www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беру және кері қайтару (мақала Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Жаңалықтар» бөлімінде 2015ж.22.06. жарияланған)

Электрондық цифрлық қолтаңбаны екі жолмен алуға болады (қалауыңызша):
1. ЭЦҚ-ны жаңа үлгідегі жеке куәліктің чипіне жазу арқылы. Бұл үшін  жақын маңында орналасқан ХҚКО барып, жеке куәлікті көрсету керек. Жеке куәлікке жазылған ЭЦҚ-мен тек арнаулы карт-ридер болған кезде ғана жұмыс жасауға болады. Бұл жөнінде толығырақ осы бетте біле аласыздар.
2. ЭЦҚ алуға онлайн-өтінімді беріп, оны компьютерде сақтау арқылы. Бұл жағдайда да берілген өтінімді растау үшін ХҚКО бару қажет. Онлайн-өтінімді беру рәсімі төменде көрсетілген үш кезеңнен тұрады (1-қадам - Нұсқаулықты оқу және БҚ орнату, 2-қадам - онлайн-өтінімді беру, 3-қадам - онлайн-өтінімді растау және ЭЦҚ алу).
Қажетті құжаттар
Жеке тұлғалар:

  • тіркеу куәліктерін беру үшін - www.pki.gov.kz интернет ресурсынан алынған бірегей нөмірі қамтылған нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге онлайн-өтініш;
  • тіркеу куәліктерін кері қайтару үшін - порталдан немесе интернет ресурстан алынған стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтаруға өтініш;
  • мемлекеттiк қызметтi алушының – жеке тұлғаның тұлғасын куәландыратын құжат;
  • үшінші тұлғамен мемлекеттiк қызметтi алушының мүдделерін ұсынған кезде – нотариалды куәландырылған нысан бойынша мемлекеттiк қызметтi алушының (жеке тұлғаның) өкіліне сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамамен сәйкес мәліметтер қосылады;

Заңды тұлғалар:

  • тіркеу куәліктерін беру үшін - www.pki.gov.kz интернет ресурсынан алынған бірегей нөмірі қамтылған нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге онлайн-өтініш;
  • тіркеу куәліктерін кері қайтару үшін - порталдан немесе интернет ресурстан алынған нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтаруға өтініш;
  • мемлекеттiк қызметтi алушының - заңды тұлға өкілінің жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
  • нысан бойынша мемлекеттiк қызметтi алушының (заңды тұлғаның) өкіліне сенімхат;
  • Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға үшін, сенімхаттың орнына жұмыс орнынан анықтама немесе заңды тұлғаның мөрімен расталған қызметке бірінші басшыны немесе оның міндетін атқарушы тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі (шешім, хаттама);
  • мемлекеттiк қызметтi алушы өтініште көрсетілген деректерді тексеру үшін заңды тұлға ретінде мемлекеттiк қызметтi алушыны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі (немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі – заңды тұлға үшін.

Tumar CSP қолданыстағы тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін ұзарту үшін тіркеу куәлігін қайта шығару қызметін пайдаланыңыз.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.06.2015 09:48

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 10°C , ылғал 83%, қысым 708, жел 12 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.59
Euro 429.06
Рубль 6.05

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары