www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Азаматтар мен ұйымдардан келіп түскен өтініштер шолуы

2014 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша Шахтинск қаласы
әкімінің аппаратына азаматтардан және ұйымдардан
келіп түскен өтініштер шолуы, өтініштерді қарау
нәтижелері және олар бойынша қабылданған шаралар
туралы жалпы ақпарат

         Қала, кент әкімі аппараттарында және мемлекеттік мекемелерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмыстар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтар қабылдауын ұйымдастыру туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.
2014 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша қала әкімі аппаратына 1213 өтініш келіп түсті.
Жеке өтініштердің саны-1104, ұжымдық- 109. 
Барлық өтініштердің 12% алғашында жоғары тұрған және басқа да органдарға келіп түскен, оның ішінде облыс әкімі аппаратына – 83, Тәртіптік кеңеске -1, қала прокуратурасына – 46, Қарағанды облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына – 3, Қарағанды облысының маслихатына- 3, Шахтинск қаласының маслихатына – 6, Облыс прокуратурасына – 5, ҚР Мәжіліс Парлментіне- 1.
Өткен мерзім бойынша коммуналдық шаруашылық мәселелер жөніндегі өтініштер саны - 228. Бұл өтініштерде қала тұрғындары және үй комитеттерін басқарушылардан абаттандыру және аулаларды немесе балаларға арналған алаңдарды көркейтуді, үй шатырларын жөндеуге көмек көрсетуді  сұрайды. Сондай-ақ тұрғындардан үйлерді орталықтандырылған жылумен қамту жүйесіне қосу мәселесі бойынша өтініштер келіп түсуде.
2013 жылдың 12 ай ішінде тұрғын үйлерге және шағын және орта бизнес объектілеріне қызмет көрсету үшін жер учаскелерін ұсыну мәселелері жөнінде 454 өтініш келіп түсті.
Білім беру мәселесі бойынша өтініштер саны - 12. Бұл өтініштерде балаларды мектепке дейінгі балаларға арналған мекемеге орналастыруды сұрайды.
Азаматтардан халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша өтініштер саны – 33: жерлеуге арналған жәрдемақы, материалдық көмек көрсету, мүгедекетерге әлеуметтік көмек көрсету, таксиді қолданғаны үшін жәрдемақыны алып тастау.
Денсаулық сақтау мәселесі бойынша өтініштер саны – 10. Бұл өтініштер кәсіби сырқаттар және Шахан кенті емханасының жабылуы туралы.
Азаматтардың тұрғын – үй шаруашылығы сұрақтары бойынша 337 өтініш келіп түсті. Бұл өтініштерде азаматтар Шахтинск қаласының тұрғын үй қорынан жай беруді, даулы тұрғын үй мәселелерін сот арқылы шешіп беруді сұрайды. Өтініш берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес түсініктемелер беріледі. Есеп беру кезеңінде Жайларды жекешелендіру мәселесі туралы азаматтардан келіп түскен, өтініштер саны 11 өтінішті құрады. 
Қала әкімінің орынбасарларының жеке қабылдауында 364 адам қабылданды. 
Кенттердің тұрғындарынан келіп түскен өтініштер саны: Долинка кенті – 98, Новодолинский кенті  – 48, Шахан кенті - 124.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Шахтинск қаласының әкімі ақпан  айында қала және қала маңындағы кент тұрғындарымен есеп беру кездесулерін өткізді. Қала әкімінің есеп беру кездесулерін өткізу барысында берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары уақытында әзірленді және оған мониторинг жүргізілді. 
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмыстар барысы қала әкімінің аппараттық кеңестерінде, қала әкімдігінің отырыстарында, қала әкімі аппаратының басшысында бақылау күндерінде, құқықтық жалпы оқуда қаралады.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 13°C , ылғал 52%, қысым 711, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары