www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Азаматтар мен ұйымдардан келіп түскен өтініштер шолуы

2014 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша Шахтинск қаласы
әкімінің аппаратына азаматтардан және ұйымдардан
келіп түскен өтініштер шолуы, өтініштерді қарау
нәтижелері және олар бойынша қабылданған шаралар
туралы жалпы ақпарат


Қала, кент әкімі аппараттарында және мемлекеттік мекемелерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмыстар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтар қабылдауын ұйымдастыру туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.
2014 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша қала әкімі аппаратына 1157 өтініш келіп түсті.
Жеке өтініштердің саны-1101, ұжымдық- 56. 
Барлық өтініштердің  8% алғашында жоғары тұрған және басқа да органдарға келіп түскен, оның ішінде облыс әкімі аппаратына – 64, қала прокуратурасына – 19, Қарағанды облысының маслихатына- 2, ҚР Мәжіліс Парлментіне- 2, Қала мәслихатына – 6.
Өткен мерзім бойынша коммуналдық шаруашылық мәселелер жөніндегі өтініштер саны - 174. Бұл өтініштерде қала тұрғындары және үй комитеттерін басқарушылардан абаттандыру және үй ішінде шаруашылықты жөндеуді сұрады. Сондай-ақ тұрғындардан үйлерді орталықтандырылған жылумен қамту жүйесіне қосу мәселесі бойынша өтініштер келіп түсуде.
2014 жылдың өткен мерзімінде тұрғын үйлерге және шағын және орта бизнес объектілеріне қызмет көрсету үшін жер учаскелерін ұсыну мәселелері жөнінде 535 өтініш келіп түсті.
Азаматтардан халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша өтініштер саны – 32: жиендерін балалар үйіне орналастыру, әлеуметтік және материалдық көмек көрсету, тіркеу, әлеуметтік жұмыскерді коммуналдық қызмет ақыларын төлеу үшін бекіту туралы.
Азаматтардың тұрғын – үй шаруашылығы сұрақтары бойынша 290 өтініш келіп түсті. Бұл өтініштерде азаматтар Шахтинск қаласының тұрғын үй қорынан жай беруді, даулы тұрғын үй мәселелерін сот арқылы шешіп беруді сұрайды. Өтініш берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес түсініктемелер беріледі. Есеп беру кезеңінде Жайларды жекешелендіру мәселесі туралы азаматтардан келіп түскен, өтініштер саны 9 өтінішті құрады. 
  Қала әкімінің орынбасарларының жеке қабылдауында 350 адам қабылданды. 
Кенттердің тұрғындарынан келіп түскен өтініштер саны: Долинка кенті – 154, Новодолинский кенті  – 104, Шахан кенті - 94. 
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмыстар барысы қала әкімінің аппараттық кеңестерінде, қала әкімдігінің отырыстарында, қала әкімі аппаратының басшысында бақылау күндерінде, құқықтық жалпы оқуда қаралады.
 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 25°C , ылғал 31%, қысым 717, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары