www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2012 жылғы Шахтинск қаласының аумақты дамыту бағдарламасының мониторингі бойынша аналитикалық жазба

Бағыт:  «Экономика»

МақсатҚала экономикасының тұрақтылығын және сапалылығын қамтамасыз ету.  
Тауар мен қызметтерге бағаның көтерілмеуін ұстау мақсатында Шахтинск аймағы бойынша жұмыс тобы құрылған және 2011 жылы 27 қыркүйектегі Шахтинск қаласы әкімінің №45ө өкімімен бекітілген «Шахтинск қаласында инфляциялық үдерісті ұстау бойынша қалалық штабтың іс – шаралар жоспары» әзірленген.
Мақсат:  Бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту және экономиканы жандандыру негізінде өнеркәсіпте құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ету
Өнеркәсіп
Шахтинск аймағында 2012 жылдың қаңтар- желтоқсан айларында өнеркәсіпте өнім (жұмыс, қызмет) көлемі 7932,6 млн. теңге немесе 2011 жылдың ұқсас кезеңіне  303,8 %  (2011ж. – 2611,5 млн. теңге).
2012 жылдың қаңтар- желтоқсан айларында жеке индекс көлемі толығымен өнеркәсіп бойынша 217,1% құраған.
Шахтинск аймағында қаңтар- желтоқсан айларында ірі және орта кәсіпорындар бойынша өндірістік өнім көлемі 7283,7 млн. теңгені құраған, өткен жылдың сәкес кезеңімен салыстырғанда 341,3% құрады.
Шахтинск аймағында қаңтар- желтоқсан айларында ірі және орта кәсіпорындар бойынша жеке индекс көлемі 2012 жылы   236,6% құрады.
2012 жылдың қаңтар- желтоқсан айларында «Апрель Кулагер» ЖШС ет өнімдерінің өндірілген көлемі 1891 тонна, жалпы соммасы 1587,6 млн. теңге, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 92,9% құраған.  
«Шахтинская ТЭЦ»  АҚ өндіріс көлемі 2012 жылдың қаңтар- желтоқсан айларында 411,5 млн. теңгені құраған немесе өткен жылдың ұқсас кезеңіне 96,6 % (факт 2011 ж. – 425,9 млн. теңге).

Индустриалдық-инновациялық даму.


Бүгінгі күні Қарағанды облысының Индустриализациялау картасына шахтинск аймағы бойынша 2 инвестициялық жоба кірген.
Бұл  «Қыша майын өндіру» жобасы және«АрселорМиттал Темиртау» АҚ КД Ленин атындағы шахтасында дегазациядан метанды пайдалан отырып электрқуатын өндірудің қаңатқақты жобасы.  
Сонымен бірге 2013 жылы индустриализация картасына енгізуге жоспарланған жобалар:
-    «Шахтинская ТЭЦ» АҚ ауданында поликорбанаттан жылу кешенің салу» жобасы, аумағы 3 га;
- «ОРТАЛЫК ОНІМ» ЖШС шошқа кешені жобасы (жоба бәсекеге қабілетті, заману шошқа етін шығаруға бағытталған);
- Шыны пакеттерін өндіру бойынша жаңа желі жобасы (композитті), қолданыстағы  «КаРЭМ» ЖШС базасында арматура дайындау.

Мақсат: АӨК индустриалды дамыту заманауи технологияларды енгізу негізінде ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеуге сүйенетін болады.

2012 жылы ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 903,3 млн. теңгеі, бұл 2011 жылға 81,6 % (1107,5 млн. теңге). Ауыл щаруащылық өнімдерін өндірудің жеке индекс көлемі 101,7%.  Шахтинск қаласында АӨК дамыту және қалпына келтіру ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеуге сүйенетін болады. Қаланың азық – түліктік өнеркәсібі ет және ет өнімдерімен, нан тоқаш өнімдерімен, макарон өнімдерімен ұсынылған. Азық – түліктік өнеркәсіпті әрі қарай дамыту кеңейту және кәсіпорындарды жандандыру шеңберінде қарастырылған, сонымен қатар ауыл шаруашылық техникасын жаңарту үлесін өсіру есебінен еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған жаңа өндірістерді ұйымдастыру және ауыл шаруашылық дақылдарының гибридтерін және жаңа сұрыптарын енгізу.

Мақсат: Шағын бизнесті дамыту.
2013 жылдың 1 қаңтарына  шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген саны – 1690 бірлік. 2012 жылы шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтін 4 845 адам немесе алдыңғы жылдың сәйкес кезеңіне жоспарға (жоспар 4800 бірлік) - 100,9 %. Шағын кәсіпорындармен шығарылатын өнім көлемі 4 155 млн. теңге жоспарында 4330 млн. теңгені құрады (жоспарға 104,2 %) немесе алдыңғы жылдың сәйкес кезеңіне 181,0 %.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру шегінде «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ нақты жұмыстар жүргізілген.  2012 жылдың қаңтар айында бағдарламаның бірінші бағыты бойынша «жаңа несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемесін қаржыландыру» Қарағанды облысы әкімінде Координациялық кеңеспен үш жоба қарастырылды және мақұлданды:
1). «Темир Лайн» - металды есіктерді және терезелер өндірісі бойынша кәсіпорын, бұлар «Плазморез» -  алыстан басқару бағдарламасы металды кесі үшін жабдықтарды счатып алу мақсатында «ТӘБ» АҚ ҚФ несие алды.
2). Крамарева ЖК «арнайы техниканы және жүк авто көліктерін жаңғарту» - коммуналды техниканың екі бірлігін сатып алу.
3). 2012 жылға  үшінші жобаның тұсау кесері 2012 жылдың 19 қарашасында болды – Плещенков ЖК «Оттекті мобильді станциясын ұйымдастыру», онда осы жоба Қарағанды облысы әкімі жанында Координациялық Кеңестен жағымды баға алды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы «Сервистік қолдау» төртінші бағыты шегінде Қарағанды облысы әкімінің жанында Координациялық Кеңестен «Омега Дизайн» ЖШС Василий Вячасловович Светлов және «Назарбаев Университет» Ерлана Калдыбаевич Керимкулов топ менеджментті оқытуға жағымды ұғырым алды, сонымен қатар «Іскерлік байланыс» жобасын жүзеге асыру бойынша екі кандидатура жолданды (басшысы С.П. Ковалев «INRER INVEST GROUP» ЖШС және басшысы Е.М. Гвоздев «Vaviolont» ЖШС).

       Жаңадан бастаған кәсіпкерлерді кәсіпкерлікке оқыту үшін, сонымен қатар аймақ кәсіпкерлерін құқықтық аспектілерге және занның негізгі тараптарымен таныстыру үшін аймақ кәсіпкерлері үшін әдістемелік нұсқау  «В помощь предпринимателю» дайындалған. Осы әдістемелік нұсқау кәсіпкерлер үшін арнайы салықтық тәртіп туралы ақпарат, жее кәсіпкерлермен ҚР Еңбек Заңнамасын қолдану, тұрғындардың санитарлы- эпидемиологиялық қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау, өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау, «Бизнес-тіріғі» іске асырылатын жобасының негізгі ережелері, сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының негізгі тармақтары.  
Сонымен қатар, «Кәсіпкерлік қызметті қолдау» бағдарламасының шеңберінде, шахтинск аймағының кассирлері және дүкеншілер үшін оқыту курстары өткізіледі. Курстың ұзақтығы 22 жұмыс күнін құраған.

Мақсат ішкі сауданың тиімділігін арттыру. 
2012 жылға бөлшекті сауданың ЖИК 113,8%.
Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде супермаркеттер, бөлшектеп сататын дүкендер және азық- түліктік қоғамдық нысандарды ашу, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде азық- түлікті өндіру бойынша бизнес – жобалардың ілгерілеуі.Сонымен қатар қалада ақшасыз есеп айырысу жүйесін дамыту бойынша іс – шаралар жоспарын іске асыру, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін сату үшін ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізу, жеміс өнімдерімен ішкі рынокты қамтамасыз ету үшін көтерме жеткізушілермен меморандумдар жасау.
Мақсат: Аймақтық инновациялық жүйені дамыту және инвестиция тарту.
2012 жылдың қаңтар- желтоқсан айларында Шахтинск аймағы бойынша инвестиция көлемі 12201,4 млн. теңгені құраған, яғни 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 182,1% (дефляторды санағанда) құраған, 01.01.2012 ж. факт – 6700,7 млн. теңге.
Қазақстандық мазмұнды өсіруге қатысты Ел Басының тапсырмасын орындау мақсатында, Шахтинск аймағында бірқатар кешенді іс- шаралар іске асырылады, толығымен: 
1.      Шахтинск аймағының орта және ірі кәсіпорындарымен шығарылатын тауар, жұмыс, қызметті сатып алуда қазақстандық мазмұнды өсіру бойынша ай сайын мониторинг жүргізіледі.
2.      «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ жыл сайын «Шахтинск аймағының қызмет көрсетушілері және тауар өндірушілері» жәрмеңкесі өткізіледі. Осы шара шеңберінде тауар өндірушілер және қызмет көрсетушілер өщінің өнімін жақсылап көре алады.
        2012 жылы Шахтинск аймағының ірі және орташа кәсіпорындарымен шығарылатын тауар, жұмыс, қызметтің көлемі, негізінен  «Апрель Кулагер» ЖШС және «Шахтинскэнерго»  ЖШС бойынша 2 млрд. 735 млн. 800 мың теңгені құраған.
Оның ішінде қазақстандық мазмұн  2 млрд. 525 млн. 800 мың теңгені немесе 92,3% құраған.Оның ішінде:
- тауарларды сатып алу көлемі  – 1 млрд. 943 млн. 800 мың теңге, қазақстандық мазмұн  1 млрд. 733 млн. 400 мың теңге немесе 89,2 %;
- жұмыстардың сатып алу көлемі  – 681 млн. 200 мың теңге, қазақстандық мазмұн 681 млн. 200 мың теңге немесе 100%.
- сатып алатын қызмет көлемі  – 110 млн. 900 мың теңге, қазақстандық мазмұн  110 млн.  900 мың теңге немесе 100 %.

Бағыт: Әлеуметтік сала.

Мақсат:  Білім беру сапасын арттыру және қол жетімділігін қамтамасыз ету, балалардың заңды мүддесін қорғау
Шахтинск аймағында 7 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді (сәбилер -бақшасы): «Салтанат», «Снегуорчка», «Карлыгаш», «Ботагоз», «Еркетай», «Аленка», «Березка» және Долинка кентінің №4 жалпы білім беру мектеп-бақша  кешені, № 3,8,14,15, жалпы білім беру мектеп жанындағы 4 шағын-орталық. Мектепке дейінгі тәрбиеге 2103 бала қамтылған (1 жастан 6 жас аралығындағы -2221 бала)   94,7%  құраған. Аймақта 12 жалпы орта  білім беретін мектеп және бір гимназия жұмыс істейді. Құрамда 6030 оқушы.13 мектептен: қалада 1 мектеп №5 гимназия аралас тілде оқытатын мектеп; оқушылар  азқамтылған мектеп саны  -3: № 2 ОМ, 14 Шахан кентінде  және №8  Северо-Западный кентінде. Жалпы білім беретін орта мектептердің қатарында, аймақта 4 қосымша  білім беретін  ұйымдар жұмыс істейді:  БЖО, БКМ, БММ, Шахан кентінде өнер мектебі. Есеп беру кезеңінде қосымша білім беруге қамтылғандар 2865 баланы құраған (47%), облыстық көрсеткіш 40%.
Білім беру ұймында орташа  компьютерлік база 901 компьютерді құраған. Көрсеткіш 1 компьютерге 6,6 оқушы санын құраған облыстық көрсеткіш 7,6.  Барлық жалпы білім беретін мектептер кеңжүйелі интернетке қосылған, қосылу пайызы 100  % құраған, облыстық көрсеткіш 60,2%.
2012 жылға білім беру  ұйымдарында жергілікті бюджеттен 1150974 мың.теңге бөлінген (2011 жылмен өсімді салыстырғанда 219879 теңгені құраған немесе 23,6%). Есеп беру кезеңде жалпыға бірдей міндетті қордың пайызы 1,6% (18780 мың.теңге), өткен жылмен салыстырғанда 0,93% (2011 жылы 24680 мың.теңге) сәйкес, осыған байланысты 467 оқушы тұрмыстық жағдайы нашар отбасының балалар саны азайған. 2012 жылы тегін ыстық тамақпен барлық  отбасы жағдайы төмен балалардан -376 оқушы қамтылған. (2011 жылы -754 бала). 2012 жылғы қорытынды бойынша  ҰБТ  орташа балы 79,94 балды құраған.  2011 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,05 (76,89) балға көтерілген. Жақсы  көрсеткіштермен қатар түлектер санының азайю фактісі байқалған, өткен жылмен салыстырғанда 29-17 (58,6%). «Шахтинск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 2012 жылдың БҰТ қорытындысы бойынша Қарағанды облысының білім беру бөлімінің арасынан 1 орынды иеленеді.
«Шахтинск қаласының білім беру, дене шынықытру және спорт бөлімі» ММ 2012 жылғы қаржыландыру 2011 жылмен салыстырғанда 6,4% өскен, оның ішінде жалпы білім беретін мектеп базасын нығайту үшін материалдық-техникалық құрылғыларды сатып алу  19,2% 73818 мың.теңгені құраған.
Шахтинск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2012 жылғы  жалпы жоспар бойынша 1 774 198 мың. теңгені құраған, -орындалғаны  1773676,0 мың теңге немесе 100 %, оның ішінде:
Мектепке дейінгі мекеме бойынша жоспар 307 211 мың. теңге, орындалғаны 100 %; оның ішінде сатылып алынған құрылғылар :
- «Березка» сәбилер –бақшасына» КМҚК киім кептіркіш машина үшін -87 мың.теңге, кір жуғыш машина -144 мың.теңге, тоңазтқыш -138 мың.теңге, компьютер -196 мың.теңге;
- «Салатанат» сәбилер –бақшасына» КМҚК кір жуғыш машинасы өнеркәсібі -989 мың.теңге;
- «Карлыгаш» балалар –бақшасына» КМҚК кептіру машинасы  -221 мың.теңге, үтіктегіш тақтайша -365 мың.теңге, кір жуғыш машина -113 мың.теңге;
Мектептен тыс мекеме бойынша жылдық жоспар -112 387 мың.теңге орындалғаны -100 %.
12 айға шығындар еңбек ақыға, салыққа, коммуналдық қызметтерге жұмсалған.
12 айға жалпыға міндетті қор бойынша шығындар 16 431 мың.теңгені құраған, кассалық шығындар 16 431 мың.теңге. Есеп шотының құрылымы жалпыға міндетті қорынан ағымдағы оқу жылына тегін тамақтануды   ұйымдастыруға 11739,0 мың. теңге соммада, жазғы мектеп жанындағы лагерді тамақтандыруға -1455,0 мың.теңге, тұрмыстық жағдайы аз қамтылған отбасы және жағдайы төмен балалар үшін жазғы лагер демалысына жолдама сатып алуға -1368,0 мың.теңге, тұрмыстық жағдайы аз қамтылған отбасы балаларға киім үшін -942,0 мың.теңге және мектепке – жазу керек –жарағына 927,0 мың.теңге.
Түлектердің сапалы дайындығы үшін ҰБТ түптегішті сатып алу 756 мың.теңге сомма.
Мектептердің  материалдық –техникалық базасын нығайту үшін құрылғыларды  жаңартуға 21491 мың.теңгеге компьютер сатылып алынды, мектепке мебель саны 57 комплекс 15 900 мың.теңге сомма, интерактивті тақта саны 17 бірл, 6732 мың.теңге сомма, 3 химия кабинеті, -2 кабинет жергілікті бюджет есебінен 5760 мың.теңге   сомма, және бір кабинет республикалық бюджет есебінен 3809 мың.теңге   сомма, биология кабинетіне -3432 мың.теңге, 4 кабинет үшін жоғары техникалық интерактивті құрылғысына 14 000 мың.теңге сомма.

Мақсат: Тұрақты әлеуметтік- демографиялық дамуды қамту үшін Шахтинск аймағының тұрғындарының денсаулығын нығайту.  
ҚР Президентінің Жолдауына сәйкес емханада онкологиялық ауруды азайту бойынша шаралар жоспары әзірленді.
Ер адамдарды тексеру кабинеті ашылды, онкологиялық аурулар: сүт бездері обыры, жатыр мойнағы ауызының обыры, жуан ішек обырын ерте айқындау үшін скринингтер жүргізіледі. Маммолог – дәрігер дайындалды.
СӨС құру бойынша жұмыстар
Жүктілерді босануға дайындау мектебіне – 631 жүкті  қатысты. Дені сау балалар кабинетіне келген ата – аналар саны – 2558. ҚҚ (қан қысымы) келушілер саны – 278 тыңдаушы, ЖИА (жүректің ишемиялық ауруы) мектебіне  келгендер саны – 145 тыңдаушы. 2012 жылғы қыркүйек айында қарт адамдар үшін «Второе дыхание» деген клуб құрылды, клубқа келетін тұлғалар саны – 71 адам. Клубтың отырысында медициналық сұрақтар және бос уақытты  қалай өткізу туралы сұрақтар қаралады. Клубта дәрігерлер мен әлеуметтік жұмыскерлер сабақтар өткізеді. Жасөспірімдер кабинетінде 2012 жылғы қыркүйек айында Жастар орталығы ашылды, онда психолог, акушер – гинеколог және жасөспірімдер дәрігері қабылдаулар өткізеді.

Медициналық алдын алу тексерулері.
Балаларды «В» және «С» гепатитіне  скринингтік тексеру – 262, тексерілгені – 262, 100 пайыз, айқындалғаны – 1 (0,38 пайыз).
Ересек адамдарды «В» және «С» гепатитіне  скринингтік тексеру – 1565, тексерілгені – 1565, 100 пайыз, айқындалғаны – 48 (3 пайыз).
Балаларды алдын ала тексеру  0 жастан 18 жасқа дейін – 9962, тексерілгені – 9962, 100 пайыз, айқындалған патология – 652 – 6,5 пайыз
Ересек тұрғындарды жүрек – қан тамырлы ауруына алдын ала тексеру – 8850, тексерілгені – 9767, 110,4 пайыз, айқындалған патология – 482 – 5 пайыз
Ересек тұрғындарды сусамыр ауруына алдын ала тексеру – 8850, тексерілгені – 9768, 110,4  пайыз, айқындалған патология – 21 – 0,21 пайыз
Ересек тұрғындарды глаукома ауруына алдын ала тексеру – 5646, тексерілгені – 8246, 146,1 пайыз, айқындалған патология – 4 – 0,04 пайыз.                                                                                                      Әйелдерді сүт бездері обырын айқындауға алдын ала тексеру – 2191, тексерілгені – 2191, 100 пайыз; айқындалған патология – 642 – 29,3 пайыз, оның ішінде сүт бездерінің обыры – 4 жағдай.
Әйелдерді жатыр мойнағы обырын айқындауға алдын ала тексеру – 2085, тексерілгені – 2085, 1000  пайыз; айқындалған патология – 52 – 2,5  пайыз
Ересек тұрғындарды тік және жуан ішек обырына алдын ала тексеру – 5968, тексерілгені – 5968, 100 пайыз, айқындалған патология – 8 – 0,01 пайыз, оның ішінде жуан ішек обыры – 6 жағдайда байқалды.
Жыл басынан бастап бала туу 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,8% (14,73; 16,62) өскен. Нәресте өлімінің көрсеткіштері 3 жағдайға өскен, 2011 жылы және 2012 жылы 9 жағдай. Ана өлімінің жағдайы жоқ. Жалпы өлім 3,9% (15,44; 16,05) өскен. 
Өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда туберкулез ауруының көрсеткіші 1,4% (78,5-69,3) төмендеген. Туберкулез аурынан өлім 3,3 (17,8-5,3) есеге төмендеген. Туберкулездің асқынған түрі жоқ
Аймақта денсаулық сақтау саласында 8939 медициналық қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде дәрігерлер – 136, орта медициналық қызметкерлер –351,  кіші медициналық қызметкер – 191, басқалар – 161. 10 мың тұрғынға дәрігерлермен қамтылу - 24,1 бірлік.

Мақсат: Азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігі.

          Еңбек нарығының жағдайы тұрақтанды қала халқын жұмыспен қамтуды нәтижелі қамтамасыз ету  бойынша іс-шараны жүзеге асыра,  жұмысқа орналдасуға жәрдемдесу үшін  жұмыспен қамту қызметіне  өтінетін жұмыссыз азаматтар саны түсуі негіз болды.  2012 жылдың  басынан бастап  халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласында мемлекеттік қызмет  ұсыну үшін 2746 адам  өтінді. 2011 жыл ішінде  өтінген азаматтар саны 3359 адамды құрайды. Жұмысқа орналасуға көмек - 2465 адамға көрсетілген.
Жұмыссыздар санынан уақытша  жұмысқа орналастыру мүмкіншілігі  қоғамдық жұмыс  ұйымдастыру  құралы ұйымдастырылды.  2012 жылдың есеп кезеңіне қоғамдық жұмысқа  жолданған 406 адам, жоспар кезінде 348 адам.
2012 жыл ішінде  кәсіби дайындауға,  қайта дайындауға және біліктілігін  жоғарлатуға 133 адам жалданды. (102,3% жоспардан).
Жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында,  нысаналы топқа жататындарға әлеуметтік жұмыс орындары  ұйымдастырылды.
2012 жылдың  басынан бастап әлеуметтік жұмыс орындарына - 23 адам жұмысқа орналастырылды. 
2012 жылы  кәсіпкершілік дағдысын  дамыту үшін 8 жұмыссызға өз ісін ашу үшін  материалдық көмек көрсетілді.  Материалдық көмек алған  азаматтар  кәсіпкер ретінде  салық комитетінде тіркеуден өтті.
Мемлекет тарабынан  жастарды қолдау мақсатында ЖОО, колледж, кәсіби лицей түлекткеріне  «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы әрекет етеуді жалғастыруда. Жастар тәжірбиесіне 25 түлек  жолданды. (ауыстыру есебімен).
Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыруға 15230 мың теңге бөлінді.  Оның ішінде:

  • қоғамдық жұмысқа-11463,0 мың теңге
  • кәсіби дайындыққа-935,0 мың теңге
  • әлеуметтік жұмыс орынына-437,0 мың теңге
  • жастар тәжірибесіне-1877,0 мың теңге
  • өзінің ісін ашуға матермиалдық көмекке-518,0 мың теңге.

2011 жылы халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыруға 11675,0 мың теңге бөлінді. 
2013 жылғы 1 қаңтар  жағдайы бойынша  жұмыссыздар саны 106   адамды құрайды.
Былтырғы жылы осы уақытта  жұмысыздар саны 90 адамды құрайды. жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы  қатысуына байланысты тіркелген жұмыссыздар саны  ұлғаюда.
2013 жылдың бірінші тоқсанында жоспарланады:

  • жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету-260 адамға.
  • қоғамдық жұмысқа  жолдау-76 адамды.
  • әлеметтік жұмыс орынына жолдау-4 адамды.
  • кәсіби дайындыққа жолдау-55 адамды.
  • жастар тәжірибесіне жолдау-4 адам.

2013 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша аумақта кедейшілік деңгейі 0,2 % құрайды (34 отбасы-124 адам), жыл басынан «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ кедейшілік деңгейінің кірісі  төмендігімен 42 отбасы (157 адам)  есепте тұр (кедейшілік деңгейі 0,3%). 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанда 15057,2 мың теңге сомасында бюджеттен емес  көмек  көрсетілді.  Бюджеттен емес көрсетілген атаулы әлеуметтік көмектің  орташа көрсеткіші   95906 теңгені  құрайды. 2013 жылдың 1 қаңтар жағдайы  бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 86 отбасы 315 алушығв 3414,0 мың теңге  сомасында, 18 жасқа дейінгі  балаларға мемлекеттік жәрдемақы 140 отбасыға 275 балаға 2054,0 мың теңге сомасында,  мүгедек балаларды, үйде оқытылатындар мен тәрбиеленетіндерге 28 алушыға 837,0 мың теңге  материалдық қамтуға,  жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы  азамтттарға әлеуметтік көмек 7456 алушыға 35774,0 мың теңге  сомасында  төленді.2012 жылы мақсаты жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табыс деңгейін арттыру болып белгіленген,  «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» жаңа бағдарламаны қағидатты іске асырудың белсенді кезеңі басталды. Барлығынан бұрын, ол өз бетінше жұмыспен айналысушыларға, жұмыссыздарға, табысы аз адамдарға және оралмандарға бағытталған.
Мақсат  Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату.
Клубтық мекемелерді материалдық – техникалық жарақтандыруға  9 285 мың теңге бөлінген. Нәтижесінде кітапханаларды автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілген, Шахтинск қаласының Мәденитет үйіне және Дорлинка кентінің филиалына видеопроекторы бар экран сатып алынған, Новодолинский кентінің Мәдениет үйіне музыкалық жабдық, ал Шахан кентінің Мәдениет үйіне дала сахнасы, ал  «Барс» - кассалық киоск сатып алынған.
2012 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша кітапханаларды жиынтықтау  9081, 7 мың теңгеге жүргізілген, бір кітапханаға қаржыландыру көлемі 1135,2  мың теңгені құраған.

Мақсат:  Тұрғындардың лингвистикалық капиталын және мемлекеттік тілді дамыту.
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативті қызметін кеңейту бойынша міндеттерді атқару мақсатында келесі іс-шаралар жүргізіледі: қала аумағында барлық ұлттардың тілдерін дамытуға бағытталған конкурстар мен семинарлар ұйымдастыру; мемлекеттік тілді үйрену бойынша орталықтар ашу; жергілікті БАҚ-да мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған бағдарламалар ашу;  қала көшелерінің ескірген атауларын ауыстыру бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Мақсат: Бұқаралық спортты және дене – сауықтыру қозғалысын дамыту.
- қалалық және облыстық деңгейдегі спорттық жарыстар өткізу, сонымен қатар, қала командаларының мүшелерінің қалалық және облыстық деңгейдегі спорттың әр түрінен жарыстарға қатысуы.
- 2011 жылы жергілікті бюджет есебінен №15 орта мектебінде жасанды футбол газоны бар спорт алаңын құру жоспарлануда.
- Шахан поселкесіндегі стадионды қалпына келтіру жоспарланып отыр, 3 жалпы білім беретін мектептегі спорт алаңдарын жабдықтау, Шахтинск қаласының 50 жылдығына және ҚР тәуелсіздігіне қарсы спорттық кешен салу.          
- 2012-2013 жылдары 2 көп функционалды хоккей корттарын салу көзделіп отыр.
Мақсат: Туризмді дамыту.
Бұл міндетті атқару үшін келесі шаралар жүзеге асырылуы тиіс:

  • Карлаг тарихымен байланысты объектілерді Қарағанды облысы бойынша туристтік маршрутқа енгізу (Карлагтың бұрынғы басқару ғимараты, Әйелдер зонасының техника үйі, ерікті түрде жалданған жұмыскерлерге арналған емхана, «Мамочкино» зираты);
  • бұрынғы Карлаг объектілері бойынша экскурсия өткізу;
  • қалалық деңгейде спорттық туризм бойынша спорттық жарыстар ұйымдастыру;
  • баспа түріндегі жарнамалық-ақпараттық өнімдерді жасау (афишалар, буклеттер);
  • туристтерді тарту мақсатында туристтік фирмалармен келісім-шартқа отыру;
  • жәрмеңкелерге, көрмелерге, жиындарға, «Моя Родина - Казахстан» республикалық экспедициясына қатысу;
  • БАҚ-да аймақтағы туризмді дамытуды насихаттау;
  • Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің веб-сайтында: www.visitkazakhstan.kz аймақтағы туристтік әлеует жөніндегі ақпаратты толықтыру;
  • «Туризм күніне» қарсы оқу орындарында «Туризм күні» атты сынып сағатын өткізу.

Осы міндет аясында белгіленген шаралар бағдарламаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде атқарылады.
Мақсат: Тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуды қамтамасыз ету мақсатында халық денсаулығын жақсарту

«Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту- қазақстан дамуының басты бағыты» Президент Жолдауын және ұзақ мерзімді «Қазақстан 2030» Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Шахтинск аймағында 2012 жылға Шахтинск аймағында жұмыс істейтін 6 ақпараттық- насихаттау топтарымен әзірленіп, бекітілген кестеге сәйкес 42 іс- шара, оның ішінде 1 акция,                         4 «дөңгелек үстел», 1 флеш моб, 1 актив және 35 кездесу (6 кездесу республикалық АНТ, 9 кездесу облыстық АНТ) өткізілді. Іс- шараларға жалпы 3719 адам қамтылды.
2013 жылдың 1 жартыжылдығына республикалық және облыстық басылымдарға жазылу жоспарының қортындысы бойынша жазылу  101,6% құрайды.
Егемен Қазақстан – 104 % - 352 дана.
Казахстанская правда – 103 % - 917 дана.
Орталық Казахстан – 107 % - 361 дана.
Индустриальная Караганда – 102 % - 1284 дана.

Мақсат жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыспен күресу, есірткінің және есіркі бизнесінің заңсыз айланымын болдырмау.

Қылмыстардың жалпы санына қоғамдық жерлерде жасалған қылмыстар үлес салмағының төмендеуі, криминогенді жағдайдың күшеюі барысында полиция күштері және күштер жоспарын уақытында жөндеуді жүзеге асыру, оларды қоюдің міндетті нормаларын орындау, полициядағы патрульді топтарының жұмысын жақсарту арқылы болжанады.
Осыған байланысты кәмелет жасқа толмаған балалардың ісі бойынша мектеп инспекторлары жұмыстарының тиімділігін арттыру қажеттілігі пайда болуда.
Олардың ашылуы мен алдын алуға азаматтар мен бірлестіктердің қатысуымен болған құқықтық бұзушылық санының көбеюіне жол ашатын құқықтық қорғау бағытындағы, қоғамдық қалыптасулар желісін кеңейту.
Жол полициясы бөлімшесіндегі жемқорлыққа қарсы келу, аналитика және статистика қызметімен таспалық бақылау жүйесімен анықталғандар, көлік құралдарын тіркеу үдерісін оңтайландыру арқылы азматтарға қызмет көрсету үшін жағдайларды жақсарту, көліктік құралдар жағдайы және жол полициясының әсер ету тиімділігін жоғарлату, жолаушы көліктірінің жүргізушілері, жол тәрбие қатысушылардың тәртібін нығайту, жол қозғалысы қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін құқықтық бұзушылық және алды алу арқылы жол қауіпсізідігін қамтамасыз ету

Мақсат  Аймақтың табиғи және техногенді сипатындағы кездейсоқ жағдайлардың алдын алу мен жою шаралары бойынша тиімділігін жоғарлату.                                                                                                                      
         Тәуекелдерді төмендету бойынша жағдай жасау КЖ-ды жою және алдын алуға бірнеше шаралар жиынтығын орындауды болжайды, оның ішінде бірінші кезекте табиғи КЖ ұшырауға жақын қаупі бар қала және оған жататын аумақтарда локальді жүйелерді құру, жоғары температуралы жерлерде және облыс аумақтарында тасқындар мен қарлы бораныстардың пайда болуы бойынша мониторингті енгізу.  болып табылады.
3 Бағыт: Инфрақұрылым
Мақсат: Байланыс және коммуникация саласындағы қызмет сапасын арттыру.
Телефон байланысына сандық форматтағы технологияларды енгізу жұмыстарын аяқтау негізінде, телефон байланысының тұрақты желілерінің тығыздығын арттыру негізінде ақпараттық-коммуникациялық кешенді жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Аймақ халқын ұялы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету.

Мақсат: Құрылыс өсімін қамтамасыз ету.  
2012 жылдың 12 айы бойынша пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі  – 10 291 ш. м. немесе өткен жылдың ұқсас кезеңіне 144,9 % (2011 жыл – 7 100 ш.м.).
2012 жылдың 12 айында құрылыс жұмыстарының жеке индекс көлемі  99,3% құраған.
2012 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 1 408,6 млн. теңге немесе өткен жылға  102,4%  (1 375,7 млн. теңге) құраған.

Мақсат Экономикалық кеңістіктің байланыстылығын жақсарту.
Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялау бағдарламаның шегінде Шахтинск қаласына облыстық бюджеттен 45,8 млн. теңге сомасында нысаналы трансферт бөлінген.
Ұзындығы 23 860м2 автомобиль жолдарының орташа жөндеуін өткізуге қалалық бюджеттен 75,2 млн. теңгеден артық қаржы бөлінген. Қаланың басты көшелерінің бірінде орташа жөндеу өткізілген – Абай даңғылы Бирюзов көшесінен бастап К. Маркс көшесіне дейін. Чкалов көшесі және Ленинграская көшесінен бастап 40 лет Победы көшесіне дейін өтпе жолы бойынша автомобиль жолы және жаяужолдары.
Жаяужолдарды жабықтауға 7 млн. теңгеден артық қаржы бөлінген. №3 ОМ бағытталатын жаяужол, Ленинградская көшесінен бастап №68 үйге дейін Абай даңғылы бойынша жаяужол сондай-ақ Чкалов көшесі бойынша жаяужол жабдықталған.
Көшелік жарықтың жолын қалпына келтіруге 20,5 млн. теңге бөлінген. Аталған қаржыға Абай даңғылыдан бастап Ленинградская көшесіне дейін 40 лет Победы көшесі бойынша темірбетондық тірегіштер жаңа металлдық тірегіштерге ауыстыру бойынша және Торговая көшесі, Степная көшесі, Геологическая көшесі, Панфилов көшесі және Ленинградская көшесінен бастап 40 лет Победы көшесіне дейін өтпе жолы бойынша көшелік жарықты қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілген.
Мақсат Сапалы коммуналдық қызметтермен тұрғындарды қамтамасыз ету.
Сумен қамту және сұ бұру саласында авариялық жағдайларды болдырмау мақсатында кәріз желілерін және су құбырларды қайта жөндеу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жүргізілетін іс- шаралар Шахтинск қаласының сумен қамту және сұ бұру жүйесінің қызметін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар меншік иелерінің азаматтық- құқықтық деңгейін арттыру бойынша тұрғын үй- коммуналдық саласындағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша іс- шаралар өткізіледі, кондоминимум нысанында жалпы үлеске тұрғындардың оңтайлы көз қарасын қалыпстастыру; көп қабатты үйлерді жөндеуге және абаттандыруды ұйымдастыруға жеке меншік иесінің ролін арттыру. Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминимум нысандарын анықтау бойынша көп қабатты тұрғын үйлердің тұрақты мониторингін жүргізу жоспарланған.
Көп қабатты тұрғын үйлердің техникалық жағдайына мониторинг жүргізіледі.

Мақсат Жер қатынастарын жетілдіру және жер заңнамасының  нормаларын бұзуды азайту бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу.  
Осы мақсатқа жету үшін шаруа қожалықтарының жерлерін тұрақты түрде құжаттау, ауыл шаруашылық дақылдарын зерттеу, кенттердің шекарасын өзгерту, облыстың аудандары және қалалары саласында жерлерді шекаралау бойынша жобаларды (схема) әзірлеу, жер- кадастырлық істерді қайталау және «Архив» АИС ГЗК жүйесін жүргізу, сонымен қатар мониторингтік бақылау үшін стационарлы экологиялық аулалардың санын өсіру.   

4 бағыт: Экология
Мақсат: Табиғи  орта сапасын тұрақтандыру және қоршаған ортаны ласталған заттардың деңгейін төмендету.
Қала тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экологиялық жүйеге антропогенттік әрекетті боддырмау, келесілер арқылы жүзеге асатын болады:

  • Тазалау құрылғыларының жұмыс тиімділігін арттыру;
  • Қатты қалдықтардың үйіндісін болдырмау үшін ай сайын тазалау айлықтарын өткізу.

Жақын уақытта жаңа күл үйіндісін салу күл үйіндісін толуын болдырмайды, экологиялық қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.

5 Бағыт: Мемлекеттік қызметтер
Мақсат:  Мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін жетілдіру.
Барлық кезең бойынша қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету, арнайы курстар арқылы мемлекеттік қызметкерлер біліктілігін жоғарлату, жаңа ақпараттық жүйелерді пайдалану негізінде құжат айналымы жүйесін жақсарту (арыздар мен жүгінулерді қарастыру) жеке және заңды тұлғалардың әрдайым қызмет етумен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, «электрондық әкімдіктің» материалдық – техникалық базасын дамыту және «электрондық әкімдіктің» инфрақұрылымын техникалық қолдау; PR – компаниясын өткізу; Шахтинск аймағының деңгейінде электрондық мемлекеттік қызметтерді енгізу сапасы және тиімділікті бағалауды жүргізу. 

Мақсат Мұрағат ісін дамыту. 
          Шахтинск қаласының мемлекеттік мұрағаты Ұлттық мұрағат қорының құжаттарымен (оның ішінде жеке құрамы бойынша)  толықтырылып отырғандықтан тұтынушылардың осы салада көрсетілетін қызметтерге қанағаттану деңгейі 90% болады.  Мұрағат қызметкерлері құжаттарды толтыру және құжаттардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету бойынша әрдайым әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетілетін болады. Қала халқын мұрағат қызметімен жан-жақты таныстыру мақсатында Шахтинск қаласының 50-жылдығына орай мұрағат құжаттарының көрмесі өтеді.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 25%, қысым 712, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары