www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2013 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі ақпарат

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру жөніндегі ақпарат

            Қазақстан Республикасында  тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңі басталғандықтан Шахтинск қаласы әкімдігінің 2014 жылдың 17 сәуірдегі 
№ 12/21 қаулысы қабылданып «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Шахтинск  қаласы  бойынша іске асыру жөніндегі  2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар  жоспары әзірленді. Мемлекеттік бағдарлама бірнеше мақсаттарды орындау арқылы жүзеге асады.
1 мақсат:  «Мемлекеттік тіл –ұлт бірлігінің басты факторы» тармағы бойынша мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметшілер мен әр түрлі санаттағы азаматтарға «Бастау» оқу-әдістемелік орталығында оқытылуда. Орталықта оқитын тыңдаушылардың саны жылдан жылға артып келеді. Тыңдаушылардың санына үнемі мониторинг жүргізіледі. 2014 жылы орталықта мемлекеттік тілді 160 адам, ағылшын тілін 72 адам оқып бітірді.
Тілдерді оқыту мен мемлекеттік тілді насихаттау жұмыстарына  жергілікті бюджеттен үнемі қаржы бөлініп отырады. 2014 жылы Қазақ тілін білу деңгейін бағалау бойынша «Қазтест» жүйесі енгізілді, бүгінгі күні тыңдаушылардың деңгейін анықтау мақсатында тыңдалым, жазылым, айтылым және лексико-грамматикалық тестілер құрастырылды. Осы тестілер бойынша тыңдаушының тіл білу деңгейі анықталып, арнайы топтарға бөлінеді. Бастау оқу орталығы қажетті оқу құралдарымен және мультимедиалық кабинетпен жабдықталды.
2014 жылы «Оқыту бағдарламалары мен мазмұны, оқыту технологиясын жетілдіру» республикалық семинар-тренингіде шеберлік сағатын көрсеткені үшін орталық директоры Жұмагұлова Жеңісгүл Нұрахметқызы  алғыс хатпен марапатталды.
Қазақ тілін оқыту курсының оқытушысы Қайырбекова Мейрамгүл Қабдрашқызы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұсынған «Мемлекеттік тілді оқыту және қызметкердің қазақ тілін білу деңгейін бағалау жұмысындағы өзекті мәселелер» тақырыбындағы облыстық семинарда және «Мемлекеттік тіл ұлт бірлігінің негізі» атты  республикалық оқыту және тәжірбие алмасу  семинарына қатысып, шеберлік сыныбын көрсетіп, алғыс хатпен марапатталды
2 мақсат: «Мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу» тармағы бойынша бұқаралық мәдени, спорт және басқа да қоғамдық шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тіл кеңінен пайдаланылады.
Мемлекеттік қызметтерді ұсынуда электрондық форматта мемлекеттік тіл үнемі ресми тілмен тең дәрежеде. Порталға берілетін мемлекеттік сатып алулар екі тілде жазылады. Көшелердің атын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіле бастады.
3 мақсат:        «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті» тармағы бойынша қала мен жапсарлас кенттерде мемлекеттік тілде жазылған баннерлер бар, 2015 жылы мемлекеттік тілде бірнеше жаңа баннерлер әзірленбекші. Тоқсан сайын сыртқы жарнаманың «Тіл туралы» Заңға сәйкестігі тексеріледі. Бөлім қала кәсіпкерлерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. 2014 жылы кенттерге де рейд жүргізілді.
4 мақсат: «Қазақстан халқының лингвистикалық  капиталын дамыту» тармағы бойынша қаламызда ұлттық-мәдени бірлестіктер жұмыс істейді, олар өздерінің тілдері, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын үнемі насихаттап  әр- түрлі  ісшаралар өткізеді.
Тыңдаушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында орталықта әр түрлі ісшаралар өткізіліп тұрды. Ұлты қазақ жастары арасында орыс тілінен «Тіл барлық – білімнің кілті» облыстық байқауда Шахтинск қаласының тау-кен индустриалдық колледжінің 2 курс студенті Мукашева Мадина Қайратқызы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдарда  қызмет ететін қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдері арасында  өткізілген «Мемлекеттік тіл -болашағым» атты қалалық байқауда «Қарлығаш» сәбилер балабақшасының тәрбиешісі Чумакова Р.А жеңімпаз атанып,  байқаудың облыстық кезеңіне қатысты. Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алғыс хатымен марапатталды.
Аудармашылар мен тіл мамандарына арналған «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» атты семинар, үштілді жетік меңгерген қала жастары арасында өткізілген «Тілдарын-2014» қалалық олимпиадасы, мемлекеттік мекеме аудармашылары мен ісжүргізушілер арасында  қалалық «Үздік аудармашы»  байқауы, қаламыздағы орыс тілді балабақшалар арасында «Біз қазақша сөйлейміз» атты қалалық байқау, мемлекеттік мекемелер мен этно-бірлестіктері, білім беру мекемелерінің қызметкерлері және басқа ұйымдар арасында «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде » атты дөңгелек үстел, «Тілі басқа-тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір» атты қалалық фестиваль, ағылшын тілінің  үштілді жетік меңгерген тыңдаушыларымен өткізілген «Кім тапқыр?» атты сайыс өткізілді.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында жергілікті «Шахтинский вестник» газетімен, оның ішінде қазақ тілді тілшілермен тығыз байланыстамыз. Мақалалар көшірмелері жеке папкада сақтаулы. «Шахтинский вестник» газетіне 10 мақала жарияланды.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 13.04.2015 17:43

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 15°C , ылғал 45%, қысым 713, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.52
Euro 429.21
Рубль 6.07

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары