www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2020»

«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2020»

"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дағдарыстан кейінгі қолдау мақсатында Қазақстан үкіметі іске асыруда. Оның шеңберінде мемлекет жаңа жобаларға берілетін кредиттерді, сондай-ақ бұрын берілген ШОБ кредиттерін субсидиялайды.

Бағдарлама үш бағыттан тұрады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторын сауықтыру және кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету. Бағдарламаның алғашқы бағытын іске асыру мына механизмдер арқылы орындалады: сыйақы мөлшерін субсидиялау, сыйақы мөлшеріне кепілдік беру, өндірістік (индустриальды) инфрақұрылымды дамыту.
Алғашқы бағыттың шеңберінде субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ жаңғырту мен өндірісті кеңейтуге бағытталған жобалар үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша жүзеге асырылады. Банктер бір заемщик үшін сыйақы мөлшерін 14% дейін төмендетеді, оның 7%-ын борышкер төлейді, ал 7%-ын мемлекет өтейді.
Бағдарламаның екінші бағыты кәсіпорындарды сауықтыруға бағытталған, оның шеңберінде борышкер-кәсіпорынның банктерден алып қойған кредиттері және жоба мақұлданғаннан кейін пайда болатын кредит желілерінің бірінің шеңберіндегі жаңа қарыз бойынша пайыздық үстемемен субсидиялау ретінде көмек көрсетіледі; борышкердің төлемақы өсімінсіз үш жылға дейінгі мерзіммен бюджетке түсетін салықтары мен өзге де міндетті төлемдерін (төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) кейінге қалдыру; қаржылық-экономикалық сауықтыру жоспары шеңберінде кәсіпорындарды сауықтыруда өзге де шаралар, оның ішінде Қазақстан қор биржасына орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлардың қарыздары бойынша шаралар өткізу. .

Үшінші бағыт ұлттық немесе шетел валютасында кредит уақытын иеленген пайыздық үстеменің бір бөлігін субсидиялау түрінде, валюталық түсімі бар кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдауға бағытталған.

Бағдарламаның мақсатты индикаторлары:

  • жыл сайын 400 млрд. теңгеден кем түспейтін сомада кредиттерді жеңілдету;

2015 жылға қарай:

  • өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ құрылымындағы үлесін кем дегенде 12,5 % арттыру;
  • шикізат экспортының үлесін жалпы экспорт көлемінен кем дегенде 40 % арттыру;
  • шикізат экспортының үлесін өңдеу өнеркәсібі жинақ өндірісінің жалпы көлемінен кем дегенде 43 % арттыру;
  • өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігін кем дегенде 1,5 арттыру.

2011 жылы "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекет көлемі 400 млрд теңге кредиттік портфелді қайта субсидиялауға ниет білдіруде. Қолдау бағдарламасы фавориттерінің рөлін шикізаттық емес секторда жұмыс істейтін экспортер-кәсіпорындар алады.
2011 жылдың 28 ақпанындағы жағдай бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде көлемі 100 млрд теңгеден астам портфелді субсидиялайды. Атап айтқанда, қазірдің өзінде пйыздық үстеме және кепілденген кредиттер бойынша сусидиялар алуға 250 өтініш мақұлданды.
Бағдарламаның жұмыс істеуінің арқасында жаңа бизнес-жобалардың саны артып келеді. Белсенді аймақтардың қатарына Қарағанды, Ақмола, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы кіреді. Сонымен бірге портфелдің негізгі бөлігін – 52 пайызын өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары иеленеді.

Банкке кіру: қатысу ережесі
I бағыт – жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, старт-ап жобаларына және экономиканың басым секторларында өндірісті жаңғыртып, кеңейткісі келетін кәсіпкерлерге берілетін жаңа кредиттер (2010 жылдың 1 қаңтарынан кейін алынған) бойынша жеңілдік көмектерін қарастырады.
Бағдарламаның I бағытына қатысушы пайыздық үстеменің бір бөлігін субсидиялауға және банктік займдар бойынша жекелей кепілдендіруге, сондай-ақ өндірістік инфрақұрылымдарды дамытуды қолдауға қол жеткізе алады.
Мөлшерлмені субсидиялау мерзімі жаңа жоба бойынша 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 жылды құрайды. Кредит сомасы бір жобаның шеңберінде 3 млрд теңгеден аспауы тиіс, ал номинальдық пайыздық үстеме – жылына14%. Бұл жағдайда мемлекет 7% өтем жасайды, қалған сыйақы пайызын кәсіпкер төлейді.
Одан бөлек, субсидия алу үшін, кәсіпкер жобаның толық құнының кем дегенде 15% жеке қаражатынан салуы тиіс. Инвестицияны ақша түрінде ғана емес, мүлікпен де тарта беруге болады. Ондай жағдайда қатысудың ең төменгі лимиті – 25%.
Субсидияны алу үшін жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізетін банкке жүгіну қажет, оң шешім қабылданған жағдайда жобаны кредиттеуге дайындығы туралы арызданушыға хабарландыру жолданады. Банктің шешімімен кәсіпкер өзінің жобасы аймақтық үйлестіру кеңесінің (АҮК) қарауына енгізілу үшін бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестушісіне жүгінуі тиіс. Кейін үйлестіруші тиісті банкте АҮК мақұлдаған субсидиялау талаптары бар жобаларды қаржылық агентке ( «Даму» қоры) және осы және өзге жобалар бағдарламаның өлшемдеріне сәйкес келмей жатқан жағдайда АҮК шешімін тоқтатуға құқылы өкілетті органға (экономикалық даму және сауда министрлігі) жібереді. Жоба мақұлданса, банк, кәсіпкер және қаржы агенттігі арасында субсидиялау шарты бекітіледі.

Субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін төмендегідей құжаттар қажет:

  • мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • қызметті жүзеге асыруға лицензия;
  • акционерлік қоғам үшін ұйымдастырушы шарт, жарғы –акциялар эмиссиясының жобасы және ационерлер тізімінен үзінді;
  • жүгіну уақытына дейін 30 күнтізбелік күннен ерте берілген бюджетке міндетті төлемдер бойынша қарызының жоқтығы туралы салық органынан анықтама;
  • борышкерлік және кредиторлық қарызды (оның ішінде соммасы, қарыз алған күні мен өнімнің, тауарлар мен қызметтердің атауы) түсіндіретін, қаржылық жағдай туралы сараптама жасауға мүмкіндік беретін, web–сайттарда орналастырылған ақпарат немесе салық декларациясының көшірмесі қосымшасымен бірге соңғы қаржылық жыл ішіндегі қаржылық есептер;
  • кредиттеу мүмкіндігі/бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін талаптарға кредит бойынша сыйақы мөлшерін төмендету туралы оң шешім шығарған банк хаты.

Жекелей кепілдендіру көлемі кредит бойынша несие көлемінің 50%-нан аспайды, соммасы – кәсіпкердің әрбір жеке жобасы бойынша 3 млрд теңгеге дейін. Займды кепілдендіру мерзімі – 10 жылға дейін. Субсидиялау мөлшері жағдайында, кәсіпкер жобаның кем дегенде 15% ақшалай немесе 25% мүлікпен қаржыландыруға тиіс.
Ең алдымен, жобаны сараптаудан өткізетін банкке жүгіну қажет, мақұлдаған жағдайда кәсіпкерге кредит көлемі және қажетті кепілдендірілген сома көрсетілген хат береді. Банк хатын ең соңында жобаны АҮК қарауына енгізетін жергілікті әкімдік апарып беруі қажет. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі АҮК хаттамасын рәсімдегеннен кейін екі жұмыс күнінің ішінде оны өкілетті органға, банкке және қаржы агентіне жібереді, одан бөлек, хат түрінде кәсіпкерді оның жобасын қарау нәтижесі туралы құлақтандырады.
Жобаның мақұлдауын алып, өтініш иесі кепілдік беру мәселесін қарастыру үшін «Даму» қорына тапсырылатын толық құжаттарды банкке береді. Өкілетті органнан кәсіпкердің кредитін жекелей кепілдендіруге келісім алғаны туралы кепілдік бергені және тиісті хат алғаны жайында қаржы агенті оң шешім қабылдаған жағдайда, қор алдына ала кепілді хатты банкке жібереді. Кәсіпкер, банк және қор арасында кредитті шарт бекітілгеннен кейін, тағы да үш тарапты кепілдеме шарты бекітіледі.
Өндірістік инфрақұрылымды дамыту қазіргі жобалар сияқты, жаңа өнеркәсіптік алаңдардың да қызметі үшін кемшін техникалық коммуникацияларды жеткізуді білдіреді. Мемлекет құрылысты және инфрақұрылымдарды қайта құрылымдауды толығымен қаржыландыруда, бірақ жұмыс құны барлық жоба құнының 50%нан асып кетпеуі тиіс.
Ақша құрылысқа және жолдарды қайта құруға, канализацияларға, жылумен жабдықтау жүйелеріне, су құбырларына, темір жол тұйықтарына, электрлік стансаларға, электр беру желілеріне және телефон орнатуға бөлінеді. Кәсіпкер өз тарапынан өнеркәсіптік алаңдарды дамыту жоспарын, бөлінген жер телімдерінің жоспарын, мемлекеттік органдармен келісілген өндірістік инфрақұрылымдарды жеткізуге техникалық талаптарды, сондай-ақ жаңа құрылыстың және қазіргі жобалардың даму техникалық –экономикалық негіздемесін беруі тиіс.
Бағдарламаға қатысу үшін инфрақұрылым жобасын қамтасыз ету туралы экономикалық мәлімдеменің негіздемесін алып әкімдікке жүгіну керек.Жоба алдымен АҮК деңгейінде, кейін ЭДСМ-де мақұлданады. Қаражатты әкімдік бөледі.

II бағыт – кәсіпкерлік секторды сауықтыру, дағдарыстың ықпалына байланысты кредиттерін төлеуге шамасы келмейтін кәсіпорындарға басымдық беріледі. Ондай компаниялар бір кредит желісі шеңберінде жаңа және қазіргі несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялауға үміткер бола алады, төлемақы өсімінсіз 3 жылға дейінгі мерзіммен салықтарды төлеу міндетінен босатылады, сондай-ақ, өз бизнесінің қаржылық-экономикалық сауықтыру жоспарында қарастырылған өзге шаралардың шеңберінде жеңілдіктер алады.
Субсидиялау кезінде 12% дейінгі сыйақының номинальды мөлшерлемесімен кредиттер түсіп кетеді, оның 5% мемлекет төлесе, 7% астамын кәсіпкер төлейді. Субсидияның әрекет ету мерзімі – кем дегенде 3 жыл.
Салықтарды төлеудің мерзімі 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап түзілген қарыздар бойынша ұзартылады.
Қолдау алу үшін үш жылға есептелген Компанияның сауықтыру жоспары қоса ұсынылуы тиіс, сауықтыру мақсатында өтініш жазып, сонымен қатар сауықтыруға қосымша құжаттар тізімін алып кәсіпорынның қарызы бар банкке жүгіну қажет. Борышкердің Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) екі немесе одан да көп банктерінен кредиті бар болған жағдайда кредит бойынша кәсіпорын қарызының 100% иеленетін кредиторлар комитеті жабдықтайды. Кредиторлар комитеті борышкердің қаржылық-экономикалық жағдайына және оның бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігіне бағалау жүргізеді, сонымен бірге ақпаратты толығымен ашу туралы борышкермен келісімшарт жасалады.
Жобаны мақұлдағаннан кейін ҚҚҚ барлық ақпаратты өз кезегінде борышкер туралы деректерді өңдеуге жинап, оны субсидиялау жөнінде ұсыныс білдіретін және барлық материалды өкілетті органға жолдайтын «Даму» қорына жібереді. ЭДСМ бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының материалдарын кредиторлар комитетінің Жоспарымен келісілетін Жұмыс тобына қарауға енгізеді, ол қарау қорытындысы бойынша борышкердің бағдарламаға қатысуын мақұлдайды немесе бас тартады. Мынаны ескеру қажет: егер кредит сомасы, борышкердің кредиті 3 млрд теңгеден асып кетсе және оның қызметі аймақтар үшін жүйеқұраушы мәнге ие болса, оның бағдарламаға қатысуы Жұмыс тобын ұсыну жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына енгізілуі мүмкін.
Жұмыс тобының хаттамасын қолына алып, кәсіпкер әрбір кредитормен кредиттік шартты қайта жасауы мүмкін. Соңғы кезеңде борышкер, банк және «Даму» қоры арасында субсидиялау шарты бекітіледі.

Кәсіпорындарды сауықтыру жөнінде мемлекеттік көмек алу үшін қажетті құжаттар:

  • Кредиторлар комитетінің хаттамасы;
  • үш жылға сауықтыру жоспары.

III бағыт– кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету
Бұл бағыт қазіргі кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені сусидиялауды түсіндіреді.
Тиісті қаржылық жыл үшін ақша түсімінің жалпы көлемінің 10% деңгейінде табыс тауып отырған кәсіпкерлер Бағдарламаның үшінші бағытына қатыса алады. Бағдарламаға қатысушыларға банктердің сыйақы мөлшері 14% аспауы керек. Сонымен бірге кәсіпкер 6% аспайтын мөлшерін, ал мемлекет 8% төлейді. әрбір жоба бойынша кредит сомасы 3 млрд теңгеден аспауы тиіс, субсидиялау мерзімі – 1 жылдан 3 жылға дейін, 10 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік бар.
Кәсіпкер тиісті қаржылық жыл үшін ақша түсімінің жалпы көлемінің 10% деңгейінде табыс тауып отырғанын растайтын ақпараттар мен құжаттарды алып, банктің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға өтініш жазып жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісіне жүгінеді. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі субсидиялауға өтініш берген кәсіпкерлер тізімін АҮК-нің қарауын енгізеді. АҮК бағдарламаның талаптарына сәйкес, кәсіпкерлердің банктердегі кредиттері жөнінде сыйақы мөлшерін сусидиялау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) бойынша шешім қабылдап, шешімді тиісті хаттамамен рәсімдейді. АҮК-те қарастырылатын барлық жобалар қабылданған шешімнің қосымшасымен қоса уәкілетті органға жіберіледі. Жоба бағдарламаның өлшемдерімен сәйкес келмей қалған жағдайда Уәкілетті орган субсидиялау шарты жасалғанға дейін АҮК шешімін тоқтатуға құқылы. АҮК оң шешімін алған субсидиялау жобасы бойынша банк, кәсіпкер және қаржы агенті арасында субсидиялау шарты жасалады, оның шеңберінде қаржы агенті мен кәсіпкер банкке сыйақы мөлшерлемесінің тиісті бөлігін төлейді.

Төмендегідей құжаттар болуы қажет:

  • кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • қызметке лицензия;
  • акционерлік қоғам жағдайында, ұйымдастырушы шарт, жарғы –акциялар эмиссиясының жобасы және ационерлер тізімінен үзінді;
  • жүгіну уақытына дейін бір айдан ерте берілген бюджетке міндетті төлемдер бойынша қарызының жоқтығы туралы салық органынан анықтама;
  • борышкерлік және кредиторлық қарызды (оның ішінде соммасы, қарыз алған күні мен өнімнің, тауарлар мен қызметтердің атауы) түсіндіретін, қаржылық жағдай туралы сараптама жасауға мүмкіндік беретін, web–сайттарда орналастырылған ақпарат немесе салық декларациясының көшірмесі қосымшасымен бірге соңғы қаржылық жыл ішіндегі қаржылық есептер;
  • соңғы екі есепті тоқсан ішінде өндірілген өнімнің жалпы көлемінің 10% астамы экспортталғанын растайтын құжаттардың қосымшасымен жеке тауарлар бойынша экспортты жабдықтаулардың көлемі мен бағыттары жөнінде ақпарат;
  • экспортты жабдықтауға шарт немесе келісімшарт;
  • тауар құжаттары;
  • өнім өндірудің жалпы көлемін растайтын, оның ішінде соңғы есепті кезеңде статистика органдарына берілген құжаттар.

Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 10°C , ылғал 83%, қысым 708, жел 12 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.59
Euro 429.06
Рубль 6.05

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары