www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтамалар беру»(мақала Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Жаңалықтар» бөлімінде 2015ж.21.08. жарияланған)

Әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметі  Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзірледі.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) Халыққа қызмет көрсету орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ( ХҚКО);
      2) жергілікті әскери басқару органдары (ЖӘБО);
      3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы  арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      ЖӘБО-ға өтініш жасаған кезде:
      1) құжаттарды ресімдеу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
  Анықтама беру үшін ақпарат пен қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзім 30 (отыз) жұмыс күніне дейін ұзартылады.  Жақын шетел мемлекеттерінің мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болған жағдайда анықтама беру мерзімі 180 (жүз сексен) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
      ХҚКО –на  өтініш жасаған кезде (өтініштер мен құжаттарды қабылдаған күн қызмет көрсету мерзіміне кірмейді):
      ЖӘБО-ға қажетті құжаттар келіп түскен сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні;
Порталға жүгінген кезде:
      1) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер бар болған кезде – 5 (бес) минут;
     Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайларда қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін ұзартылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      Халыққа қызмет көрсету орталығына :
      1.өтініш,
      2.жеке куәлік,
      3.әскери билет,
      4.мекен-жай аңықтамасы
      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды.

 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 27.08.2015 09:34

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 27°C , ылғал 33%, қысым 718, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.82
Euro 428.67
Рубль 5.86

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары