www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Барс КМҚК

«Барс» КМҚК
1. Мекеменің атауы: «Барс» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2. Директор – Балыков Бакыт Рахманкулович.
3. Мекенжайы: 101605, Қарағанды облысы, Шахтинск қ., Парк к-сі,  23/2.
4. Телефон-факс: 8(72156) 3-90-15, 4-90-76
5. Сенім телефоны: 8(72156) 3-90-15, 4-90-76
6. Азаматтарды қабылдау кестесі: Дүйсенбі-жұма күндері, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.
«Барс» КМҚК 2007 жылы құрылды. Кәсіпорынның балансында жасанды  футбол алаңы бар стадион, атракциондары бар саябақ, екі аула клубы және бірінші категориялы спортты алаңы бар 4 аула бар.
Салауатты өмір салтын насихаттау үшін «Барс» КМҚК спорттық үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылған, олар дендері сау, мықты, белсенді жастарды дамытуға мүмкіндік береді.  
  Стадион базасында оқыту-жаттығу процесі және әр түрлі рангтағы спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін жағдайлар жасалған.
Оқыту-жаттығу сабақтарын сапалы өткізу үшін және спортпен айналысуға жағдай жасау үшін стадион базасында спорттық құрал-жабдықтар бар: күшті жаттығу құрылғысы, жүгіретін жол, теннис үстелі, штанга, шеңбер, арқан, секіргіш, ролик конькилер. Қыс спортын дамыту үшін мұз конькилері мен 14 хоккей киімі алынды.
Стадион жанындағы спорт үйірмелеріндегі жұмыстарды екі нұсқаушы-әдіскер
  Шахан кентінің «Карлыгаш»  аула клубының жұмысы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық, мәдени және дене тәрбиесіне бағытталған. клубтың базасында «Грек-римдік күресі», «Дзюдо»  және ұлттық «Қазақша күрес» спорт үйірмелері жұмыс жасайды. Шахан кентінің аула клубының базасында балалар және жасөспірімдермен мәдени – демалыс жұмыстары жүргізіледі.  Клубқа 130 адам барады..
«Патриот» аула клубының жұмысы балалар мен жасөспірімдерді әскери-патриоттық сезімде тәрбиелеуге бағытталған, онда балалар спорттық көпсайыспен айналысады, парашюттік көпсайыс пен әуесқойлық балықаулаушылық бойынша дәріс алады. Осы клубтың түлектерімен оқыту-жаттығу сабақтарын сапралы өткізу үшін пневматикалық мылтықтар, боксер грушасы, бокс қолғаптары, бокс табандары, төсек қаптар, доптар және басқа да спорттық құрал-жабдықтар сатып алынды.
Осы клубтың балалары жылсайын әскери-қолданбалы көпсайыс бойынша облыстық жарыстарға барады және жүлделі орындарды иеленеді, аула клубына 75 адам қатысады.
2011 жылдың 1 мамырында «Балдаурен» балалар ойын-сауық орталығы  ашылды. «Аққу», «Ертегі», «Көңілді паравозик», «Күн», «Тир» және «Жарыс симуляторы», «Баскетбол», «Аэрохоккей», «Атыс симуляторы» и «Лабиринт» ойын автоматтары, көше атракциондары үлкен мәдени іс-шара болып тыбылады. «Балдаурен» балалар ойын-сауық орталығының және көше атракциондарының ашулыуынан бастап саябақ қала тұрғындарына ақылы қызмет көрсете бастады.
Іс шаралар мен келушілер саны «Балдаурен» балалар ойын-сауық орталығы мен көше атракциондарының ашылуы, сонымен қатар  Шахтинск қаласының мәдениет және демалыс саябағының би алаңында би кешін өткізу себебінен өсті.
Жаз кезеңінің демалыс күндерінде мәдениет және демалыс саябағының би алаңында би кештері өткізілді, оған қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 18.10.2016 11:33

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 22°C , ылғал 35%, қысым 714, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 382.38
Euro 428.30
Рубль 5.97

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары