www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Шахтинск қаласының КМС КМҚК

 

Шахтинск қ. Кеншілер мәдениет сарайы   КМҚК

1. Мекеменің атауы: «Шахтинск қ. Кеншілер мәдениет сарайы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2. Директоры: Козлова Людмила Бон-Неновна
3. Мекенжайы: 101605, Қарағанды облысы, Шахтинск қ., Абай Құнанбаев даңғылы, 50
4. Телефон-факс: 8(72156) 6-02-35;
5. Сенім телефоны: 8(72156) 5-40-93;
6. Азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі, жұма сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін.
Шахтинск қ. Кеншілер мәдениет сарайы 1967 жылы 5 қарашада салынды. Ғимараттың жалпы аумағы 3557,8 шаршы м., 800 орындық, мемлекеттік меншікте.
2007 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, жаңа жиһаздар әкелінді, үлкен залдағы жұмсақ креслолар жаңартылды, сахналық кмиімдер қайта тігілді.
2010 жылдың шілде айында Шахтинск қаласы Кеншілер мәдениет сарайының филиалы ретінде «Долинка»  кентінде клуб ашылды.
Шахтинск қаласының Мәдениет Сарайында да 45 клуб үйірмелері жұмыс жасайды, шамамен 1145 адамды қамтиды. 5 мәдени ұлттық бірлестік бар, олар да өз ара тығыз байланыста, спорт секциялары қызықты жұмыс жүргізеді. Көркемөнерпаздар үйірмелерінің мүшелері де барлық ісшараларға белсене қатысады,  мүгедектерге, соғыс ардагерлеріне және аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға ақысыз қызмет көрсетеді.
Мәдени ойын-сауық ісшараларымен бірге спорттық ісшаралар да кеңінен насихатталады. Ауыр атлетика секциясы, шахмат клубы және әйелдерге арналған шейпинг тобы жұмыс істейді.
Этнобірлестіктер үнемі өздерінің салт-дәстүрлерін, ән-жырын, биін, ұлттық тағамдары мен киімдерін  насихаттау мақсатында үнемі әртүрлі ісшараларға қатысады.
2010 жылы әртүрлі фолклорлық-ойын бағдарламалары, әр ұлттық би конкурстары, Жеңістің 65- жылдығына орай  «Аналардың алдында бас иіп, әкелерге тағзым ет» қалалық музыкалық конкурсы,  Қазақстан халқы күндеріне орай «Қазақша КВН», дөңгелек үстелдер, ток шоулар, саяси сағаттар т.б. өткізілді.
КМС-ның көркемөнерпаздары қалалық, облыстық деңгейдегі конкурстарға қатысады, жүлделі орындар алады.
Шахтинск КМС-да 5 ұлттық-мәдени бірлестік жұмыс істейді.
Шахтинск КМС-да – қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтау және жаңғырту бойынша орталығында қазақтың әдет-ғұрпын, салт-санасын жаңғыртатын көптеген ісшаралар өткізілді, «қара жорға» биі насихатталады.
Татар-башқұрт ұлттық-мәдени бірлестігі, Онда «Алсу» фольклорлық ансамблі жұмыс істейді, өте ұйымшыл ұжым, құрамындағы мүшелері жасы егде адамдар болғанымен өте ширақ көңілді адамдар, қала мен облыс деңгейінде өтетін кез келген ісшараны әрлендіріп жібереді. Үнемі репртуарларын жаңартып отырады.
Неміс  ұлттық-мәдени бірлестігі,. Онда «Фольксшатц» фольклорлық ансамблі жұмыс істейді. Олар ерте кезден басталған неміс халқының әдет-ғұрпын, мәдениетін  насихаттайды.
Корей  ұлттық-мәдени бірлестігі, Онда «Коре Сарам» фольклорлық ансамблі жұмыс істейді, корей этнобірлестігінде жасы ұлғайған кәрістер, олар өз естеліктерімен бөлісіп, ұмытылып кеткен өздерінің ескі әндерін тыңдайды, бабаларының мәдениеті мен тарихымен танысады
Славян  ұлттық-мәдени бірлестігі, Онда «Околица» фольклорлық ансамблі жұмыс істейді. Олар «Святая троица – земля травой покроется», «Коляда, коляда...», «Кузминки» сияқты іс-шаралар өткізеді.
 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 22°C , ылғал 35%, қысым 714, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 382.38
Euro 428.30
Рубль 5.97

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары