www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын құруды қарастыратын заң жобасы мақұлданды.(мақала Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Жаңалықтар» бөлімінде 2015ж.09.10. жарияланған)

ҚР Парламентінің Мәжілісі «ҚР мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
«Заң жобасының мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бірыңғай провайдерді құру, халыққа қызметтерді ұсынуды реттейтін нормаларды заңды түрде бекіту және халықты әлеуметтік қорғау, жер қатынастары және жылжымайтын мүлікті ресімдеу салаларында қызмет көрсету сапасының бірыңғай стандарттарын сақтау», - деп ҚР ИДМ вице-министрі Сәкен Сәрсенов атап өтті. 
«Қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 212 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация бірінші кезеңде 522, ал екінші кезеңде 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қызметтерді іріктеу үшін ведомствоаралық комиссия құрылады, оның құрамына қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Қызметтерді мемлекеттік корпорацияға беру шарттарының бірі оларды оңтайландыру және автоматтандыру болып табылады», - деп қосты ол.

Кәсіпорындарды біріктірген соң, онда ХҚКО-лардыңа қолданысындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірыңғай стандарттары қолданылады. Мысалы, «ЗТМО» РМҚК өз қызметтерін сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, ал ЖерҒӨО сағат 9.00-ден 18-30-ға дейін көрсететін болса, онда мемлекеттік корпорацияда барлық қызметтер сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін көрсетілетін болады.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, оларды өңдеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ, шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін «Қазпочта» инфрақұрылымы пайдаланылатын болады.
Қазіргі уақытта заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының қарауына жолданды.


Шахтинск қ. ХҚКО
 


 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 12.10.2015 17:01

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 41%, қысым 715, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.38
Euro 431.05
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары