www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға» арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру жөніндегі ақпарат

  

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
Шахтинск қаласында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы мен тілдер туралы нормативтік-құқықтық актілер талаптарын іске асыру мақсатында біршама жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының үшінші кезеңі басталғандықтан Шахтинск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 наурызда № 11/5 қаулысы қабылданып «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Шахтинск қаласы бойынша іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік қызметшілер мен басқа санаттағы азаматтарды мемлекеттік тілге оқыту мақсатында қаламыздатілдердіоқытуғаарналған «Бастау» оқу-әдістемелік орталығы» КММжұмыс атқаруда.
Осы орталықта мемлекеттік тілді оқытумен   2014 жылы -160 адам, 2015 жылы -140 адам, 2016 жылы-160 адам, 2017 жылы-160 адам қамтылды.
Аталған орталықта  ағылшын тілін оқытуға да жағдай жасалған.  2014 жылы ағылшын тілін оқытумен - 72 адам, 2015 жылы 72 адам, 2016 жылы – 79 адам, 2017 жылы-79 адам қамтылды.
Мемлекеттік  және ағылшын тілдерін оқыту үшін жыл сайын  жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді.
2014 жылы - 8345,0;
2015ж-9030,0 тг;
2016 жылы -9679,0 тг;
2017 жылы- 10756,0 тг
Алға қойылған міндеттердің бірі – жергілікті атқарушы органдардағы құжат айналымын мемлекеттік тілге көшіру. Осы бағытта қаладағы мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы кіріс және шығыс құжаттарының мемлекеттік тілде ресімделуіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп тұрады. Мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлесі 2014 жылы -87%, 2015 жылдың - 88%, 2016 жылы - 91%, 2017 жылы-  95% құрады.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасына сәйкес облыс көлемінде мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік органдарға бағынысты мекемелер қызметшілерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын «ҚАЗТЕСТ жүйесі» бойынша диагностикалық, сертификаттық тест тапсыруы тәжірибеге енгізілді. 2016- 2017 жылдары  тестілемен 263 адам қамтылды. Олардың 111 –ы 2017 жылы (152-і 2016 жылы). Қала бойынша 2017 жылы 55 адам диагностикалық, 56 адам сертификаттық тестілеуден өтті.
Мемлекеттік тілді және Қазақстан  халқының басқа тілдерін дамыту үшін іс-шаралар өткізуге жергілікті бюджеттен 2014 - 2016 ж.ж. аралығында –  1191,0 мың теңге, 2017 жылдға  213 мың тенге  қаржы бөлінді.
Өткізіліп жатқан іс-шаралармен қоса, орталық жұмысының нәтижесі туралы мақалалар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, көпшілік назарына ұсынылады.
2013 - 2015 ж.ж. бұқаралық ақпарат құралдарына – 49 мақала жарық көрсе, 2016 жылы-22 мақала жарияланды. 2017- жылы-24 мақала.
2016 жылы «Абай оқулары», «Мағжан оқулары», үштілділікті насихаттау мақсатында  «Тіл- тұнық ойдың кепілі» олимпиада,  Наурыз- мейрамы, т.б шаралар өткізілді..
2017 жылы үштілділікті насихаттау мақсатында  «Тіл- тұнық ойдың кәусары» атты олимпиада,  «Абай оқулары», Қазақстан халқы тілдері күні және т.б шаралар өтті. Латын графикасына көшу жолдарын түсіндіру мақсатында  қараша айында ҚарМУ, ҚарМТУ профессорларының қатысуымен облыстық семинар өткізілді.
Шахтинск қаласының аумағында кенттерді қосқанда 204 көше тіркелген. Оның 12-сі мемлекеттік тілде, 192-сі орыс тілде. Мемлекеттік тілдегі атаулардың пайыздық көрсеткіші 5,6% құрайды.
Бізде 2014 жылға дейін қаламызда екі ономастикалық нысан тіркелген болатын: Бұхар-жырау атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі және Абай Құнанбаев даңғылы. 2014 жылы қаламыздың екі мектебіне жаңа атау берілді: №16 қазақ мектебіне Әлихан Бөкейханов, көркемсурет мектебіне Әубәкір Исмаиловтың есімдері беріліп, тағы екі ономастикалық нысанға көбейді.
Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бір бағыты қазақ тілінде дәріс беретін бала бақша мен мектептердің саның көбейту болып келеді. Осы бағытта мемлекеттік тілде оқытатын мектептер саны көбейіп келеді. Ағымдағы жылы  Шахтинск қаласында қазақ тілінде дәріс беретін 3 мектеп бар. Олар №9 жалпы білім беретін қазақ орта мектебі, №14 жалпы білім беретін қазақ орта мектебі және Ә. Бөкейханов атындағы лицей-мектебі.
Сондай-ақ Шахтинск қаласында орналасқан таза қазақ тілінде оқытып тәрбиелейтін 2 бала бақша жұмыс істейді («Еркетай» және «Гүлдер»). Ал «Ботакөз» балабақшасында 3 топ қазақ тілінде, Шахан кентінде орналасқан «Березка» балабақшасында 1 топ қазақ тілінде тәрбиеленуде.
Қала аумағында көрнекі ақпарат сауаттылығына байланысты шаралар ұйымдастырылып тұрады. «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға сауаттылық» атты рейд барысында барлығы 19 нысан қамтылды, жеке меншік иелеріне «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңының 21 бабын түсіндіру мақсатында жадынамалар берілді.
2016-2020 жылдар аралығында қала бойынша мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы жалпыұлттық мәдениетті, мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін нығайту, тілдің үш тұғырлығы қағидасын жүзеге асыру, ұлттық ономастикалық кеңістікті қалыптастыру мақсатында жұмыстар жалғасын таппақ.

          НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР,  МАҚСАТТЫ  ИНДИКАТОРЛАР

Үш тұғырлы тіл

 Мақсаты: Бәсекелестікке қабілетті адам капиталы

Мақсатты индикаторлар

Өлщем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

1

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %

%

45

47

55

60

63

2

Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %

%

6

9

12

14,5

17,5

3

Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %

%

3

4

5

7

9

 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 13.06.2018 15:28

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -1°C , ылғал 44%, қысым 726, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.98
Euro 434.01
Рубль 6.10

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары