www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Депутаттар Жолдауды түсіндіруде

2 ақпаннан бастап, Шахтинск аймағына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформасы жөніндегі комитетінің мүшесі Қанат Мусин келді. Іссапар барысында Ленин атындағы, Қазақстан және Шахтинск  шахталарының, сонымен қатар,  «Апрель Құлагер» ЖШС, қаланың білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің еңбек ұжымымен Елбасының  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын және Президенттің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін талқылау бойынша кездесу өткізді.
Өз баяндамасын депутат 25 жыл ішіндегі Қазақстанның жетістіктерінен бастады, біртіндеп конституциялық реформалардағы өзгертулерге көшті. «Билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлетін кезең жетті. Үкімет пен Парламентке үлкен жауапкершілік жүктеледі», - деді Қанат Сергеевич.  Мемлекет басшысы Жолдауда атап көрсеткен елді дамытудың бес басымдылық бағыттары туралы айта келе төртінші бағытқа – адами капитал сапасын жақсартуға басымдылық жасалды. «Адами капиталды дамыту біліммен тікелей байланысты. Жастар алға ұмтылу үшін ағылшын тілін білу керек», - деді мажілісмен.
Кездесу барысында жан-жақты және құнарлы сұхбат құрылды, онда қала құру кәсіпорындардағы әлеуметтік мәселелер, денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мәселелер, сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаларына қатысты мәселелер қозғалды. Кездесуде қойылған сұрақтардың барлығына жауап берілді.
«Құнарлы сұхбаттарыңызға көп рахмет. Мен үшін халықпен көзбе-көз тілдесу өте маңызды», - деді Қанат Сергеевич. Өз кезегінде, барлық кездесулерге қатысқан қала басшылығы депутатқа өткізген кездесулері мен байымды әңгімелері үшін алғыс білдірді.

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы
 


 


Размещение информации: 13.02.2017 13:18

Последнее изменение информации: 13.02.2017 13:18

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 13°C , ылғал 52%, қысым 711, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары