www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Әкімінің халық алдыңдағы есебі

Шахтинск қаласы әкімінің 2020 жылғы 6 қантарда халық алдындағы есеп беру кездесуінде беретін есебі

 

Шахтинск қаласы әкімінің

2019 жыл қорытындысы бойынша

Шахтинск қаласы тұрғындарының

алдында есеп беру кездесуіне

арналған

баяндамасы

 

Қайырлыкүн, құрметті Шахтинск қаласының тұрғындары!

Бүгін, Сіздермен кезекті есеп беру кездесуімізде біз өткен жылды қорытындылай отырып, барлық өзекті мәселелерді талқылаймыз.

Өткен, 2019 жыл біздің еліміз үшін бірқатар тарихи оқиғаларға толы болды:

- Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз өкілеттігін тоқтатты;

- мемлекет Басшысы болып сайланған  Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Тұңғыш Президентінің қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатын жалғастырды;

- бұл бағытта жасалған алғашқы қадамдардың нәтижесінде:

- аз қамтылған азаматтарға және табысы төмен отбасыларға, оның ішінде көп балалы отбасыларға төленетін атаулы әлеуметтік көмек мөлшері ұлғайды;

- кезең-кезеңмен көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, оның ішінде «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыру арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету жүзеге асырылуда;

- 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждерде жұмыс мамандықтары бойынша білім алып жатқан  студенттердің  стипендиясы 30%-ға артты;

- аз қамтылған отбасылардан шыққан ЖОО студенттері үшін қосымша бес мың грант бөлінді;

- 500 мыңнан астам азаматтың несие бойынша қарызы төмендетілді.

Президент өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауында атап өткендей (2019 жылғы 2 қыркүйектегі) біздің алдымызда «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру арқылы елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару, сондай-ақ, Елбасы ұсынған Бес институционалды реформа мен Ұлт Жоспарын толыққанды жүзеге асыру міндеті тұр.

 

Құрметті кездесуге қатысушылар!

Мемлекет басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыра отырып, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы барлық көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткіздік 

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 18 млрд. 835,5 млн. теңгені құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 120,2% (31 127,0 млн. теңгені) құрады.

Ауылшаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 3 млрд. 406,9 млн.теңге (2018 жылы - 2 920,2 млн. теңге) көлемінде қалыптасты.

Сауда саласында жыл қорытындысы бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 12 млрд. 326,0 млн.теңге (2018 жылы - 10 413,8 млн. теңге) құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 2 есе өсті (2018 жылы - 2 222,1 млн.теңге, 2019 жылы - 5 254,2 млн. теңге).

Шамамен 7 382 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Осы саладағы басым бағыттардың бірі, бұрынғыдай, біздің өңіріміздегі барлық санаттағы тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды  тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып тұр.

Өткен жылы біз Абай Құнанбаев даңғылындағы № 77 бос тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарын аяқтадық, ол 60 (62) отбасын, оның ішінде медициналық қызметкерлер қатарындағы  32 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, қаланың орталық көшелерінде орналасқан  (Абай Құнанбаев даңғылы 60 (8), Московская көшесі 29 (1), Панфилов көшесі 2 (1), Карл Маркс көшесі 12 (1) 11 бос пәтерге ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар, оның ішінде жетім балалар тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен көп балалы отбасыларға 12 пәтер (81,6 млн.теңге) сатып алынды және берілді.

Сонымен қатар, табысы төмен отбасыларды тұрғын үй сатып алуға несие беретін «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу үшін біздің қаламыздан 18 өтініш берілді (мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 1 отбасы, 9 толық емес, 8 көп балалы отбасы), оның 5-уі (толық емес отбасы) мақұлданды.

Биылғы жылда да біздің қаламыздың азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысы өз жалғасын табады, себебі біз биыл Карл Маркс көшесіндегі 60 пәтерлі жаңа тұрғын үй құрылысын бастаймыз (республикалық бюджеттен 372,9 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінді).

Сонымен қатар, Абай Құнанбаев даңғылы 68 «А» мекенжайында орналасқан көп пәтерлі тоғыз қабатты бос тұрғын үйді жекешелендіру жұмыстары аяқталды. Объекті қалпына келтірілгеннен кейін бұл үйдегі пәтерлерді меншік иесі «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша сатады.

Анықтама:

Тендер жеңімпазы – «Стройказ»  ЖШС.

2019 жылғы 08 қарашадағы № 14610-ЭТП сатып алу-сату шарты.

Іске асыру құны-6 млн. 100 мың теңге (төлем бюджетке толық көлемде түсті)

 

2019 жылы Молодежная көшесіндегі № 55 және 51/1 бос тұрған үйлерді қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді (сараптаманы аяқтау мерзімі-2020 жылғы қаңтар). Және ағымдағы жылда осы тұрғын жайларды қалпына келтіруге кірісеміз  (пәтер саны – 75 пәтер).

Жеке тұрғын үй құрылысы және жер учаскелерін алуға тұрған тұлғалардың кезегін төмендету үшін 2019 жылы 40 жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілді. Енді ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында бұл учаскелер кезекте тұрғандарға берілетін болады.

Анықтама:

Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алу кезегінде тұрған адамдар саны  337 адамды құрайды.

 

Сондай-ақ, өткен жылы жоба-сметалық құжаттама жасалып, 112 жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу (сумен жабдықтау) жобасы бойынша мемлекеттік сараптама жүргізілді және ағымдағы жылда  біз құрылысты бастаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Анықтама:

Осы жобаны іске асыру үшін ағымдағы жылда жоғары тұрған бюджеттерден 122 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді (РБ-110,3 млн. теңге, ОБ-12,3 млн. теңге).

ИКИ құрылысын аяқтау үшін «ИКИ құрылысы (электрмен жабдықтау)» жобасы бойынша бюджеттен 182,8 млн. теңге көлемінде қаражат бөліну қажает, оның ішінде: РБ-164,6 млн. теңге, ОБ-18,3 млн. теңге.

 

Шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше назар аударылады.

Жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында жеке кәсіпкерлікті дамыту мен кеңейтуге қолдау көрсету бойынша белсенді жұмыс атқарылуда.

Мәселен, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы мен «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде өткен жылы 53 жұмыс орнын аша отырып, жалпы сомасы 492 млн.теңгеге 31 жоба, 37 млн. теңгеге 80 грант мақұлданды.

Қолдаудан тыс 78 жаңа жұмыс орнымен 17 шағын және орта бизнес нысаны ашылды.

Біздің өңірде сүт өнімінің өндірісі қайта жанданып жатқанын айта кету керек. Өткен жылдың желтоқсан айында Долинка кентінде 15 жаңа жұмыс орнын аша отырып, «Финансовые партнеры» ЖШС (жалпы сомасы 45,0 млн.теңгеге) «Сүт өңдеу, балмұздақ өндіру» жаңа жобасын іске қосты. Бұл жоба Қарағанды облысының кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген.

Бизнес субъектілерін дамытуға қолдау көрсету бойынша атқарылған жүйелі жұмыс белсенді кәсіпкерлердің санын 4,6%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылдың басынан Мемлекет басшысының микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық тыйым салу туралы шешімі күшіне енді. Бұл шара біздің кәсіпкерлерге еңбек өнімділігін арттыруға және олар шығаратын өнім сапасына көңіл бөлуге мүмкіндік береді деп үміттенемін.

Инфляциялық үдерістерді тежеу мақсатында қалада және іргелес кенттерде апта сайын ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі, онда көкөніс және ет өнімдері төмен бағамен сатылады. Есеп беру кезеңінде 152 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, онда сатылған өнім сомасы 520 млн. теңге (2018 ж. – 101 жәрмеңке, сатылған өнім сомасы 364 млн. теңге сома).

Нарық бағасынан төмен бағамен сату үшін Қарағанды облысының тұрақтандыру қорынан 348 мың теңге сомаға 2 тонна қарақұмық алынды (1 кг -  174 теңге). Сонымен қатар, 1-санатты жұмыртқа (Крокус, Ассорти, Коммуналдық павильонда сатылады), 1-сұрыпты қарабидай және ұн (қала және кенттердің кәсіпкерлерінде сатылады)  іріктеліп жатыр.

Жалпы әлеуметтік салада оң динамика сақталып келеді.

Білім беру саласындағы басымдықтардың бірі 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен толық қамтуды қамтамасыз ету болып табылады.

2019 жылдың қыркүйек айында 270 орындық «Мектепке дейінгі академия «Іңкәрім» бала бақшасы ашылды (мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырумен), бұл бізге мектепке дейінгі ұйымдарға деген кезекті төмендету мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

2019-2020 жылғы оқу үдерісін ұйымдастыру шеңберінде 98 млн.теңгеден астам сомаға 4, 9 және 10 сынып оқушылары үшін оқулықтар 100% жеткізілді.

Әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан оқушылар тегін ыстық тамақпен 100% қамтылды және 856 адамды құрады.

Жазғы демалыспен 6 879 бала қамтылды (96,6%).

Анықтама:

Жазғы демалыс кезінде балаларды демалыспен және сауықтырумен қамту 96,6% немесе 6879 адамды құрады, оқушылардың жалпы саны 7123 адам, оның ішінде:

- тамақтанумен 23 мектеп жанындағы лагерьде (2 маусым) – 2 055 оқушы;

- тамақтандырусыз 24 мектеп жанындағы алаңдарда (3 маусым) – 3850 оқушы;

- палаткалық, спорттық, жазғы сауықтыру лагерінде-901 оқушы;

- қала сыртындағы лагерьлерде – 71 оқушы (51 – "Березняки" лагері, жергілікті бюджет; 20-республикалық "Балдәурен" лагері, РБ).

 

Сонымен қатар, өңіріміздің кәсіпкерлеріне жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізу барысында  демеушілік көрсеткен өңір кәсіпкерлеріне алғыс айтамын. Аз қамтылған отбасылардан шыққан 223 оқушыға 1 млн. 325 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында бағдарламалау және робототехника негіздерін оқыту үшін, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және ақпараттық технологияларға қызығушылығын ынталандыру, анықтау және дамыту мақсатында Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейде IT сыныбы ашылды. 2022 жылдың соңына дейін осындай кабинеттерді өңіріміздің 2 жалпы білім беру мектебінде (№1 және 5 мектеп-гимназияларда) ашу жоспарланып отыр.

 

Қаланың білім беру ұйымдарында балаларға қолайлы жағдайлардың жасалуына үнемі көңіл бөлінеді. Өткен жылы білім беру нысандарына ағымдық  жөндеу жұмыстарын жүргізуге ғана 156 млн.теңге бөлінді. «Еркетай», «Салтанат», «Қарлығаш» және «Аленка» сәбилер-бала бақшаларында күрделі жөндеу және ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, өңірдің 4 жалпы білім беру мекемесінде және мектепаралық оқу-өндірістік комбинатында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Анықтама:

- «Еркетай» сәбилер-бақшасы-шатыр мен қасбетті күрделі жөндеуге жалпы сомасы 47 633 мың теңге;

- «Салтанат» сәбилер-бақшасы – спорт алаңын абаттандыруға жалпы сомасы-10 281 мың теңге;

- «Қарлығаш» сәбилер-бақшасы – ішкі әрлеу және кәріз жүйесін ауыстыруға жалпы сомасы-14 500 мың теңге;

- «Аленка» сәбилер-бақшасы – ғимаратты ағымдық жөндеуге  жалпы сомасы - 4 847 мың теңге;

- №1 мектеп-гимназия- өрт болған жағдайда қосалқы шығу жолы мен ас бөлігін жөндеуге  жалпы сомасы-5 384 мың теңге ;

- №4 ЖББМ – шатырды ағымдық жөндеуге, жылу қазандықтарын ауыстыруға және ішкі әрлеуге  жалпы сомасы -  41 603 мың теңге;

- №11 ЖББМ – жылу қазандығын және жылу беру жүйесін ауыстыруға  жалпы сомасы - 6 335 мың теңге;

-  Ә. Бөкейханова атындағы  мектеп-лицей - спорт зал мен шатырды жөндеуге-20 130 мың теңге ;

- мектепаралық оқу-өндірістік комбинат-қасбетті және мәжіліс залын жөндеуге жалпы сомасы - 5 443 мың теңге.

 

Азаматтардың денсаулығын сақтау мемлекеттік саясаттың маңызды саласы.

Есеп беру кезеңінде біздің қаланың медицина қызметкерлерімен жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы бірқатар көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады, оның ішінде:

-                 өлім-жітім 2,6% төмендеген (2018 жылдың 11 айы -13,32, 2019 жылдың 11 айы -12,98);

-                  сәби  өлім-жітімі 19,7% төмендеген (2018 жылы – 5 жағдай, 2019 жылы-4 жағдай);

-                 ана өлімі орын алған жоқ және туберкулездің асқынған түрі анықталған жоқ.

Анықтама:

- бала туу  6,9% - ға төмендеген (2018 жылдың 11 айы -15,52, 2019 жылдың 11 айы -14,44);

- туберкулезбен науқастану 71,4% - ға артқан (2018 жылы – 21 жағдай, 2019 жылы – 36 жағдай).

 

Ауруларды ертерек анықтау үшін 32 мыңнан астам скринингтік зерттеулер мен 31 мыңнан астам флюорографиялық тексерістер жүргізілді.

Медициналық амбулаториялық және стационарлық қызметтің жұмысын заманауи стандарттарға сәйкестендіру мақсатында аталмыш мекемелерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2019 жыл басынан облыстық бюджеттен 800,0 млн. теңге бөлінді.

Өткен жылдың шілде айында консультациялық-диагностикалық бөлімше ғимараты күрделі жөндеуден өткенін айта кету керек.  (145 млн.теңге сомаға  Московская көшесі, 18 мекенжайы бойынша).

Ағымдағы жылдың қаңтар айында диагностикалық қабылдау бөлімшесін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды (әйелдер диагностикалық кеңесі ғимаратының орнында). Биыл перзентхана мен зертхана ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары  аяқталады.

Сонымен қатар, стационарлық қызмет жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады.

2020 жылы 10 млн. теңгеге сомаға Долинка кентінің отбасылық денсаулық орталығына ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу қосымша жоспарланған.

Денсаулық тақырыбын жалғастыра отырып, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткен жылы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталғанын атап өткім келеді. Ағымдағы жылда бұл жұмыс өз жалғасын табады.

Өткен жылы біздің қаламызда алғаш рет «Арай-2019» облыстық жазғы спартакиадасы өткізілді, оған облысымыздың 9 қаласынан келген 600-ден астам спортшы қатысты. Спорт алаңдарында 12 спорт  түрінен жарыс өтті, жарыс алаңында спортқа деген құмарлық пен жоғары рух күші орын алды.   Барлық спортшылар абыройымен өнер көрсетті, жеңісе деген үлкен ықыластарын білдірді.

Спартакиаданың жалпы қорытындысы бойынша біздің команда үшінші орынға ие болды. Біздің жаттықтырушы - Болат Нұрмағамбетов жарысқа белсенді қатысқаны үшін ұйымдастыру комитетінің арнайы сыйлығымен марапатталды. Жыл бойы өңір спортшылары (821 адам) әртүрлі дәрежедегі 105 жарысқа қатысты (65 облыстық, 29 республикалық, 11 халықаралық), онда 235 медаль жеңіп алды, оның ішінде: 47 – алтын, 73 – күміс және 115 – қола.

Біздің өңірімізде ерекше көңіл бөлінетін саланың бірі халықты тұрақты жұмыспен қамту саясаты.

Жұмыссыз халықты жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін іске асыру арқасында  1 607 азамат жұмысқа орналастырылды.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 61 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 67 адам жастар практикасына, 196 адам кәсіптік оқуға және қайта даярлауға жіберілді. Осы саладағы іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 142 адам жұмысқа орналастырылды.

Өткен жылы халықтың табысын арттыру бойынша бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтары үшін нақты қадамдар жасалғанын алдында айтып өткен болатынмын.

233 отбасына (1199 алушыға) жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек 120 млн.теңге сомаға көрсетілді.

Қосымша, Халықтың әлеуметтік осал топтарының басқа да санаттарына қолдау көрсету бойынша қосымша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Өңіріміздің 7 121 азаматына 51 млн.теңгеден астам сомаға әр түрлі нысандағы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Анықтама:

- тұрғын үй көмегі - 329 отбасына 348 алушыға жалпы 2952,0 мың теңге сомаға;

- үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету-27 алушыға 1161,0 мың теңге сома;

- мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету- 6746 алушыға жалпы 47416,5 мың теңге сома.

 

Құрметті Шахтинск аймағының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жарлығымен өткен 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланған болатын. Осыған орай, 2019 жылдың қаңтар айында өңірімізде жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатындағы Жастар жылының ашылуына арналған ауқымды іс-шара өтті. Қаламызда 30-дан астам автоәуесқойлардың қатысуымен автожарыс, Шахтинск технологиялық колледжі студенттерінің қатысуымен флэш-моб және мерекелік концерт өткізілді. Жалпы алғанда, бұл бағытта 346 іс-шара өтті, оларды өткізуге жастар қатарынан 9 126 адам белсене ат салысты.

Шахтинск аймағындағы Жастар жылының ең айтулы іс-шарасы қала әкімінің «Жастар» сыйлығын тапсыру рәсімі болды («Жас кәсіпкер» (500,0 мың теңге), «Жас спортшы», «Жастар көшбасшысы», «Үздік жоғары сынып оқушысы», «Колледждің үздік оқушысы», «Шахтинск аймағында жастар саясатын дамытуға қосқан менің жеке үлесім» (100,0 мың теңге номинациялары бойынша). Сыйлық иегерлері жалпы 1 млн. теңге сома  ақшалай сертификаттарға ие болды.

Жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Жасыл ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруға, жасақтарды қалыптастыру үшін 3 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді. Жазғы маусымының барлық кезеңінде 60 жауынгер жұмысқа орналастырылды, олар аумақты тазалау жұмыстарын орындады, оның ішінде 30 адам Шахтинск қаласында, 12 адам Шахан кентінде және 9 адамнан Долинка және Новодолинский кенттерінде. Негізінен «Жасыл ел» отрядтарының қатарына біздің аймақтың әлеуметтік жағынан осал отбасыларының балалары кірді (аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасылар, жетім балалар, NEET санаты).

Анықтама:

Барлығы 60 адам жұмысқа орналастырылды (2018 жылы – 60), оның ішінде:

- маусым айында- 20 адам,

- шілде айында - 20 адам,

- тамыз айында - 20 адам,

Әскери қызметкерлердің жалақысы 42 500 теңгені құрады (2018ж. - 28 284 тг.),республикалық бюджеттен қосымша ақы 35 394 теңгені құрады.

 

Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасын тауып келеді.

«Ұлттық бірегейлікті сақтау» шағын бағдарламасы аясында

№ 2 білім беру мектебінде Қазақстан халқы ассамблеясына арналған «Достық үйі – мейірімділіктен  бірлікке қарай» мұражайы ашылды.

Шахтинск қаласында кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың қайырымдылық және демеушілік қызметін жандандыру мақсатында «Жомарт жүрек» меценаттар форумы өтті (450 адам қамтылды). Біздің қаламыздың кәсіпкері қала аумағында «Техника в быту» дүкенінің маңына автокөлік тұрағын орнатты.

«Туған жер» жобасы аясында жеке инвестиция есебінен қаламызда ағаштар отырғызылды (200 адам қамтылды).

Сонымен қатар, балалардың музыкалық шығармашылығын дамыту, музыкалық мәдениетті дәріптеу, «Дала фольклоры мен музыкасына мың жыл» арнайы жобасы аясында балалар шығармашылығын дамыту үшін жағдай жасау мақсатында «Баршаға ортақ шығармашылық!» жобасы іске асырылды. Жоба нәтижесінде музыка мектебіне жаңа музыкалық аспаптар (флейта, баян, аккордеон, домбыра, фортепиано) сатып алынды.

Жастар саясатын дамыту тақырыбын қорытындылай келе, биылғы жыл ресми түрде еріктілер жылы деп жарияланғанын атап өткім келіп тұр. Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарында еріктілер жасақтарын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Өз мүмкіндіктерімізге қарай әрқайсымыз қоғамға  пайдалы және лайықты осы жұмысқа қатыса аламыз деп ойлаймын.

Мәдениет саласын дамыту тақырыбын жалғастыра отырып, қоғамда өзін–өзі ұстау мәдениетіне тәрбиелеу және оны дамыту, сондай-ақ, халық дәстүрін көзіміздің қарашығындай сақтап қалуға бағытталған мәдени және мерекелік іс-шаралар қала өмірінде алатын рөлі маңызды екенін атап өткім келеді.

Аймақта 7 этномәдени бірлестік жұмыс істеп тұр, олар облыстық және аймақтық іс-шараларға белсенді қатысады.

Мемлекеттік мерекелерге орай кітап көрмелері, көрсетілімдер, байқаулар, салтанатты жиналыстар, көшпелі құттықтау концерттер, жаппай бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Тамыз айының соңғы жексенбісінде қала және қала маңындағы кенттерде Кеншілер күні мен қала күні мерекесі кең ауқымды аталып өтті. Осынау мереке күні, күні бойы  созылған концерттік бағдарламадан бөлек, ат жарыстары, көмір өнеркәсібі ардагерлеріне құрмет көрсету іс-шарасы, қала әкімінің кубогы үшін футболдан финалдық жарыс өткізілді. 80-нен астам автоәуесқойлардың қатысуымен қаламызда автожарыс өтті. Сонымен қатар, бөрене аудара отырып, зілтемір көтере отырып, автомобиль тартудан күш сынасу жарысы ұйымдастырылды. Кештің ең керемет жері Қазақстанның эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік гала концерт болды.

Өңіріміздің көркемөнерпаздары жыл бойы түрлі байқаулар мен фестивальдарға қатысып, көптеген жеңістерге ие болды.

«Алтыншаш», «Жұлдыз», «Рахат лукум», «ЭОС» (Шахан кенті) би топтарын, сондай-ақ «Айналайын», «Алаш», «Веселые нотки» (Новодолинский кенті) вокалдық топтар мен жеке орындаушылар Берік Әнуар мен Сағындықова Дайананы ерекше атап өткім келеді.

Мүмкіншілігі шектеулі және шығармашылық мүмкіншілігі шектеулі емес адамдар арасында өткен 15-ші облыстық шығармашылық және спорт фестивалінде біздің жерлесіміз Александр Ступак «Хореография» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді.

Биылғы жыл да айтулы күндер мен оқиғаларға толы болатынын атап өту қажет, дәлірек айтсақ:

-                 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы;

-                 Еліміздің Конституциясына 25 жыл;

-                 Қазақстан халқы ассамблеясының құрылғанына 25 жыл;

-                 сондай-ақ, Ұлы ақын, философ, кемеңгер Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен көрнекті ғалым, ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығы.

Осыған байланысты биылғы жылы да көптеген мәдени іс-шаралар өтеді деп жоспарланған.

Мәдениет ошақтарының жағдайын жақсарту мәселесі назардан тыс қалған жоқ.

2019 жылы Новодолинский кентінің Мәдениет үйі ғимаратының шатыры ауыстырылып, «Қарлығаш» аула клубы мен спорт клубы ғимараттарының қасбеттеріь жөнделді, сондай-ақ Шахтинск қаласының кеншілер мәдениет сарайының кіре берісіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарына естелік мұражайында «Карлаг әйелдері» және «Спасск» атты 2 жаңа экспозициялық зал, сондай-ақ уақытша көрмелер залы (барлығы 19 экспозициялық зал + іс-қимыл инсталляциясы ретінде жертөле  қабаты) ашылды. 31 мыңнан астам адамды қамти отырып, мұражайға 900-ден астам экскурсия жасалды.

Ағымдағы жылы «Қарлығаш» аула клубына ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу, Шахан кентіндегі стадионда тартандық жабынды орнату жоспарланған.

Кітапханалардағы оқырмандар саны 16 мыңнан астам.

 

Құрметті Шахтинск қаласының тұрғындары!

Жыл сайын, қаламыздың және кенттердің сәулеттік келбетін жақсарту және абаттандыруға бағытталған іс-шаралар үнемі өткізіледі.

Ағымдағы жылы автомобиль жолдарының жұмыс істеуін және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыстық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 11 км автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, ұзындығы 7 км. тротуар салынды, Шахтинск қаласы мен Шахан кентінде 9 аула аумағы (4,5 км) абаттандырылды.

Анықта:

- жалпы сомасы 240 млн. 902 мың теңгеге ұзындығы 11 км жол жабынын орташа жөндеу (Шахтинск-Торговая, Коммунальная, Спортивная, Геологическая, Седов, Байдуков, Промышленная, Комсомольская, Степная, әскери комиссариатқа кіре беріс жол, Абай Құнанбаев даңғылы бойындағы кірме жолдар, Байдуков, Седов, Шахтинский өткелдері; Шахан кенті– 7Б квартал, Автомобильная, Октябрьская, Крылов, Труд көшелері, Спортивная көшесінен 1Б ш.а., 14 үйге  дейінгі жол учаскесі, 6 квартал, Строителей к-сі; Долинка кенті -Гаражная - 1 линия – Парковая);

- 30 млн. 548,6 мың теңге сомаға ұзындығы 6,9 км тротуар салу  (Шахтинск - 40 лет Победы, К. Маркс, Московская, Қазақстан, Торговая көшелері, 27-кварталдағы учаске (№9 мектеп аумағы), Шахан кенті – кент саябағында және МҮ аумағында);

- жалпы 56 млн.307 мың теңге сомаға жалпы ауданы 4,5 км. 9 аула аумағы абаттандырылған (Шахтинск – Парковая көшесі, 17а; Московская көшесі, 23; Мичурин көшесі, 9В; Карл Маркс көшесі,  26, 26А, 28; Станционная көшесі, 26А, 26Б, 26В; Карл Маркс көшесі, 8; Ленинградская көшесі, 50,52,54,56 ,Абай Құнанбаев даңғылы, 71; Шахан – 3- шағын аудан (15-20 үйлер), 1-шағын аудан (3,4 үйлер).

 

Қалада «Легион» дүкені аумағында балалар алаңы ортанылған, Московская көшесіндегі (№23 үйдің артында) сквер абаттандырылды (тротуарды қалпына келтіру, сондай-ақ орындықтар мен жарықтандыру тіректерін орнату), № 9 жалпы білім беру мектебінің  аумағына футбол алаңын салу, тартандық жабынды төсеу және кірме жолдарға асфальт салу жұмыстары жүргізілді.

Қаланың кіре берісіне ағымдық  жөндеу жұмыстары  жүргізілді.

Санитарлық нормаларға сәйкестендіру мақсатында негізін сала отырып, қоршаулар мен қоқыс контейнерлерін ауыстыра отырып, аулалық аумақтардағы ҚТҚ арналған 42 қоқыс алаңын орнату жұмыстары жүргізілді.

Шахан (3) және Новодолинский (4) кенттерінде балалардың ойын алаңдары мен жасанды жабыны бар манеждер орнатылды.

Қаланы көгалдандыру үшін 18 мыңнан астам гүл, 380 жапырақты және 40 қылқан жапырақты ағаш отырғызылды. Қаламызды көгалдандыру бойынша тиімді жұмыстарды жүргізу мақсатында 2019 жылы климаттық және топырақ ерекшеліктерін, сондай-ақ жаңадан отырғызылған өсімдіктердің жерсінуі мен үйлесімділігін ескере отырып, қаланы және жапсарлас кенттерді көгалдандыру бойынша дендрологиялық жоспар әзірленді.

Қаланың атқарушы билігі пен коммуналдық қызметтерінің алдына қойылған маңызды міндеттердің бірі жылу беру маусымына дайындық және оны ойдағыдай өткізу.

Қаланы тоқстаусыз сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін дайындық іс-шаралары 100% орындалды. Баламалы жылумен қамтамасыз етілетін бюджеттік мекемелер үшін отын толық көлемде сатып алынды. Барлық тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Шахан кентінің тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылдың шілде айында Шахан кентінің қазандығы мен жылу желілерінің құрылысы басталды.

 

Анықтама:

2019 жылғы 04 наурызда "ЕвразияБилдинг"ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу туралы № 31 шарт жасалды.

Жобаны 2 жылда іске асыру көзделген:

– 2019 жылы 401,9 млн. теңге бөлінді және игерілді (РБ – 330,0 млн. теңге, ОБ-71,9 млн. теңге);

- 2020 жылға-800,0 млн. теңге бөлінген (РБ).

Сапалы және сумен тұрақты жабдықтау мәселесі түйінді мәселе екені баршамызға мәлім. Бүгінгі таңда қаламыздың су құбыры желілерінің тозығы шамамен 85% құрайды.

Біз осы мәселені шешу үшін бірқатар шаралар жасадық, міне енді ағымдағы жылы облыстық бюджеттен Шахтинск қаласының су құбыры желілерін 2 кезек бойынша қайта жаңартуға қаражат бөлінді.

Мемлекет басшысының бесінші әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында Шахтинск қаласы газдандыру бағдарламасының екінші кезеңіне енгізілді. Қазіргі уақытта қаланың және жапсарлас кенттердің газ кіргізу құбырларын салу жобасы әзірленіп жатыр.

Бүгінгі таңда ең басты мәселелердің бірі қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау.

Құқық қорғау органдары жүргізген жұмыс қорытындысы бойынша есеп беру кезеңінде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 38%-ға, оның ішінде ауыр қылмыс түрлері – 24%-ға, аса ауыр қылмыс – 2 есеге, кісі өлтіру – 11%-ға төмендеген. Сондай-ақ, 2018 жылмен салыстырғанда күшпен алушылық – 100%-ға және бұзақылық – 48%-ға төмендеді.

Құқық қорғау органдарының жұмысына қолайлы жағдай жасау мақсатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен Шахан кентінің полиция бөлімін жөндеу жұмыстары аяқталды.

 

Құрметті кездесуге қатысушылар!

 

Мемлекет басшысы бізді, яғни атқарушы билікті, азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап бере алатын «Тыңдайтын мемлекеттің» тұжырымдамасын іске асыруға шақырады. Өйткені билік пен қоғамның тұрақты диалогы арқылы ғана қазіргі геосаясаттың контекстіне енгізілген үйлесімді мемлекет құруға болады. Өз тарапымнан айтарым, мұның алдында да айтқан болатынмын, қаланың  ниет білдірген әр тұрғыны өзіне ыңғайлы кез келген интернет ресурсты, фейсбукты, Instagram-ды пайдалана отырып, маған тікелей сауал қоя алады. Сонымен қатар, өздеріңізді толғандыратын барлық сауалдарға жедел шешім қабылдау және әрекет ету үшін Телеграмда чат құрылған болатын, оған қала әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің барлық басшылары, сондай-ақ менің орынбасарларым қосылған.

Өткен жылы қала әкімдігі мен оның құрылымдық бөлімшелеріне 2 мың 510 өтініш келіп түсті (2018 жылы – 2357), 273 адам жеке қабылдауда болды (2018 жылы – 243).

Өтініштерге жасалған талдау тұрғын үй мәселесі, коммуналдық-тұрмыстық сипаттағы мәселелер, жер учаскелерін бөлу, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері халық үшін аса түйіткіл мәселе екенін көрсетті.

Келіп түскен барлық өтініштер тұрақты бақылауда.

Ел Президентінің Мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған Мемлекеттік қызмет көрсету аясындағы негізгі міндеттердің бірі мемлекеттік қызметшілердің халықпен тікелей байланысын азайту болып табылады.

2019 жылы Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес атқарушы органдар 95 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 23 538 қызмет көрсетті.

«Электрондық үкімет» бастамасын кеңінен таратуға және электрондық цифрлық қолтаңбаны жаппай таратуға аса көңіл бөлінді. Мәселен, 2019 жылы электрондық нысанда көрсетілген қызметтердің үлесі өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артты (және көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы көлемінің 41%-ын құрады). Мемлекеттік корпорация арқылы 6 685 қызмет көрсетілді, бұл 2018 жылдың сәйкес көрсеткішінен 8% жоғары. Қағаз түрінде 7 181 қызмет көрсетілді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 32% төмендеді.

Электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында халықты цифрлық сауаттылыққа оқытуға көп көңіл бөлініп келеді. 2019 жылы бюджет қаражаты есебінен әртүрлі санаттағы 4 907 адам «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» бағдарламасы бойынша білім алып, сертификат иеленді.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі – мемлекеттің басты басымдығы. Сондықтан қызмет көрсетушілердің міндеттерінің бірі мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызмет алу кезінде қажетті қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдары қызметкерлерді шақыру тетіктерімен жабдықталған. Сонымен қатар, Брайль рельефті-нүктелі қарпінде жазылған ақпараттық тақтайшаларды, тактильді плиткаларды орнату, сондай-ақ пандустарды құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес  орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Құрметті кездесуге қатысушылар!

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы аясында Шахтинск қаласының атқарушы органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы жөніндегі жұмысына қатысты ақпаратты баяндауға  рұқсат етіңіздер.

Шахтинск қаласында және қала маңындағы кенттерде атқарушы органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды  жүргізіп келеді.

Барлық мемлекеттік мекемелерде «Сенім телефондары» жұмыс істейді, олардың нөмірлері жергілікті «Шахтинский вестник» газетінде және қала әкімдігінің сайтында жарияланады. Мекеме ғимараттарында жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін қабылдауға арналған пошта жәшіктері, бірінші басшылардың азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау кестесі ілінген.

Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тарауы ашылды. Оған қоса Интернет-қабылдау тарауы жұмыс істейді (осы ұсыныстарды сайтта ашық түрде орналастыратын  блог нысанында).

Жыл сайын қаланың және іргелес кенттердің мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға бағытталған ішкі талдау жүргізіледі. Өткен жылы мемлекеттік қызметшілер арасында мүдделер қақтығысы, сондай-ақ өзіне қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері анықталған жоқ.

Сондай-ақ, халықтың құқықтық сауаттылығын және хабардар болуын арттыру мақсатында «Шахтинский вестник» қалалық газетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына үнемі мақалалар жарияланады. 2019 жылы 25-тен астам мақала жарияланған.

Қала әкімінің төрағалығымен Шахтинск аймағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі  комиссия (3 отырыс өткізілді), сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі «Болашаққа - парасыз, Бірге!» атты мобильді топ жұмыс істейді (ұйымдарға 42 рет шыққан).

Құрметті қала тұрғындары!

 

Соңында өткен жылғы есеп беру кездесулерін өткізу  барысында тұрғындар тарапынан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру барысы туралы қысқаша баяндап өтуге  рұқсат етіңіздер:

2019 жылдың қаңтар және ақпан айларында кент әкімдерінің кенттердің тұрғындарымен 4 есеп беру кездесуі және Шахтинск аймағының тұрғындарымен менің 1 есеп беру кездесуім өткізілген болатын Кездесу қорытындысы бойынша нақты шаралар қабылдау үшін халықтың 22 ұсынысы  бақылауға алынып, оларды орындау жөніндегі іс-шаралар әзірленді. Әр ұсыныстың орындалу мерзімдерін белгілей отырып, оларды орындауға жауапты тұлғалар анықталды. Барлық ұсыныстар белгіленген мерзімдерде орындалды.

Айтылған ұсыныстарға сәйкес, жыл басынан бастап келесі жұмыстар жүргізілді:

Северо-Западный кенті бойынша:

Тұрғындардың Сенная көшесіндегі су құбыры желілерінің құрылысына ЖСҚ дайындау туралы өтініші бойынша, ЖСҚ әзірленіп, желілер қаланың орталық сумен қамтамасыз ету жүйесіне қосылған.

 №8 мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізуге қатысты мектептегі температуралық режимнің сәйкес еместігіне байланысты қазіргі кезде қазандықты қайта құру мәселесі маңызды болып тұр, бұл іс-шараға 2020 жылға арналған бюджеттен бюджеттік қаражат бөлінді. Бұл жұмыстарды аяқтау нәтижесінде үнемделген қаражат есебінен аумақты абаттандыру сметасы әзірленеді және бюджеттік өтінім берілетін болады.

Абаттандыру жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қарастыру бойынша Северо-Западный кентіндегі теміржол жолдары арқылы өтетін өткелге комиссиялық тексеріс жүргізу  үшін  «АрселорМиттал Темиртау» АҚ Қарағанды Жүк-көлік басқармасына хат жолданған болатын, бұл хатқа жазбаша бас тарту туралы жауап келді. Северо-Западный кентіндегі теміржол жолдары арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткеліне үнемі көк тайғаққа қарсы материалдар себіледі.

Долинка кенті бойынша:

Долинка кентіндегі құдықтарға қызмет көрсетілуіне бақылау жасау үшін кәріз, су құбыры және Қазақтелеком желілеріне жататындығын анықтау үшін кентте ревизия жүргізілуде. Қазіргі кезде 53 құдық тексерілген. Құдықтардың қақпағын жабу жұмысы ашық құдықтардың анықталуына қарай үнемі жүргізіледі.

Долинка кентінің абоненттерін су құбыры желісіне қосу мәселесі бойынша қадамдық алгоритм  дайындалған және ол кент тұрғындарына жеткізілген. Аулаларды аралау қорытындысы бойынша су құбырларына қосылуға ниет білдіргендер саны 518 абонент, бүгінгі таңда 68 абонент желіге қосылды.

Тұрғындардың № 5 «Шахтинск қаласы–Долинка кенті-Жартас ауылы» автобусы қозғалысының бағыттық кестесін дұрыстау туралы өтінішіне 2019 жылы барлық қала маңындағы бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдауға  168,3 млн. тенге қаржы бөлінді, 2020 жылға арналған бюджетте 252 млн. тенге сомада ақша қаражаты қарастырылған, ол өткен жылғы деңгейден 49,7% артық, бұл шаралар бағыттық қозғалыс кестесін дұрыстауға мүмкіндік береді.

Новодолинский кенті бойынша:

Новодолинский кентінің Торговая көшесінен Садовая көшесіне дейін көше жарығын қалпына келтіру мәселесі бойынша 2019 жылы 42 көше жарығы тірегі орнатылды және іске  қосылды (8 млн.525 мың теңге).

«Қазақстан Халық банкі» АҚ банкоматын пайдалану кезінде оны қолдануға қолайлы болу үшін банкоматқа корпоративтік күнқағар онатылған.

№ 11 мектеп аумағында велосипедтерге арналған тұрақ орнату мәселесіне қатысты 2019 жылдың  қыркүйек айында тиісті жұмыстар жүргізілген.

Шахан кенті бойынша:

Қазандық құрылысы бойынша 2019 жылдың 27 шілдесінен жұмыстар жүргізіле бастады, бұл жұмыстар  кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Тұрғын үйге мұқтаждар адамдарға пәтер беру мақсатында 3а-4а ықшамауданындағы № 14 үйде орналасқан 7 пәтерді коммуналдық меншікке ауыстыра отырып, заң тұрғысында тазалау жұмыстары жүргізілді. Қосымша 50 пәтерді коммуналдық меншікке тапсыру жоспарланып отыр.

Тұрғындардың Шахан кентіндегі стадионның негізгі ғимаратын жөндеу жұмыстарын аяқтау туралы өтініші бойынша, бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, мердігер демеушілік көмек көрсеткен, кабельді брондалған кабельге ауыстырып берілді (АВБбШв 4*16 мм, жалпы ұзындығы 340 метр).

Тұрғындардың кент кәсіпкерлерін шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға тарту үшін «Даму» қорын, «Ауылшаруашылығын қаржылық қолдау» қорын және ЕДБ тарта отырып, кентте семинарлар өткізу қажеттігі туралы ескертулері бойынша аймақ кенттерінде ағымдағы жылда 4 семинар өткізілген.

Шахтинск қаласы бойынша:

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасқандардың санын арттыру туралы өтініш бойынша мен алдында айтып кеткендей, бұл бағыттағы іс-шаралар толық көлемде орындалды.

Шахтинск қаласында ДСК құрылысын бастау мәселесі бойынша жалпы құрылыс жұмыстары 2019 жылдың 1 қыркүйегінен басталды.   Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

«Салтанат» бала бақшасына өтетін жолдарды жөндеуге қатысты, жазғы кезеңде ой-шұңқырларға ұсақ тастар себілген. Биылғы жылы  бұл учаскеге ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Қала тұрғындарының Шахтинск қаласындағы тұрғын үйлердегі аншлагтарға ревизия жүргізу қажеттігі туралы ескертулері бойынша бұл жұмыс жүргізілді. Жетіспейтін аншлагтар орнатылды және жарамсыз аншлагтар ауыстырылды.

40 лет Победы көшесіндегі 63 үй тұрғындарының ауыз су қысымының нашарлығы және жылумен жабдықтаудың сапасыздығы туралы шағымы бойынша жалпы үйге ортақ су тартқышқа комиссиялық тексеріс жүргізілген, нәтижесінде жылу беру жүйесі дұрыс жұмыс істейтіндігі, ал ас суы қысымының нашар болу себебі жер төле жайындағы жалпы үйге ортақ су құбыры желілерін ауыстыру барысында кондоминиум су тартқыштың диаметрін кішірейткені анықталды.   Осыған байланысты үй басқарушыға анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсыныс берілді.

            Виктор Хара көшесіндегі 3 үйдегі дүкенді орталық жылу беру жүйесіне қосу қажеттігі туралы мәселе бойынша «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС кәсіпкерге дүкенін жылумен жабдықтау жүйесін жобалауға арналған техникалық шарттарды берді. Дүкен өткен жылдың қазан айында орталықтан жылу беру жүйесіне қосылған.

Кәсіпкерлердің өтініші бойынша Шахтинск қаласында кәсіпкерлер арасында заңнаманың шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға несие алу бөлігін түсіндіру туралы семинарлар өткізу жұмысы жалғасытырылып жатыр. Мәселен, 2019 жыл ішінде 5 семинар өткізілген.

40 лет Победы көшесіндегі №75 үй аумағындағы тротуардың кеспе тастарын қалпына келтіру мәселесі бойынша 2019 жылдың қыркүйек айында кепілдік міндеттемелер аясында тротуар қалпына келтірілді.

Абай Құнанбаев даңғылындағы №78 үй аумағындағы жылу трассасын қымтау мәселесіне қатысты барлық тиісті жұмыстар жүргізілді. 

Есеп беру кездесулері барысында тұрғындардан келіп түскен  ескертулер мен ұсыныстарды орындауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы ақпарат ай сайын ресми сайтта орналастырылады және тоқсан сайын «Шахтинский Вестник» газетінде жарияланады.

 

Құрметті Шахтинск қаласының тұрғындары!

Өткен жылды қорытындылай келе, біз ауқымды жұмыс атқардың және әлі де атқаратын жұмыстар аз емес.

Биылғы жылы біз қаланың және жапсарлас кенттердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жалғастырамыз.

Сіздердің өмірге деген белсенді көз-қарастарыңыз  біздің жұмысымыздағы кемшіліктерді көруге және оларды жоюға ықпал ететіндігін атап өткім келеді. 

Мен баршамыз бірлесе отырып, сіз бен біз болып, алға қойған мақсаттарға қол жеткізетіндігімізге сенімдімін.

 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 14.02.2020 17:20

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 17°C , ылғал 40%, қысым 705, жел 13 м/с

Валюта бағамдары

USD 439.01
Euro 474.61
Рубль 5.75

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары