www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Қазақстан халқына Президент жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша ақпарат

2016 жылдың 2 жартыжылдығы бойынша Қазақстан халқына Президент жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша ақпарат
«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Президент Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында Шахтинск өңірінде тұрғындармен келесі кездесулер өткізілді:
2016 жылғы 8 қаңтарда №6 орта мектептің актілік залында «Нұр Отан» партиясы Шахтинск қалалық филиалының басшысы Г. Каржасовпен Қазақстан халқына Президент Жолдауын түсіндіру бойынша «Тазалық» ЖШС жұмыскерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуде еліміздің экономикалық дамуының мәселелері қарастырылып, өз баяндамасында Г. Каржасов мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына еніп, ендігі мақсат – бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына ену болып табылатынын айтып кетті. Қазіргі әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан Қазақстан жаңа мақсаттарға ұмтылып, алға басуда.
Кездесуге 30 адам қамтылды.
2016 жылғы 18 қаңтарда №1 гимназияның актілік залында Шахтинск қаласының білім беру бөлімінің бас маманы Д. Сатемирова және гимназияның директоры С. Суханова гимназияның ұстаздар ұжымы, оқушылары, олардың ата-аналарымен «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Президент Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында кездесу өткізді. Білім беру бөлімінің бас маманы Д. Сатемирова Президент Жолдауы – біздің мемлекетіміздіің оның барлық салаларындағы инновациялық өзгерістердің бағдарламалық құжаты болып табылатыны жөнінде баяндады. Мемлекетімізде халық үшін көп шаруа жасалуда, бюджеттік салада көп өзгерістер жасалуда.
С. Суханова өз баяндамасында осы бағдарламалық құжатта қазақстандықтар өздерін қызықтыратын көптеген мәселелерге жауап алатындығын – тұрғындарды жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласын дамыту, білім беру саласындағы өзгерістер туралы білуге болатындығы жөнінде түсініктеме берді. Мемлекеттің басты күші – оның халқы. Халқының келісімі мен бейбіт өмір сүруі болып табылады. Сондықтан барлық қазақстандықтар Елбасының үндеуін қолдап, жағдайы нашарларға көмек көрсетіп, жақындарын қолдап, бір-біріне қамқор бола алатындарын көрсетті.
Кездесуге 100 адам қамтылды.
2016 жылғы 19 қаңтарда Шахтинск қаласының мәдениет үйінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С. Ибраева мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді. С. Ибраева өз баяндамасында биылғы жылы Елбасы ҚР Үкіметіне ұлттық қордың қаражатын пайдалану және қалыптастырудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге тапсырма берді. Президент үндеуін тыңдағандар жәрдемақы, зейнетақы, шәкіртақы, жалақының өсуі, салық саласындағы өзгерістер, білім беру және денсаулық сақтау саласының қайта жаңғылуы жөнінде естіді. Негізгі назарды бюджеттің қалыптастырылып, қаражаттың тиімді пайдаланылуына аудару керектігін айтты.
Кездесуге 30 адам қамтылды.
2016 жылғы 19 қаңтарда Долинка кентінің әкімдігінде кенттің әкімі М-С. Бдуов «Қазпошта» АҚ қызметкерлерімен «дөңгелек үстел» өткізді. Кенттің әкімі өз сөзінде биылғы Президент Жолдауы еліміздегі заманауи жағдайдың талдауын толық жасап айқындап отырғанын айтты. Дүние жүзінде болып жатқан дағдарыс қазақстандықтарды жаңа мүмкіндіктерді іздеп, оларды іске асыруға жетелейді. Жас адамдар өз идеяларын ұсынып, оны іске асырып, өз таңдауын жасауға мүмкіндік алуда.  Сонымен қатар Мемлекетпен осы қиыншылықтарды шешудің барлық шаралары жасалып жатқанын баяндады.
Кездесуге 25 адам қамтылды. 
2016 жылғы 22 қаңтарда Шахтинск қаласының мәдениет үйінде Шахтинск қаласы жастарының ресурстық орталығы директорының м.а. В. Саранчукова «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Президент Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында жастармен кездесу өткізді. В. Саранчукова Президент Жолдауы біздің әлемдік дағдарыс кезеңіндегі іс-әрекет жасауымызға арналғанын айтты. Президент биыл бірінші рет дағдарысқа қарсы Стратегияны пайдалануға ұсыныс жасады. «Биылғы Жолдауда көп сала қамтылған. Бірінші кезекте бізді қызықтыратыны жастар саласында жасалып жатқан жұмыстар, іске асырылып жатқан жобалар болып табылады. Елбасы жастарды білім алып, беделді мамандық иелері болуға шақырады. Келесі жылы «Барлық жастарға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасыф күшіне енеді, бұл жобада әрбір жас адам үшін жұмысшы мамандығын игеріп шығуға мүмкіндік бар. Елбасы Жолдауындағы алдымызға қойылған есептер толығымен жүзеге асырылатынына сенімдіміз», - деп сөзін аяқтады В. Саранчукова.
Кездесуге 35 адам қамтылды.
2016 жылғы 28 қаңтарда «Шахтинск» шахтасының актілік залында «Нұр Отан» партиясы Шахтинск қалалық филиалының басшысы Г. Каржасов кеншілермен кездесу өткізді. Кездесуде «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Президент Жолдауы талқыланды, әлемдік дағдарыстан өту үшін экономикалық саясатты іске асыру қажеттілігін және біздің Шахтинск өңірінің экономикасының дамуына жаңа дағдарысқа қарсы шаралар мен жаңа индустриаландырудың мемлекеттік бағдарламаларының ықпалы зор екендігін айтты.  Өз Жолдауында Елбасы жұмысшы мамандардың даярлығын жаңа деңгейге көтереді. Адам өз мақсатына жету үшін аянбай еңбек етіп, өзіне сенімділігін көрсетеді. Еліміздің басты күші – халқы болып табылады.
Кездесуге 100 адам қамтылды.
2016 жылғы 2 ақпанда Шахтинск қаласының жұмыспен қамту орталығының отырыс залында  орталықтың басшысы Г. Умирбеков  аз қамтылған және жұмыссыз азаматтармен «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Президент Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында кездесу өткізді.
Өз баяндамасында Г. Умирбеков ағымдағы жылы асыраушысынан айырылған және мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 25 пайызға көтерілетінін айтып кетті.
Биылғы Жолдау халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталғандығын көрсетеді. Дағдарыс мерзіміндегі жарияланған осы Жолдау қазақстандықтарды жаңа мүмкіндіктер қарастырып, оны іске асыруға бағыттайды.
Кездесуге 30 адам қамтылды.
2016 жылғы 4 ақпанда Новодолинский кентінің мәдениет үйінде Н. Колесниченко және Н. Куцай кенттің қоғамдастығы және ардагерлер Кеңесімен «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Президент Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Н. Колесниченко баяндамасында Қазақстандағы еңбек өнімділігі мен экспорттың маңыздылығы, оларды дамытудағы халықтың қолдау көрсетуі туралы айтты.  Президент үндеуін тыңдағандар қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, экономика мен бюджеттік саланың қалыптастырылуы туралы естіді.
Кездесуге 20 адам қамтылды.
2016 жылғы 9 ақпанда Долинка кентінің әкімі М-С. Бдуов Жастар орталығының қызметкерлері және белсенділерімен кездесу  өткізді. Кенттің әкімі өз сөзінде биылғы Президент Жолдауы еліміздегі заманауи жағдайдың талдауын толық жасап айқындап отырғанын айтты. «Біз – әлемдік экономиканың бөлігіміз, таяу жылдарда бұл біз үшін үлкен күрделі кезең болып отыр. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады»- деп Елбасы халықты жұмыслдырып, қиын кезеңді бірігіп игеруге шақырады. Ол Үкіметке алдағы жоспарланған есептер мен міндеттердің толық және сапалы орындалуын тапсырды.
Кездесуге 45 адам қамтылды.
2016 жылғы 10 ақпанда Долинка кентінің мәдениет үйінде Жастар орталығының мамандары кенттің жастарымен кездесу өткізді.
Орталықтың маманы А. Зайнуллина Қазақстанның экономикасы шала дамымай заманауи, бәсекеге қабілетті болу керектігін түсіндірді. Елбасымен жасалған ұсыныстар мемлекетіміздің ілгері басуына, дамыған 30 елдің қатарына қосылуға және қаржыландыру мәселелерін шешуге көмектеседі. Үкіметке берілген тапсырмалардың тиімді орындалуы ұлттық қор құруға, салық салу жоспарындағы реформалардың оң шешімін табуға, жаңа өнеркәсіп нысандарын ашуға, жаңа жұмысшы орындарын құруға ықпал етеді.
Кездесуге 50 адам қамтылды.
2016 жылғы 15 ақпанда №2 орта мектептің актілік залында Шахтинск қаласының білім беру бөлімінің бас маманы Д. Сатемирова және мектеп директоры мектептің ұстаздар ұжымы, оқушылары, олардың ата-аналарымен Президент Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында кездесу өткізді. Білім беру бөлімінің бас маманы Д. Сатемирова Президент Жолдауы – біздің мемлекетіміздіің оның барлық салаларындағы инновациялық өзгерістердің бағдарламалық құжаты болып табылатыны жөнінде баяндады. Елбасының Жолдауындағы «Қазір тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету – оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек»- деген сөздерін негізге алып Жолдаудың негізгі басымдықтары бойынша түсініктеме берді.
Кездесуге 100 адам қамтылды.
2016 жылғы 19 ақпанда Шахтинск қаласының мәдениет үйінде Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С. Ибраева Қазақстан халқына Президент Жолдауын түсіндіру мақсатында «За строкой Послания» тақырыбымен этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өткізді.
Елбасы өз сөзінде: «Бүгінде көптеген жайттар Ұлы Қазақстан жолы мен Мәңгілік Ел идеясын бастап отырған өзімізге байланысты. Біздің ұзақ мерзімді, орта мерзімді және таяу болашаққа арналған іс-қимыл стратегияларымыз бар. Қазір және кез келген басқа уақытта біздің дағдарысқа қарсы басты стратагемамыз үш қарапайым, бірақ маңызды – өсім, реформалар, даму ұғымдарымен үндес.
Біріншісі – өсім. Әңгіме ең алдымен, экономикалық өсім туралы болып отыр. Ағымдағы міндеттерге қатысты алғанда бізге Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған отыздығына енуін қамтамасыз ететін экономикалық өсім қарқынын қалпына келтіру қажет. Біз жеке бастамаларды дамыта отырып, өсімнің жаңа ішкі көздерін ашуға тиіспіз.
Екінші – реформалар. Олар экономиканың, қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қазір біз «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырып жатырмыз. Олар өз ауқымы жағынан біз 90-шы жылдары жүргізген реформалар ауқымына сәйкес. Бізге мемлекеттік және корпоративтік менеджментті, қаржы және фискалдық секторларды неғұрлым тереңірек реформалау мейлінше қажет.
Үшінші – даму. ХХІ ғасырда қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту дамудың басты факторына айналып отыр. Біз Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, жоғары әлеуметтік жауапкершілік, халықтың неғұрлым әлсіз буындарына атаулы көмек қағидаттарында бүкіл мемлекеттік, қоғамдық және жеке институттарды кең ауқымды жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізудеміз», - деген. Осыған орай Шахтинск өңірінде елеулі жұмыстар жасалуда.
Іс шараға 50 адам қамтылды.
2016 жылғы 23 ақпанда «Ленин атындағы» шахтаның актілік залында Г. Каржасов «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Президент Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында кездесу өткізді.
Г. Каржасов өз сөзінде экономикалық тәуекелдерге, жалпы, ештеңеге де қарамастан, біз халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы, білім беру саласы қызметкерлерінің, әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердің жалақысы 40 пайызға дейін артты. Елбасы жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырды. Бір сөзінде Елбасы: «Жан-жақтағы заттардың бәрі жұмысшылардың қолымен жасалған. Қасық, шанышқы, көлік, тамақ, нан – мұның бәрі жұмысшылардың алтын қолымен жасалған» -деген. Сондықтан қажетті мамандықты игерген азаматтар Шахтинск өңіріндегі көмір өндіру саласынының дамуына зор үлесін қосатынына сенімдіміз.
Кездесуге 100 адам қамтылды.
2016 жылғы 9 наурызда Долинка кентінің әкімі С. Бдуов кенттегі АК 159/6 қызметкерлерімен Қазақстан халқына Президент Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында кездесу өткізді.
Кенттің әкімі өз баяндамасында Елбасының «Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Мен айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз жеңе алатын бөгеттер. Біз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз» деген сөзіне аса назар аударды. Сондықтан еліміз ауқытпен бірге алға аяқ басуда.
Кездесуге 50 адам қамтылды. .   
2016 жылғы 11 наурызда Шахтинск қаласының мәдениет үйінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С. Ибраева «Наша вечная страна – по строкам Послания Президента РК» тақырыбымен Шахан кентінің тұрғындармен кездесу өткізді.
С. Ибраева өз баяндамасында Елбасының еліміздегі тұрақтылықты іске асыру бойынша жасалған жұмыстары туралы, көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстанның барлық азаматтарының жұмылып іс-әрекет жасауына шақырды. 
Кездесуге 100 адам қамтылды.
2016 жылғы 11 наурызда №3 орта мектептің актілік залында «Шахтинск қаласының білім беру бөлімі» ММ бас маманы Д. Сатемирова ұстаздар, ата-аналармен кездесу өткізді. Кездесуде Президент Жолдауының негізгі басымдықтары талқыланды. Д. Сатемирова Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі – жас адамдарға қолдау көрсетуге, олардың білім алып, тұрғын үймен және жұмыспен қамтуда жағдайларын жасауға бағытталғанын айтты. Кәсіби және техникалық білім алу жүйесіне өзгерістер енгізілді.
Кездесуге 100 адам қамтылды. 
2016 жылғы 17 наурызда №6505 әскери бөлімінің актілік залында Шахтинск қаласы жастарының ресурстық орталығы директорының м.а. В. Саранчукова «Жастарға әлеуметтік қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламалары» тақырыбымен әскери қызметкерлерімен кездесу өткізді. В. Саранчукова Президент Жолдауы біздің әлемдік дағдарыс кезеңіндегі іс-әрекет жасауымызға арналғанын айтты. «Биылғы Жолдауда көп сала қамтылған. Бірінші кезекте бізді қызықтыратыны жастар саласында жасалып жатқан жұмыстар, іске асырылып жатқан жобалар болып табылады. Елбасы жастарды білім алып, беделді мамандық иелері болуға шақырады. Қазақстан барлық қиындықтар мен сынақтардан өтіп бәсекеге қабілетті 30 дамыған елдің қатарына қосылатынына сенімді,ал жастар Мемлекет Басшысының Еңбек идеясын іске асырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізетініне сенім артады, - деп сөзін аяқтады В. Саранчукова.
Кездесуге 100 адам қамтылды.
2016 жылғы 21 наурызда Новодолинский кентінің мәдениет үйінің ұжымымен Ф. Казанцева  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Президент Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Ф. Казанцева баяндамасында Қазақстандағы еңбек өнімділігі мен экспорттың маңыздылығы, оларды дамытудағы халықтың қолдау көрсетуі туралы айтты.  Ол қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, экономика мен бюджеттік саланың қалыптастырылуы туралы айтты.
Кездесуге 50 адам қамтылды.
2016 жылғы 29 наурызда «Шахтинск» шахтасының актілік залында «Нұр Отан» партиясы Шахтинск қалалық филиалының басшысы Г. Каржасов кеншілермен кездесу өткізді. Кездесуде «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Президент Жолдауы талқыланды, әлемдік дағдарыстан өту үшін экономикалық саясатты іске асыру қажеттілігін және біздің Шахтинск өңірінің экономикасының дамуына жаңа дағдарысқа қарсы шаралар мен жаңа индустриаландырудың мемлекеттік бағдарламаларының ықпалы зор екендігін айтты. Елбасымен жасалған ұсыныстар мемлекетіміздің ілгері басуына, дамыған 30 елдің қатарына қосылуға және қаржыландыру мәселелерін шешуге көмектеседі. Үкіметке берілген тапсырмалардың тиімді орындалуы ұлттық қор құруға, салық салу жоспарындағы реформалардың оң шешімін табуға, жаңа өнеркәсіп нысандарын ашуға, жаңа жұмысшы орындарын құруға ықпал етеді.
Кездесуге 100 адам қамтылды.
2016 жылғы 5 сәуірде Г. Каржасов Шахтинск қаласының мәдениет үйінде қала тұрғындарымен Президент Жолдауын және «5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.
Өз сөзінде Г. Каржасов «5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру – 30 дамыған елдің қатарына қосылуға мүмкіндік беретінін айтып кетті.
Іске асырылатын реформалар бір жағынан – дағдарысқа қарсы іс-әрекет болып табылса, екінші жағынан – еліміздің дамуының жаңа мүмкіндіктері болып табылады. Елбасы айтқандай олар экономикалық және азаматтық белсенділікті арттырудың маңызды негізі болып табылады.
Елбасының әрбір Жолдауы – бұл бағдарламалық құжат, биылғы Ұлт Жоспары да құқықтық ортаны құрайтын, он шақты жаңа заңдармен толықтырылған, жеделдету бойынша құрылған Ұлттық комиссияның арнайы бақылауында.
Кездесуге 100 адам қамтылды.
2016 жылғы 11 сәуірде Новодолинский кентінің  кітапханасында Ж. Когиновамен «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Президент Жолдауын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.
Ж. Когинова өз баяндамасында Елбасының дағдарысқа қарсы бағытталған және құрылымдық қайта өңделген 5 бағытты айқындағанын айтып кетті.
Осы басты бағыттардың бірі – жаңа әлеуметтік саясат. Еңбек ете алатындарға мемлекеттік қолдау тек олардың қайта оқуға немесе еңбекпен қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде ұсынылатын болуы тиіс. Үкіметке әлеуметтік көмектің мұндай түрлерін 2017 жылдан бастап енгізіледі. Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің басымдығы адам капиталын дамытуға кең ауқымды инвестициялар болуы тиіс. Біз бұған дейін қабылданған бағдарламаларға сәйкес, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жаңғыртуды жалғастыруымыз керек. Елбасы 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялады.
Кездесуге 50 адам қамтылды.
2016 жылғы 14 сәуірде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С. Ибраевамен Шахтинск қаласының жастарымен «Жастар болашаққа ұмтылады» тақырыбымен кездесу өткізілді. Ол өз сөзінде Елбасының жастарды жұмысшы мамандықтарын белсенді игеруге шақырғанын айтты. Елбасы 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялады, осы жоба аясында жас адамдарға бірінші жұмысшы мамандығын игеруге үлкен мүмкіндіктер болатынын айтып кетті.
Іс шараға 100 адам қамтылды.
2016 жылғы 19 сәуірде «Тентек» шахтасының актілік залында «Нұр Отан» партиясы Шахтинск қалалық филиалының басшысы Г. Каржасов кеншілермен кездесу өткізді. Кездесуде «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Президент Жолдауы және «5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру талқыланды, әлемдік дағдарыстан өту үшін экономикалық саясатты іске асыру қажеттілігін және біздің Шахтинск өңірінің экономикасының дамуына жаңа дағдарысқа қарсы шаралар мен жаңа индустриаландырудың мемлекеттік бағдарламаларының ықпалы зор екендігін айтты.  Өз Жолдауында Елбасы жұмысшы мамандардың даярлығын жаңа деңгейге көтереді. Адам өз мақсатына жету үшін аянбай еңбек етіп, өзіне сенімділігін көрсетеді.
Сонымен қатар Г. Каржасов «5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау көрсету, бизнесті қаржыландыру жүйесін айқындаудың негіздеріне тоқталып өтті.
Кездесуге 100 адам қамтылды.
2016 жылғы 20 сәуірде №4 орта мектептің актілік залында Шахтинск қаласының білім беру бөлімінің бас маманы Д. Сатемирова мектептің ұстаздар ұжымы, оқушылары, олардың ата-аналарымен «5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Білім беру бөлімінің бас маманы Д. Сатемирова ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру жөнінде баяндады. Білім беру жүйесінің 12 жылдық модульға көшуі 2020 жылға дейін жоспарланып отыр.
Кездесуге 100 адам қамтылды.
2016 жылғы 22 сәуірде №6505 әскери бөлімінің актілік залында Шахтинск қаласы жастарының ресурстық орталығы директорының м.а. В. Саранчукова «5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын түсіндіру мақсатында әскери қызметкерлермен кездесу өткізді.
В. Саранчукова өз баяндамасында Ұлт Жоспарының 85-90 қадамдары – «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінің әзірленіп жатқандығы туралы, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызатынын, 88 қадамы - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, ол «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму, индустрияландырудың екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталатынын  айтты. 
Кездесуге 100 адам қамтылды.
2016 жылғы 11 мамырда «Нұр Отан» партиясы Шахтинск қалалық филиалының басшысы Г. Каржасов Новодолинский кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде « «5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспары талқыланды.
Г. Каржасов Ұлт Жоспарындағы 53 қадам - ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіру мақсатында монополиямен қызмет жұмысының тұжырымдарын өзгерту. Қызметті жаңғырту еркін бәсекелесті дамытуға бағытталуға тиіс екендігіне аса назар аударды. Осы 53 қадамды іске асыру аясында ең үздік әлемдік тәжірибе және халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстан Республикасындағы антимонополиялық заңнаманы реттеу бойынша жұмыстар жасалуда.
Кездесуге 50 адам қамтылды.
2016 жылғы 16 мамырда №5 гимназияның актілік залында «Шахтинск қаласының білім беру бөлімі» ММ бас маманы Д. Сатемирова ұстаздар, ата-аналармен кездесу өткізді. Кездесуде «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» Президент Жолдауының негізгі басымдықтары талқыланды. Д. Сатемирова Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі – жас адамдарға қолдау көрсетуге, олардың білім алып, тұрғын үймен және жұмыспен қамтуда жағдайларын жасауға бағытталғанын айтты. Кәсіби және техникалық білім алу жүйесіне өзгерістер енгізілді.
Кездесуге 100 адам қамтылды.
2016 жылғы 19 мамырда Новодолинский кентінің жастардың ресурстық орталығының маманы Н. Пацер кенттің жастарымен Президент Жолдауын насихаттау бойынша кездесу өткізді.
Н. Пацер сөзінде Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі – бұл еліміздің болашағы жастарға қолдау көрсету, оларға білім алуда, тұрғын үймен қамтамасыз етуде,жұмыспен қамтуда қолдау көрсету болып табылады. Мемлекеттен бюджеттік сала қызметкерлеріне қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар мамандандырылған және техникалық білім беру жүйесінде де едәуір өзгерістер байқалады.
Іс шараға 30 адам қамтылды.
2016 жылғы 12 мамырда Шахтинск тау-кен индустриалдық колледжінің актілік залында Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К. Тлеубергенов және Қарағанды облысы автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі Басқармасы басшысының орынбасары, облыстық ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі С. Оспанов  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» Президент Жолдауының негізгі басымдықтарын насихаттау және түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Әкім орынбасары К. Тлеубергенов Елбасының әрбір Жолдауы – Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі асыға күткен оқиға болып табылатынын айтты. Жолдаудың бір бағыты тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, республткамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі дамытуға бағытталады.
ОАНТ мүшесі С. Оспанов еліміздегі жолдар құрылысы, оның ішінде Балқаш арқылы «Астана-Алматы» жолы, Павлодар қаласының үстімен өтетін «Астана-Өскемен» жолдарының құрылысы, «Астана-Павлодар» жолының қайта салынуы, ұзындығы 1800 км-ге ұласатын «Астана-Актау» жолдарының құрылысы туралы айтып кетті.
Іс шара «Шахтинский вестник» өңірлік газетінің тілшілерімен жарықтандырылды.
2016 жылғы 3 маусымда Орталық кітапхана жүйесінде кітапхана директоры И. Калинина Мемлекет басшысының «5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» және «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды» тақырыптарымен кітапхана қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуде И. Калинина Тәуелсіздік жылдарындағы адам өмірі сапасының артқаны жөнінде айтып кетті. Экономикалық қиындықтар мен әлемдік дағдарысқа қарамастан біздің елімізідің әл-ауқаты артып келеді. Елбасы өз Жолдауында әлеуметтік салаға жұмсалған 10 жылдағы мемлекеттік шығыстар қазіргі уақытта 3 есе өскенін көрсетті. Мемлекет әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың үлкен көлемін төлеуде. Мұндай төлемдер 1,5 миллионнан астам адамға төленеді.
И. Калинина Ұлт Жоспарының негізін мемлекеттің құрылыс үдерісін арттыру құрайды. 100 нақты қадамның екінші құраушы күші белсенді әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта жаңаруындағы қазақстандық қоғамның потенциалы және сенім болып табылады.
Кездесуге 53 адам қамтылды. 
2016 жылғы 6 маусымда «Нұр Отан» партиясы Шахтинск қалалық филиалының басшысы Г. Каржасов Новодолинский кентінің тұрғындарымен «№2 өндіріс» ЖШС ғимаратында кездесу өткізді. Өз баяндамасында Г. Каржасов Жолдаудың негізгі тақырыбы дағдарысқа қарсы жүйені қалыптастыру, мемлекетті дамытудың негізгі бағыттары айқындалғанын айтты. 2017 жылдан бастап ҚР әр азаматы мектеп бітірген соң техникалық мамандандырылған білімді тегін алуға мүмкіндік беретін бағдарлама бастау алады. Бұл әр маманның, әр жұмыскердің өз мамандығы бойынша жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Кездесуге 48 адам қамтылды.
2016 жылғы 8 маусымда Шахтинск қаласы жастарының ресурстық орталығы директорының м.а. В. Саранчукова қала жастарымен Шахтинск қаласының мәдениет үйінде «Стратегия Казахстана – 2050: шаги к устойчивому будущему» тақырыбымен семинар өткізді.
В. Саранчукова өз баяндамасында бұл жобаның ЭКСПО-2017 «келешек энергиясы» еліміздің «жасыл экономика»-ға көшуі үшін энергетика саласында қазақстандық бастамашылдықтарды үйлестіру үшін бағытталғанын айтып кетті. Сонымен қатар бұл «Устойчивая энергетика для всех» БҰҰ Бастамасын іске асырудағы Қазақстанның үлесі болып табылады.
Кездесуге 65 адам қамтылды.
2016 жылғы 14 маусымда Долинка кентінің әкімі М-С. Бдуов кенттің кітапхана жүйесінде Қазақстан халқына Президент Жолдауын түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» өткізді. Кенттің әкімі өз сөзінде биылғы Президент Жолдауы еліміздегі заманауи жағдайдың талдауын толық жасап айқындап отырғанын айтты. Дүние жүзінде болып жатқан дағдарыс қазақстандықтарды жаңа мүмкіндіктерді іздеп, оларды іске асыруға жетелейді. Жас адамдар өз идеяларын ұсынып, оны іске асырып, өз таңдауын жасауға мүмкіндік алуда.  Сонымен қатар Мемлекетпен осы қиыншылықтарды шешудің барлық шаралары жасалып жатқанын баяндады.
Кездесуге 60 адам қамтылды. 

 


Размещение информации: 31.08.2016 14:23

Последнее изменение информации: 31.08.2016 14:24

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 19°C , ылғал 33%, қысым 710, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары