www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Қазақстан халқына Президент жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша ақпарат

2015 жылдың 4 тоқсаны бойынша Қазақстан халқына Президент жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша ақпарат
2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Президент Жолдауын насихаттау және іске асыру мақсатында Шахтинск өңірінде құрамында 17 насихаттаушысы бар ақпараттық топ, 3 шағын топ құрылды және 2014 жылғы 19 желтоқсанда Шахтинск қаласы әкімінің №50ө Өкімімен бекітілді.
Келесі кездесулер өткізілді:
2015 жылғы 23 қазанда Долинка кентінің әкімі М. Бдуовпен кенттегі «Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы»-ның кеңес залында мұражайдың қызметкерлерімен «дөңгелек үстел» өткізілді. Өз баяндамасында М. Бдуов «Нұрлы жол» бағдарламасының экономикалық деңгейінің тұрақтылығы, бағдарламаның мақсаттары мен есептерін туралы, елімізде сапалы әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамыту, экономиканың инновациялық дамуы туралы айтып кетті. Бүгінгі күні халықтың әл-ауқатын арттыруда, қиындықтарды жеңуде барлық жағдай жасалып жатқанын айтты.
Кездесуге 35 адам қамтылды.
2016 жылғы 28 қазанда Шахан кентінің әкімі М. Жакупов кенттегі «Березка» балалар бақшасының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында әкім қатысушылармен өндірістердің дамуын және олардың жағдайы жөніндегі мәселелерді талқылады.
Кездесуге 90 адам қамтылды. 
2015 жылғы 5 қарашада Шахан кентінің әкімдігі ғимаратында Шахан кентінің кәсіпорындары мен ұйымдары басшыларымен кеңес болып өтті. Кенттің әкімі М. Жакупов өз сөзінде  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Президент Жолдауы аясында жасалған және жалғасын тауып жасалып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Кездесуге қатысушылар өз кезегінде балалар алаңдарын абаттандыру, көшені жарықпен қамтамасыз ету, энергия үнемдеу туралы мәселелер көтерді. Кенттің әкімі тұрғындарға кентті абаттандыру жөніндегі жұмыстар 2015 жылдың ағымында жалғасатынын, кенттің ішіндегі жолдар және Жамбыл көшесінің бойынша жол жөндеу аяқталатынын айтты. Северо-Западный кентінде футбол алаңы орнату жөніндегі жұмыстар басталатыны қарастырылды.
Кездесуге 65 адам қамтылды.
2015 жылғы 11 қарашада Долинка кентінде өңірдегі жастар орталықтарының қызметкерлері қатысқан «дөңгелек үстел» болып өтті. Ісшарада Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы баяндама жасады, сонымен қатар жастар арасында Қазақстан халқына Президент Жолдауын насихаттау, жастардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру, жастардың оң пайымдауын дамыту жөніндегі мәселелер көтерілді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында көтерілген кезектен тыс президент сайлауын туралы ұсынысқа жастар оң ықпалымен қарайтынын білдірді. Жастардың ресурстық орталығы директорының м.а. В. Саранчукова Ел сенімінің жаңа мандаты Елбасының жергілікті және орталық органдардың жұмысын өмірлік маңызды мәселелерді шешуге бағыттайтынын айтты.
Кездесуге 25 адам қамтылды.
2015 жылғы 19 қарашада Долинка кентінің әкімі М. Бдуов кенттің медициналық қызметкерлерімен кездесу өткізді. Өз баяндамасында М. Бдуов әлемдік экономиканың дағдарыстан енді бас көтере бастағанын, бүгін біз әлемдік жаңа қиыншылықтарға төтеп беру керектігін, Президент Жолдауының басты басымдықтарындағы қажетті мәселелерді игеріп, қолдау көрсету керектігін айтып кетті. Сонымен қатар Мемлекетпен осы қиыншылықтарды шешудің барлық шаралары жасалып жатқанын баяндады.
Кездесуге 30 адам қамтылды. 
2015 жылғы 30 қарашада Новодолинский кентінің әкімі А. Тусупов кенттің кітапхана ұжымы және оқырмандарымен кездесу өткізді. Кездесуге қатысушылар «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Президент Жолдауын талқылады. Кенттің әкімі А. Тусупов елімізде халық үшін әртүрлі бағдарламалар жасалып, бюджеттік сала және экономика қалыптастырылып жатқанын айтып кетті. Бүгінгі күні халықтың әл-ауқатын арттыруда, қиындықтарды жеңуде барлық жағдай жасалып жатқанын айтты.
Кездесуге 25 адам қамтылды.
2015 жылғы 7 желтоқсанда «Қазақстан» шахтасының актілік залында шахтаның директоры Ю. Лещак және қала әкімінің орынбасары К. Тлеубергенов кеншілермен кездесу өткізді. Кездесуде «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Президент Жолдауы талқыланды. Биылғы Жолдауында Елбасы еліміздің әлеуметтік дамуын анықтап, экономиканы жетілдіруге аса назар аударды. Жаңа экономикалық саясаттың негізі жеті бағыт бойынша инфрақұрылымдық дамудың жоспары болып табылады.
Өз Жолдауында Елбасы жұмысшы мамандардың даярлығын жаңа деңгейге көтереді. Оның ішінде тегін кәсіби оқыту да бар.
Кездесуге 75 адам қамтылды.
2015 жылғы 10 желтоқсанда Новодолинский кентінің әкімі А. Тусупов кенттің  Емхана ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуге қатысушылар «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Президент Жолдауының негізгі тезистерін талқылады. Сонымен қатар Жолдаудағы шағын және орта бизнесті дамытудың саясаты, студенттер, ұстаздар, әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын көтеру туралы тармақтар да қарастырылды.
Кездесуге 35 адам қамтылды.
2015 жылғы 14 желтоқсанда Шахан кентінің әкімі М. Жакупов «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Президент Жолдауының негізгі басымдықтарын талқылау бойынша Шахан кентінің сумен қамтамасыз ету цехының жұмыскерлерімен кездесу өткізді. Кенттің әкімі өз сөзінде Елбасы Жолдауының Қазақстанды дамытудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыру бойынша шаралар қолдануға бағытталғанын айтты. Сонымен қатар техникалық және кәсіби білім алудың маңыздылығын айтып, адамзат капиталының дамуына аса назар аударды.
Кездесуге 35 адам қамтылды.
2015 жылғы 8 желтоқсанда Шахтинск қаласының әкімдігінде Шахтинск қаласының әкімі С. Аймаков, ардагерлер, мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, кенттердің әкімдері, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Президент Жолдауын түсіндіру бойынша қала активінің отырысы болып өтті. Активті қала әкімі өз баяндамасымен ашты, одан соң ниет білдірген «Құрылысмет» ЖШС директоры Кулагин Виктор Вячеславович, «Байтас» ЖШС жеке кәсіпкер, қалалық мәслихаттың депутаты Щербаков Анатолий Васильевич, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Қазақстан» шахтасының жерасты тау-кен жұмыскері Кабанюк Игорь Анатольевич, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Сыдыкова Гульжахан Аркадьевна, Шахтинск тау-кен индустриалдық колледжінің директоры Секенов Нурлан Угутаевичтің баяндамалары тыңдалды.
Әкім өз баяндамасында Мемлекет Басшысының Қазақстандағы жағдайды әлемдік дағдарысқа байланыстырып отырғанын, сондықтан әлемдік дағдарыстан өту үшін экономикалық саясатты іске асыру қажеттілігін және біздің Шахтинск өңірінің экономикасының дамуына жаңа дағдарысқа қарсы шаралар мен жаңа индустриаландырудың мемлекеттік бағдарламаларының ықпалы зор екенін атап өтті. Жалпы соңғы 10 айдың қортындысы бойынша өңірде 2 млрд. 730,0 млн тенгеге құрылыс жұмыстары жасалып, ауылшаруашылық өнімінің шығарылуы 112,5 пайызды құраған. Шағын және орта бизнес  субъектілерінің саны 6,6 пайызға өскен.
Жыл басынан жалпы құны 499,0 млн. тенге индустриаландыру Картасының 1 жобасы іске қосылды.
Орташа еңбекақының көлемі 76,9 мың тенгені құрады.
Ісшараға «5 канал» телеарнасы, «Шахтинский вестник», «Орталық Қазақстан» газеттерінің тілшілері қатысты.
Ісшараға 300 адам қамтылды.


Размещение информации: 31.08.2016 14:18

Последнее изменение информации: 31.08.2016 14:19

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -11°C , ылғал 38%, қысым 727, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.44
Euro 428.37
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары