www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Негізгі басымдықтар – білім беру және денсаулық сақтау

6 ақпанда Шахтинск аймағына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Ершов келді, ол Шахтинск технологиялық колледжінің ұстаздарымен және студенттерімен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын және Президенттің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін талқылау бойынша кездесу өткізді. Кездесуге қала әкімі С.Аймақов, қалалық мәслихат хатшысы және депутаттары қатысты.
Сенатор Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның қол жеткізген басты жетістіктері туралы айтып өтті және Ел Басы өз Жолдауында атап өткен еліміздің дамуындағы  бес басымдық бағыттарға тоқтап өтті.  «Экономиканың өсімін және халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етеді деп танылған бұл басымдықтарды іс жүзінде жүзеге асыру Қазақстанның әлемдегі озық 30 ел қатарына тұрақты түрде ілгерілеуін қамтамасыз етеді», - деді ол.
Тегін кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламасына ерекше көңіл аударды. Сергей Михайлович Парламенттің заң шығару қызметі туралы да айтты және кездесуге қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында, С.Ершов оның жұмысындағы негізгі басымдылықтарды атап өтті, олар білім беру және денсаулық сақтау, дәлірек айтқанда мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің еңбек ақысын көтеру саласы.
Қала әкімі С. Аймақов сенаторға кездесу өткізгені үшін және байымды әңгімелері үшін алғыс айтты.

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы
 


 


Размещение информации: 13.02.2017 13:17

Последнее изменение информации: 13.02.2017 13:17

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 4°C , ылғал 16%, қысым 724, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары