www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Кедергісіз орта

Кедергісіз орта құру қозғалуда қиындығы бар адамдар үшін өмір сапасын жақсартудың маңызды факторы болып табылады. Ол үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, тиісті заңдары және басқа да нормативтік құжаттары құқықтық негіз болады. Бірақ осы жұмыстың негізгісі осы процесске әрбір қатысушының адамгершілік кодексі болып табылады. Қазіргі уақытта республикада тірек-қимыл функциялары, көру және есту функциялары бұзылған адамдарға қалалық шаруашылықтың әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдарында олардың тіршілік әрекетіне ыңғайлы жағдайды қамтамасыз ететін қажетті құқықтық базасы құрылған.

Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын іске асырудың ең маңызды бағыттарының бірі қоғамның барлық мүшелеріне, оның ішінде мүгедектер үшін ұсынылатын қызметтерге және нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша шаралар болып табылады.

 

Халықтың аз мобильді топтары үшін нормативтік талаптарға және ережелерге сәйкес қауіпсіздік, жайлылық, ақпараттылық және қол жетімділік жағдайын жасау үшін бейімделу қажет, яғни нысандардың бейімделуі.

ҚР ҚН 3.06.-15-2005 «Халықтың аз мобильді топтары үшін қол жетімділікті ескерумен ғимараттарды және құрылымдарды жобалау» талаптарына сәйкес, мүгедектердің және халықтың басқа да аз мобильді топтарының мұқтаждығы үшін сәулет ортасын қалыптастыру 4 критерийден: қол жетімділік, қауіпсіздік, ақпараттылық, жайлылықтан шыға жүзеге асырылуы тиіс.

 

Осы критерийлерге сай кедергісіз қолжетімділік үшін мыналар талаптарға сәйкес болуы керек:

           1. Кіру тобы: кіру алаңы немесе кіреберіс, сыртқы саты, сыртқы пандус, тамбур,

           2. Қозғалу жолдары: дәліздер/холлдар,

           3. Қызмет көрсету зоналары: терезе арқылы қызмет көрсету, үстел алдында қызмет көрсету,

4.       Санитарлық-тұрмыстық бөлмелер: санитарлық торабы,

           5. Ақпарат және телекоммуникация құралдары: жазулар, тактильді ақпарат құралдары,  ақпараттық стендтер,  

           6. Нысан аумағы: автотұрақ, бас ғимаратқа жол.

 

Қоғамға мүгедектігі бар азаматтарды интеграциялау бойынша белгіленген барлық жоспарларды іске асыру үшін бірінші себеп мүмкіндіктері шектеулі адамдарға олардың тіршілік ету орындарында кедергісіз орта құру болып табылады.

Бүгінгі күн бізде барлық жерде қолжетімді беймдеудің  аралас нысаны бар, бұл – қамсыздандырылған ішкі қолжетімділік және бейімделмеген ішкі зона. Теңгеруші техникамен пайдаланушылар үшін барлық құрылыстар іс жүзінде жабдықталмаған. Мүмкіндігі шектеулі тұлға өзін емханаларда, дүкендерде, барлық әкімшілік мекемелерде және тұруға елді мекендер ішіне шығуға дербес шығу кезінде жайлы сезінбейді.

«Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ұйым, мекеме басшыларына, сондай-ақ Шахтинск аймағындағы кәсіпкерлерге мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін нысандардың қолжетімділігі бойынша жұмыс жүргізуді ұсынады.

 


Размещение информации: 01.03.2017 16:55

Последнее изменение информации: 01.03.2017 16:56

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 41%, қысым 715, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.38
Euro 431.05
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары