www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2015 МҰРАҒАТ

 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға» арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру жөніндегі ақпарат

 

2011 жылғы 29 қарашадағы Қарағанды облысы әкімдігінің «Қарағанды облысының Қазақстан Республикасында  тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі  2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 43/18 қаулысын негізге ала отырып, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Шахтинск  қаласы  бойынша іске асыру жөніндегі  2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар  жоспарын бекіту туралы» Шахтинск қаласы әкімдігінің 2011 жылдың 9 желтоқсанында № 26/32 қаулысы қабылданды. Қаулыға қоса Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Шахтинск қаласы бойынша іске асыру жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ да әзірленді. Бағдарламаның  «Мемлекеттік тіл –ұлт бірлігінің басты факторы» тармағы бойынша мемлекеттік тілді үйрену үшін 2011 жылдың 22 қарашасында Шахтинск қаласында мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілер мен әр түрлі санаттағы азаматтарға оқытатын «Бастау» оқу-әдістемелік орталығы  салтанатты түрде ашылды. 

 

   Мемлекеттік, азаматтық және басқа да мүдделі азаматтарды қазақ тіліне тегін оқыту курстары жүргізіліп, тыңдаушылардың санын өсіру көзделуде, мониторинг жүргізіледі. 2011 жылы орталық 51 адамды оқытса, 2012 жылы 158 адам қамтылды.2013 жылы 160 адамды оқыту жоспарланып отыр Биыл орталықта мемлекеттік тіл (3 топ) және ағылшын тілі (1топ) оқытылады. Тілдерді оқыту мен мемлекеттік тілді насихаттау жұмыстарына 2012 жылы  жергілікті бюджеттен 6896,0м.т. бөлінген. Бұл бөлінген қаржының 6836,0 м.т. тілдерді оқыту жұмысына арналған. 2013 жылы 8019,00м.т. бөлінді, оның 342м.т. мемлекеттік тілді насихаттау үшін ісшаралар өткізуге арналған. Қазақ тілін білу деңгейін бағалау бойынша «Қазтест» жүйесі енгізілуде, бүгінгі күні тыңдаушылардың деңгейін анықтау мақсатында тыңдалым, жазылым, айтылым және лексико-грамматикалық тестілер құрастырылды,  бұл жүйе 2014 жылы қолданысқа енгізіледі. Біліктілігін арттыру мақсатында 2011 жылдың желтоқсан айында  «Бастау» оқу-әдістемелік орталығының 2 оқытушысы Астана қаласына «Халықаралық әдістемелер мен мемлекеттік стандарттар негізінде қазақ тілін екінші тіл немесе шетел тілі ретінде оқыту әдістемесі»  атты 1 күндік  курсқа  қатысып, сертификаттар алып келді.

 

         «Бастау» оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Қайырбекова М. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 2012 жылдың қазан айында Астана қаласына 1 күндік, мұғалім Р. Әшірбекова Астана қаласына  «Ересектерге  қазақ тілін оқытудың әдіснамасын жетілдірудегі ортақ типтік бағдарламаның ролі» атты 3 күндік семинарға 2012 жылдың қараша айында барып келді.  «Мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу» тармағы бойынша бұқаралық мәдени, спорт және басқа да қоғамдық шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілді кеңінен пайдалады. Мемлекеттік қызметтерді ұсынуда электрондық форматта мемлекеттік тіл үнемі ресми тілмен тең дәрежеде. Порталға берілетін мемлекеттік сатып алулар екі тілде жазылады.  «Дамыған тіл мәдениеті –зиялы ұлттың әлеуметі» тармағы бойынша қала мен жапсарлас кенттерде мемлекеттік тілде жазылған баннерлер бар, бірақ 2013 жылы мемлекеттік тілде бірнеше жаңа баннерлер әзірленбекші. Жалпы қала бойынша 70 пайыз көрнекілік екі тілде ресімделеді. 10 пайыз таза қазақ тілінде. «Қазақстан халқының лингвистикалық  капиталын дамыту» тармағы бойынша қаламызда ұлттық-мәдени бірлестіктер жұмыс істейді, олар өздерінің тілдері, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын үнемі насихаттап  әр- түрлі  ісшаралар өткізеді. Қазақ тілінде де шырқайтын әндері бар. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтау және жаңғырту бойынша орталығымен бірлесе жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік тілде іс жүргізетін мамандар мен аудармашыларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2012 жылдың  қаңтарында «Мемлекеттік тілде іс жүргізуді жетілдіру және өкімдік құжаттарды ресімдеу мәселелері» атты семинар өткізіліп, жаңа тұрпатты Ережелердегі тармақтар талданды.

Тілді үйреніп жатқан тыңдаушылар арасында «Тіл білу-өнер» атты Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған  командалық сайыс ұйымдастырылды. Наурыз мейрамына орай, «Наурыз келді» атты «Бастау» орталығының ішінде мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында  тыңдаушылармен үлкен ісшара ұйымдастырылды. Мемлекеттік тілді дамыту мәселесімен Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі айналысады. Бөлім 2005 жылы құрылды. Әділет басқармасында заңды тұлға ретінде тіркелген дербес бөлім. Ережесі, лауазымдық нұсқаулығы бар, құрамында 3 мемлекеттік қызметші (Бөлім бастығы Ибраева Сауле Құрмашевна, бас маман -бухгалтер Абрамова Ольга Владимировна және бас маман Абдикаликова Клара Жолдасбаевна) және келісім шартпен жұмыс істейтін 2 маман:  мәдени жұмыстарды ұйымдастырушы және бағдарламашы.  Байланыс телефондары 8-72156 -40406, 8-72156 -40490. 

         Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында жергілікті «Шахтинский вестник» газетімен, оның ішінде қазақ тілді тілшілермен тығыз байланыстамыз. Мақалалар көшірмелері жеке папкада сақтаулы. «Шахтинский вестник» газетіне 12 мақала, «Индустриальная Караганда» газетіне 2 мақала шықты. «Было бы желание» авт.Лелявина В. «Погружение в язык» авт. Андропова С.


Размещение информации: 21.07.2016 12:50

Последнее изменение информации: 17.02.2018 11:39

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 30°C , ылғал 19%, қысым 705, жел 11 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.70
Euro 427.15
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары