www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Әкімінің халық алдыңдағы есебі

Шахтинск қаласы әкімінің 2019 жылғы 7 қантарда халық алдындағы есеп беру кездесуінде беретін есебі

 

2018 жылдың қорытындысы бойынша Шахтинск қаласы әкімінің Шахтинск қаласы тұрғындарының алдында есеп беру кездесуі жайлы баяндамасы

 

Қайырлы күн, Шахтинск қаласының құрметті тұрғындары!

1 слайд

Бүгін өзімнің жыл сайынғы есебімде, мен өңір дамуының барлық негізгі көрсеткіштерін баяндауға және қорытындысында Сіздерді толғандыратын сұрақтарға жауап беруге тырысамын.

2 слайд

Мемлекет Басшысы 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына кезекті «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сапасын арттыру» атты жолдауында қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар бастамалар мен міндеттерді жария етті. Әлемдегі тұрақсыз саяси және экономикалық жағдайға қарамастан, біздің еліміз ұзақ мерзімді мақсатқа - халықтың әл-ауқаты мен Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруіне сенімді түрде ілгерілеуде.

 

Құрметті кездесуге қатысушылар!

3 слайд

 

Өткен жылды қорытындылай, бірінші кезекте Шахтинск аймағы бойынша экономиканың дамуын қамтамасыз ететін негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер орындалғанын атап өткім келеді.

Жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 18 млрд. 321 млн. теңгені құрады, бұл 2017 жылдағы көрсеткіштен 30% - ға жоғары (14 082,4 млн. тенге).

4 слайд

Әрине, біздің аймақтың өнеркәсіптік өндірісінің негізі - көмір өндіру болып табылады, көмір өндіру 4 млн. 891 мың тоннаны құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 7,1% - ға көп. Дегенмен, өңірдің өнеркәсіптік өндіріс көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға екі жаңа инвестициялық жобаның іске асырылғаны оң әсер етті, бұл жобалар: «Ақжарықкөмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестік - тас көмір өндіру жөніндегі (Д6 маркасын ашық тәсілмен), «ККК Бетон» - құм-қиыршықтас қоспасын өндіру бойынша (ТОО «Ақжарықкөмір» - 83 жұмыс орны и ТОО «ККК Бетон» - 15 жұмыс орны) жобалар.

Анықтамалық:

- «Ақжарықкөмір» ЖШС - Қарағанды облысындағы В.И. Ленин атындағы шахтаның учаскесіндегі желдеткіш горизонттан жоғары Д6 қабаты бойынша тас көмірді өндіру. Жоба құны 300 млн. теңге. 70 жұмыс орны құрылған (2017 жылдың желтоқсан айында 8 мың тонна көлемінде алғашқы сынамалық көмір өндіру жүргізілген).

2018 жылы 1,1 млрд. теңге сомасына 129,0 мың тонна көмір өндірілді және 1802,3 мың текше метр аршу жұмыстары жүргізілді;

- «ККК Бетон» ЖШС - "земснаряд" қалқымалы құм-қиыршықтас қоспасын Гидротарату әдісімен өндіру. Жоба құны: 50 млн. теңге. Жобалық қуаты 250 тыс. куб. м. 15 жұмыс орны құрылған (2017 жылы кәсіпорынмен жалпы сомасы 18 млн. теңгеге 111 мың текше метр құм-қиыршық тас қоспасы өндірілді.).

2018 жылы 68,0 млн.теңгеге 83,7 мың текше метр құм-қиыршық тас қоспасы өндірілді.

5 слайд

        Инвестициялық белсенділік 24 млрд. 217 млн. теңгеге жетті, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артық (9 349,6 млн. теңге). Негізгі капиталға инвестициялар салудың басым көзі шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып табылады. Олардың үлесі жалпы көлемнің 96% (23 249,5 млн.теңге) келеді.    

Айта кету керек, бұл көрсеткіш «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының инвестициялық бағдарламасын іске асыру есебінен асыра орындалды. Ереуіл кезінде шахтерлердің талаптарын орындау шеңберінде 2018 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қарағанды облысы әкімдігі және «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы арасында жабдықтарды жаңарту және қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біздің облысқа үш жылдық қаражат салу туралы үш жақты «Жол картасы 2020» шартына қол қойылды.

Анықтамалық:

3 жылға арналған инвестициялау жоспары-305 млрд.теңге, соның ішінде:

 - 2018 жыл – 100 млрд. теңге;

- 2019 жыл - 105 млрд. теңге;

- 2020 жыл - 100 млрд. теңге.

 

6 слайд

2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құрылыс саласында оң динамика байқалады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд. 595 млн. теңгені құрады немесе 78%-ға өсті (1 456,9 млн. теңге). Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 169,8% деңгейде орындалды.

7 слайд

Құрылыс саласындағы басым мәселе біздің өңіріміздің барлық мұқтаж санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру болып табылады.

«Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы Шахтинск қаласының Парковая көшесінде 60 пәтерден тұратын үйдің құрылысы аяқталды, нәтижесінде 3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Анықтамалық:

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегі 60 мұқтажға азаяды және 1513 адамды құрайды.

 

8 слайд

Көптеген жылдар бойы Шахтинск қаласында бос тұрған үйлерді қалпына келтіру мәселесі өзекті болып отыр, оның шешімі мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге де, қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға да оң әсер етеді.

Ағымдағы жылы Абай Құнанбаев даңғылындағы бос тұрған 64 пәтерлі № 77 тұрғын үйді қалпына келтіруді аяқтау жоспарлануда. Бұл ретте, медициналық білімі бар мамандарды, атап айтқанда, дәрігерлерді тарту мақсатында қаланың коммуналдық меншігінен 2 подъезд облыстық коммуналдық меншікке денсаулық сақтау басқармасының балансына берілгендігін айтып өткім келеді. Осы подъездерді күрделі жөндеуге 152 млн.теңгеден астам сомаға шарт жасалды. Бұл 32 медициналық қызметкерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Анықтамалық:

- Шахтинск қаласы Абай даңғылы 77 үй мекенжайы бойынша орналасқан 2 подъезді күрделі жөндеу үшін «Промострой-ХХІ» ЖШС мен келісім шарт жасалды, келісім шарт сомасы-152 086,3 мың теңге;

- Шахтинск қаласы Абай даңғылы 77 үй мекенжайы бойынша орналасқан 2 подъезді күрделі жөндеу бойынша техникалық қадағалау мақсатында «Erfoi g-PV» ЖШС мен келісім-шарт жасалды, келісім-шарт сомасы- 1 231,0 мың теңге;

- Шахтинск қаласы Абай даңғылы 77 үй мекенжайы бойынша орналасқан 2 подъезді күрделі жөндеу бойынша авторлық қадағалау мақсатында «АдалПроектСтрой» ЖШС мен келісім-шарт жасалды, келісім-шарт сомасы- 1 231,0 мың теңге, жеткізуші «СК компас-проект», шарт сомасы 1 180,0 мың теңге.

 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен үйдің қалған 3-ші және 4-ші подъездері қайта құрылған (қалпына келтіру)  жүргізіледі. Жыл бойы, кезең бойынша бұл үйдің барлық төрт подъезді де бар үй пайдалануға берілетін болады.

9 слайд

Өңірде тұрғын үй құрылысы келесі жылдары да жалғасатын болады. Ағымдағы жылда қалалық бюджеттен Карл Маркс көшесі бойынша орналасқан 60 пәтерден тұратын тұрғын-үй құрылысы жөніндегі жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеуге; Молодежная көшесіндегі 55, 51/1 бос тұрған үйлерді қалпына келтіруге қаражат бөлу қарастырылған.

10 слайд

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін қолайлы жағдай жасау және ЖТҚ үшін жер учаскелерін алу кезектілігін төмендету мақсатында 2018 жылы 40 жер учаскесінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы басталды. Ағымдағы жылда жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр, бұл кезекте тұрған тұрғындарға жазда жеке  тұрғын үй құрылысын бастау үшін жер учаскесін бөлуге мүмкіндік береді.

 Анықтамалық:

«Атлант» ЖШС келісім-шарт жасалды. Бағдарламаны іске асыру 2 жылға жоспарланған, жалпы сомасы 52 млн. 757,6 мың теңге, соның ішінде 2018 жыл – 33 млн. 401,2 мың.  теңге.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алу кезегінде 349 адам тұр.

11 слайд

Бұдан басқа, 112 жер учаскесіне инфрақұрылым жүргізуге қосымша жоба-сметалық құжаттама әзірленді. Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша жаңа жеке тұрғын үй салу үшін 112 жер учаскесі сумен және электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

12 слайд

Тұрғындарды сапалы және үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін Шахтинск қаласының 2-кезекте су құбыры желілерін қайта жаңартуға жоба-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталды. Бюджеттік өтінім жоғары тұрған бюджеттен қаражат бөлу мақсатында «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының» қарауына жолданды.

 

Құрметті қала тұрғындары!

13 слайд

Негізгі азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеу мақсатында күн сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне баға мониторингі жүргізіледі. Және де, 169 сауда нысандарының басшыларымен 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша меморандумдар жасалды. Халықтың аса осал топтарын қолдау мақсатында өңірдің 43 дүкенінде «әлеуметтік сөрелер» құрылды.

14 слайд

Апта сайын біздің өңірде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. 2018 жылы оның алдындағы салыстырғанда өткізілген жәрмеңкелердің саны 2,7% - ға артты, нарықтық бағадан 15-20% - ға арзан сатылған өнімнің  202 млн. теңгеге өскенін айта кеткен жөн.

 

Анықтамалық:

- 2017 жыл – 149 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, жалпы сомасы 315,0 млн. теңгеге өнім сатылды;

- 2018 жыл – 153 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі откізілді, жалпы сомасы 517,3 млн. теңгеге өнім сатылды

15 слайд

Сонымен қатар, 2018 жылдың тамыз айының басында жеке инвестицияларды тарту арқылы жаңа коммуналдық павильон ашылды және жұмыс істеп жатыр. Павильонның ашылуы - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мүмкіндіктерімізді арттыруда. Павильонда біздің жергілікті өндірушілердің өнімдерін сату жүзеге асырылуда.

Инфляциялық процестерді тежеу бойынша барлық қабылданған шаралар белгіленген деңгейінде инфляция деңгейін сақтауға көмектеседі деп ойлаймын.

16 слайд

Мемлекет басшысының елдің одан әрі дамуына көшу жөніндегі тапсырмаларының бірі «Жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» болып табылады.

Біздің өңірімізді осы бағытта дамыту мақсатында бұл бағыттағы барлық қолданымдағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеке кәсіпкерлікті дамыту мен кеңейтуге қолдау көрсету жөніндегі белсенді жұмыс жүргізудеміз.

17 слайд

Ең сұранысқа ие бағдарламалардың бірі - әлі де «Бизнестің Жол Картасы – 2020». Осыған байланысты, Мемлекет басшысы аталған бағдарламаның қолдану мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бағдарламаның тетіктері біздің өңірде де белсенді пайдаланылады.

Анықтамалық:

«Кредит бойынша пайыздық ставканы субсидиялау» және «кепілдікке беру» тетіктері бойынша қарыз сомасынан 50% 1 жоба мақұлданды, 5 жаңа жұмыс орындары құрылды («Стоматологиялық қызметтер жөніндегі  кабинеттің» ашылуы, ЖК Султан).

 

18 слайд

2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы өзін оң жағынан көрсеткен бағдарламалардың бірі болып табылады, оның шеңберінде өткен жылы жалпы сомасы 54 млн. теңгеге 28 жаңа жұмыс орнын құрумен 14 жоба қолдау алды.

Анықтамалық:

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 49,4 млн. теңге сомасына, 24 жаңа жұмыс орнын құрумен 13 жоба құрылды,:

1) «ІҚМ сатып алу» жобасы, Шахан кенті, ЖК Жумабаев., 2 жұмыс орны құрылды;

2) «Жылқы сатып алу» жобасы, Долинка кенті, ЖК Бейсенбаева., 1 жұмыс орны құрылды;

3) «Жүк көлігін сатып алу» жобасы, Долинка кенті, ЖК Нурислам., 1 жұмыс орны құрылды;

4) «Дүкенді кеңейту» жобасы, Новодолинский кенті, ЖК Мухтахова., 2 жұмыс орны құрылды;

5) «ІҚМ сатып алу» жобасы, Шахан кенті, ЖК Коныров., 2 жұмыс орны құрылды;

6) «ІҚМ сатып алу» жобасы, Долинка кенті, ЖК Ше., 2 жұмыс орны құрылды;

7) «Автокөлік сатып алу» жобасы, Долинка кенті, ЖК Дарын. а, 1 жұмыс орны құрылды;

8) «Жылқы сатып алу» жобасы, Шахан кенті, ЖК Биюнова., 2  жұмыс орны құрылды;

9) «Коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу» жобасы, Шахан жобасы., 3  жұмыс орны құрылды;

10) «Сауда объектісін кеңейту» жобасы, Шахан кенті, ЖК Штер., 2  жұмыс орны құрылды;

11) «Кондитерлік жабдықтарды сатып алу» жобасы, ЖК Тлеубекова,Шахан кенті., 2 жаңа жұмыс орны құрылды;

12) «ІҚМ сатып алу» жобасы, Долинка кенті, ЖК Калбеков., 2 жұмыс орны құрылды;

13) «ІҚМ сатып алу» жобасы, Шахан кенті, ЖК Гулнар (Малибекова)., 2 жұмыс орны құрылды;

Екінші деңгейлі банк 4,6 млн. теңгеге 1 жобаны мақұлдады:

- «ТҚС құрылысы», Шахтинск қаласы, ЖК Сулешов., 4 жұмыс орны құрылды.

19 слайд

Қазақстанның Үшінші жаңғыруының басты басымдығы бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту болып табылатынын ескере отырып, осы бағыттағы тұрақты және жемісті жұмыстың қорытындысы өңірде 184 жаңа жұмыс орнын құра отырып, 38 жаңа шағын және орта бизнес объектілерін ашу болып табылады.

20 слайд

Бұл экономиканың осы секторының негізгі көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 7% - ға артып, 5955 адамды құрады, сәйкесінше, олар өндіретін өнім көлемі өсіп, 5 млрд. 885,0 млн. теңгені құрады. (2017 жыл– 5 млрд. 883,4 млн. теңге).

Анықтамалық:

2018 жылы тіркелгендер саны 3 227 дананы құрады, бұл өткен жылдың ағымдағы уақытындағы көрсеткіштен 57 данаға артық, 3170 дана (101,8%)

2018 жылдағы белсенділер саны 2 435 дананы құрады, бұл өткен жылдың ағымдағы уақытындағы көрсеткіштен 244 данаға артық, 2 191 дана (102,1%)

21 слайд

Шағын және орта бизнестің дамуы жергілікті бюджеттің меншікті кірістері көлемінің өсуіне оң әсер етті. Мәселен, меншікті кірістер жоспары 4,7%-ға асыра орындалды (орындалуы  -  1 440,5 млн. теңге, жоба – 1 375,9 млн. теңге). Жалпы қала бюджетіне түскен түсімдер шамамен 8 млрд.теңгені құрады.

Бұдан басқа, Шахтинск аймағының салық салу базасын кеңейту шеңберінде өткізілетін іс-шаралар осы көрсеткішке қол жеткізуге үлкен үлес қосты, оның нәтижесі бойынша 31 млн. 348 мың теңге сомаға қосымша салық түсті, бұл жоспарланған көрсеткіштен 18,8% - ға жоғары (26 млн. 390,0 мың. теңге).

 Аталған нәтижеге қол жеткізу үшін 1179 салық төлеуші салық төлеуге жұмылдырылды.

22 слайд

Еліміздің бюджеттік саясатының басты бағыттарының бірі бюджет қаражатын сапалы және уақытылы игеру болып табылады. Және де, өткен жылдың қорытындысы бойынша Шахтинск аймағы бойынша бюджет қаражатын игеру жоспарынан 99,5% құрады (жоба –8 196,5 млн. теңге, нақты – 8 152,1 млн. теңге).

Анықтамалық:

Атқару сомасы – 44 405,3 мың теңгені құрады, соның ішінде:

- республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер бойынша игерілмеу 10,6 мың теңге соманы құрады;

- облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер бойынша игерілмеу 9 548,7 мың теңге соманы құрады;

- жергілікті бюджет бойынша игерілмеген сома-34 846 мың теңге.

23 слайд

Айта кету керек, біздің облыста экономика дамуының тұрақты өсуі әлеуметтік сала көрсеткіштерінің жақсаруына оң әсер етеді.

 

Құрметті жерлерстер!

24 слайд

        Біздің басты міндетіміз - білім беру саласын жетілдіру болып табылады.

Білім беру саласындағы басым бағыт 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды қамтамасыз ету болып табылады, бұл көрсеткіш  өткен жылдың қорытындысы бойынша 98,2% - ға жетті.

25 слайд

Осы көрсеткішке қол жеткізу мақсатында өткен жылы мемлекеттік жеке - меншік серіктестік аясында 25 орындық «Kапуѕта» жеке - меншік балабақшасы ашылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы МЖӘ аясында 100 орындық тағы бір балабақша ашу жоспарлануда.

26 слайд

Орта білім беруді дамытудың сапасын анықтайтын негізгі көрсеткіштердің бірі - Ұлттық бірыңғай тестілеу болып табылады. 2018 жыл қорытындысы бойынша ҰБТ орташа балы 79,73 баллды құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 4,06% - ға артық. «Алтын белгі» белгісін растаған түлектер саны 21 оқушыны немесе 100% оқушыны құрады (2017 ж. - 44,4%).

Айта кету керек, өңірдің барлық жалпы білім беретін мектептері кең жолақты Интернет желісіне қосылған, бұл облыстық көрсеткіштен 18% жоғары (82%).

2018-2019 оқу үдерісін ұйымдастыру шеңберінде 3,6 және 8 сынып оқушылары үшін 108 млн.теңге сомасына оқулықтар 100% жеткізілді.

27 слайд

Ағымдағы жылы мектептердің материалдық - техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстары жалғастырылды. Есеп беру кезеңінде 90 бағдарламалық - аппараттық кешендер, 3 жаңа модификациядағы физика кабинеті және лингафондық-мультимедиялық кабинет сатып алынды, соның нәтижесінде жаңа модификациядағы кабинеттермен қамтамасыз ету көрсеткіші 81% - дан (2017 ж.) 85,4% - ға дейін (2018 ж.) жетті. Сонымен қатар, 3 мектеп үшін зияткерлік ойындар кабинеттері сатып алынды, сондай-ақ БЖО базасында 2 робототехника кабинеті ашылды.

28 слайд

Қаланың білім беру ұйымдарында балаларға қолайлы жағдай жасауға көп көңіл бөлінеді. Тек білім беру нысандарын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 355 млн.теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 52% - ға артық.

Біздің білім беру нысандарымыз мақтан тұтарлық екенін айрықша айта отырып, Қарағанды облысының басшысы да атап өтті, тек біздің өңірде жыл сайын жергілікті бюджет қаражаты есебінен барлық нысандарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи үлгіде жабдықталады.

Өткен жылы 3 мектепте және 6 балабақшада жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Анықтамалық:

- № 3 ЖМ - терезе, есіктерді ауыстыру;

-№ 8 ЖМ- аумақты абаттандыру және қоршау;

-№9 ЖМ– асфальттау;

-«Березка» б/б - аумақты абаттандыру және қоршау;

-«Ботагоз» б/б - асфальттау;                 

-«Еркетай»б/б - ішкі әрлеу, аумақты абаттандыру және қоршау;

- «Карлыгаш» б/б - асфальттау;

-«Салтанат»б/б - қасбетке жөндеу жүргізілді;

- «Снегурочка» б/б - аумақты абаттандыру және қоршау. 

 

Құрметті қала тұрғындары!

29 слайд

Ағымдағы жылы біздің өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.

Есеп беру жылы «Тәрбие және білім» шағын бағдарламасының бағыты бойынша қаламызда бірқатар жобалар жүзеге асырылды.

Біз үшін өткен жылдың маңызды оқиғасы Әубәкір Ысмайылов атындағы көркемсурет мектебінің жаңа ғимаратының ашылуы болды. Осы жобаны жүзеге асыру қаламыздың жас буынын көркем өнерге баулу үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Көркем сурет мектебін оқушылармен қамту 500 адамға дейін артады.

Жас ұрпақты ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында инженерлік-конструкторлық және зерттеу қызметіне тарту мақсатында 2018 жылғы 13 желтоқсанында біздің облыста алғаш рет Шахтинск қаласының балалар-жасөспірімдер орталығында «Кемеңгер» техноорталығы ашылды.  Жоспар бойынша балаларды қамту шамамен 300 адамды құрайды.

Анықтамалық:

Қызмет құрылымы:

1) «Роботтар лигасы» робототехника орталығы;

2) «Архимед Академиясы»;

3) «Болашаққа қадам» техникалық ғылымдар мектебі;

4) «Polyglot» мультимедиялық-лингафондық сынып;

5) «Эврика-Парк»

30 слайд

Білім алушылардың азаматтық және ұлттық санасын қалыптастыру үшін жағдай жасау мақсатында өңірдің барлық жалпы білім беру мектептерінде мектеп мұражайларын ашу жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылдың қыркүйек айында мектеп-лицейде Әлихан Бөкейхановтың мұражайы ашылды, бұл мектеп те осы ұлы тұлғаның есімімен аталған.

«Рухани Қазына» бағыты аясында қаланың орталық кітапханасында «Coworking center» жобасы ашылды және жұмыс істейді. Бұл компьютерлермен, Интернетпен, проектормен және теледидармен жұмыс істеу аймағы, тегін Wi-Fi мүмкіндігі бар, залдың сыйымдылығы 60 адам, бұл әр түрлі шығармашылық кездесулер, қарым-қатынас кештерін, шеберлер-сыныбын өткізуге мүмкіндік береді. Коворкинг-орталық базасында компьютерлік сауаттылық мектебі жұмыс істейді.

Халықтың туған жерінің дәстүрлеріне, тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрметін жандандыру мақсатында, «Рухани қазына» бағыты аясында «Цифрлық форматтағы КарЛАГ тарихы» жобасы әзірленді. Бұл жобаның мақсаты - бірегей қорларды сақтау және қол жетімділік болып табылады. Жобаны іске асыру басталғаннан бері 425 сирек кездесетін музей құжаттары арнайы планетарлық сканерде цифрландырылды.

Анықтамалық:

«Цифрлық форматтағы КарЛАГ тарихы» толық мәтінді деректер базасы бар электронды каталог кітапхана сайтында (http://shahtinsklib.kz) орналастырылған. 

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру ағымдағы жылы да жалғасын табады.

31 слайд

Мәдениет саласын дамыту тақырыбын жалғастыра отырып, өткен жылдың барлық іс-шаралары біздің Елордамыздың Астананың 20 жылдық мерейтойы және Бұхар-Жыраудың 350 жылдығы, сондай-ақ республикадағы басқа да маңызды оқиғалар аясында өткенін атап өткім келеді. Өңірде кітап көрмелері, көрсетілімдер, байқаулар, салтанатты жиындар, көшпелі концерттер – құттықтаулар, жаппай тұрғындар серуені өткізілді.

Біздің қаламыздың күнін (57 Жас), сондай - ақ кәсіби мереке-кеншілер күнін мерекелеу құрметіне көмір өнеркәсібі қызметкерлеріне арналған келесі іс-шаралар ұйымдастырылды: ат-спорттық жарыстар, кеншілер даңқы иегерлеріне құрмет көрсету, қала әкімінің кубогына футболдан жарыс және т.б. Бұл күні қалада алғаш рет автожарыс өткізілді, оған 50-ден астам автоәуесқойлар қатысты. «Атлетик» спорттық-сауықтыру кешенінің қатысуымен күштік экстрим ұйымдастырылды, мұнда қала тұрғындары автокөлік тарту, бөренелерді лақтыру, штанганы көтеру және т.б. жарыстарға қатысты. Кештің шарықтау шегінде мерекелік гала концерт өткізілді. Кеш мерекелік отшашумен аяқталды.

Біздің өңіріміздің тұрғындарының рухани және мәдени дамуында көркемөнерпаздар ұжымдарының қызметі маңызды рөл атқарады.

32 слайд

Біздің ұжымдарымыздың республикалық және облыстық байқаулар мен фестивальдардағы жетістіктерін ерекше атап өткім келеді, олар:

- «Карамель» би ұжымы, «Шоқ жұлдыз» және «Шаг вперед» атты республикалық би байқауларындағы гран-при иегері;

- «Алтыншаш» би ұжымы, «Кидс Смайл» атты облыстық байқауда 1 және 3 орынды иеленді;

-«Айналайын» вокалдық тобы, «Әсем әнім» атты үшінші республикалық байқауда 1 орынды иеленді.

Аймақтың этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері де облыстық және аймақтық іс-шараларға белсене қатысып келеді.

33 слайд

Инфрақұрылымды жақсарту, мәдениет объектілерін күтіп ұстау және жөндеу де назардан тыс қалмайды. Ағымдағы жылы қалалық кітапхананың барлық ғимаратында терезе блоктары мен есіктерді ауыстыру және орнату жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ Шахан кентінің мәдениет үйінің спорт залына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Футбол алаңын, жүгіру жолдарын, жарықтандыруды толық ауыстырумен қалалық стадионды ағымдық жөндеу жұмыстары аяқталды.

 

Құрметті бүгінгі кездесуге қатысушылар!

34 слайд

Азаматтардың әл-ауқатын арттыру туралы айта отырып, бірінші кезекте халықтың денсаулығын жақсартуға назар аудару қажет.

Өткен жылы денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалды, соның ішінде:

- туу көрсеткіші 6 %-ға өскен (2017 жылдың қаңтар–қараша айларындағы көрсеткіш – 14,64, 2018 жылдың қаңтар–қараша айларындағы көрсеткіш – 15,52). 

- 5,7%-ға өлім көрсеткіші төмендеген (2017 жылдың қаңтар–қараша айларындағы көрсеткіш – 14,12, 2018 жылдың қаңтар–қараша айларындағы көрсеткіш – 13,32). 

- нәресте өлімі 31,5%-ға төмендеген (2017 жыл - 7 жағдай, 2018 жыл – 5 жағдай).

Есеп беру кезеңінде ана өлімі жағдайлары орын алған жоқ және туберкулездің асқынған түрлері жоқ.

35 слайд

Қажетті медициналық ақпаратты қолжетімді түрде алу және біздің өңіріміздің халқының өмір сүру сапасын жақсарту басым мәселелердің бірі болып табылады. Осы мәселені шешу үшін Қазақстанда жаңа инновациялық жоба – «DamuMed» электрондық медициналық сервистерінің ұялы телефонға арналған қосымшасы әзірленді, оның мақсаты - медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру болып табылады. Біздің өңірде азаматтарды осы бағдарламаға қосу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда мобильді қосымшаға 15 мың 800 адам қосылған.

36 слайд

Халықтың денсаулығы тақырыбын жалғастыра отырып, барлық профилактикалық іс-шараларды ойдағыдай іске асыру негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және жүргізу, дене шынықтыру және спортпен жаппай айналысу жататынын есте сақтау маңызды.

Бүгінде Шахтинск аймағында 29 спорт түрі дамуда, оның ішінде 12 спорт түрі олимпиадалық ойындар бағдарламасына енген.

37 слайд

Біздің қала спортшыларымыздың жетістіктерін мақтан ете алады. Қазақ күресінен «Сарыарқа барысы 2018» турнирінің «Алтын» жүлдегері Қайыржанұлы Әділханның (100 кг салмақ үлесіндегі) спорттық жетістіктерін ерекше атап өткім келеді. Сондай-ақ, Қарағанды облысының қалалары арасында "Ақ қыс" қысқы спартакиадасында 3 орын алған және 2017-2018 жылғы маусымда шайбалы хоккей бойынша Қарағанды облысының «Ночная любительская хоккейная лига» маусымының чемпионы болған «Тентек» хоккей командасын айта кеткім келеді.

38 слайд

Бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қаламызда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарлануда. Осы жобаны іске асыру, бірінші кезекте, балалар мен жастардың спорттық тәрбиесіне оң әсер етеді, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бос уақытын пайдалы және тиімді өткізуді қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда жоба-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптама сатысында тұр.

39 слайд

Біздің өңірде халықты тұрақты жұмыспен қамту саясатына ерекше көңіл бөлінеді.

2018 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша 1 787 іс-шара өткізілді. Жұмыссыздар санының 6 есеге, 2017 жылы 150 адамнан ағымдағы жылы 25 адамға дейін төмендегені байқалды.

Қоғамдық жұмыстарға 161 адам жолданды, оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар - 74 адам. Қоғамдық жұмыстар қаланың 31 ұйымында ұйымдастырылған.

Кәсіби даярлау және қайта даярлауға 77 жұмыссыз жіберілді (оның ішінде жастар – 34 адам).

Шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту жүргізілді.

Анықтама:

тігінші - 16;

аспазшы- 13;

кондитер- 11;

маникюр және педикюр мастері- 17;

компьютерлік сауаттылық- 7;

1С бағдарламасы бойынша маман- 7;

газэлектрдәнекерлеуші - 6.

 

Қосымша, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Тек есеп беру кезеңінде біздің өңіріміздің 7206 азаматы 37 млн. 464,3 мың теңгеге әр түрлі нысан әлеуметтік көмек алды.

Анықтамалық:

2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 15 отбасындағы 70 алушыға 4116,4 мың теңге сомасында төленді;

- тұрғын үй көмегі 227 отбасындағы 280 адамға 4621,0 мың теңге сомасында төленді;

- үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету 28 алушыға 880,9 мың теңге сомасында төленді;

- жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек 6828 алушыға жалпы сомасы 27846,0 мың теңге төленді.

 

Құрметті тұрғындар!

40 слайд

Біздің Республикада «Жасыл ел» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылып жатқаны бірінші жыл ғана емес, оның мақсаты жазғы кезеңде мектеп студенттері мен жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру.

Біздің қаламыз да бұл бағдарламадан тыс қалмады. Өткен жылы отрядтарды қалыптастыру мақсатында «Жасыл ел» жалпыұлттық идеясын іске асыруға 2 млн.300,0 мың теңге бөлінді. Жазғы маусымның барлық кезеңінде 60 сарбаз жұмысқа орналастырылды, олар тек қалада ғана емес, кенттерде да жұмыс істеді. Көбінесе «Жасыл ел» отрядтарының қатарына біздің өңір тұрғындарының әлеуметтік осал отбасыларының (аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасылар, жетімдер, мүгедектер және т. б.). балалары жұмылдырылды.

Анықтамалық:

2018 жылы барлығы 60 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде:

- маусым - 20 адам,

- шілде - 20 адам,

- тамыз -20 адам,

2017ж. жұмысқа орналастырылғандар саны-60 сарбаз.

Жаунгерлердің жалақысы  – 28 284 теңгені құрады (2017ж.- 24359 тг.),

республикалық бюджеттен қосымша ақы– 35 394 тенгені құрады.

 

Бұл бағыттағы жұмыс ағымдағы жылы жалғастырылатын болады.

41 слайд

Жастар саясаты саласындағы маңызды іс-шаралардың бірі Шахтинск қаласы әкімінің «Жастар» сыйлығымен мараппатау салтанатты рәсімін өткізу болып табылады.

Аталмыш сыйлық Шахтинск аймағында 2007 жылдан бастап мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жастар қозғалысын дамытуды ынталандыру мақсатында беріледі.

Өткен жылдың қараша айында 1 млн.теңге сомаға 9 қатысушыға ақшалай сыйлық табыс етілді.

Анықтамалық:

Сыйлық Жастар ортасында танылған ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметі үшін 14-29 жас аралығындағы Шахтинск қаласының жас азаматтарына келесі номинациялар бойынша беріледі:

«Жас спортшы» - Приходько Е;

«Жас көсбасшы» - Каригул Б.;

«Үздік жоғары сынып оқушысы» - Дементьев К.;

«Колледждің үздік оқушысы» - Давыдов В.;

«Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға менің үлесім» - Шаяхметов М., Тилеубек А., Самоследова К.;

«Жас кәсіпкер» - НикиФоров А. и Нефедова А.

 

Құрметті Шахтинск қаласының тұрғындары!

42 слайд

Жыл сайын, тұрақты негізде біздің қаламыздың сәулеттік келбетін жақсартуға және сақтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіледі. 2018 жылы қаланы көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, 1 100 шаршы метр гүлзар, 500 ағаш көшеттері отырғызылды.

40 лет Победы көшесіндегі аллея бойында жарқыраған аркалар орнатылды. Абай Құнанбаев ескерткішінің жанындағы сквер жайластырылды (3 жылқыдан тұратын композиция орнатылды, 1 алаң таспен сәнделді).

43 слайд

Қалада автомобиль жолдарының жұмыс істеуін және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылады.

2018 жылы жалпы ұзындығы 6 км-ден астам автомобиль жолдарына (Абай Құнанбаев даңғылы (Парковая көшесінен Карл Маркс көшесіне дейін), Станционная көшесі, 40 лет победы, Парковая и Қазақстан көшелері) орташа жөндеу жүргізілді.

Ағымдық жөндеумен қаланың 6,5 км автомобиль жолдары қамтылды.

Анықтамалық:

Соның ішінде:

- Абай Құнанбаев даңғылы (Парковая көшесінен Карла Маркс көшесіне дейін) – 461 м;

- Станционная көшесі - 2,38 км;

- 40 лет Победыкөшесі (Парковая көшесінен Индустриальная көшесіне дейін) - 651 м;

- Қазақстан көшесі (Молодежная көшесіне 40 лет Победы көшесіне дейін) - 481 м;

- Карла Маркс көшесі (Молодежная көшесінен 40 лет Победы көшесіне дейін) - 476 м;

- Белинскийден өткелі, ОӨК –кіре берісі - 320 м;

- Парковая көшесі- 1,72 км.

 

Сонымен қатар, жалпы ауданы 2,6 км астам 5 аула аумағын орташа жөндеу жұмыстары орындалды.

Анықтамалық:

1) Мичурин көшесі («Болашактан» № 9В үйге дейін, Мичурин көшесі);

2) Карла Маркс көшесі, 92;

3) Абай Құнанбаев даңғылы 89, 89А, 91, 91А, 93; 

4) Қазақстан көшесі 124, 124/1, 124/2, 124/3, 126, 126/1, 128/1;

5) Карл Маркс көшесі 36, 38.

 

44 слайд

Тұрғындардың өтініші бойынша жалпы ұзындығы 6 км астам тротуар жайластырылды (Станционная, Қазақстан (Калинин көшесінен Станционная көшесіне дейін), Ленинградская (Станционная көшесінен Абай Құнанбаев даңғылына дейін), 40 Лет Победы (Арман мейрамханасынан Абай Құнанбаев даңғылындағы 78б үйге дейін, айналмалы) көшелері және № 6 мектеп аумағында).

2018 жылы 153 тірек көше жарығы желісін орнату жұмыстары жалғастырылды (Чапаев, Дзержинский, Чкалов, Спортивная, Амангелді, Ардагерлер көшесі бойынша, Тургенев өткелі бойынша, сондай-ақ №3 мектеп аумағында).

 

Құрметті жерлестер!

45 слайд

Өздеріңіз білетіндей, Шахтинск қаласы үшін жылу беру маусымына дайындық жүргізу және оны өткізу қаланың атқарушы билік пен коммуналдық қызметтерінің алдына қойылған басым міндеттердің бірі болып табылады.

Өткен жылы жергілікті атқарушы органдар жөндеу жұмыстарын жүргізу және отын сатып алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады, оның нәтижесі бойынша қаланы сапалы үздіксіз жылумен қамтамасыз ету жөніндегі барлық іс-шаралар 100% - ға орындалды.

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» тапсырмасы бойынша атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы аясында Шахтинск аймағында Коммуналдық қызмет ақыларының тарифтерін төмендету жұмыстары жүргізілді.  Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтер 4% - ға төмендетілді (электрмен жабдықтау қызметінің тарифі 0,75% - ға төмендеді және 1 кВт/сағ үшін 15,91 теңгені құрады).

Анықтамалық:

Сумен жабдықтау: бұрынғы қолданыстағы тариф – 1 куб.м - 97,22 теңге төмендетілген тариф – 1 куб.м - 93,33 теңге (2018 жылдың 4 желтоқсанындағы №421-П бұйрықпен бекітілген).

Су тарту: бұрынғы қолданыстағы тариф – 1 куб.м - 118,99 теңге, төмендетілген тариф – 1 куб.м - 114,23 теңге (2018 жылдың 4 желтоқсанындағы №421-П бұйрықпен бекітілген).

Жылумен жабдықтау: бұрынғы қолданыстағы тариф – 1 ГКл - 3800,61 теңге,  төмендетілген тариф – 1 ГКл - 3648,23 теңге (2018 жылдың 25 желтоқсанындағы № 3-5/4651 ТМРКД).

46 слайд

Өткен жылдан бастап Шахтинск аймағының кенттері жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеттерінің жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде бюджеттің төртінші деңгейіне көшкенін ерекше атап өткім келеді. Бұл жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде Шахан, Долинка және Новодолинский кенттерінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейтуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Анықтамалық:

Шахтинск қаласының мәслихатының 2017 жылдың 27 желтоқсанындағы XIX шешіміне байланысты Шахтинск аймағының кенттері бойынша 2018 жылға арналған бюджет бекітілді:

- Шахан кенті – 184877,0 мың теңге;

- Долинка кенті – 110814,0 мың теңге;

- Новодолинский кенті – 103891,0 мың теңге.

 

Бөлінген субвенциялар мен трансферттер, сондай-ақ салықтық түсімдер есебінен Шахтинск аймағының кенттерін абаттандыру бағдарламасы шеңберінде жұмыстар жүргізілді.

47 слайд

Шахан кентінде көше жарығын қалпына келтіру бойынша жұмыстары аяқталды (58 жарық нүктелері мен саны 65 дана тіректер), ұзындығы 4,6 км автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, 18 бейнебақылау камерасы орнатылды, 2 кешенде балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдары орнатылды (1Б ш.а.және 15 квартал), сондай-ақ аула ішіндегі аумақтарды жайластыру жұмыстары жүргізілді (Шахан кенті, 3 ш.а.).

Анықтамалық:

- 68 млн. 173 мың теңге сомаға автомобиль жолдарын орташа жөндеу жүргізілді (көшелер: Чернышевский, Степная, Вишневая, Промышленная, Спортивная көшесінен Добровольский көшесіне дейін, Магистральная көшесінен Шоссейная көшесіне дейін, Достоевский көшесінен Абай көшесіне дейін, Добровольский көшесінен Автомобильная көшесіне дейін, 15 квартал);

- автомобиль жолдарын қысқы кезіңде күтіп ұстау 2 млн. 995,0 мың теңге сомаға ұйымдастырылды;

- автомобиль жолдарын жазғы кезеңде күтіп ұстау 1 млн. 800,0 мың теңге сомаға ұйымдастырылды;

- 65 дана тірек және 58 жарық нүктелерін ауыстыру бойынша көше жарығын қалпына келтіру (Самозастройка көшесі бойынша – 33 тірек, Спортивная көшесінен 1б үй ш/а дейін 14-8 тірек, Қопай-16 тірек, тротуардың бойымен «2 ОШ» бастап Добровольский көшесіне дейін - 8 тірек);

- 650,0 мың теңге сомаға көшедегі нөсер кәрісін тазалау;

- 1 млн. 340,0 мың теңге сомаға ҚТҚ нүктелерін жөндеу және күтіп ұстау;

- 3 млн. 348,0 мың теңге сомаға 2 кешенге балалар ойын, спорт алаңдары орнатылды (1Б ш.а. және 15 квартал);

- 800,0 мың теңге сомаға брусчаткадан стелланың аумағын жайластыру;

- 3 млн. 890,0 мың теңгеге 18 бейнебақылау камерасын орнату.

 

 

48 слайд

Новодолинский кентінде Садовая көшесі бойынша автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді (4659,2 мың теңге сомаға 1650 ш.м.), кенттің автожолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, жалпы көлемі 0,2 км (831,0 мың теңге), ұзындығы 4,9 км (11 684,0 мың теңге сомасына) топырақ жолдарына топырақ себілді. Жасанды жабыны бар екі спорттық әмбебап алаң (Центральная және Энгельс көшелері), аула аумақтарында екі балалар ойын кешені (Торговая және Центральная көшелері) және көше тренажерлерінің екі кешені (Садовая және Придолинская көшелері) жалпы сомасы 12,5 млн.теңгеге орнатылды. Сондай-ақ, 117 дана жарықдиодты шамдарға (сомасы 6 838,0 мың теңге) ескірген шамдарды және шамдарды ауыстырумен көше жарығының 39 апаттық тіректерін ауыстыру бойынша жұмыстары жүргізілді.

49 слайд

Есеп беру кезеңінде Долинка кентінде жалпы ауданы 7,2 км автомобиль жолдарына орташа және ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Топырақ жолдарына құм-қиыршық тас қоспасы төселді.

Анықтамалық:

Соның ішінде:

- орташа жөндеу - Заводской және Андрейкин – 1,5 км;

- ағымдық жөндеу жұмыстары – Долинская, Парковая, Садовая, Транспортная, Школьная, 1-линия көшелері, АК159/20 - түзеу мекемесіне апаратын жол - 3,3 км

 

Кентте 8 спорттық көше тренажерлері, 15 бейнебақылау камералары орнатылды. Сонымен қатар, 135 дана көлемінде көше шамдарын энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру, сондай-ақ көшедегі жарықтандырудың 40 тірегіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (Парковая көшесі-9, Заводской өткелі-27, Северо-Западный кенті Бурцев көшесі-4дана).

Анықтамалық:

- автомобиль жолдарын орташа жөндеу, жалпы сомасы 30368,0 мың теңге (Андрейкин және Заводской көшелері бойынша);

- 9738,4 мың теңге сомаға топырақ жолдарына топырақ себу;

- автомобиль жолдарын қысқы және жазғы кезеңде күтіп ұстауға 1642,2 мың теңге сомаға;

- 4766,0 мың теңге сомаға кәдімгі көше шамдарын энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру;

-  250,0 мың теңге ағаштарды көктемде кесуге;

- көшелерді жарықтандыру үшін 2285,0 мың теңге сомаға электр энергиясын сатып алу.

 

50 слайд

Құқық бұзушылықтың алдын алу және коммуналдық меншікті сақтау мақсатында көп адамдар жиналатын жерлерде қала бойынша қосымша 24 бейнебақылау камерасы орнатылды. (Қала бойынша барлығы 114 камера жұмыс істейді.)

Бұл шаралар, өз кезегінде, құқық бұзушылықтардың алдын алуға оң ықпал етті.

Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша есеп беру кезеңінде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 11% - ға азайды. Тонау 46,9% - ға және автокөлік құралдарын ұрлау 50% - ға төмендеді. Қаланың автожолдарындағы жол-көлік оқиғаларының саны 40% – ға, сондай-ақ зардап шеккендер саны-39,1% - ға төмендеді.

 

Құрметті жерлестер!

51 слайд

Атқарушы билік қызметінің маңызды құрамдас бөлігі қоғаммен кері байланыс жасау болып табылады.  Азаматтардың өтініштерінен біз тұрғындардың күнделікті мәселелерін егжей-тегжейлі және нақты білеміз. Біздің бүгінгі кездесуіміз - осы жұмыстың бір бөлігі.

Келіп түскен барлық өтініштер үнемі тұрақты бақылауда.

Өткен жылы қала әкімдігі мен оның құрылымдық бөлімшелеріне 3 мың 342 өтініш келіп түсті (2017 жылы – 3202), 242 адам жеке қабылдауда болды (2017 жылы – 365).

Өтініштер талдауы тұрғын үй мәселесі және коммуналдық-тұрмыстық сипаттағы мәселелер, сондай-ақ жер учаскелерін бөлу мәселелері халық үшін аса өткір мәселе екенін көрсетті.

 

Құрметті Шахтинск қаласының тұрғындары!

52 слайд

Өткен жылы есеп беру кездесулері барысында келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру қорытындысы туралы қысқаша хабарлауға рұқсат етіңіздер.

2018 жылдың қаңтар және ақпан айларында кент әкімдерінің кенттердің тұрғындарымен 4 есеп беру кездесулері және Шахтинск аймағының тұрғындарымен менің 1 есеп беру кездесуім өтті, олардың қорытындысы бойынша нақты шараларды қабылдау үшін 16 ұсыныс бақылауға алынды, олардың негізінде ұсыныстарды орындау бойынша іс-шаралар әзірленді, әрбір ұсыныстың орындалу мерзімдері анықталды және жауапты орындаушылар бекітілді.

Айтылған ұсыныстарға сәйкес, 2018 жылы келесі жұмыстар жүргізілді:

53 слайд

Северо-Западный кенті бойынша

Юбилейная көшесіндегі үй тұрғындарының өтініші бойынша электрмен жабдықтаудың авариялық тіректерін жаңасына ауыстыру бойынша, «Энергия Строй» ЖШС қазіргі уақытта 15 тірек жеткізілді. Алайда, жеткізілімнің кешігуіне байланысты, тапсырыс беруші мен мердігердің арасында монтаждау жұмыстарын жыл мезгілінің жылы уақытында жүргізуге келісті.

Сондай-ақ, Загаражная және Бурцев көшелеріндегі ашық кәріз құдықтарын жабу жұмыстары ұйымдастырылды.

54 слайд

Долинка кенті бойынша:

Кент тұрғындарының ескертулері бойынша Долинка кентінің Жамбыл көшесінде көше жарығының жаңа тіреулерінің жұмыс істеуін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифін бекітуге келетін болсақ, реттеушілік әсерді талдау жүргізілген барлық қажетті материалдар Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасына ведомствоаралық комиссияның қарауына қарау және шешім шығару үшін жолданды. Содан кейін, Шахтинск қалалық мәслихатының сессиясында тариф бекітіледі.

55 слайд

Новодолинский кенті бойынша:

Дәрілік препараттардың ассортиментін кеңейту мәселесі бойынша, бүгінгі күні «Шахтинск қаласының емханасы» КМК Новодолинский кентінің отбасылық денсаулық орталығының әлеуметтік дәріханасының ассортименті өткен жылмен салыстырғанда 200% - ға өсті. Дәрі-дәрмектерге өтінімдер 2 аптада 1 рет қалыптастырылады, сол арқылы ассортимент артады.

«Шахтинск – Новодолинский кенті» 5 «Б» автобусының қозғалыс кестесіне келсек, бүгінгі күні кесте қалыпқа келтірілді, халықтан шағымдар түскен жоқ. Осы мәселе Новодолинский кенті әкімі аппаратының тұрақты бақылауында (осы маршруттың жол парақтарын белгілеу жолымен).

Кент тұрғындары көтерген мәселені шешу үшін ҚТҚ, шлам және ірі габаритті қалдықтарды шығару бойынша түбіртектерде төлем сомаларын есептеуді түсіндіру бойынша 2018 жылдың 7 ақпанында Шахтинск қаласының ТКШ бөлімі, Новодолинский кенті әкімдігі және Кропачев ЖК өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді.

56 слайд

Шахан кенті бойынша:

Тұрғындардың өтініші бойынша, 2018 жылдың 1 наурызынан бастап кент үшін қажетті медициналық жабдықтармен толық жабдықталған жедел жәрдем автокөлігі бөлінді (кардиограф, дефибриллятор, өкпені жасанды желдету аппараты, оттегі және түрлі құралдар).

2018 жылдың мамыр айында Шахан кенті әкімінің аппараты Муминова ЖК-мен шарт жасады. Сонымен қатар, «Малибеков» ЖК-мен Шаханская және Кондрашин көшелерінің көше нөсер кәріздерін тазалауға келісім-шарт жасалды. Қазіргі уақытта нөсер кәріздерді тазалау жұмыстары толығымен аяқталды.

Шахан кентінің қазандығының құрылысы бойынша 2018 жылы жоба-сметалық құжаттамаға түзету жүргізілді. Құрылыстың жалпы сметалық құны 2 млрд.483 млн. теңгені құрады. 2018 жылдың қараша айында жоғарыда аталған нысанның құрылысына ашық конкурс жарияланды, қазіргі уақытта конкурстың қорытындысын шығару рәсімдері жүріп жатыр және биыл біз қазандықтың құрылысын бастаймыз.

57 слайд

Шахтинск қаласы бойынша:

Шахтинск тұрғындарының өтініші бойынша, 2018 жылдың наурыз айында «Нұр отан» партиясының Шахтинск қалалық филиалында үй басқарушылары мен тиісті қызмет өкілдерінің тұтынылған жылу энергиясы үшін түбіртектерде соманы есептеуді түсіндіру үшін кездесу ұйымдастырылды. ТКШ бөлімінің мамандары Абай Құнанбаев даңғылы № 68 «Б» үй мекенжайына барды.

Абай Құнанбаев даңғылы №68 «Б» 9 қабатты үй тұрғындарының ескертулері бойынша, жоғарғы қабаттағы әлсіз су қысымының себебі – осы үйді сумен жабдықтау құбырларының тозуынан туындайтыны анықталды. Осыған байланысты, осы үйдің құрылыс жобасында көзделген сорғышын бойынша жұмыстар жүргізу қажет. Тұрғын үй инспекторы үй басқарусышымен осы мәселені бақылауға алды.

Азық-түлікті нарық бағасынан төмен бағамен сату мақсатында өткен жылдың тамыз айында коммуналдық базардың салтанатты ашылуы өтті.

Қала тұрғындарының ескертулері бойынша Станционная көшесіндегі автомобиль жолына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы мәселесі бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға түзету жүргізілді. Бүгінгі таңда жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде. Оң қорытындыдан кейін оның құрылысын бастауды қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім жолданады.

Есеп беру кездесулері барысында түскен тұрғындардың ескертулері мен ұсыныстарын орындауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы ақпарат ай сайын ресми сайтта орналастырылады және тоқсан сайын «Шахтинский Вестник» газетінде жарияланады.

 

Құрметті жерлестер!

 58 слайд

Қазақстандағы жаңғыртудың стратегиялық мәні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге көңіл бөлу.

Анықтамалық.

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 шілдедегі №36/01 қаулысын орындау үшін, Шахтинск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі №29/11 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Менің төрағалық етуімен Шахтинск аймағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия жұмыс істейді.

59 слайд

Барлық мемлекеттік мекемелерде тұрақты негізде «сенім телефондары» жұмыс істейді, олардың нөмірлері жергілікті «Шахтинский вестник» газетінде және қала әкімдігінің сайтында үнемі жарияланады. Мекемелердің ғимараттары мен үй-жайларында көрнекті жерде жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін қабылдауға арналған пошта жәшіктері орналастырылған. Келіп түскен өтініштер туралы барлық мәліметтер «электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» электрондық базасында тіркеледі.

Жыл сайын мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының табыстары, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтер жарияланады.

60 слайд

Шахтинск аймағының мемлекеттік қызметшілерімен қызметтік автокөлікті жұмыстан тыс уақытта жеке қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға жол бермеу шеңберінде мемлекеттік мүліктің мәртебесін растайтын ерекшелік белгісінің нысаны әзірленді. Қазіргі уақытта бұл белгі атқарушы органдарға бекітілген қызметтік автомобильдерде орналастырылған.

61 слайд

Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына мақалалар жарияланады, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жаднама» буклеті әзірленді және таратылды.

62 слайд

Мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою үшін жалпы қазақстандық қоғамның барлық жіктерінің қатысуы қажет. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау мақсатында қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Майдина Асия Исмагуловнаға әдеп жөніндегі уәкіл қызметі жүктелді. Әдеп жөніндегі уәкілдің деректері мен жеке қабылдау кестесі жалпыға бірдей көрінетін жерлерде (әкім аппараты мен атқарушы органдарда), сондай-ақ қала әкімдігінің ресми сайтында орналастырылған. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер көрінісі не олардың этикалық нормаларды бұзу фактілері анықталған жағдайда, азаматтар мұндай бұзушылықтар туралы әдеп жөніндегі уәкілге тікелей хабарлай алады.

Шахтинск қаласының мемлекеттік органдарымен және мекемелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

63 слайд

Барлығы үшін жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және тең қол жеткізу Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

64 слайд

2018 жылы мемлекеттік қызметтердің тізіліміне сәйкес атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтердің 97 түрі бойынша 23 149 қызмет көрсетті.

Менің ойымша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы неғұрлым тиімді құрал Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және шешім қабылдау процесінен адам факторын алып тастау болып табылады. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау мүмкіндігін бірден төмендетеді және электрондық үкіметтің дамуына қарай Қазақстандағы жағдайды жақсартады.

«Электрондық үкімет» бастамасын кеңінен таратуға және электрондық цифрлық қолтаңбаны жаппай таратуға көп көңіл бөлінді. 2018 жылы электрондық форматта көрсетілген қызметтердің үлесі өткен жылмен салыстырғанда 6% - ға артып, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы көлемінің 28% - ын құрады. Мемлекеттік корпорация арқылы 6 175 қызмет көрсетілді, бұл 2017 жылдың сәйкес көрсеткішінен 7,5% жоғары. Қағаз түрінде 10 546 қызмет көрсетілді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,5% төмендеді.

65 слайд

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Халықты ақпараттандыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру саласындағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

66 слайд

Тұрғындарды ақпараттандыру және Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Шахтинск қаласының барлық мемлекеттік мекемелерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, ресми сайттарда барлық қажетті ақпарат орналастырылған, 106 түсіндіру іс-шаралары өткізілді, оның ішінде 4 Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өткізілді, 23 мыңнан астам брошюралар мен буклеттер таратылды, орталық көшелерде 8 ақпараттық баннер орналастырылған, 13 ұйымда бейнероликтер көрсетіледі.

67 слайд

Электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында халықты цифрлық сауаттылыққа оқытуға көп көңіл бөлінеді. 2018 жылы бюджет қаражаты есебінен әр түрлі санаттағы 4 305 адам оқудан өтіп, «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер», «Базалық цифрлық дағдылар», «Ашық үкімет» және «Электрондық сауда» бағдарламалары бойынша сертификаттар алды.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі-мемлекеттің басты басымдығы.  Сондықтан қызмет көрсетушілердің міндеттерінің бірі - мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызмет алу кезінде қажетті жағдайлар жасау болып табылады. Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдары қызметкерлерді шақыру тетіктерімен жабдықталған. Бұдан басқа, Брайль бедерлі-нүктелі қарпі бар ақпараттық тақтайшаларды, тактильді плиткаларды орнату бойынша жұмыстар, сондай-ақ пандустарды құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіру бойынша жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігі мәселесі ерекше бақылауда тұр, осыған байланысты ағымдағы жылы мемлекеттік қызметтерді жаңа сапалы деңгейде көрсету арқылы халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады.

68 слайд

Бүгінгі баяндамамызды қорытындылай келе, 2018 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік және экономикалық сипаттағы барлық қиындықтарға қарамастан, біз барлық экономикалық көрсеткіштер мен өзімізге қабылдаған әлеуметтік міндеттемелерді лайықты деңгейде орындадық деп айтқым келеді.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 15.02.2019 09:59

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 0°C , ылғал 48%, қысым 717, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 388.07
Euro 427.54
Рубль 6.08

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары