www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2013 жылға Моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есеп

2013 жылы Шахтинск қаласына «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының шеңберінде бюджеттің барлық деңгейлерінен – 1 млрд. 131 млн. 859 мың  теңге(жоспар – 1 млрд. 518 млн. 306,6 мың теңге)немесе жоспарланған қаражаттан 74,5%, оның ішінде республикалық бюджеттен қаражат – 877 млн. 491 мың теңгені (жоспар – 1 млрд. 247 млн. 025,6 мың теңе), облыстықбюджеттен (қоса қаржыландыру) - 69 млн. 119,0 мың теңге (жоспар – 86 млн. 069 мың теңге), қалалық бюджеттен– 185 млн. 249 мың теңгені құраған.
Осы қаражат келесі бағыттар бойынша бөлінген:
1. Кәсіпкерлікті дамыту:
Кредиттер бойынша пайызды субсидиялау%,  34 млн. теңге бөлінген,  10 млн. 200 мың теңге игерілген,2013 жылғы 12 желтоқсандағы сессия шешімімен 23 млн. 800 мың теңге алынып тасталған. Осы бағыт бойынша ағымдағы жылы 5 жоба қолдауға ие болған.
Осы бағыт шеңберінде 2014 жылы 7 жобаны ұсыну жоспарланған, оның 3- уі Қарағанды облысы әкімінің маңындағы Аймақтық Үйлестіру кеңесінің қарауына бағытталған.
Осы бағыт  шеңберіндегі келесі іс- шаралар – бұл гранттар ұсыну. Іске асыру үшін– 12 млн. теңге бөлінген. Барлығы 4 жоба ұсынылған, олар 2013 жылдың 10 желтоқсанында Үйлестіру кеңесімен мақұлданған. Қаражат толық көлемде игерілген.
Жұмыспен қамтуға ықпалдасу және кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде шағын кредиттеуге 30 млн. теңге соммасында қаражат қарастырылған. Қаражат толық көлемде игерілген.
Өздігінен жұмыспен қамтылған жұмыссыздарды және аз қамтылған тұрғындарды кәсіпкерлікті дамытуға ықпалдасуға көмек көрсету шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін 584,0 мыңтеңге қаражат бөлінген. Бағдарламаның 32 қатысушысы оқытылған (ағымдағы жылдың 3-4 және 9-10 желтоқсанында оқыту жүргізілген). Игерілу 100% құраған.
Шахтинск қаласының кәсіпкерлеріне ақпараттық – кеңес қызметін көрсету мақсатында 2013 жылдың 21 ақпанында Кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылған.
«Серіктестік бағдарламаларды іске асыру» бағыты бойынша «Апрель Кулагер» ЖШС, «For-Signg» ЖШС және «ПроСервис Восток» ЖШС арасында дайын өнімді іске асыруға келісім – шарт жасалған. «Апрель Кулагер» ЖШС өндірілетін ет өнімдерімен  «For-Signg» ЖШС, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ, сонымен қатар  «ПроСервисВосток» ЖШС - «Корпорация Казахмыс» ЖШС кәсіпорындарын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, серіктестік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС және  «Карэнергоуголь» ЖШС арасында жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі күні дайындық жұмыстары жүзеге асырылады, термо- кокса өндірісін қалпына келтіру мақсатында ұсынылған аумақты қайта жөндеу бойынша іс- шаралар жоспары құрастырылуда.Дайын өнімді ел аумағында, сонымен қатар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде іске асыру жоспарпланған. Осы жобаны іске асыру Шахтинск аймағының өнеркәсіптік өнімінің көлемін өсіруге мүмкіндік береді және жаңадан жұмыс орындары ашылады.
«ШЗМК» ЖШС (метал конструкцияларын дайындау) және «АрселорМиттал Темиртау» АҚ өзара  серіктесік туралы келісім- шарттарды жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Тауар және қызмет түрлерін көрсете отырып болжамдалатын құны бар өзара серіктестік меморандумдарын жасау және танысу үшін ақпарат дайындалған.
«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының келесі бағыты болып еңбек ресурстарының мобилдігін арттыру (Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы) табылады.
Осы бағыт бойынша іс- шараларды іске асыруға республикалық бюджеттен және қалалық бюджеттен 8,4 млн. теңге қаражат бөлінген, игеру 100% құраған.
Кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына 20 адам бағытталған, 10 әлеуметтік жұмыс орындарын құрылған, Шахтинск қаласының мекемелеріжәне ұйымдарына жастар тәжірибесінен өту үшін 35 адам бағытталған, олардың ішінен 20 адам тұрақты жұмысқа қалған.
Техникалық және кәсіптік оқыту ұйымдарында еңбек ресурстарын дайындау үшін 138 адам жолданған.
«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының бағыттарының бірі инженерлік инфрақұрылымды дамыту, оған 2013 жылы 267,3 млн. теңге бөлінген, республкалық бюджет есебінен 240,9, млн. теңге, облыстық бюджеттен (қоса қаржыландыру) – 26,4 млн. теңге бөлінген.
Бөлінген қаражат өзекті мәселелердің бірін шешуге бағытталған, ол мәселенің бірі жаңа күл үйіндісін салу. Жобаны іске асыру үшін «Power Energy» ЖШС мердігерлік ұйымы анықталған, олар құрылыс жұмыстарын жүргізеді. Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 8 қарашадағы сессиясының шешімімен қосымша 426 млн. 975 мың теңге бөлінген, оның ішінде қоса қаржыландыруға (облыстық бюджет) – 42 млн. 697 мың теңге бөлінгенін атап өту керек. Сонымен қатар, осы бағыт бойынша қалалық бюджет қаражатының есебінен мал қорымын салуға 12,0 млн. теңге бөлінген.  Қаражат толық көлемде игерілген.
Мен айтып кеткім келетін бағдарламаның соңғы бағыты, бұл әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, ол қаланы абатандырудың ағымдағы мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Осы бағыт шеңберінде  – 364 млн. 356мың  теңге қаражат толық көлемде бөлінген.Оның ішінде, республикалық бюджеттен 193 млн. теңге, Тәуелсіздік Скверін абаттандыру үшін – 150 млн. теңге  және 7 аулалық аумақты абаттандыру үшін 42,9млн. теңге. Жұмыстар кесетеге сәйкес жүргізілген, қаражатты игеру 100% құраған.
Қалалық бюджет қаражаты 171,5 млн. теңге соммасында қаланы көркем безендендіруге, жолдарды ағымдық жөндеуге, тротуарларды абаттандыруга және басқа да жұмыстарға бағытталған.  Осы қаражат игерілген, жұмыстар жоспарланған кестеге сәйкес жүргізілген.
Бағдарламаны іске асыру барысында тағыда кейбір іс- шаралар бар екенін атап өту керек.
Бұл қалада бизнес инкубаторлардың ашылуы. Осы механизм бюджеттік заңнамамен қарастырылмаған, бірыңғай бюджеттік сыныптамада бағдарламалар жоқ, бизнес – инкубаторларды ұстау және орналастыру бойынша нормативті – құқықтық актілер жоқ (ұйымдарды орналастыру механизмі, бөлмелерді жалға беру, бизнес – инкубаорларды ұстау, коммуналдық қызметтерді төлеу және қайтару, бизнес – инкубаторларды баланста ұстаушы анықталмаған).
2014 жылдан бастап тағыда бір «зәкірлік жобаны» іске асыру жоспарланған, бұл синтетикалық жуғыш заттарды  өндіретін зауытты реанимациялау бойынша «Монета Дитерджентс» ЖШС жобасы. Осы жоба бойынша сот орындаушыларымен жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар, кепілдік мүлікті сатып алу бойынша әдістер қарастырылады, оның ішінде «Наурыз Банк Казахстан» АҚ қарыздық міндеттерін сатып алу.
Өкінішке орай, бүгінгі күні өзекті мәселенің бірі болып осы зауытты сатып алу бойынша әлеуетті сатып алушылардың жоқтығы. Сонымен қатар, осы жобаны әрі қарай іске асыруғакепілдік мүліктің ұзақ мерзімді үдерісі ықпал етеді.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 20°C , ылғал 44%, қысым 712, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.91
Euro 428.81
Рубль 5.79

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары