www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру»(мақала Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Жаңалықтар» бөлімінде 2015ж.20.07. жарияланған)

Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның уәкілетті өкілі орталыққа жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
     1)өтініш;
     2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, салық жеңілдіктерін беруге негіз болатын құжат;
      4) қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат;
      5) қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттар.
Мемлекеттік қызмет ақылы/ақысыз түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде Қазақстан Республикасы бойынша акт жазбаларының электрондық нұсқалары болған кезде – күнтізбелік 15 күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қарау мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 2 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
Қайтыс болу туралы куәліктерден басқа, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан берілетін куәліктер өздеріне қатысты тиісті акт жазбасы жасалған адамдарға, сондай-ақ осы адамның (сенім білдірушінің) атынан уәкілеттік берілген адамға (сенім білдірілген адамға) жазбаша (нотариатта куәландырылған сенімхат) өкілеттік берілген басқа тұлғаға (сенім білдірген өкілге) беріледі.
      Қайтыс болу туралы қайтадан берілетін куәліктер қайтыс болған адамдардың мұрагерлерінің тізіміне кіретін туыстарына беріледі.
      Шет мемлекеттердің құзыретті мекемесі не өзіне арнайы уәкілеттік берілген тұлға өзінің құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған, шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекiтiлген құжаттар тек арнайы куаландырылған рәсімнен өткеннен кейін (заңдастырылған не апостильденген) қабылданады.

 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 21.07.2015 11:54

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 19°C , ылғал 33%, қысым 710, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары