www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру және насихаттау жөніндегі ақпарат

2014 жылдың 3 тоқсаны бойынша Қазақстан халқына
Президент Жолдауын насихаттауды түсіндіру
жөніндегі ақпарат

         2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстандық бағыт – 2050: Бір  мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Президент Жолдауын насихаттау және іске асыру мақсатында Шахтинск өңірінде қала әкімінің орынбасарлары, кенттің әкімдері басқаратын 6 ақпараттық – насихаттау тобы  құрылды.
Президент Жолдауын түсіндіру және насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2014 жылдың 3 тоқсанында келесі кездесулер өткізілді:
2014 жылғы 1 шілдеде өңірде жұмыс істейтін және өңірдің әлеуметтік дамуына маңызды қолдау көрсететін «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС жұмыскерлерімен кездесу өткізілді, кездесуде Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Е. Уахитов өзінің баяндамасында «Елбасының өз халқына әрбір Жолдауы Қазақстан халқының өміріндегі елеулі оқиға болып табылады. Алайда биылғы бағдарламалық құжаттың орны айрықша. Оның ерекшелігі мен кең ауқымдылығы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың ұзақ мерзімді басымдықтарын, әрі елді дамытудың барлық басымды бағыттары бойынша нақты қадамдарды анықтайтындығында» деп мәлімдеді. Ақпараттық-насихаттау тобының жұмысы барысында Жолдаудың басты басымдықтары адамзаттық потенциалды дамытуы туралы және кәсіпорындарды дамытудың жағдайы туралы мәселелер талқыланды.
Кездесуге 90 адам қамтылды.
2014 жылғы 8 шілдеде «Қазпошта» ААҚ Шахтинск қалалық филиалының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу қалалық телекоммуникация түйінің кеңес залында өткізілді, оған осы мекеменің қызметкерлері де қатысты. Қала әкімінің орынбасары Е. Уахитов және құрылыс бөлімінің басшысы Б. Алиев кездесуге  қатысушылармен жаңа Жолдаудың негізгі басымдықтарын талқылады. Сонымен қатар көпқабатты үйлердің тұрғындарына Ұлттық сандық телехабарлар қызметін ұсынудың мүмкіндіктері туралы түсініктеме берілді.
Кездесуге 53 адам қамтылды.
2014 жылғы 9 шілдеде АНТ басшысы, Долинка кентінің әкімі М-С. Бдуовтің кенттегі емхана бөлімшесінің медициналық қызметкерлерімен  кездесуі болып өтті, кездесуге салауатты өмір салты жөніндегі дәрігері, Шахтинск қалалық мәслихатының депутаты М. Ню қатысты. Ол қатысушыларға осы кезеңдегі ең маңызды мәселелердің бірі – аурулардың алдын алу жөнінде түсініктеме берді. Кенттің әкімі М-С. Бдуов қазіргі уақытта кенттегі алғашқы медициналық жедел көмек, тұрғындардың ауруларының азаюына ерекше тоқталып өтті. Кенттің басшысы кенттің медициналық қызметкерлерін өз міндеттеріне жауапты қарауға шақырды.
Кездесуге 25 адам қамтылды.
Сонымен қатар 2014 жылғы 10 шілдеде Долинка кентіне 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстандық бағыт – 2050: Бір  мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Президент Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау тобы келді. Кездесуді Долинка кентінің полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен Шахтинск қаласының ІСБ бастығының орынбасары М. Жукенов және Долинка кентінің әкімі М-С. Бдуов өткізді.
Кездесу барысында ішкі істер бөліміндегі кадрлық саясаттың маңыздығы мен мақсаттары, жеке құрамның патриоттық тәрбиесін жетілдіру, қызметкерлердің рухани қасиеттерін арттыру, қызметтік міндеттеріне жауапты қарауға тәрбиелеу жөніндегі айтылды.
Ісшарада «Ішкі істер қызметіндегі адамдар жоғары кәсіптілігімен ерекшеленуі қажет» деп айтылғандай, бұл ісшараның мақсаты кенттің полиция бөлімінің жеке құрамының партиоттық тәрбиесінің идеологиясын көтеру болып табылады.
Кездесуге 25 адам қамтылды.
2014 жылғы 15 шілдеде ақпараттық-насихаттау тобының кездесуі Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Е. Уахитовтың басшылық жасауымен, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Л. Буравко, Шахтинск қалалық мәслихатының депутаты Е. Керимкулов қатысқан Шахтинск қаласының «Апрель-Кулагер» ЖШС ұжымымен өткізілді.
Е. Уахитов өз баяндамасында «Қазақстандық бағыт – 2050: Бір  мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Президент Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіруде, «Апрель-Кулагер» ЖШС міндеттері – нарықтық шарттарда өндірістің жұмысын сапалы ұйымдастыру және басқару болып табылатынын айтып кетті.
Өз кезегінде «Апрель-Кулагер» ЖШС директоры Э. Воленберг облыста ет өнімдерін өндіру тиімділігінің болашағы, инвестициялық іс-әрекет және келісімшарттың міндеттерінің орындалысы туралы баяндама жасады. «Апрель-Кулагер» ЖШС қызметкерлері қазіргі заманғы жаңа құрал-жабдықтардың көмегімен өндірістегі өнімнің өндурі деңгейі артып, сату нарығының кеңейгеніне қуаныштарын білдірді.
Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Л. Буравко да өз баяндамасында: «Жолдаудың ең маңызды блогы – Стратегия – күннен-күнге, жылдан-жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс, ал мемлекеттің міндеті – осыған барлық жағдайды жасау» болып табылатынын нақтылады.
Кездесуге 40 адам қамтылды.
2014 жылғы 22 шілдеде Шахтинск қаласындағы №25өрт сөндіру бөлімінің актілік залында өрт сөндіру қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде Шахтиснк қаласы әкімінің орынбасары Е. Уахитов және АНТ мүшелері «Қазақстан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Президент Жолдауының негізгі басымдықтарын, оның ішінде адамзаттық потенциал және патриотизмді дамыту туралы түсініктеме берді.
Кездесуге қатысушылар да өз пікірлерін ортаға салып, сұрақтар қойып, оларға нақты жауаптар алды.
Кездесуге 45 адам қамтылды.   
2014 жылғы 24 шілдеде Шахан кентіндегі кітапхананың оқу залында кітапхана қызметкерлерімен және оқырмандармен кездесу болып өтті.
Кездесуде сөйлеген сөзінде М. Жакупов 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстандық бағыт – 2050: Бір  мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Президент Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру және оны іске асыру аясында жасалған жұмыстар және жасалатын жұмыстар туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесуге 22 адам қамтылды. 
2014 жылғы 25 шілдеде Новодолинский кентінің мәдениет үйінде кенттің әкімі А. Тусупов кенттің үй басқармаларымен кездесті.
Өз сөзінде А. Тусупов «Қазақстандық бағыт – 2050: Бір  мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Президент Жолдауын іске асыру аясында жасалған жұмыстар және жасалатын жұмыстар туралы айтып кетті.
Негізгі назар кенттің инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне аударылды.
Кездесуге 34 адам қамтылды.
2014 жылғы 28 шілдеде қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Е. Галиевтің басшылық жасауымен «Шахтинск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ кеңес залында «Қарлығаш», «Снегурочка», «Ботакөз», «Еркетай», «Салтанат» бала бақшаларының қызметкерлерімен кездесу болып өтті.
Кездесу барысында білім беру жүйесін дамытуға, балалар бақшасы және мектептер құрылысы туралы, Шахтинск өңіріндегі мәдениет орындарын дамыту туралы мәселелер көтеріліп, талқыланды.
Кездесуге 30 адам қамтылды.
2014 жылғы 31 шілдеде қалалық ақпараттық-насихаттау тобы «Қарағанды Жарық» ЖШС қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесуді Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Е. Уахитов басқарды.
Ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері Мемлекеттік саясаттың басты басымдықтары,  шағын және орта бизнесті дамыту, адамзаттық потенциалды дамыту және мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіру туралы ақпараттандырды.
Кездесуде қойылған сұрақтар жолдарды сапалы жөндеу, «Қолжетімді тұрғынүй» бағдарламасының аясында үй алу мәселелері, тұрғындарды әлеуметтік қорғау жөнінде болды. Барлық сұрақтарға түсінікті толық жауаптар берілді.
Кездесуге 45 адам қамтылды.
2014 жылғы 11 тамызда Долинка кентіндегі №4 мектеп-бала бақшасы қызметкерлерімен кенттің әкімі М-С. Бдуов басшылық жасауымен ақпараттық-насихаттау тобының кездесуі өткізді.
Кездесуге 25 адам қамтылды.
2014 жылғы 29 тамызда Новодолинский кентінің мәдениет үйінде кенттің әкімі А. Тусупов кенттің тұрғындары және мәдениет үйінің ұжымымен кездесті.
Өз баяндамасында әкім 2014 жылғы әлеуметтік блок бойынша  бюджеттің шығынына қатысты түсініктеме берілді, кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жергілікті орындаушы органдардың жұмысы нәтижелері туралы айтты. Кенттің тұрғындары және мәдениет үйі қызметкерлерікоммуналдық қызметтердің жұмысын жақсарту, зейнеткерлік жас туралы мәселелер көтерді. Қойылған сұрақтарға АНТ мүшелері толық түсінікті жауаптар берді.
Кездесуге 35 адам қамтылды.
2014 жылғы 12 қыркүйекте Долинка кентіндегі АК (АК 159/7, АК 159/6, АК 159/20 ) мекемелері және құқық қорғау органдары қызметкерлерімен ақпараттық-насихаттау тобының кездесуі өткізілді. Кенттің  әкімі М. Бдуов кеңес залында кездесуге қатысушыларды «Ауыз су» бағдарламасын іске асыру барысы туралы айтып, жолаушылар көлігінің дер уақытында жүруі туралы мәселені көтерді.
Кездесуге 40 адам қамтылды.
Мұндай кездесулердің мақсаты – барлық тұрғындарға Президент Жолдауының маңыздылығын, облыс, мемлекет деңгейлерінде қолданылып жатқан іс-шаралардың маңыздылығын түсіндіру болып табылады.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 17°C , ылғал 57%, қысым 712, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.05
Euro 428.25
Рубль 5.84

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары