www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы


 

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы туралы ақпарат

           Әкімдіктің қаулысы негізінде 2011 жылғы 1 шілдеден бастап, Шахтинск қаласының жұмыспен қамту орталығы қызметін бастады.
Шахтинск қ.   жұмыспен қамту орталығы   қызметінің  негізгі бағыты
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің  «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «31» наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру болып табылады.  
           Бағдарламаның мақсаты Жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:

  • Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен нәтижелі қамтылуға тарту;
  • Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010– 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін кадр әлеуетін дамыту;
  • Әлеуметтік көмек көрсету  жүйесін жетілдіру.

     Бағдарламаны іске асыру 3 кезеңнен тұрады:
1 кезең – 2011 (қанатқақты) – Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары барлық өңірлерде енгізілді. Үшінші бағыт (экономикалық өсу нүктелеріне қоныс аудару)  жергілікті атқарушы органдардан келген ұсыныстарға сәйкес жүзеге асырылатын болады);
2 кезең - 2012 – 2015 жылдар (Бағдарламаны енгізу уақыты - Бағдарламаның өңірлік құрамдас бөліктері әзірленіп, келісілетін болады  және орындала бастайды, әлеуметтік қолдау көрсету шарттары мен тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады);
3 кезең - 2016 – 2020 жылдар (Бағдарламаны толық көлемде іске асыру кезеңі -  еңбек нарығында туындайтын қатерлерді басқару және жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу, Бағдарламада ұсынылған механизмдер мен құралдар негізінде жүзеге асырылатын болады). 
           Бағдарламаны іске асыру бірінші кезекте оқытуға, тұрғылықты жері бойынша  жұмысқа орналастыруға, өзінің жеке ісін ашуға және кеңейтуге жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда, жұмыспен нәтижелі қамтудың қолжетімділігін кеңейту мақсатында экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесуге бағытталған. 
Осыған байланысты, Бағдарламаны іске асыру төмендегі үш бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады:
              1. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. 
2. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. 
3. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
4. Ауылды елді мекендерді дамыту.
Бірінші бағыт азаматтардың еңбек әлеуетін дамыту, тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу арқылы олардың жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған. 
Бұл бағытқа өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар (бұдан әрі – адамдар)  қатыса алады. Бағдарламаға қатысудың басым мүмкіндіктері ауылдық жердегі жастар мен әйелдерге беріледі.
Осы бағыт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілуі мүмкін: 
- оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар мен психологиялық бейімдеу; 
- шәкіртақының төленуімен, тегін біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) жолдау;
- оқытуға материалдық көмектер ұсыну;
- лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа, оның ішінде жастар тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдесу;
- жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау; 
- жастар тәжірибесіне жіберілген жеке тұлғалардың еңбегіне ақы төлеу. 
Екінші бағыт - жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру.
Кәсіпкерлікті ынталандыру жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту  арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталды. 
Бағдарламаның бұл бағытына жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейтуді қалайтын және оған мүмкіндігі бар өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар адамдар қатыса алады.  
Осы бағыт шеңберінде мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады: 
          - консультативтік қызмет көрсету;
- оқытуға материалдық көмектер ұсынумен кәсіпкерлік негіздерін тегін оқытуға жіберу:
- микрокредит беру; 
- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту. 
Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының тізімін анықтауда төмендегі критериялар ескеріледі:
1) кәсіптің (мамандықтың) және біліктіліктің бар болуы;
2) білім деңгейі;
3) микрокредиттерді беру шартымен және облыстың жергілікті атқарушы органымен бекітілген, Бағдарламаны іске асыру шеңберінде аумақта кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыты бизнес-ұсыныстарына сәйкес.
Бағдарлама қатысушыларына микрокредит беру шарттары:
- Үшінші тұлға аумақтық уәкілетті ұйымның талаптарын қанағаттандыратын қаржылық жағдайын немесе КС барлық қатысушыларының кепілдіктерін немесе МҚҰ үшін кепіл ұсынуда қайтарымдылық негізінде кредит ұсынылады. Сондықтан бюджеттік кредитті қайтаруды қамтамасыз ету құны сыйақы сомасы есебінен бюджеттік кредит мөлшерінен кем болмауға тиіс;
- бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым капиталын толықтыру; 
- кредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және  жылжымайтын тұрғын үй алуға, сондай-ақ сауда саласында қызметін жүзеге асыруға берілмейді;  
- кредит беру мерзімі –  5 жылдан аспайды;
- кредиттің ең жоғары сомасы -  3 млн. теңгеден аспайды;
- кредит бойынша негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұсынылуы мүмкін,  ол кредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспауы тиіс.
Үшінші бағыт Қазақстан Республикасы азаматтарының экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық даму орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын көздейді.
Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағытына қатысудың басым құқығын ауыл жастары иеленетін болады.
Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының  экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден көшуі: 
          -  бір ауданның ішінде; 
- бір облыс шегіндегі бір ауданнан басқа ауданға жүзеге асырылуы мүмкін.
Бағдарламаның осы бағытына қатысушылар төмендегі критерийлерге сәйкес келуге тиіс: 

  • өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар не еңбекке жарамды  табысы аз адамдар санаттарына жатуға тиіс;  
  • соңғы 3 жылы экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұруға тиіс;
  • аумақтық жобалардың бейініне, сондай-ақ аумақтағы кәсіпорындардың еңбек ресурстарына қажеттілігі кәсіптік даярлауға сәйкес келуге тиіс.

Төртінші бағыт әлеуеті орта немесе жоғары әлеуметтік-экономикалық даму ауылды елді мекендерінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталды.

 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 20°C , ылғал 44%, қысым 712, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.91
Euro 428.81
Рубль 5.79

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары