www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру

2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын
іске асыру барысы туралы

Жалпы ереже

Шахтинск өңірінің білім беру ұйымдарының құрылымы ұсынады: 12 жалпы білім беретін мектеп және бір гимназия, 7 мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдары, ҚАЖКмекемесінің қарамағында 2 жалпы білім беретін мектеп, 4 қосымша білім беру ұйымдары және оқу-өндірістік комбинаты.
13 жалпы орта білім беретін ұйымдар ішінен – 3 мектеп қазақ тілімен оқытады ( № 9, 14, 16 ЖББМ), 1 – аралас тілдермен оқыту (№ 5 гимназия), 9 – орыс тілімен оқытады (№ 1, 2, 3, 4, 6, 8, 11, 12, 15 ЖББМ). Ұйым саны және оқыту тілі бойынша өңір қажеттілігін жалпы орта білім беру ұйымдарының желілері жабады.

Анықтама:
Білім беру жүйесін қаржыландыру
2010 жыл – 1 321 635 мың теңге
2011 жыл – 1 667 891 мың теңге (өсімі 26,2%)
2012 жыл – 1 780 322 мың теңге (өсімі 6,7 %)
2013 жыл – 1 850 653 мың теңге (өсімі 3,9 %)
Аз қамтылған оқушыларды қаржыландыру (1 оқушыға есеп)
2010 жыл – 30 600 теңге
2011 жыл – 32 800 теңге
2012 жыл – 49 700 теңге
2013 жыл – 60 360 теңге (1 % нөмірінен білім беруге бөлінген қаражатынан
жалпы оқыту қорына бөлінді 25 775 мың теңге немесе 2,2 %).
Ұлттық бірыңғай тестілеу
2010 жыл – 77,45 балл
2011 жыл – 76,79 балл
2012 жыл  – 79,94 балл

 

I бағыт.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласы.

Шахтинск өңірінде мемлекет Басшысының тікелей тапсырмасы бойынша «Балапан» бағдарламасы сәтті орындалуда. Соңғы 5 жылда мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының саны 5-тен 12-ге дейін өсті.  2007-2012 жылдары кезеңінде «Еркетай», «Ботагоз», «Аленка» бала-бақшалары, № 3, 8, 14, 15 мектептерінің қарамағында шағын – орталықтар ашылды. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 94,7% құрады (2221 санына 2103 қамту). 2014 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалар орындарының мәселесін шешуге 150 орынға «Огонек» бала-бақшасын ашу жоспарланды. Қазіргі уақытта осы бала-бақша бойынша ЖСӨ әзірленуде.

II бағыт.

Орта білім беру жүйесін жетілдіру.

Кадрлық потенциал

2012-2013 оқу жылының басында Шахтинск өңірінің жалпы орта білім беру жүйесінде 610 педагог есептелді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердін үлесі білім беру ұйымының педагогикалық қызметкерлердің жалпы санынан 30% кем болмауы тиіс, осыған орай Шахтинск қаласы бойынша 2012-2013 оқу жылының жағдайында осы көрсеткіш 44,6%  құрайды (оның ішінде жоғары біліктілік санатындағы мұғалім үлесі – 15,2%, бірінші біліктілік санаты – 29,3%).
2012 жылы өңірдің 23 мұғалімі «Назарбаев интеллектуалды мектебі» АҚ әзірленген бағдарламасы бойынша жалпы білім беретін мектептер үшін «Өрлеу» ПКҰО» АҚ педагогикалық шебер орталығында біліктілік арттыру курстарынан өтті.

12-жылдық оқыту моделіне көшу
Ресурстық қамтамасыз ету

Оқу үрдісінің материалдық-техникалық қамтамасыз етылуын жақсарту мақсатында жыл сайын білім беру ұйымдарының ақпараттар деңгейі артады.
Компьютерлік база 901 компьютерден тұрады. 1 компьютерге оқушылар саны – 6,7 құрайды. Тозу пайызы – 0%. Сонымен қатар, жыл сайын 150 бірлікке 2013-2015 жылдары компьютерлік саябақты көбейту жоспарланды. 2013 жылдың нәтижесі бойынша осы көрсеткіш 1051 компьютер құрайды немесе 1 оқушыға 5,8 компьютер.
Компьютерлік техникалармен жабдықталған мектептерді дамыту  бағдарламаларының сатыларын іске асыру шаралары бойынша барлық жалпы білім беру мектептерінде 100%-ғадүние жүзілік интернет желісіне қосылған.
Білім беру ұйымдарында жаңа модификация кабинеттерінің бар болуы, 12-жылдық оқытуға ауысуға байланысты оқушылардың өнегесін, біліктілігін, білім деңгейін арттыру, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру сапалылығын қамтамасыз ететін білікті факторлар болып табылады.
2007-2011 жылдар кезеңінде республикалық және жергілікті бюджетінен сатып алынды: 6 физика кабинеті, 5 биология кабинеті, 1 химия кабинеті, 10 линговалық-мультимедиялық кабинеттері. 2012 жылы жергілікті бюджет қаражат есебінен 2 химия кабинеті, 1 биология кабинеті, республикалық бюджет қаражат есебінен – 1 химия кабинеті сатып алынды. 2013 жылы 4 биология кабинетін (ЖБ) және бір химия кабинетін (РБ) сатып алу жоспарланды. 2015-2016 оқу жылының басында Шахтинск өңірінің барлық мектептері арнайы жаңа модификация кабинеттерімен 100% қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі күнде қаланың барлық мектептері интерактивты жабдықтармен қамтамасыз етілген, жалпы білім беру мектептерінде интерактивты тақтайшалар саны – 64 дана, оның ішінде 2012 жылы 17 дана сатып алынды. Осы бағдарламаны іске асыру аясында жоғары технологиялық интерактивты жабдық (LCD панелі және ELF цифрлық подиумы) – 4 дана сатып алынды. 2013 жылы осы жабдықтар қосымша 5 жинақ сатып алынады.
12-жылдық білім беру моделіне ауысу аясында білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту бойынша жоспарды іске асыруға қосымша әзірленді және қабылданды.

Оқыту үрдісінде жаңа әдістер және технологиялар енгізу

Оқу үрдісінде 12-жылдық білім беру моделіне қазақстан мектептерінің ауысу аясында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесін және оқыту инновациялық технологиялары енгізілуде.
1) 2009 жылы «Салтанат» сәбилер-бақшасы» және «№ 1 жалпы білім беру мектебі» базасында тілдерді игерудің халықаралық стандарт негізінде «Бала-бақша- мектеп» кешенінде қазіргі үш тұғырлы тілде білім беру» эксперименталды жобасы енгізілді.
2)   2011-2012 оқу жылында қалалық 5 жалпы білім беру мектептерінде эксперимент тәртібінде «Биоинформатика және синергетика» оқыту сапалылығын технологиялық басқару» инновациялық жобасы енгізілді.
3) Шахтинск өңірінің барлық білім беру мектептері «Білімал» автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді.
4) 2013 жылы қаланың үш жалпы білім беру мектептері «e-learning электрондық оқыту жүйесін енгізу» пилоттық жобасына көшеді.
5) 12-жылдық білім беруге ауысу бойынша эксперимент талаптарына бірінші жоспарға оқушыларды жеке тәрбиелеу және оқыту талаптары кіргізіледі. Аймақ мектептері келесі халықаралық жобаларға белсенді қатысады:
- Болгария және Норвегия халықаралық форумдарында және конференцияларында қатысумен экологиялық білім беру бойынша (SPARE. GRINPAC);
- «Эко образ» үкіметтік емес ұйымының қолдауымен энергия жабдықтау бойынша («Эргономика болашағы»).
6) № 5 гимназия мұғалімдерімен «Образование ПЛЮС» ҮЕҰ тіркелді. Осы ұйым «Балаларға және жастарға профильдік білім беру» бағдарламасы аясында «Ақбота» Қорының толық құқығына көшті.
Жоғарыда көрсетілген ісшараларды іске асыру Шахтинск қаласының жалпы білім беру жүйесін 12-жылдық оқыту моделіне көшу үшін негізін даярлайды.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 10°C , ылғал 83%, қысым 708, жел 12 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.59
Euro 429.06
Рубль 6.05

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары