www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Қызмет түрлерін пайдаланыңыз (мақала «Шахтинский вестник» газетінде №4 2014ж.31.01. жарияланған)

Қызмет түрлерін пайдаланыңыз

Қазіргі таңда  екі тілде қызмет көрсететін халыққа қызмет көрсету орталықтарына  озық технологиялар енгізіліп, оның жүйесі қарқын алды. Бұл өзгерістер еліміздің кез келген аймағында өмір сүріп жатқан әрбір қазақстандықтың қыз-мет түрлерінен пайдалануға көп мүмкіндік берді. Біздің шаһарымызда халыққа қыз-мет көрсететін орталықтың №1 бөлімінде тұрғындарға мемлекет-тік қызмет түрлерінен емін-еркін пайдалануға қол жетімді жағдайлар жаратылған. Биылдан бас-тап еліміздегі барлық орталықтарда қызмет көрсетудің 18 түрі қолданысқа енгізілген.

Шахтинск қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының реттеу залының бастығы Қарлығаш Мырзамбетованың айтуынша, жүйеге жаңадан енгізілген egov порталынан үйден шықпай, интернет және электрондық терминал арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік бар екен. Иә, қолданысқа енгізіліп жатқан мұндай жаңалықтарды көпшілік біле бермейді. Бұл порталда халық үшін мемлекеттік, ақпараттық және транзакциялық қызметтер көрсетіледі. Кезек күтпей-ақ, уақытты да шығындамай, басқа да мемлекеттік қызмет туралы қажетті ақпаратты табуға және онлайн анықтамасын алуға, тіпті мемлекеттік бажды да төлеуге болады.
Жолда жүру ережесін бұзған үшін айыппұлдарды төлеу, салымшы қаражаттарының түскендігі және қозғалысы туралы ақпарат беру, жылжымайтын мүліктің  жоқтығы немесе болуы туралы анықтама алу және тағы басқа көптеген қызмет түрлерін алуға мүмкіндіктер бар. Электрондық қызмет түрлерінен тегін пайдалану бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары тарапынан тұрғындарға түсінік беру жұмыстары күн сайын жүргізілуде.
Елбасының халыққа жолдаған биылғы Жолдауын орталықтың қызметкерлері мен мамандары арасында талқылап, Қазақстан – 2050 Стратегиялық Жолдауда міндеттелген тапсырмаларды орындауда халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Сәбит Ахметжанов бізге орталықтың жүйесіндегі іс-шаралармен таныстырды. Бүгінгі күнде халыққа сапалы қызмет көрсетіп келетін орталықтың мамандарына қаламыздың тұрғындары дән ырза.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 25°C , ылғал 31%, қысым 717, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары