www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖОСПАРЫ

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖОСПАРЫ

 

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Экономиканың жоғары технологиялық  салаларын дамыту басымдығымен Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын әзірлеуді аяқтау

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы

ИЖТМ, ЭБЖМ, ӨДМ, МГМ, АШМ, БҒМ, ҰҒА, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар, ҰБХ, ҰХ, ҰКП*

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешев

2014 жылғы маусым

2.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде тау-кен өндіру секторының салаларын дамыту жоспарларын қабылдау, онда  мыналар қамтылады:

  1. осы көрсетілетін қызметтермен әлемдік нарыққа шығу үшін геологиялық барлауды дамыту;
  2. сирек және жерде сирек кездесетін металдарды игеру ауқымын ұлғайту;
  3. геологиялық барлауға, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге және өңдеуге инвестициялар мен технологиялар тарту үшін жағдай жасау

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, БҒМ, ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині,  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ҰКП*

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешев

2014 жылғы тамыз

3.

Мұнай мен газ өндірудің ықтимал сценарийлері, көмірсутектерді басқарудың, өндірудің және өңдеудің жаңа тәсілдерін айқындау бойынша терең талдау жүргізу және ұсыныстар енгізу

Мемлекет басшысына баяндама

МГМ, ЭБЖМ, Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

үйлестіруші: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н. Ахметов

2014 жылғы
қараша

4.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі «Агробизнес 2020» бағдарламасын және басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түзету, онда мынадай міндеттерді:

  1. ауыл шаруашылығында, оның ішінде шөлейт өңірлерде жаңа технологияларды енгізуді;
  2. ашық баға белгілеу және инвестицияларды тарту қағидаттарында озық технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі міндеттемелерді көздейтін  тиімді жер нарығын құруды;
  3. агробизнесті жүргізуге, кооперация процесіне, жерді тиімді пайдалануға кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюды;
  4. ауыл шаруашылығы субъектілерінің ұзақ мерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына тікелей шығуын қамтамасыз етуді;
  5. қарыздарды кепілдендірудің және сақтандырудың тиімді жүйесін құруды;
  6. ауыл шаруашылығында және денсаулық сақтауда ғылыми зерттеулерді өрістетуді, оның ішінде сынақтық ғылыми-инновациялық кластерлер құруды және  құрғақшылыққа төзімді гендік-модификацияланған өнімдер мәселесін зерттеуді ескеру

 Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы

АШМ, БҒМ, ЭБЖМ, ӨДМ, ИЖТМ, ДСМ, ТМРА, БҚА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары  Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы маусым

5.

Венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобаларының топтамасын әзірлеу және Парламентке енгізу

заң жобалары

ИЖТМ, БҒМ, ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині,
«НУ» ДБҰ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, ҰКП*

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі 
Ә.Ө. Исекешев

2014 жылғы тамыз

6.

Нақты жаңалықтар ашу мен инновацияларды, технологиялар трансферті мен шетелдік инвестицияларды тартуды  ынталандыратын ғылымды қаржыландыру көлемін біртіндеп арттыру жоспарын бекіту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ, ИЖТМ, ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар

үйлестірушлер: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары  
Г.Н. Әбдіқалықова,

  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі 
Ә.Ө. Исекешев

2014 жылғы тамыз

7.

Трансұлттық  компанияларды қоса алғанда, шетелдік инвесторларды Қазақстан Республикасының аумағында жаңа өндірістерді, оның ішінде  инжиниринг және сервис орталықтарын құруға тарту үшін жаңа ынталандыруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ИЖТМ, ӨДМ, ЭБЖМ, Қаржымині, СІМ, МГМ, БҒМ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, ҰКП*

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Ә.Ө.Исекешев

2014 жылғы қыркүйек

8.

Технологиялық парктердің аумағында инновациялық жобалардың орналастырылуын  ынталандыруды қоса алғанда,  олардың жұмысын жандандыру 

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ИЖТМ, БҒМ, ККМ, МГМ, АШМ, ЭБЖМ, Қаржымині, ҰҒА, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ҰКП*

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Ә.Ө. Исекешев

2014 жылғы наурыз

9.

Астана және Алматы қалаларында агломерациялар қалыптастырудың 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жоспарларын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары

ӨДМ, ЭБЖМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалаларының, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының әкімдері, ҰБХ, ҰХ, ҰКП* 

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары  Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы желтоқсан

10.

Қазақстан Республикасының көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу, онда мыналарды:

  1. бағдарлама шегін 2030 жылға дейін кеңейтуді;
  2. халықаралық сауданы жүзеге асыру кезіндегі кедергілерді алып тастауды;
  3. отандық заманауи логистика және дистрибуция орталықтарын дамытуды;
  4. автомобиль және теміржол инфрақұрылымын кең ауқымды жаңғыртуды;
  5. теңізге шығатын жолдары бар елдерде логистика орталықтарын құруға инвестиция салуды көздеу

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы

ККМ, ӨДМ, ИЖТМ, ЭБЖМ, Қаржымині, ІІМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ,  ҰКП*

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары  Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы қыркүйек

11.

Назарбаев Университетінің қамқорлығымен болашақтың энергиясын және жасыл экономиканы іздеу және жасау жөніндегі озық әлемдік тәжірибені зерделеу мен енгізу орталығын  құру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

 

ҚОСМ, ИЖТМ, БҒМ, ЭБЖМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ,
«НУ» ДБҰ*

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының  Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Ә.Ө. Исекешев

2014 жылғы
тамыз

12.

Мынадай:
1) көлік құралдарын отынның экологиялық таза түрлеріне көшіру жөнінде, оның ішінде электромобильдерді енгізу және тиісті инфрақұрылым құру;
2) ЖЭС қалдықтарын тазартуды ендіру және жаңа технологиялар негізінде өндірісте және тұрмыста электроэнергияны жаппай үнемдеу
жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

 

ҚОСМ, ИЖТМ, ККМ, МГМ, ӨДМ, ЭБЖМ, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев

2014 жылғы
маусым

13.

Төртінші мұнай өңдеу зауытын орналастыру, инвестициялар көздері мен салу мерзімдері бойынша мәселені түпкілікті шешу

Мемлекет басшысына
баяндама

МГМ, ЭБЖМ, «Самұрық-Қазына»
ҰӘҚ» АҚ

үйлестіруші: Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі С.Н.Ахметов

2014 жылғы наурыз

14.

Атом электр стансасын орналастыру орны және салу мерзімдері бойынша мәселелерді түпкілікті шешу

 

Мемлекет басшысына
баяндама

ИЖТМ, ЭБЖМ, ҚОСМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

үйлестіруші:  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Ә.Ө.Исекешев

2014 жылғы наурыз

15.

Қазақстан Республикасының аумағында атом электр стансалары үшін ядролық отын өндірісін ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ИЖТМ, ЭБЖМ, Әділетмині,  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ

үйлестіруші:  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Ә.Ө. Исекешев

2014 жылғы желтоқсан

16.

Индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасын ескере отырып, «2020 жылға дейінгі бизнестің жол картасы» бағдарламасын жаңарту жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ӨДМ, ИЖТМ, Әділетмині, ЭБЖМ, Қаржымині, БП, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ,  ҰКП*

үйлестіруші:  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә.Сағынтаев,
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө.Исекешев

2014 жылғы маусым

17.

Шағын және орта бизнесті кешенді дамыту және жеке меншік институтын нығайту жөнінде ұсыныстар енгізу, онда мыналарды:
1) бизнесті дамытуға кедергі келтіретін енжар нормалардың күшін жоюды;
2) орта деңгейге көшіру перспективасымен шағын бизнесті мамандандыруды;
3) кәсіпорындардың банкроттығын жеңілдетуді;
4) жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлерге әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін қамту

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ӨДМ, Әділетмині, Қаржымині, ИЖТМ, ЭБЖМ, БҚА, БП, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ,  ҰКП*

 

үйлестіруші:  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә.Сағынтаев

2014 жылғы маусым

18.

Қажетті бюджет қаражатын бөлуді көздей отырып, 2017 жылға қарай орта білім беру ұйымдарында үш ауысыммен оқытуды және орын жетіспеушілігі проблемасын жою

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, ЭБЖМ, ӨДМ, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

үйлестіруші:  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары                        Г.Н. Әбдіқалықова

2016 жылғы желтоқсан

19.

Мемлекеттің техникалық және кәсіптік білім беруді кепілдендіру мәселесі жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, ЭБЖМ, Әділетмині, ӨДМ, ТЖМ, Қорғанысмині, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

үйлестіруші:  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н.Әбдіқалықова

2014 жылғы мамыр

20.

2016 жылға қарай жетекші жоғары оқу орындарын автономияға жоспарлы түрде көшіру үшін жағдайлар жасау

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

 

БҒМ, ЭБЖМ, Қаржымині

үйлестіруші:  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары                         Г.Н. Әбдіқалықова

2014 жылғы қыркүйек

21.

Мектепке дейінгі тәрбие беруде және оқытуда заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін әзірлеу, білікті кадрлар даярлау мен сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ

 

үйлестіруші:  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары                           Г.Н. Әбдіқалықова

2014 жылғы желтоқсан

22.

Орта білім беретін мектептерде Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін ескере отырып орта білім беруде білім сапасын арттыруда: мектеп оқушыларының қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруін;
мектеп оқушыларының сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеруін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, Қорғанысмині, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

 

үйлестіруші:  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары                          Г.Н. Әбдіқалықова

 

 2014 жылғы желтоқсан,
әрі қарай жыл сайын есепті жылдың 25 желтоқсанына

23.

Міндетті медициналық сақтандыруды енгізудің орындылығы туралы мәселені зерделеу және ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ДСМ, ЭБЖМ, ҰБ, Қаржымині, Еңбекмині, ІІМ

үйлестіруші:  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары                         Г.Н. Әбдіқалықова

2014 жылғы шілде

24.

Бастапқы медициналық-санитариялық көмекті басымдықпен дамытуды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ДСМ, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері 

үйлестіруші:  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары                        Г.Н. Әбдіқалықова

желтоқсан,
жыл сайын

25.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап стипендиялар мөлшерін 25%-ға арттыру

 

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

БҒМ, ЭБЖМ, ІІМ, ТЖМ, Қорғанысмині, ДСМ

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары                       Г.Н. Әбдіқалықова

2015 жылғы желтоқсан

26.

Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын әзірлеу

 

 

Қазақстан Республикасы
Президенті
Жарлығының жобасы 

МАМ,  мүдделі мемлекеттік органдар, Астана, Алматы, қалаларының, облыстардың әкімдері 

үйлестіруші:  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н.Әбдіқалықова

2014 жылғы қыркүйек

27.

Азаматтық қызметшілер еңбекақысының жаңа үлгісін әзірлеу және оны 2015 жылғы 1 шілдеден бастап енгізу, онда мыналарды:
1) әлеуметтік сектор қызметкерлерінің беделін арттыруды;
2) қосымша ақылар және  үстемеақылар жүйесін реттеуді;
3) лауазымдарды бөлу негізінде, оның ішінде  денсаулық сақтау саласындағы негізгі персонал қызметкерлеріне – 7%-дан  28%-ға дейін, білім беру саласында – 15%-дан  29%-ға дейін, басқа салаларда – 28%-дан 40%-ға дейін еңбекақыны саралап жоғарылатуды көздеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині, ЭБЖМ, Қаржымині, БҒМ, ДСМ,
АШМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, ҚР Кәсіподақтар федерациясы*

 

үйлестіруші:  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н.Әбдіқалықова

2014 жылғы қыркүйек

 

 

2015 жылғы
1-тоқсан

28.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру және олар үшін қолжетімді инфрақұрылым («кедергісіз аймақ») құру жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат 

Еңбекмині, ИЖТМ, БҒМ, ДСМ, ӨДМ, СА, ККМ, МАМ, АШМ, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, «Нұр Отан» партиясы*, ҰКП*, ҮЕҰ*, ҚР Кәсіподақтары федерациясы*

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары                      Г.Н. Әбдіқалықова

2014 жылғы  шілде

29.

Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін 2015 жылғы                              1 шілдеден бастап 25%-ға жоғарылату

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Еңбекмині, ЭБЖМ

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары            Г.Н. Әбдіқалықова

2014 жылғы  қыркүйек

30.

Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері қызметінің құқықтық негізін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат 

Еңбекмині, МАМ, Әділетмині, ЭБЖМ, БҒМ, ДСМ, ККМ, ІІМ, СА, ӨДМ, СДШІА, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, «Нұр Отан» партиясы*, ҰКП*, ҮЕҰ*

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары                  Г.Н. Әбдіқалықова

2014 жылғы  қыркүйек

31.

Көмек алушылардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына 2014 – 2015 жылдары пилоттық режимде, 2016 жылғы 1 шілдеден бастап барлық өңірлер бойынша міндетті қатысуын көздей отырып, шартты әлеуметтік көмекті енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Еңбекмині, АШМ, Әділетмині, ЭБЖМ, ДСМ, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары                     Г.Н. Әбдіқалықова

2014 жылғы  желтоқсан

2015 жылғы  қыркүйек

32.

Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстарды әзірлеу және енгізу, онда мынадай мәселелерді:
1) халық алдында есеп беруін және нәтижелер үшін жауапкершілігін күшейте отырып, жергілікті атқарушы биліктің дербестігін арттыруды;
2) құжат айналымын қысқарту мен ақпарат легін оңтайландыруды;
3) мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік ұйымдардың кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуді қамту

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат 

1) тармақша – ЭБЖМ, ӨДМ, Қаржымині, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері
үйлестірушілер:  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев,
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Б.Т. Сұлтанов

2) тармақша – ЭБЖМ, ККМ, МАМ, Әділетмині
үйлестіруші: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы          
Е.Ж. Қошанов

3) тармақша – МҚІА, ЭБЖМ, ПМК
үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов

2014 жылғы  маусым

33.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру мен іске асыруды жалғастыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат 

ЭСЖКА, БП, ҰҚК, МҚІА, ЭБЖМ, Әділетмині, ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар
үйлестіруші: Президент Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы                           Қ.П. Қожамжаров

2014 жылғы  маусым

34.

«Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері еңбекақысының деңгейін 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 15%-ға және 2016 жылғы 1 шілдеден бастап 15%-ға жоғарылату

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы

ЭБЖМ, МҚІА

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов

2014 жылғы  желтоқсан

35.

2014 жылы экономика өсімін 6-7% деңгейінде, сондай-ақ халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ-нің 14,5 мың АҚШ долларынан кем болмайтын деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат 

ЭБЖМ, ҰБ, орталық мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, ҰБХ, ҰХ, ҰК

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов

2015 жылғы  қаңтар

36.

Инфляцияны орта мерзімді перспективада 3-4%-ға дейін төмендету жөніндегі шаралар кешенін пысықтау

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат 

ҰБ, ЭБЖМ, Қаржымині, ТМРА, БҚА, АШМ, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов

2014 жылғы  шілде

37.

Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы

ҰБ, ЭБЖМ, Қаржымині, БҚА, Әділетмині, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ҰКП*

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының           
Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов

2014 жылғы  мамыр

38.

Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ, Қаржымині, БҚА, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, ҰБХ, ҰХ, ҰК, ҰКП*

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов

2014 жылғы  наурыз

39.

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін қабылдау

құжат жобасы

ПӘ, Үкімет, Қазақстан халқы Ассамблеясы*,
«Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы*

үйлестіруші: Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.А. Майлыбаев

2014 жылғы  наурыз

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПӘ – Қазақстан  Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
ЭСЖКА – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
МҚІА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚОСМ – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ҰҒА – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
ТМРА – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
СДШІА – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
«НУ» ДБҰ – «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы
«Даму» КДҚ» АҚ – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы
ҰБХ – ұлттық басқарушы холдингтер
ҰХ – ұлттық холдингтер
ҰК – ұлттық компаниялар
ҰКП – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар

* – келісім бойынша


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 30°C , ылғал 19%, қысым 705, жел 11 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.70
Euro 427.15
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары