www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

АРХИВ 2016

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру 

Шахтинск қаласында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы мен тілдер туралы нормативтік-құқықтық актілер талаптарын іске асыру мақсатында біршама жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасында  тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңі басталғандықтан  Шахтинск қаласы әкімдігінің 2014 жылдың 17 сәуірдегі  № 12/21 қаулысы қабылданып «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Шахтинск  қаласы  бойынша іске асыру жөніндегі  2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар  жоспары әзірленіп, жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік қызметшілер мен басқа санаттағы азаматтарды мемлекеттік тілге оқыту мақсатында қаламызда тілдерді оқытуға арналған «Бастау» оқу-әдістемелік орталығы» КММ жұмыс атқаруда.

Осы орталықта мемлекеттік тілді оқытумен   2014 жылы -160 адам, 2015 жылы -140 адам, 2016 жылы-160 адам қамтылды.

Аталған орталықта  ағылшын тілін оқытуға да жағдай жасалған.  2014 жылы ағылшын тілін оқытумен - 72 адам, 2015 жылы 72 адам, 2016 жылы – 79 адам қамтылды.

Мемлекеттік  және ағылшын тілдерін оқыту үшін жыл сайын  жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді.

2014 жылы - 8345,0;

2015ж-9030,0 тг;

2016 жылы -9679,0 тг.

Алға қойылған міндеттердің бірі – жергілікті атқарушы органдардағы құжат айналымын мемлекеттік тілге көшіру. Осы бағытта қаладағы мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы кіріс және шығыс құжаттарының мемлекеттік тілде ресімделуіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп тұрады. Мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлесі 2014 жылы -87%, 2015 жылдың - 88%, 2016 жылы - 91%  құрады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасына сәйкес облыс көлемінде мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік органдарға бағынысты мекемелер қызметшілерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын «ҚАЗТЕСТ жүйесі» бойынша диагностикалық, сертификаттық тест тапсыруы тәжірибеге енгізілді. 2016 жылы  тестілеумен 152 адам қамтылды.

Мемлекеттік тілді және Қазақстан  халқының басқа тілдерін дамыту үшін іс-шаралар өткізуге жергілікті бюджеттен 2014 - 2016 ж.ж. аралығында –  1191,0 мың теңге  қаржы бөлінді.

Өткізіліп жатқан іс-шаралармен қоса, орталық жұмысының нәтижесі туралы мақалалар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, көпшілік назарына ұсынылады.

         2013 - 2015 ж.ж. бұқаралық ақпарат құралдарына – 49 мақала жарық көрсе, 2016 жылы-22 мақала жарияланды.

2016 жылы «Абай оқулары», «Мағжан оқулары», үштілділікті насихаттау мақсатында  «Тіл- тұнық ойдың кепілі» олимпиада,  Наурыз- мейрамы, т.б шаралар өткізілді.

Шахтинск қаласының аумағында кенттерді қосқанда 204 көше тіркелген. Оның 12-сі мемлекеттік тілде, 192-сі орыс тілде. Мемлекеттік тілдегі атаулардың пайыздық көрсеткіші 5,6% құрайды.

Бізде 2014 жылға дейін қаламызда екі ономастикалық нысан тіркелген болатын: Бұхар-жырау атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі және Абай Құнанбаев даңғылы. 2014 жылы қаламыздың екі мектебіне жаңа атау берілді: №16 қазақ мектебіне Әлихан Бөкейханов, көркемсурет мектебіне Әубәкір Исмаиловтың есімдері беріліп, тағы екі ономастикалық нысанға көбейді.

           Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бір бағыты қазақ тілінде дәріс беретін бала бақша мен мектептердің саның көбейту болып келеді. Осы бағытта мемлекеттік тілде оқытатын мектептер саны көбейіп келеді. Ағымдағы жылы  Шахтинск қаласында қазақ тілінде дәріс беретін 3 мектеп бар. Олар №9 жалпы білім беретін қазақ орта мектебі, №14 жалпы білім беретін қазақ орта мектебі және Ә. Бөкейханов атындағы лицей-мектебі.

           Сондай-ақ Шахтинск қаласында орналасқан таза қазақ тілінде оқытып тәрбиелейтін 2 бала бақша жұмыс істейді («Еркетай» және «Гүлдер»). Ал «Ботакөз» балабақшасында 3 топ қазақ тілінде, Шахан кентінде орналасқан «Березка» балабақшасында 1 топ қазақ тілінде тәрбиеленуде.

Қала аумағында көрнекі ақпарат сауаттылығына байланысты шаралар ұйымдастырылып тұрады. «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға сауаттылық» атты рейд барысында барлығы 19 нысан қамтылды, жеке меншік иелеріне «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңының 21 бабын түсіндіру мақсатында жадынамалар берілді.

         2016-2020 жылдар аралығында қала бойынша мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы жалпыұлттық мәдениетті, мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін нығайту, тілдің үш тұғырлығы қағидасын жүзеге асыру, ұлттық ономастикалық кеңістікті қалыптастыру мақсатында жұмыстар жалғасын таппақ.


Размещение информации: 17.02.2018 11:40

Последнее изменение информации: 13.06.2018 15:30

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 13°C , ылғал 52%, қысым 711, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары