www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Депутаттар Жолдауды және конституциялық реформаның мәнін түсіндіруде

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров Қарағанды облысына келген іссапарында Шахтинск аймағына да келді, аймақта ол «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС және «Тентек» шахтасының еңбек ұжымымен кездесті. Бұл кездесудің мақсаты Елбасының  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын және Президенттің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін талқылау. Кездесуге қала әкімі С.Аймақов қатысты.
«Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС бару объектіні аралаудан басталды және кәсіпорынның еңбек ұжымы жиналған мәжіліс залында жалғасты.
«Қысқа кезеңде Президент өзара байланысы бар екі маңызды үндеу жасады. Бірінде саяси реформалар туралы айтылды, ал екіншісінде экономикалық және әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі туралы айтылды», - деп бастады өз баяндамасын Нұрлан Мәжитұлы – Экономиканы нарықтық рельске жылдам әрі тиімді көшіру керек болғанда, Президент барлық жауапкершілікті өзіне алды. Басты қозғаушы күш біздің Ел Басымыздың беделі, білімі, тәжірибесі, даңалығы болды. Бүгінгі реформалар логикасы: бізде президенттік басқару нысаны қала тұра, Үкіметтің жауапкершілігі артады.».
Кездесу соңында қала әкімі С.Аймақов Н. Әбдіровке кездесу өткізгені үшін және толық түсініктемелер бергені үшін алғыс айтты.

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы


 


Размещение информации: 13.02.2017 13:15

Последнее изменение информации: 13.02.2017 13:16

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 15°C , ылғал 45%, қысым 713, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.52
Euro 429.21
Рубль 6.07

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары