www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2019 жылы Шахтинск қаласы әкімі мен кент әкімдерінің есеп беру кездесулерін өткізу барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар

2019 жылы Шахтинск қаласы әкімі мен кент әкімдерінің есеп беру кездесулерін өткізу барысында
айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Айталған
ескертулер/ұсыныстар

Ескертулер/      ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындау мерзімі

Жауаптылар

Ескерту

  1.  

Новодолинский кентіндегі Торговая көшесінен  Садовая көшесіне дейін көше жарығын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін

2019 жылдың
III - тоқсаны

Мажитов Н.А.
Тусупов А.С.

2019 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жөніндегі жоспарда 8 525,0  мың тенге көзделген.
Мердігер ұйым «НУРМАНАС» ЖШС бүгінгі таңда Магистральная-Торговая-Садовая көшесінде 42 тірек орнатты, сондай-ақ, баламалы тоқ көздерімен жарық беру шамдары орнатылған (күн сәулесі батерейі). Шартқа сәйкес көше жарықтарының шамдары ағымдағы жылдың 10 қазанына дейінгі мерзімде қосылады.

  1.  

«Қазақстан халық банкі» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Г. Ратаеваның атына 2019 жылы Новодолинский кентінде орнатылған банкоматпен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мүмкіндігін қарастыру мәселесі туралы хат дайындасын және жолдасын. (төбе қалқа орнату, таблоға жарық беру).

2019 жылдың                   I - тоқсаны

Буравко Л.Д.
Тусупов А.С.
Мусина Ж.Н.
(келісім бойынша)

«Қазақстан Халық банкі» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Г. Ратаеваға 2019 жылғы 4 наурызда Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Л.Д. Буравконың атынан Новодолинский кентіндегі «Қазақстан Халық банкі» АҚ  терминалына қорғаныс кабинасын орнату мәселесмі туралы хат жолданды.
Қарағанды облысының көшелерінде, оның ішінде Новодолинский кентінде орнатылған банкоматтарға күнқағар орнатуға қажетті шығыстар сомасы жіберілген. 

  1.  

Новодолинский кентінің №11 ЖББМ аумағында велосипедтерге арналған тұрақ орнату жұмысын жүргізсін.

2019 жылғы қыркүйек 

Тлеубергенов К.К.
Тусупов А.С.
Онсович Н.Б.

Ақша қаражаты бөлінуіне қарай Новодолинский кентінің №1 ЖББМ аумағында велосипедтерге арналған тұрақ орнату ұйымдастырылады.

  1.  

Северо-Западный кентінің Сенная көшесінде су құбыры желісі құрылысының ЖСҚ дайындасын және монтаждық жұмыстар құрылысына ақша қаражатын бөлуге бюджеттік өтінім дайындасын.

2019 жылдың                   I - тоқсаны

Мажитов Н.А.
Алиев М.С.
Бдуов М.-С.И.

Северо-Западный кентінің Сенная көшесінде су құбырлары желісінің құрылысы жөніндегі ЖСҚ дайындалған.  Жоба сараптамадан өтті. 2019 жылы 10 млн. 813 мың тенге бюджеттік қаражат  бөлінген. Мердігер ұйым - «Энергия» ЖШС . 
Северо-Западный кентіндегі Сенная көшесіне су құбырлары желісін салу жұмыстары аяқталды.
Су құбырлары желілерін шаю және оларды қысыммен тексері жұмыстары жүргізілді. Лабороториялық зерттеулер жүргізілді.
Бүгінгі таңда объектіні қолданысқа енгізу, техникалық паспортын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба бойынша 12 абонентті қосу қарастырылған, алайда Северо-Западный кенті тұрғындарының өтініштері бойынша мердігер ұйымның есебінен қосымша 7 абонент қосылған.

  1.  

Северо-Западный  кентінің №8 ЖББМ жапсарлас аумақты асфальттау жұмысын жүргізуге бюджеттік өтінім берсін.

2019 жылдың III - тоқсаны

Тлеубергенов К.К.
Онсович Н.Б.
Бдуов М.-С.И.
Таширова С.А.

Ақша қаражатының бөлінуіне қарай Северо-Западный кентінің №8 ЖББМ жапсарлас аумағын асфальттау жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірленетін болады.

  1.  

Северо-Западный кентіне теміржол жолдары арқылы өтетін өткелге комиссиялық тексеріс жүргізсін және «АрселорМиттал Темиртау» АҚ Қарағанды жүк-көлік басқармасына оны абаттандыру жұмысын жүргізу мүмкіндігін қарастыру туралы хат жолдасын.

2019 жылдың                   I - тоқсаны

Мажитов Н.А.
Бдуов М.-С.И.
Самиев А.Б.
Кожахметов Д.Р.
(келісім бойынша)

Северо-Западный кентінің темір жолдары арқылы жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру мәселесін қарастыру мәселесі бойынша КПТУ «АрселорМитталл Темиртау» басшысының атына Долинка кенті әкімінің аппаратымен хат жолданған.

КПТУ  КД АҚ «АМТ»  балансында  және темір жол тармағы арқылы жұмыс істейтін жая жүргіншілер жолымен өту заңсыз екіндігі туралы жауап алынған.Осы участікте жая жүргіншілер жолын абаттандыру үшін, жер үсті немесе жер асты өткелін анықтаудың арнайы жобасын әзірлеу туралы мәселені қарастыру ұсынылған.   

  1.  

Долинка кентіндегі құдықтарға қызмет көрсетілуіне бақылау жасау үшін кәріз, су құбыры және Қазақтелеком желілеріне жататындығын анықтау үшін оларға ревизия жүргізсін. Ашық құдықтар анықталған жағдайда люк орнатуды қамтамасыз етсін.

2019 жылғы сәуір

Мажитов Н.А.
Бдуов М.-С.И.
Самиев А.Б.
Рахимбергенов Н.Б.
(келісім бойынша)

 «Долинка кентінің әкім аппараты» ММ бірлесіп «Шахтинскводоканал» ЖШС және  Шахтинск қалалық телекоммуникациялар торабы АҚ «Казахтелеком» ашық люктерді жабу үшін кент бойынша көшені аралау жүргізілген.  Бүгінгі күні, «Шахтинскводоканал» ЖШС орнатылған бетонды қақпақтардың саны  - 3 дана:
- Набережная көшесі, 2 үй;
- Юилейная көшесі, 28 үй;
- Речная көшесі, 37 үй.
Құдықтарды жабу бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

  1.  

Долинка кентінің абоненттерін су құбыры желісіне қосу жөніндегі қадамдық алгоритмді  дайындасын және оны кент тұрғындарына жеткізсін.

2019 жылдың       II - тоқсаны

Мажитов Н.А.
Бдуов М.-С.И.
Самиев А.Б.
Рахимбергенов Н.А.
(келісім бойынша)

Аулаларды аралау қорытындысы бойынша су құбырларына қосылуға ниет білдіргендер 518 абонент.
Бүгінгі күні, су құбырларына Долинка кентінің абоненттерін қосу бойынша қадам сайынғы алгоритм әзірленген және кент тұрғындарына жеткізілген.

  1.  

№ 5 «Шахтинск қаласы–Долинка кенті- Жартас ауылы» автобусы қозғалысының бағыттық кестесін дұрыстасын.

2019 жылдың                   I - тоқсаны

Мажитов Н.А.
Бдуов М.-С.И.
Самиев А.Б.
Долгопятов А.Г.
(келісім бойынша)

Жолаушыларды тасымалдауды жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында «Әлеуметтік маңызы бар қалалар (ауылдар), қала аралық және аудан ішілік хабарламалар бойынша жолаушылар тасымалдауды субсидиялау» бағдарламасы бойынша 76 375,3 мың тенге көлемінде қаражат бөлінген, ол 2018 жылмен салыстырғанда 36,1 % артық.
«Шахтинск қаласының ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ  2019 жылғы 12 наурызда 037 «Әлеуметтік маңызы бар қалалар (ауылдар), қала аралық және аудан ішілік хабарламалар бойынша жолаушылар тасымалдауды субсидиялау» бағдарлама бойынша «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ Шахтинск өңірінен 337 320 мың тенге сомаға бюджеттік өтінім жолдады.

  1.  

Шахан кентінде қазандық салу құрылысын бастауды қамтамасыз етсін.

2019 жылдың
ІІ - жартыжылдығы

Мажитов Н.А.
Алиев М.С.
Умирбеков Г.А.

Өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындыларына сәйкес мемлекеттік ұйым «Евразия Билдинг» ЖШС 2019 жылғы 27 шілдеден бастап қазандық құрылысы бойынша жалпы құрылыс жұмыстарын бастады және жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда жер жұмыстары аяқталды. Қазандық ғиимаратының бетон астына салынатын құрылғылар орнатылды, фундамент тірегінің жүйектерін жабдықтау, фундаментті монтаждау, резервуардың армотірегін дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онымен қатар, магистралді жылумен жабдықтау құбырларын және сыртқы сумен жабдықтау желілерін сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

  1.  

Соңынан тұрғын жайға мұқтаж адамдарға беру мақсатымен Шахан кентідегі бос тұрған пәтерлерді коммуналдық меншікке қабылдау жұмысын жалғастырсын.

2019 жыл ішінде

Мажитов Н.А.
Самиев А.Б.
Умирбеков Г.А.

Бүгінгі таңда№14 шағын аудандағы №3а-4а үйінде орналасқан 7 пәтер заң бойынша құқықтық тазарту жұмыстары жүргізілді, бұл пәтерлер сот арқылы коммуналдық меншікке өткізілді. Шешімдер заңды күшіне енді. Сондай-ақ, сотқа беру үшін 11-17 квартал, 20 үй мекенжайы бойынша орналасқан 6 пәтерге құжаттар дайындалып жатыр.
Сонымен қатар, Шахан кенті әкімінің аппараты «Шахтинск қаласының ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ 50 пәтерді балансқа алу туралы екі хар жолдаған.
Бұл жұмыс өз жалғасын табады.  

  1.  

Шахан кенті стадионының бас ғимаратын жөндеу жұмысын аяқтауға бюджеттік өтінім дайындасын.

2019 жыл ішінде

Тлеубергенов К.К.
Ибраева С.К.
Умирбеков Г.А.

Бүгінгі таңда Шахан кенті стадионының басты ғимаратын жөндеу жұмыстары аяқталды. Төменде көрсетілген жұмыстар орындалды:
- қабырғалары мен төбесінне ішкі өңдеу, соңынан сырлау жұмыстары;
- еденді керамогранит плиталармен жабу жұмыстары;
- сырты қесіктермен ауданы 3 м² ПВХ профильдерден арақабырға (тамбур) орнатылған (болат, қапталған, бір жақты тұйық қорапты);
- ПВХ профилден шыны есіктер қойылған;
- жылу беру жүйесін жүргізу және монтаждау жұмыстары жүргізілген (жылу радиаторларын орнату);
- жылу беру пешін қайта орнатылған, құдық санын ұлғайта отырып, түтін шығатын құбыр ауыстырылған;
- ауа тартатын электр қозғалтқышы бар вентиляцияның ауа тарту жүйесі орнатылған (диаметрі 100 мм пластик). 
Бөлінген бюджет қаражатының сомасы 3640,00 мың тенгені құрады.
Сондай-ақ, мердігер демеушілік көмек көрсеткен, жалпы ұзындығы 340 метр кабель брондалған АВБбШв 4*16  мм кабельге ауыстырылған.

  1.  

«Даму» даму қорын, «Ауылшаруашылығын қаржылық қолдау» және ЕДБ тарта отырып кент кәсіпкерлерін шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатыстыру жұмысын жалғастырсын.

2019 жыл ішінде

Буравко Л.Д.
Капаев С.Е.
Умирбеков Г.А.

Орындау мерзімі жеткен  жоқ.
Кент кәсіпкерлерін тарту үшін «Даму» даму қорын, «Ауылшаруашылығын қаржылық қолдау» қорын және ЕДБ тарта отырып Шахан кентінде семинар өткізу жұмысы кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр (кесте көшірмесі қоса берілген).

  1.  

Шахтинск қаласында «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру жұмысын жалғастырсын.

2019 жылдың жазғы кезеңі

Тлеубергенов К.К.
Нурмаганова С.О.

Шахтинск аймағында 2019 жылы «Жасыл ел» отрядын қаржыландыруға «Жастар ресурстық орталығы» КММ- не 3229,0 мың  теңге бөлінген.
Жазғы мезгілде ең төменгі еңбекақымен (жергілікті бюджеттен 42 мың 500 теңге) 60 адам жұмысқа орналастырылатын болады. Жобаны іске асыру бойынша жұмыстар 2019 жылдың 11 маусымында басталған. Бүгінгі күні, 20 адам жұмысқа орналастырылған.

  1.  

Шахтинск қаласында ДСК салу құрылысын бастауды қамтамасыз етсін.

2019 жылдың
ІІ - жартыжылдығы

Мажитов Н.А.
Алиев М.С.

Орындау мерзімі жеткен  жоқ.
Өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысына сәйкес мердігер ұйым «СТРОЙ С НАМИ»  ЖШС 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап ДСК құрылысы бойынша жалпы құрылыс жұмыстарын бастады. 2019 жылғы 25 қыркүйекте құрылыс жұмыстарын бастауға Қарағанды облысының МСҚБ рұқсат алынды. Бүгінгі таңда электр, су, жылумен жабдықтау және су тарту жүйелерін өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғимараттың фундаментін салу бойынша жер жұмыстарын жүргізу басталды.

  1.  

Шахтинск қаласындағы «Салтанат» бала бақшасына өтпе жолдарды жөндесін (40 лет Победы көшесіне кірме жол)

2019 жылдың
ІІ - жартыжылдығы

Мажитов Н.А.
Самиев А.Б.

Орындау мерзімі жеткен  жоқ.
Работы по ремонту подъездных путей к детскому саду «Салтанат» бала бақшасына өтетін жолдарды жөндеу жұмыстары бюджеттік қаражат бөлінген жағдайда жүргізілетін болады.

  1.  

Шахтинск қаласындағы тұрғын үйлердегі аншлагтарға ревизия жүргізсін және жетіспейтінін орнату және жарамсыздыққа ұшырағанын ауыстыру жұмысын ұйымдастырсын.

2019 жылдың
ІІ - жартыжылдығы

Мажитов Н.А.
Самиев А.Б.

Орындау мерзімі жеткен  жоқ.
ГУ «Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ мекенжай шаруашылығын реттеп жатыр: ескірген мекенжай маңдайшаларын жаңаға ауыстырып жатыр, егер мекенжай маңдайшасы болмаған жағдайда жаңа маңдайша орнатылады. Шахтинск аймағының кенттерінде (Долинка, Новодолинский, Шахан) бүгінгі таңда үш мыңнан астам ескірген аншлагтар жаңа аншлагтарға ауыстырылған, ол 100 % құрайды.    Шахтинск қаласы бойынша маңдайшаларды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

  1.  

Ауыз су қысымының нашар болу және жылумен жабдықтау сапасыздығының себебін анықтау үшін 40 лет Победы көшесіндегі 63 үйге комиссиялық тексеріс жүргізсін.

2019 жылғы ақпан

Мажитов Н.А.
Самиев А.Б.
Рахимбергенов Н.Б.
(келісім бойынша)
Байниязов Р.Р.
(келісім бойынша)

Жалпы үйге ортақ су тартқышқа комиссиялық тексеріс жүргізілген және ас суы қысымының нашар болу себебі жер төле жайындағы жалпы үйге ортақ су құбыры желілерін ауыстыру барысында кондоминиум су тартқыштың диаметрін 76 мм-ден 40 мм-ге ауыстыруынан екендігі анықталды, ал олай істеуге рұқсат берілмейді.  
Үйді сапасыз жылумен жабдықтау мәселесіне қатысты үйді тексеру барысында жылу беру жүйесі қалыпты жағдайда жұмыс істейтіндігі анықталды (сыртқы ауа температурасы -1°С болағн жағдайда ҮЕҚ көрсеткіштері бойынша tпод – 59,9°С, tобр – 44,8°С, G= 9,26), бұл нормаға сай.

  1.  

Виктор Хара көшесіндегі 3 үйдегі дүкеннің кәсіпкерімен орталық жылуға қосылу қажеттігі туралы мәселені пысықтасын.

 2019 жылғы қазан

Мажитов Н.А.
Самиев А.Б.
Капаев С.Е.

«Шахтинсктеплоэнерго»  ЖШС кәсіпкерге Виктор Хара көшесі, 3 үй мекенжайында орналасқан «Посудохозяйственный» дүкенін жылумен жабдықтау жүйесін жобалау үшін техникалық шарттарды берген.
Орталықтандырылған жылу беру жүйесіне ағымдағы жылдың қазан айында қосылады.

  1.  

Шахтинск қаласында кәсіпкерлер арасында заңнаманың шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға несие алу бөлігін түсіндіру жөніндегі семинарлар өткізу жұмысын жалғастырсын.

2019 жыл ішінде

Буравко Л.Д.
Капаев С.Е.
Кент әкімдері

Шахтинск өңірінің кәсіпкерлерімен Шахтинск қаласында шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға арналған несие алу туралы заңнаманы түсіндіру жұмысы үнемі жүргізіледі.
Мәселен, 2019 жылғы 5 сәуірде Шахтинск өңірінің кенттерінде мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша көшпелі семинар өткізу жоспарланған.

  1.  

40 лет Победы көшесіндегі №75 үй аумағындағы тротуарлардағы кеспе тастарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

2019 жылғы мамыр

Мажитов Н.А.
Самиев А.Б.

40 лет Победы көшесіндегі №75 үй аумағындағы тротуар кепілдік міндеттер шеңберінде 2019 жылдың қыркүйек айында қалпына келтірілген.

  1.  

Абай Құнанбаев даңғылындағы №78 үй аумағындағы жылу трассасы қымтау жұмысын жүргізсін.

2019 жылғы қыркүйек

Мажитов Н.А.
Самиев А.Б.
Байниязов Р.Р.
(келісім бойынша)

Абай Құнанбаев даңғылындағы № 78 үй ауданындағы жылу трассасының учаскесін жылыту ағымдағы жылдың қазан айында жоспарланған.

                                                                                                                                                                  2 -қосымша

2019 жылы Шахтинск қаласы әкімінің
халықпен есеп беру кездесуін өткізу барысында келіп
түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру мониторингі

 

Реттік №

Аудан/қала

Ұсыныстар мен ескертулердің жалпы саны

Ауыз су проблемасы бойынша

Тұрғын үй проблемасы бойынша

Жер мәселесі бойынша

Жол салу және жөндеу мәселесі бойынша

Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет объектілерін жөндеу және салу мәселесі бойынша 

Электрқуаты, газ өткізу және телефон өткізу мәселесі бойынша

Абатандыру, санитарлық және экологиялық жағдай туралы

Өзге де мәселелер

орындалғаны

Орындалмағаны

Орындалуы ұзақ мерзімді

  1.  

Шахтинск қаласы

22

1

1

-

1

1

1

7

10

16

-

6


Размещение информации: 11.04.2018 16:06

Последнее изменение информации: 02.10.2019 12:03

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 4°C , ылғал 67%, қысым 716, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.81
Euro 430.27
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары