www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Шахан кентінің МС КМҚК

Шахан кентінің мәдениет үйі  КМҚК
1. Мекеменің атауы: «Шахан  кентінің мәдениет үйі» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2. Директоры: Шулембаева Айнагуль Балташовна.
3. Мекенжайы: 101605, Қарағанды облысы, Шахтинск қ., Шахан кенті, Добровольский  к-сі,
4. Телефон-факс: 8(72156) 3-37-10;
5. Сенім телефоны: 8(72156) 3-35-77;
6. Азаматтарды қабылдау кестесі: Дүйсенбі - сенбі 09.00-ден 18.00-ге дейін.

Шахан кентінің МҮ 1978 жылы 18 ақпанда құрылды. Ғимараттың жалпы көлемі 1268,1шаршы метр, 500 орындық, мемлекеттік меншікте.
2009 жылы «Жол қартасы» бағдарламасы шеңберінде 10800,0 м.т. ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Үлкен зал, фойе, дискозал, жөнделді, санитарлық бөлмелердегі мүліктер жаңартылды.
32 жыл бойы бұл мекеме халықтың рухани көңіл көтеретін орнына арналды, бос уақыттарының көбін осы жерде өткізеді, әсіресе балалар.
Шахан кентінің Мәдениет үйінде былтырғы жылғы жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін келушілердің қатары көбейді, спорт залына балалар мен жасөспірімдер көп келеді. Жас таланттарды қолдау , оларды елге таныту, білікті мамандарды жұмысқа тарту сияқты бағыттарында көп жұмыстар жүргізілуде.
Шахан кенті мәдениет үйінің бір ерекшелігі «халықтық» мәртебесі бар үрмелі оркестрдің болуы, бұл оркестр барлық мерекелерде өнер көрсетіп халықты таң қалдырады. 1962 жылы құрылған, жетекшісі сол жердің тумасы Гренадер Александр Милентьевич, оркестр жас мөлшеріне қарай екі ұжымнан тұрады, 10-18 жас арасындағы балалар ұжымы, 18 бен 50 жас арасындағы ересектер ұжымы. Оркестрдің репертуарында классикалық шығармалар, марш, пьесалар, қазақ және шетел композиторларының шығармалары.оркестрдің Екінші бір ерекшелік домбырашылар ансамблі. Ансамбльдің репертуарында Қазақтан композиторларының күйлері мен бірге совет композиторларының да шығармалары бар.  Ансамбль ұжымы тұрғындардың сүйікті ансамблдерінің бірі. «Халықтық» үрмелі  оркестр Астана қаласында өткен «Астанадағы Қарағанды облысының күндері» атты ауқымды ісшараға қатысып алғыс хаттармен марапатталды.
«Сударушка» хоры - өзіндік бет-бейнесі бар ұжым.  Жетекшісі – Проценко Г.А., аккомпаниатор – Чулпанова Т.Я.
«Сударушка» - казақ, совет композиторларының әндерін орындайды, сондай-ақ  репертуарларында  украин, белорус әндері. Хорға 40 жыл, осы жылдар ішінде олар бір отбасы мүшелеріндей болып кетті. «Сударушка» шығармашылық ұжымы - областық, қалалық және кенттегі  конкурстарға , фольклорлық  мерекелерге, фестивальдерге қатысады:  жыл сайынғы «Шахтинская осень», «Поют ветераны» т.б.., үнемі алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталады.
Халық әні Студиясы – қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтау және жаңғырту бойынша орталықтың құрамында жұмыс істейді. Репертуарлары бай, кент тұрғындары оларды қызыға тыңдайды.
«ЭОС» хореографиялық  ансамблі -репертуарында- классикалық, халық, эстрадалық билер. Хореографиялық сюиталар, сюжеттік  қойылымдар. Әр биге арнап арнайы әдемі костюмдер тігіледі. Ұжым  2008 жылы фестиваля танца «Звезды Сары – Арки» областық би фестивалінде дипломант болды . Хореографиялық «ЭОС» ансамблі «Сарыарқаның жұлдыздары» атты 2012 жылы қараша айында өткен облыстық байқауға қатысмып лауреат атағына ие болды.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 18.10.2016 11:52

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 13°C , ылғал 52%, қысым 711, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары