрмелік жұмыстарды жаңғырту;
• Ғылыми – зерттеу, хабардар ету және баспасөзге жариялау жұмыстарын ұйымдастыру;
• Экскурсиялар жүргізу жұмыстарын жақсарту;
• Мұражай педагогикасын дамыту;
• Халықаралық қарым-қатынастарды жүзеге асыру.
 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 13°C , ылғал 52%, қысым 711, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары