www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

МҰРАҒАТ 2016

Шахтинск өңірінің білім беру ұйымдарының құрылымы келесі мекемелерден тұрады: 9 жалы білім беру мектебі және 2 гимназия.

12 жалпы орта білім беру  ұйымдары ішінен – қазақ тілінде оқытатын 3 мектеп (№ 9,12 ЖББМ, Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі), 1 аралас тілде оқытатын мектеп (№5 гимназия), 8- орыс  тілінде оқытатын мектеп (№ 1 гимназия, № 2,3,4,6,8,11, 7). Жалпы білім беру ұйымдарының бар жүйесі оқыту тілі, ұйымдардың саны, оқыту тілі, ұйымдардың саны бойынша өңірдің қажеттіліктерін жабады.

Жалпы білім беру мектептерімен қатар, өңірде 4 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды: БЖО, БКМ, БММ, Шахан кентінің өнер мектебі.

Жалпы білім беру ұйымдарының бар жүйесі оқыту тілі, ұйымдардың саны, оқыту тілі, ұйымдардың саны бойынша өңірдің қажеттіліктерін жабады.

 

Анықтама:

Білім беру жүйесін қаржыландыру 
2011 жыл – 1 667 891 мың теңге
2012 жыл – 1 780 322 мың теңге 
2013 жыл–  1 850 653 мың теңге

2014 жыл- 1 933 166 мың теңге

2015 жыл- 2 172 530 мың теңге

2016 жыл -  1 945 367 мың теңге

 

Аз қамтылған оқушыларды қаржыландыру (1 оқушыға есеп )
2011 жыл – 32 800 теңге
2012 жыл – 49 700 теңге
2013 жыл – 60 360 теңге

2014 жыл- 50 598 теңге

2015 жыл – 41 914 теңге

2016 жыл- 54174  (1%  норма кезінде білім беруге  бөлінген  қаржыдан 2,4 % немесе 28333  мың теңге  жалпыға міндетті оқу фондынан барлығы бөлінді).

 

Ұлттық біріңғай тестілеу.
2011 жыл – 76,79 балл
2012 жыл – 79,94 балл

2013 жыл – 80,91 балл

2014 жыл– 90,01 балл

2015 жыл – 88,33 балл
2016 жыл – 93,08 балл

 

 

I бағыт.

Мектепке дейінгі  сапалы тәрбие және оқыту саласында тең қол жетімділікті қамтамасыз ету

 

Шахтинск өңірінің мектепке дейінгі білім беру жүйесі 8 балабақша және № 3,4,7,8,12  жалпы білім беру мектептері жанындағы Долинка, Северо-Западный, Шахан ауылдарындағы толық күнді шағын –орталықтардан тұрады.

         Жалпы өңірде 1 жас пен 6 жас аралығындағы балалар саны 2532 құрайды, соның ішінде 3 жас пен 6 жас аралығындағы балалар – 1807 адам.

 

 

         3 жас пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту 100% құрайды немесе 1807 бала, 1 жас пен 6 жас аралығындағы  балалар 98,1 %. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие және оқыту қызметін 2486 бала алады.                                                                                                                            

2015 жылы «Қарлығаш» және «Ботагоз» сәбилер-балабақшасында 50 орындық 2 топ ашылды («Қарлығаш» сәбилер-балабақшасы-25 орын, «Ботагоз»-25 орын).

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2018 жылы 280 орынды бала-бақша құрылысына қосымша ЖСҚ әзірленді, оның есебінен мектепке дейінгі мекмелердегі кезек тізімі төмендеп, балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтамасыз ету артады.

Білікті педагог-тәрбиешілердің тпшылығын болдырмау мақсатында, білім бөлімі арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында  мамандарды даярлау мен оқытып шығару бойынша Шахтинск технологиялық колледжімен тығыз байланыс орнатылған.

 

ІІ бағыт.

Сапалы орта білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, интеллектуалды, рухани дамыған және жетістікке қол жеткізген азаматты қалыптастыру

Орта білім білім жүйесіндегі базалық деңгей болып саналады. Орта білімді тегін оқу Қазақстан Республикасының Ата Заңымен кепілдендірілген.

2015-2016 оқу жылының басында Шахтинск өңіріндегі жалпы орта білім беру жүйесінде 504 педагог есептелді.

Согласно действующему законодательству доля учителей высшей и первой категории должна составлять не менее 30%, от общей численности педагогических работников организации образования, при этом по состоянию на начало 2015-2016 учебных годов по городу Шахтинску данный показатель составляет 54%.

Қолданыстағы ережеге сәйкес білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің жалпы санынан жоғарғы және бірінші санатты мұғалімдер үлесі кем дегенде 30 % құрайды, сонымен қатар 2015-2016 оқу жылының басында Шахтинск қаласы бойынша  осы көрсеткіш-54 %

2016 жылдың бірінші жарты жылыдығында жалпы білім беру мектебінің 35 педагог-пән мұғалімдері деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті және  127 педагог-пән мұғалімдері жаңартылған білім мазмұны аясында біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Өңірде 4 мектептен тыс ұйымдар жұмыс жасайды: Әубәкір Ысмайылов атындағы балалар көркемсурет мектебі (БКМ), балалар музыкалық мектебі (БММ), Шахан кентіндегі балалар өнер мектебі (БӨМ), балалар-жасөспірімдер орталығы (БЖО).

Балаларды қосымша  біліммен қамту 2016 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 3205 оқушыны құрайды (50,7%).  2015 оқу жылында БЖО «Робототехника» үйірмесі ашылды.

Балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін ұйымдар арқылы жалпы, мектепке дейінгі және қосымша білім арасында кіріктіру жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

Ол балалалар музыкалық мектебі, Әубәкір Ысмайылов атындағы балалар көркемсурет мектебі және балалар-жасөспірімдер мектебінде ерте даму топтарының құрылуы арқылы байқалады.

 

         Ғылыми-техникалық және туристік-өлкетану бағытының жүйесін жандандыруды қарастыратын, БЖО даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Следопыт» клубы негізін қалады.

 «Горный юный спасатель» клубы Шахтинск технологиялық колледжімен бірге жұмыс жасайды.

         Инклюзивьік білімді енгізгеннен бастап балалар-жасөспірімдер орталығы

«Моделист-эколог» және  декоративті-қолданбалы өнер бойынша «Территория творчества» үйірмелерінде арнайы әзірленген бағдарлама бойынша жұмыс жасайды.

Әубәкір Ысмайылов атындағы балалар көркемсурет мектебі арқылы № 5 гимназияда филиал ашу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар көркемсурет мектебі арқылы Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ тарих факультетімен бірге «Археология» жобасы аясында тарихи өлкетану бойынша жұмыс жоспарлануда.

Өңірде жалпы білім беру мектептері жанында 12 қорғаншылық кеңесі жұмыс жасайды.

         Қорғаншылық кеңестің негізгі мақсаты болып, мектептің қаржы-экономикалық қызметінің тиімділігін арттыру, мектептегі оқыту, тәрбие және еңбек үшін қолайлы жағдай құру мен бекіту саналады.

Білім беру бөлімдеріндегіқорғаншылық кеңест қызметін дамытуды жүзеге асыру оқушылардың, педагогикалық мамандаардың құқығы мен қызығушылығын қорғауды жоспарлайды.

         Қорғаншылық кеңесті толықтай құру үшін 2019 жылға дейін барлық 12 қорғаншылық кеңесті қоғамдық ұйымдар түрінде (қоры бар) жеке заңды тұлға ретінде рәсімдеу жоспарлануда.

 Шахтинском өңіріндегі ««ЖасҰлан» және «Жас қыран»  Бірыңғай Балалар-жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қызметі Қазақстан халқының тарихын, мәдениетін, тілін игеру негізінде өскелең ұрпақтың рухани әлеуетін қалыптастыруға бағытталған.

««ЖасҰлан» және «Жас қыран»  Бірыңғай Балалар-жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің негізгі мақсаты болып, өскелең ұрпақты қазақ халқына, мәдениетіне, дәстүріне және әлемдік шығармашылығы, білімге деген талпынысы негізінде Отанының патриоттары ретінде тәрбиелеу саналады.

Жыл сайын оқу жылының басында, Президент күнінде және  «Жас Ұлан» туған күні кезінде ««ЖасҰлан» және «Жас қыран»  Бірыңғай балалар-жасөспірімдерұйымы» өз қатарын толықтырады.

 

III бағыт

Электронды оқыту жүйесін дамыту

Оқыту үрдісін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында білім беру ұйымдарын ақпараттандыру деңгейі жыл сайын өсіп келеді.

Компьютерлік база 1135 компьютерден тұрады. Бір компьютерге оқушылар саны - 5,8 құрайды.

Компьютер техникасымен жабдықталған мектептер дамыту бағдарламасының кезеңдерін жүзеге асыру шамасы бойынша барлық жалпы білім беру мектептері кең жолақты ғаламторға жүйесіне 100 % қосылған.

 

         12-жылдық оқытуға көшуге байланысты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру сапасын қамтамасыз ететін, оқушылардың білім деңгейін ынтасын қамтамасы етудің факторы болып, білім беру ұйымдарындағы жаңа модификация пән кабинеттерінің саны болып саналады.
        Жаңа модификация кабинеттерімен жабдықталған мектептер 75% құрайды.

Олардың ішінде физика кабинеттерімен қамтылу 66,6%, химия кабинетімен қамтылу 58,3%, биология кабинеттерімен қамтылу 91,6%, ЛМК 83,3% .  12 мектептің 9-да  (75%)  LSD подиум орнатылған.

Қазіргі күні қаланың барлық мектептері интерактивтік жабдықтармен бейімделген, жалпы білім беру мектептерінде интерактивтік тақталар саны 64 дана. Осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында жоғарғы технологиялық интерактивтік жабдықтар (LCD панелі және ELF цифрлық подиумы) сатып алынған-9 дана.

 

Жаңа әдістер мен технологияларды оқыту барысына енгізу.

Қазақстан мектептерінің 12-жылдық оқытуға көшу аясында оқыту барысына инновациялық технологияларды және оқушылар оқу жетістіктерінің жаңа баға жүйесін енгізілуде.

         Міндетті бағдарламалармен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық ұжымы түрлі вариативтік бағдарламалар бойынша және жаңа педагогикалық технологиялар бойынша жұмыс жасайды, яғни іздену тәртібінде, инновациялық қызметті жүзеге асырады.

Шахтинск өңірінің 4 мектепке дейінгі ұйымы («Қарлығаш» сәбилер-балабақшасы,«Снегурочка» сәбилер-балабақшасы, «Алёнка» сәбилер-балабақшасы, «Салтанат» сәбилер-балабақшасы) мектепке дейінгі білім беру ұйымының оқу процесіне жаңа технологиялар мен оқыту бағдарламаларын енгізу бойынша тәжірибелік қызметке қатысады.

Оқыту процесіне оқытудың жаңашыл технологиясы және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі енгізілуде.

Білім беру ұйымдарында ««Биоинформатика және синергетика» оқу сапасын басқару технологиясын енгізу және қолдану қызметі жалғастырылуда.

Шахтинск өңіріндегі жалпы білім беру мектептерінде оқыту-тәрбиелеу барысында «Білімал» автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылған.

 


Размещение информации: 05.03.2018 13:35

Последнее изменение информации: 05.03.2018 13:42

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 5°C , ылғал 19%, қысым 719, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.75
Euro 434.26
Рубль 6.12

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары