www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Электрондық үкімет деген не және ол не үшін қажет (мақала Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Жаңалықтар» бөлімінде 2014ж.13.02. жарияланған)

Электрондық үкімет деген не және ол не үшін қажет?

Электрондық үкімет құру Елбасымыздың идеясы. Азаматтарға қолжетімді және түсінікті, билік органдарының жұмысын неғұрлым тиімді ету үшін электрондық үкімет құру қажет болды. Бұрындары әрбір мемлекеттік орган өз бетінше «оқшау өмір сүріп», басқаларымен байланысқа түсе қоймайтын, ал азаматтарға алуан түрлі анықтама, растама секілді өзге де қағаздарды жинау үшін толып жатқан инстанциялардан өтуіне тура келетін.
Осының барлығы бір ғана қызмет түрін пайдалану үшін толып жатқан мекемелер табалдырығын тоздыруға мәжбүрлейтін. Бүгінде электрондық үкімет жобаларының арқасында ол заман келмеске кетті.
    Электрондық үкімет - ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дәл осы механизм.
    Электрондық үкімет - бұл лицензияны ресімдеу үшін ЖСН ғана керек болатын (ал қалған басқа деректерді автоматты сауалдар арқылы алады), коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге болатын, анықтама алу үшін ХҚКО жеке куәлік қана талап етілетін, бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге немесе электрондық үкімет порталында небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегін білуге, мекенжай анықтамасын ұялы телефонға алдыртуға болатын және осы секлді басқа да көптеген жағдайларды айтамыз.

Электрондық цифырлық қолтанбаны екі тәсілмен алуға болады:
-ЭЦҚ жаңа үлгідегі жеке куәліктің чипіне жазу арқылы. Бұл үшін жақын маңында орналасқан ХҚКО барып, жек куәлікті көрсету керек.  Жеке куәлікке жазылған ЭЦҚ тек арнаулы карт-ридер болған кезде ғана жұмыс жасауға болады.
Карт-ридер – бұл әртүрлі компьютерлерден ЭЦҚ құжаттарына қол қоюға және сол қолтаңба файлының сақталуы үшін алаңдамауға мүмкіндік беретін құрылғы.
ЭЦҚ алу бөліміне өтінім беріп, ЭЦҚ электрондық үкмет поталы арқылы алуға болады. Толтырылған деректерден кейін автоматты түрде иемденген нөмірімен толтырылған өтініш үлгісі құрылады. Бұл өтінішті шығарып және күнтзбелік 30 күн ішінде ХҚКО ұсыну керек. ЭЦҚ  16 жастан бастап беріледі. Қолданыс мерзімі 1 жыл.
ЭЦҚ мерзімін www.pki.gov.kz. сайтында «жеке кабинет» арқылы ұзартуға болады.
Басты шарт – қолданымдағы ЭЦҚ мерзімі аяқталғанға дейін ұзарту.
Онлайн-өтінімді беру рәсімі төменде көрсетілген үш қадамнан тұрады   (1 қадам – нұсқаулықты  оқу және БҚ орнату, 2-қадам онлайн өтінімді беру, 3-қадам онлайн өтінімді растау және ЭЦҚ алу).

Шахтинск қаласының ХҚКО


 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 22°C , ылғал 35%, қысым 714, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 382.38
Euro 428.30
Рубль 5.97

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары