www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Мемлекеттік қызметтегі кемшіліктер (мақала «Шахтинский вестник» газетінде №11 2014ж.21.03. жарияланған)

Мемлекеттік қызметтегі кемшіліктер

Мемлекеттік қызметтің қарым-қатынасын реттейтін «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы былтырдан күшіне енді. Мемлекеттік қызметті көрсету негізгі қағидаттары келесілер болып анықталған: қандай болса да кемсітушіліксіз барлығына бірдей рұқсат теңділігі,  мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында бюрократизм мен кешіктірушілдікке жол бермеу, есеп беруге міндеттілік, айқындық, мемлекеттік қызмет көрсету саласында сапа мен қол жетімділік, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін тұрақты жетілдіру және олардың үнемділігі мен тиімділігін арттыру.
Заңмен бірінші рет мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік органдардың өкілеті анықталған,  осыған сәйкес ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның жергілікті құрылымдық бөлімшелері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалап, бақылауда. 
Бақылау тексеріс мониторинг түрінде жүзеге асырылады, заңдылық, бейтарапсыздықсыз және әділдік қағидаттарына негізделеді.  Орталық және жергілікті органдар мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылауын өткізуге міндетті болғандықтан  ішкі бақылау жүйесін әзірлеу қарастырылған. Қарағанды облысының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері әр тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызмет көрсету сапасының ішкі бақылауы жайында есеп береді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау Агенттіктің және оның жергілікті құрылымдық бөлімшелердің басшылары міндетінде болады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Қарағанды облысының департаментінде құрылған Қоғамдық кеңес құрамына Қарағанды облысының жеке кәсіпкерлер ұлттық палатасының директоры, «Қазақстан Жеке кәсіпкерлер Ассоциациясы» ЗТ және ЖКБ, облыс мәслихатының депутаттары, АҚ РТРК Қарағанды облыстық филиалының директоры, Қарағанды облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімінің меңгерушісі, Қарағанды облысының «Халыққа қызмет көрсету орталығы»  РМ филиалының директоры, Қарағанды облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті қолдау ресурстық орталығының директоры,  «Нұр Отан» ХДП  ҚОФ партиялық бақылауының комиссия төрағасы, Қарағанды облысының әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру өңірлік орталығы» КМҚК басшысы кіреді.
Өткен жылы Департамент жанындағы Қоғамдық кеңесінің 3 отырысы өткізілді. Отырыста 2 шешім және 16 ұсынымдар қабылданды.
Қарағанды облысының департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары, әдістемелік көмек көрсету және оның алдағы нәтижелерін қарастыру үшін 18 қалалар мен аудандарда тексерістер жүргізілді. Қарағанды қаласының Жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетуі бойынша атқарылған жұмысына сәйкес, тексеріс барысында 129 мерзім бұзушылықтар анықталған, оның ішінде 119 бұзушылық «Жер тілімін мақсатқа арнаулы тағайындауын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметіне және 10 бұзушылық «Жер телімдерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» қызметтеріне келген. Алайда, заң бұзғаны үшін мекеме басшысына тәртіптік шара көрілді. Ал  Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің ішкі қызмет көрсету жұмысы тексерліп, 12 заң бұзушылық анықталды. Лауазымдық міндеттерін тиісті орындамағаны үшін  жауапқа тартылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалаудың ақырғы нәтижесі  мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік кедергілерді анықтау және оларды жою, бизнес-үдерістерді  оңтайландыру және халық жағынан сенімділіктің өсуі болып табылады. Сонымен қатар, Агенттік ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын, халықтың және заңды тұлғалардың шағымдарын қабылдайды, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен берілетін шағымдардың қарастыруына бақылау жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының маңыздылығы туралы шағымдарды қарастыруға бекітілген мерзім 5 күн. былтырғы жылы Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына 28 шағым түсіп, тексерілді.
Әрбір азамат  мемлекеттік қызмет көрсету сапасыздығын,  Мемлекеттік қызмет туралы, жемқорлыққа қарсы заңдарының және Ар-намыс Кодексінің бұзылуын байқасаңыз, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысындағы Департаментіне жүгіне аласыз.

М.Ғазалиев,  Департамент басшысының орынбасары

 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 13°C , ылғал 52%, қысым 711, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары