www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2015 МҰРАҒАТ

 

 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөніндегі «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының индикаторларын орындау мониторингіне сәйкес өлім көрсеткіштері 12,9 %-ға,  2012 жылы 16,32 -ден 2015 жылы 14,21-ге дейін төмендегені байқалды.
Халықтың туу деңгейі 3,16 %-ға, 2012 жылы 15,82 % -дан 2015 жылы 15,32 % -ға дейін төмендеді. 
Бала өлім – жітімі көрсеткішінің төмендегені байқалды, көрсеткіш 2012 жылы 8,2-ден  2015 жылы 4,8-ге дейін 1000 –ға төмендеді. 2015 жылы 1 бала өлім – жітімі тіркелген.
Халықтың табиғи өсім коэффициенті 2012 жылы -0,50 –ден 2014 жылы +1,11 өскен.
Туберкулез ауруымен науқастану деңгейі 16,7 %-ға, 2012 жылы  68,6 –дан 2015 жылы 80,1-ге дейін өскені байқалады.
Туберкулез ауруымен науқастану бойынша  аймақтың эпидемиологиялық жағдайы аймақта 5 түзеу мекемесінің бар болуына және онда туберкулез ауруымен ауратындардың көп болуына байланысты күрделеніп тұр.
Шахтинск аймағында өмір сүру ұзақтылығы 2012 жылы 67,37-ден 2014 жылы 70,18-ге дейін ұлғайды.
Дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау жүйесі енгізілген. Жекелеген азаматтарды дәрі –дәрмекпен тегін қамтамасыз етуге ағымдағы жылда облыстық бюджеттен 123,2 млн. тенге бөлінген.
Медициналық қызметтердің 40% жалпы практикадағы дәрігерлер көрсетеді, ол 2015 жылы қол жеткізуге арналған Мемлекеттік бағдарлама индикаторларына сәйкес.
Аймақтық денсаулық сақтау жүйесінде 868 медициналық қызметкер қамтылды, оның ішінде 134- дәрігер, 357- медициналық қызметкер, 366- кіші медициналық персонал, 205- басқалары.
Кадрларды тарту және бекіту үшін ҚММУ студенттерімен үшжақты шарт (ҚММУ, студент және жұмыс беруші) жасалады. Жұмыс берушінің есебінен интернатурадағы білімі төленеді, кәсіпорын есебінен қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарындағы білімі төленеді.
Сонымен қатар, Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің студент – интерндерімен шарттар жасалған. Осылайша, 2016 жылы жалпы практикадағы 3 дәрігер мен 1 терапевт дәрігердің келуі күтілуде.

 


Размещение информации: 21.07.2016 13:08

Последнее изменение информации: 31.08.2016 13:36

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 41%, қысым 715, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.38
Euro 431.05
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары