www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Мемлекеттік қызмет көрсету (мақала Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Жаңалықтар» бөлімінде 2014ж.13.08. жарияланған)

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шахтинск қалалық аумақтық инспекциясы» ММ қала тұрғындарына келесі  мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:
1.«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру»
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын ветеринариялық сертификат беру – көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні;
       экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру – 3 (үш) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ақылы түрде (ветеринариялық сертификат бланкісі үшін) көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша айқындалған бланктің құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
       1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысандағы өтініш;
      2) асыл тұқымды жануарларды тасымалдау кезінде – асыл тұқымдық куәлік, ветеринариялық паспорт немесе ветеринариялық анықтама;
       3) жануарды тасымалдау кезінде – жануардың ветеринариялық паспорты немесе ветеринариялық анықтама;
      4) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды тасымалдау кезінде – жүргізілген қажетті зертханалық зерттеулер туралы ветеринариялық зертханалардың сараптама актісі;
       5) етті, былғары-тері шикізатын тасымалдау кезінде таңбаның айқын белгілері болуы тиіс;
      6) ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төлегені туралы түбіртек.

2.«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды.
  Мемлекеттік қызмет «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ақылы түрде (ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісі үшін) көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
     1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысандағы өтініш;
      2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама;
      4) ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісі үшін ақы төлегені туралы түбіртек.

3.«Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру»
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) есептік нөмір беруге еркін нысандағы өтініш;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      3) өндіріс объектісі қызметінің түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған ақпарат.
Ағымдағы жылдың 7 айы бойынша «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шахтинск қалалық аумақтық инспекциясы» ММ тұрғындарға ветеринариялық сертификат беру жөнінде 13 мемлекеттік қызмет, ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру жөнінде 1 мемлекеттік қызмет, есептік нөмір беру жөнінде 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.


 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 4°C , ылғал 16%, қысым 724, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары