www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«2012 – 2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту» бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік гранттарды ұсыну. (мақала Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Жаңалықтар» бөлімінде 2014ж.27.11. жарияланған)

2012 – 2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту» бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік гранттарды ұсыну.

Мемлекеттік грантты ұсыну үшін кәсіпкерлерді конкурстық іріктеудің басталуы туралы облыстық аймақаралық апта сайынғы басылымдарда айына бір рет бағдарлама шарттарына сәйкес хабарламаны бағдарлама үйлестірушісі «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ (әрі қарай жұмыс органы) жариялайды.
Бір бизнес – жоба бойынша мемлекеттік грантты ұсыну мақсатында кәсіпкер конкурстық іріктеудің қатысушы бола алады.
Мемлекеттік грантты ұсыну көлемінен 20 % - тен кем емес мөлшерде жобаны іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкерлермен қоса қаржыландыру бизнес – жобаның міндетті шарты болып табылады.
Кәсіпкерлер мемлекеттік грантты келесілерді сатып алуға пайдалануы керек:

  1. Негізгі құралдарды және материалдарды;
  2. Материалдық емес активтерді;
  3. Технологияны;
  4. Франшизға құқық.

Мемлекеттік грант қаражатын жылжымайтын мүлік, жер телімін сатып алуға және жалға беру құнын төлеуге пайдалануға болмайды.
Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік гранттың шектеулі сомасы 3000000 (үш миллион) теңгеден аспауы керек.
Жұмыс органының конкурстық комиссиясы Кәсіпкерден өтінім алғаннан кейін ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады.
Жұмыс органының конкурстық комиссиясы құжат және ақпарат алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінің ішінде кәсіпкердің материалдарын конкурстық комиссияның қарауына шығарады.
Конкурстық комиссияның отырысында кәсіпкер бизнес – жоспардың тұсау кесерін жасайды.
Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және бағдарлама Ережесіне сәйкес конкурс жүргізу кезінде келесі функцияларды жүзеге асырады:

  1. Конкурстық іріктеу қатысушыларының бизнес – жобаларын қарастырады;
  2. Мемлекеттік гранттарды ұсыну немесе грантты ұсынуға қарсы болу туралы ұсыныстар береді, оның ішінде жобаның алдағы дамуының маңыздылығы бойынша қаражаттың жетіспеушілігі. Конкурстық комиссия мүшелерінің персоналды дауыс беруі жөнінде ақпарат жариялауға жатпайды.

Өткізілген конкурс нәтижесі бойынша жұмыс органының конкурстық комиссиясы 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде Аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына конкурстық комиссияның хаттамасын жолдайды.
Аймақтық үйлестіру кеңесінің өткізген отырысының шеңберінде келесі іс- шараларды жүзеге асырады:

  1. Мемлекеттік грант қаражатын ұсыну/ұсынбау бойынша конкурстық комиссияның ұсынымын қарастыру;
  2. Аймақтық үйлестіру кеңесі мүшелерінің арасында кәсіпкердің жобасын және ұсынған құжаттарын талқылау;
  3. Талқылау нәтижесі бойынша кәсіпкерлердің бизнес – жобаларын іріктейді және мемлекеттік грант қаражатын ұсыну/ ұсынбау бойынша  шешім қабылдайды, бұл шешім Аймақтық үйлестіру кеңесінің өткізген отырыс күнінен бастап хаттамамен  2 (екі) жұмыс күнінің ішінде рәсімделеді. Бірақ, хаттамада жеке бизнес – жобаларды кері қайтару себептері көрсетіледі.

Бағдарлама және Ереже шарттарына сәйкес келмеу кері қайтаруға себеп болып табылады.
Екі жұмыс күнінің ішінде Аймақтық үйлестіру кеңесі хаттаманы рәсімдеген уақыттан бастап бағдарлама үйлестірушісі жергілікті деңгейде:  
1) Аймақтық үйлестіру кеңесінің шешімі туралы кәсіпкерге хабарламаны;

2) Кәсіпкерлерге мемлекеттік грантты ұсыну бойынша келісімді жасау үшін дайындық шараларын жүргізу үшін конкурстық комиссияға және қаржы агентіне бизнес – жобаларды мақұлдау/кері қайтару бойынша Аймақтық үйлестіру кеңесінің хаттамасын бағыттайды.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 4°C , ылғал 67%, қысым 716, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.81
Euro 430.27
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары