www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Штаб туралы ереже

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында
«100 нақты қадам» ұлттық жоспарын іске асыру бойынша
 ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын
жүргізу жөніндегі штаб  туралы
ЕРЕЖЕ 

1-тарау. Жалпы ереже

         1. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын түсіндіру жөніндегі штаб (бұдан әрі –Штаб) денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын түсіндіру мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдардың  қызметін үйлестіру және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған.
2. Штаб өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2 - тарау. Штабтың негізгі міндеттері және функциялары

         3. Штабтың негізгі міндеттері:
1) төменде көрсетілген бағыттар бойынша қаланың жергілікті атқарушы органдарының «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын түсіндіру мәселесі жөніндегі қызметін үйлестіру:
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу;
елдегі демографиялық жағдайға неғұрлым әсер ететін аурулардың 5 тобы бойынша медициналық көмек көрсетудің кіріктірілген моделін енгізу;
халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру;
әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жаңғырту;
зейнет ақымен қамсыздандыру.
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамтсыздандыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және жұмыспен нәтижелі қамту жүйесіне халықты тарту және осы ереженің 3-тармағының 1)-тармақшасында көрсетілген бағыттар бойынша қаланың жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық – түсіндіру жұмыстары бойынша тиімді шаралар қабылдауды қамтамасыз ету бойынша шешімдер дайындау;
3) денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын іске асыру жөніндегі ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
4. Штабтың негізгі функциялары:
1) осы ереженің 3-тармағының 1)-тармақшаында көрсетілген бағыттар бойынша ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жетілдіру мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау;
2) кеңес беру мақсатында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында түсіндіру мәселесі бойынша өткізілген іс-шараларға қатысу;
3) кент әкімдері және мемлекеттік мекеме басшылары ұсынған төменде көрсетілгендерді қоса ала отырып, осы ереженің 3-тармағының                                1)-тармақшасында көрсетілген бағыттары бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жоспарын орындау туралы ақпараттарды қарау:
а) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу саласында:
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі заңнамасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасында денсаулық үшін азаматтардың ынтымақтастық жауапкершілігі моделін қалыптастыру жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
медициналық ұйымдардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мемлекеттік көмек көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі дайындық шараларын жүргізу;
бұдан әрі корпоративтік басқаруды енгізуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды шаруашылық жүргізу құқығындағы меншік нысанына ауыстыру;
б) елдегі демографиялық жағдайға неғұрлым әсер ететін аурулардың 5 тобы бойынша медициналық көмек көрсетудің ықпалдастырылған моделін енгізу саласында:
медициналық көмек көрсетудің ықпалдастырылған моделін енгізу жөніндегі аймақтық жол картасының іс-шараларын орындау;
«Кезексіз емхана» жобасын енгізу;
в) халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру саласында:
халықтың өздігінен жұмыспен қамтылуын қалыптастыру және әлеуметтік және медициналық қамсыздандыру жүйесіне тарту шараларын іске асыру;
инфрақұрылым мен тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтамасыз ету;
кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру;
жұмыс берушінің нақты сұранысын ескере отырып, оқыту, жұмысқа орналасуға және көшіп келуге ықпал ету;
г) әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жаңғырту саласында:
әлеуметтік контракт негізінде келісілген ақшалай көмек көрсету жөніндегі «Өрлеу» жобасын іске асыру және оған аз қамтылған азаматтарды тарту;
«Өрлеу» жобасына қатысушыларға жұмыспен қамтылуға және әлеуметтік бейімделу шараларын көрсетуге ықпал ету және оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту;
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмекке кезеңмен көшу;
д) зейнетақымен қамсыздандыру саласында:
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнеткерлік жас мөлшерін кезеңмен өсіруді ескере отырып, жұмыс істемейтін әйелдерді жұмыс істеуге тарту;
Зейнеткерлік жас алдындағы әйелдерді әлеуметтік қамсыздандырумен қамту;
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің 5 % міндетті зейнетақылық жарнасын және 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындау тәртібіне өзгертуді  енгізу мәселесі бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

3-тарау. Штаб құқығы

         5. Жүктелген міндеттерді іске асыру және функцияларды жүзеге асыру мақсатында Штаб:
1) денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мекемелерімен және өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мекемелерінен және өзге де ұйымдардан Штаб міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға;
3) Штаб отырыстарына денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мекемелерінің және өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және оларды Штабқа жүктелген міндеттерді іске асырумен байланысты мәселелер бойынша тыңдауға;
4) оның құзырлығына жататын мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау және ұсынымдар енгізуге;
5) денсаулық сақтау  және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам» ұлттық жоспарды іске асыруды қамтамаыз ету бойынша шаралар қабылдаумен байланысты өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

4-тарау. Штаб жұмысын ұйымдастыру

         6. Штабты оны қызметіне басшылық ететін, оның отырыстарында төрағалық ететін және Штаб шешімдерін іске асыруға жалпы бақылау жасауды жүзеге асыратын қала әкімі басқарады.
Штаб төрағасының орынбасары әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары болып  табылады.
7. Штаб хатшысы отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар және оны өткізуге қажетті материалдар дайындайды және хаттамалар рәсімдейді.
8. Штаб отырысы айына бір реттен жиі емес өткізіледі. Отырыс Штаб мүшелерінің жалпы санының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда заңды деп есептеледі.
9. Штаб шешімі хаттамамен ресімделеді және ұсыныс сипатында болады.


Размещение информации: 20.10.2016 14:58

Последнее изменение информации: 20.10.2016 15:01

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 41%, қысым 715, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.38
Euro 431.05
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары