www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Долинка кенті әкімінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы өтетін Северо-Западный кенттері тұрғындарымен есеп беру кездесуіне баяндама

Долинка кентін 2015 жылы
әлеуметтік – экономикалық дамытуды
қамтамасыз ету бойынша
Долинка кенті әкімі аппаратының қызметі туралы
ЕСЕП

Құрметті кент тұрғындары, құрметті шақырылғандар!

         «Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметінің басымдылығын  кентті әлеуметтік – экономикалық дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, біздің қызмет мемлекеттік бағдарламаларды, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, жоғары тұрған басшылықтың тапсырмаларын іске асыруға, халықтың экономикалық тұрақтылығын және әлеуметтік салауаттылығын қамтамасыз етуге шақырылған дағдарысқа қарсы шараларды орындауға бағытталған.
Өткен 2015 жылды қорытындылауға және өткен кезеңде біздің атқарған жұмыстар туралы есепті ұсынуға рұқсат етіңіздер.   Одан әрі біз сіздермен осы есепті талқылап, кентті әрі қарай дамыту жоспарларымен перспективаларын анықтаймыз.
Долинка, Северо – Западный және Сангородок кенттерін дамытуға жергілікті бюджет есебінен 2015 жылы 21,6 млн.тг. бөлінді. 
Осы қаражат есебінен келесі іс – шаралар атқарылды:
абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық жағдай.
 Балалар бос уақыттарын өткізулері және дене шынықтыруды дамытулары үшін тұрғындардың өтініштері бойынша Южный тұйық көшесінің ауданында балалар спорт – ойын алаңы орнатылды, слайд әлеуметтік ақпарат бар баннерлер дайындалды және әр түрлі объектілірде орналастырылды.  
Кент  аумағының сыртқы көрінісін  тазарту және жақсарту мақсатында, 28 «Таза бейсенбі» және 14 сенбіліктер өткізілді, оларға тұрғындар, кәсіпкерлер және барлық меншік түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындар қатысты. Абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша іс – шараларды өткізу кезеңінде, бюджеттік ұйымдардың күштерімен ағаштардың жандарындағы өсінділерді кесу, қоқыс пен жапырақтаржы жинау, шөптерді шабу жүргізілді, 740 ағаш әктелді.
Иттер мен мысықтарды асырудың бекітілген ережесіне сәйкес, ағымдағы жылы 13 қаңғыбас ит ұсталынды.
          Жаңа жылды мерекелеу қарсаңыда кенттің орталық алаңыда Жаңа жыл шыршасы, қардан таушық және жарық диодтты бейне орнатылды, құттықтау банннерлері де орналастырылды.
         Елді мекендердің жолдары және көшелерді жарықтандыру.
Жергілікті бюджет есебінен жалпы созымдылығы 3000 шаршы метр болатын Джамбула көшесі бойынша автомобиль жолын орташа жөндеу бойынша жұмыстар аяқталды. Жалпы ауданы 708 шаршы метр болатын Гаражная көшесінің және Заводской тұйық көшесінің автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізілді.  
     Облыстық маңызы бар жолдарды сақтауды республикалық бюджет есебінен «Улан» ӨК қамтамасыз етті, кент жолдарына жергілікті бюджет есебінен «Умерханов» ЖК қызмет көрсетті, ол қысқы және жазғы мезгілде 112 сағаттар артық жұмыс атқарды, жолдарды тазалау және жоспарлау жүргізілді. Барлық осы шаралар жолдарда жүруді жақсартуға мүмкіндік берді және қауіпсіз жол қозғалысын қамтмасыз етуге септігін тигізеді.
     Кенттің көше жарығын сақтауға қатысты келесі жұмыстар жүргізілді: 51 дана көлемінде істен шыққан шамдарды ауыстырылды, жарық шамдары, изоляторлар, автоматты сөндіргіштер, гельдік аккумуляторлар, электр энергиясы есебінің құралы, ауыстырылды және жөнделді, сымдарды тартылды және ауыстырлды, тіреуіштер жөнделді. Көше жарығында пайдаланылған электр энергиясына төлем жүргізілді. Қазіргі уақытта кенттерде 223 жарық нүктелері қызмет етеді.
Санитарлық тазалау
Санитарлық – эпидемиялық жағдайдың саламаттылығын сақтау мақсатында, қоқыстың стихийялық жиналу орындарынан жергілікті бюджет есебінен 522 кубметр қатты – тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Сонымен қатар ағымдағы жылы біз тұрғындармен 14 жиын өткіздік, халықтың өз күшімен қоқыс шығару үшін қаражат жинауға жауапты тұлғалар тағайынжалды, нәтижесінде 26 қоқыс алаңынан қатты – тұрмыстық қалдықтарды шығару жүргізілді, 1000 м³ астам ҚТҚ шығарылды. Кенттің белсенді тұрғындарының қатсықандықтарын атап өткен жөн: олар Рахлеева   Галина  Михайловна, Квасова Наталья Николаевна, Вайцехович Николай Александрович, Захаров Сергей Иванович, Кретова Ольга Ивановна. Кент әкімінің аппараты кенттік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен берлесіп санитарлық рейдтер өткізді. Жылдың басынан бастап кенттік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік құқық бұзушылықтарға 230 әкімгілік хаттама құрды, оның ішінде 102 хаттама бойынша 1 млн. 93 мың 73 теңге соммасына әкімшілік айыппұлдар салынды, 94 мың 145 теңге өндірілді, жұмыстар жалғастырылуда.
Электрмен қамтамасыз ету.
Кенттерге электр энегриясын жеткізумен бірнеше ұйым айналысады.
Кенттегі электрмен қамтамасыз етуші ұйымдар болып «Расчетный Сервисный Центр» ЖШС және «Жезказганэнергосбыт» ЖШС табылады, желілерге қызмет көрсетумен «ЭнергияСтрой» ЖШС және «КРЭК Абайский РЭС» ЖШС айналысады.
Электр желілерінің иесі Ю.Н. Мусаевқа өткен жылы электр энергиясын беру және бөлуге егер ол, кенттің электр желілеріне күрделі жөндеуді инвестицияласа  жаңа тариф бекітілді, соның нәтижесінде қазан айынан бастап желтоқсан айына дейін Долинка к. электр шаруашылығына күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізді. 64 дана ескі ағаш тіреуіштерді темір бетонды тіреуіштерге және созымдылығы 8,7 км. электр сымдарын ауыстырылды, ол өз кезегінде ГРП ауданында авариялық жағдайларды төмендетті.
«КРЭК» ЖШС – Абай ауданы, 0,4кВ әуе желілеріне түгендеу жүргізді және электр желілерін өтетін аймақтағы ағаштарды кесті. 

 

Телефон байланысы, интернет.
Телефон байланысымен және интернетпен қамтамасыз ету бойынша қызметтерді ұсынатындар:
- «Казахтелеком» АҚ, барлық абоненттер -344( 2015 жылы 12 абонент қосымша қосылды).
- «Ремстройсервис» ЖШС – барлық абоненттер-150. Өткен жылы телефон желісіне қосымша 3 абонент қосылды.
«Казахтелеком» АҚ Интернет-Мегалайн желісіне– 199 абонент қосылды (2015 жыды – 33 абонент).
         «Ремстройсервис»  ЖШС интернет желілеріне 69 абонент қосылған (2015 жылы қосымша – 5 абонет қосылды).
Әлеуметтік қорғау және халықтың жұмыспен қамтылуы.
        Долинка кентінде статистика мәліметтері бойынша халық саны 5046 адамды құрайды.
Оның ішінде:    
Экономикалық белсенді халық - 2981 адам;
Зейнеткерлер-1366 адам;
Оқушылар - 405 адам;
Мектеп жасына дейінгі балалар-292 адам;
ҰОС қатысушылары -2 адам.
Біздің жұмыстың негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саланы дамыту болып табылады. Бәрінен бұрын ол, халықты әлеуметтік қорғауға, оның аз қамтылған салаларына, саясатқа, жұмысқа орналасуға көмек көрсету есебінен қамтмасыз етілетін тұрақты жұмыспен қамту саясатына, кәсібидайындық және қайта даярлыққа, қоғамдық жұмыстарға, өз іс терін ашуға материалдық көмек беру арқылы жұмыссыздардың өздіктерінен жұмыспен қамтылуларына қатысты. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауында жаңа әлеуметтік саясат дайындау тапсырмасын алға қойды. Көлемді қысқа мерзімді қайта дайындау, кадрлық біліктілікті арттыру қайта ұйымдастырылатын болады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын кредиттеу кеңейтіледі. Мемлекеттік атаулы көмек тек қана мұқтаж азаматтарға, олардың нақты кірістерінің және өмірлік жағдайларының негіздерінде көрсетілетін болады.
Жұмыссыздықты сақтау жөніндегі іс – шаралар аясында, Долинка кенті әкімінің аппараты жұмыс берушілермен жұмыс орындарын қысқарпау туралы келісушіліктер юолды. 5 жеке кәсіпкерлермен және 5 ұйымдармен 10 меморандумдарға қол қойылды.
«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және Долинка кенті әкімінің аппараты арасында 2015 жылға арналған қоғамдық – ақылы жұмыстарды орындауға шарт жасалды, барлығы 24 адам әрекеттестірілді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын орындау шеңберінде Джамбула көшесі бойынша жолды орташа жөндеуге 5 адам қатысты, әкімдік ғимаратын жөндеуге 2 адам қатысты. 
Жылдың басынан бастап жұмыспен қамту қызметіне 78 адам жүгінген, оның ішінде жастар - 31 адам. Жұмыспен 66 адам қамтылды, оның ішінде жастар – 30 адам, ол жүгінгендердің 85 % құрайды.
Жұмыссыздар есебінде – 4 адам тұр, жұмыспен қамту қызметі қоғамдық жұмыстарға – 13 адамды жолдады, оның ішінде жастар – 3 адам. 11 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 305 мың теңге соммасы төленді 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы 9 алушыларға 150 мың теңге көлемінде төленді. Жұмыспен қамту орталығында 3 аз қамтылған отбасылары есепте тұр. Бюджеттен тыс қаражат есебінен 3 адамнан тұратын 1 отбасына 20 мың теңге соммасына қайырымдылық әлеуметтік көмек көрсетілді.
2014 жылмен салыстырылған талдау, жұмыссыздардың азайғандықтарын, әлеуметтік төлем көлемі артып жатқандығын көрсетеді.
«Наурыз Мейрамы» мерекесін өткізу кезінде спорттық іс – шаралар, концерттік бағдарламалар өткізілді және кент тұрғындарына тәттілер таратылды. Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістін 70 жылғында, қаттар күнінде, соғыс ардагерлерінің және тыл қызметкерлерінің туған күндерінде сыйлықтар берілді. Балаларды қорғау күнінде О.Н. Омельницкий ЖК балмұздақ түрінде демеушілік көмек көрсетті. Кеншілер күні мерекесі қарсаңында біздің құрметті кешілер құттықталды және сыйлықтар берілді. Қарттар күнінде қозғалу мүмкіндіктері шектеулі еңбек ардагерлеріне және тыл қызметкерлеріне үйлерін аралай отырып сыйлықтар берілді. Төрт баласы бар Вострикова Аннаның аз қамтылған отбасына азық – түлік жиынтығы, балалар ойыншығы және киім түріндегі демеушілік көмек көрсетілді. Жаңа жылға қарай әкімнің қайырымдылық шыршасы өткізілді, Долинка кентіндегі 15 балаға және Северо – Западный кентіндегі 5 балаға тәртті түріндегі сыйлықтар берілді.  Біздің депуттар  Максат Секеновна Муратбековаға, Маршида Раисовна Кадыроваға және Анатолий Федорович Степановиқа әр түрлі мәселерді шешу бойынша жан – жақты көмек көрсеткендіктері және олардың ықыласты қатынастары үшін ерекше алғыс білдіргім келеді. 
Денсаулық сақтау.
Халықтың денсаулық жағдайының дәрежесі кенттің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамыту шарасын анықтайды. Біздің кенттердің денсаулық сақтау жүйесі «Долинка кентінің емханасы» КМҚК және «Северо -Западный кентінің емханасы» КМҚК берілген. Долинка кенті емханасының бөлімшесінде дәрігер – терапевт, жалпы тәжірибедегі дәрігер, күндізгі станционар дәрігері қабылдаулар жүргізеді.  Қызмет көрсетілетін халық саны – 4188 адам, оның ішінде; ереске халық - 3475 адам, жасөспірімдер мен балалар – 713 адам. Емханада  дезинфекциялық - стерилизацялық режимге, флюорографиялық тексерулерден уақытында өтуге, фтизиатрия және егуді уақытында алуға бақылау жүргізіледі. Балаларды иммундық алдын – алу бойынша қамту 97% құрайды. 
Северо-Западный кентінде Шахтинск қаласы емханасының бөлімшесі қызмет етеді.  Қызмет көрсетілетін халық саны – 1296 адам, жасөспірімдер мен балалар саны – 400 адам.  2 дәрігер қабылдау жүргізеді:  дәрігер-терапевт және дәрігер-педиатр. Балаларды иммундық алдын – алу бойынша қамту 93,5% құрайды.
Сонымен қатар, Долинка кентінде жедел жәрдем станциясы бар, жедел жәрдем жұмыскерлерінің штаты 8 адамды құрайды, сонымен қатар:
Фельдшерлер -4 адам.
Жүргізушілер -3 адам.
Санитар-1 адам.
1 бірлік көлемінде автокөлік бар. Дүйсенді, сәрсенбі, жұма және демалыс күндері кент тұрғындарына Долинка кентінің жедел жәрдем машинасы қызмет көрсетеді, сейсенбі және бейсенбі күндері халыққа Новодолинский кентінің жедел жәрдем машинасы қызмет көрсетеді.
Білім беру және спорт.
Кенттік мектептегі оқушылар саны 267 адамды (соның ішінде 20 оқушы «мектеп алды даярлық» сыныбында) құрайды, шағын – орталық қызмет етеді. Балалар шағын – орталығының саны – 43 адам, Шахтинск қаласындағы басқа балабақшаларға баратындар саны – 18 адам. 
Ұстаздар құрамы 28 ұстазды және 4 тәрбиешені құрайды. Компьютерлік сынып бар. Өткен жылы мектеп бейне бақылау жүйесімен жабдықталды, ғимараттың әр жерінде 16 бейне камералары орнатылды, жіберу жүйесі қалпына келтірілді, ол өз кезегінде оқушылардың қауіпсіздіктеріне және тәртіптеріне әсер етеді.  «Қамқор» акциясының аясында 25 оқушыға 28 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді.  Білім берудегі қол жетімділіктің маңызды аспектілерінің бірі оқушыларды әлеуметтік қолдау болып табылады. Демеушілік көмек арқасында 3 отбасының балалары кеңсе қажеттіліктерімен, киіммен және аяқ - киіммен қамтмасыз етілді. 
Біздің мектепте «Шпаргалка» атты терең атауы бар газет шығарылады, онда мектептің ішкі өмірі айтылады, сонымен қатар онда волейбол, футбол және карате секциялары да бар.
Спортты дамыту және салауатты өмір салтын қолдау үшін кент аумағында  спорттық құрылымдар қызмет етеді, ал балалар үшін балалар спорт – ойын алаңдары қызмет етеді.
9 мамыр Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс күнінде кентте көпшілік спорттық іс – шаралар өтті, оған тұрғындар белсенді қатысты.
Кенттің орталық алаңыда 21 наурызда «наурыз Мейрамы» мерекесіне арналған спорттың келесі түрлері бойынша жарыстар өтті: қазақ-күресі, гір спорты, дартс, армреслинг, арқан тартыс.  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне «қазақ- күресі» бойынша кент ашық біріншілігі өтті.  Шахан кентінде 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне арналған спартакиада Шахтинск аймағының кенттері арасында өткізілді, онда біздің команда жалпы командалық есепте 1 – ші орынға кубок ұтып алды.
Мәдениет.
Долинка кентінде 3 мемлекеттік мәдениет объектілері қызмет етеді:
«Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу» мұражайы, Шахтинск қаласы мәдениет үйінің Долинка кентіндегі филилалы, Шахтинск орталық кітапхана жүйесінің №11 кітапхана филиалы, онда әр түрлі іс – шаралар өткізіледі.
«Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу» мұражайында әр түрді семинарлар, суреттер көрмелері, слайдтар көрсетілімі, экспозициялық залдар бойынша қызықты экскурсиялар, тақырыптық кездесулер өткізіледі, сонымен қатар жыл сайын «Мұражайдағы түн» атты театрланған қойылым болады, оған барушылардың саны сыйымдылығы шегінен үнемі артуда.
Мәдениет үйінде халықты мәдени, спорттық қызметке тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. 2 вокалдық үйірме, қызмет, хореографиялық үйірме, бейнелеу өнерінің үйірмесі, қолданбалы өнер үйірмесі қызмет етеді, оларға кент тұрғындары бос уақыттарында барады.  Кентте байқаусыз қалмайтын өз өнершілері бар.  Сонымен қатар, бізде жастар орталығы қызмет етеді, олар МҮ филилалымен бірлесіп мерекелік іс – шаралар өткізеді, онда жастар санынан тұратын, мұқтаждарға көмек көрсететін волонтерлер бар, бұл орталықта тағы «СӨС» (саламаттыөмір салты) атты үйірме жұмыс істейді.
Біздің кітапхананың тұрақты оқушылар құрамы бар.  Онда әр түрлі сипаттағы кез – келген талғамға кітаптар бар -  танымдық, көңіл көтеретін және ғылыми. Кітапхананың кітап қоры - 14838 кітапты құрайды. Барлық оқушылар саны – 1048 адам. Кітап беру – жылына 19417 кітапты құрайды. Барушылар саны – 8907 адамды құрайды.
  2015 жылы кенттердегі әлде қайда маңызды іс  шаралар Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқының ассамблеясына, Саяси қуған – сүргін құрбандарын еске алу күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне, Тұңғыш Президент күніне, Конституция күніне, Астана күніне, Наурыз мейрамына арналды.  31 мамырда аумақта саяси қуған – сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған жалпы облыстық митинг өтті.   Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мерекесін өткізуге орай ҰОС ардагерлеріне және тыл еңбекккелеріне құрмет көрсетілді, тұрғындарға дала асханасы, мерекелік концерт, түскі ас ұсынылды. Қарттар күнінде мерекелік концерт, кейін еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне дастархан жаюмен жалғастырылаы отырып өткізілді. Кенттегі барлық меркелер достастық және өзара түсіністікпен өтеді.    
Құқықтық тәртіп. 
Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Полиция мен халық арасындағы өзара байланысты және сенімді қатынасты нығайту үшін ашық есіктер күні, ұжымдармен кездесулер өткізіледі, халық жиналыстарымен жиындарына қатысады, қоғамдық қабылдау және снім телефондарының жұмыстары ұйымдастырылған.
2015ж. Долинка кенттік полиция бөлімі «Құқықтық тәртіп», «Қару», «Жасөспірім», «Қадағалау», «біздің аула» және басқа да жедел – алдын алу іс - шаралары өткізді.
Кенттің учаскелік полиция инспекторларының алдын – алу қызметтерінің тиімділікігін арттыру бойынша белгілі жұмыстар атқарылды. Оларға қоғамдық тәртіпті және азаматтардың жеке қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету, қылмыстарды алдын – алу, болдырмау және ашу, құқық бұзушылықты жеке алдын – алу жүктелген. Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықты болдырау мақсатында, Біз кенттің білім беру мекмелерінің оқушыларымен ағымдағы жылы кездесу өткіздік. Криминалисттік қамтамасыз етуге, жедел – іздестіру іс – шараларының, тергеу әрекеттерініңспаларын арттыруға негізгі назар аударылады. 
Соның нәтижесінде қылмысты ашу 2014 жылмен салыстырғанда 11,3% өсті.
Өткен кезеңде азаматтар мен ұйымдардан қылмыстар мен оқиғалар туралы 652 өтініш, шағым тіркелді, 2014 жылы – 665, төмендеу 1,9% құрайды.
Әкімшілік қамауға 2014 ж. - 183 адам, 2015 жылы – 116 адам тартылды, төмендеу 36,6% құрайды. Елді мекемдердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғандары үшін 230 бұзушыға әкімшілік айыппұлдар салынды. Қоғамдық резонанс тудырған жағдайлар БАҚ жарияланды. 
Ауыл шаруашылық.         
Адам қызметінің ең көне салаларының бірі ауыл шаруашлығы болып табылады. Ол қызмет адамды дамытуға ерекше рөл ойнады және қазіргі экономикада өте маңызды орын алады. 
Долинка кенттік округінде 7 шаруа қожалықтары тіркелген, олар өсімдік шаруашлығымен, мал шаруашлығымен, құс шаруашылығымен айналысады. Кенттер тұрғындары жеке аулаларда ірі қара мал, қой – ешкі және  құс ұстайды. 2014 жылмен салыстырғанда мал басының саны және мал шаруашлығының негізгі өнімі өндірісінің оң динамикасы байқалады, ол жүргіілген бірдейлендіру салдарынан, сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тұрақты қолдау нәтижесінде туындады. 
Әр шаруашылық есебі кітабының мәліметтері бойынша кенттерде өткен жылмен салыстырғанда байқалғаны:
ІҚМ 2014 ж. - 674 бас, 2015ж. -808, ұлғаю 19,8% құрайды.  
ҚЕ 2014 ж.-1105 бас,  2015ж. – 1247, ұлғаю 12,8% құрайды.  
Жылқылар 2014ж. - 115 бас,  2015 ж.-108, төмендеу 6,0% құрайды. 
Шошқалар 2014ж. - 430 бас, 2015ж.-603, ұлғаю 40,2% құрайды. 
Құс 2014ж.- 3770 дана,  2015ж.-3920, ұлғаю 3,9% құрайды.
Халықтың өмір сүру деңгейі көбінесе жеке ауланы дамытудға байланысты. Бүгінгі күні кент тұрғындары мал шаруашылығын дамытуға қатысты  жанданды, олар қазіргі күнде сұранысқа ие ет және сүт өнімдерін базарға жеткізеді, ол өз кезегінде сауда саласында біздің республикада импортты ауыстыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар кент өзінің картобымен, қиярымен және басқа да өнімдерімен танымал. 
Шағын және орта бизнесті дамыту.                 
Қазақстан Республикасы Президентінің  «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауында қойлған тапсырмаларды іске асыру және кәсіпкерлікті дамыту, сонымен қатар шағын бизнесті қолдау бойынша іс – шараларды орындау мақсатында, Долинка кенті әкімінің аппаратында кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың жоспары дайындалды және бекітілді. 
Бүгінгі күні үш кентте 35 ШОБ объектілері әрекет етеді, соның ішінде: дүкендер – 24, дәріхана – 2, АЗС – 2, АГЗС – 2 , қоғамдық тамақтану кәсіпорындары – 1, шаштараз – 3, пластиктік терезелер дайындау бойынша цех, газ баллондарын іске асыру және жеткізуді «Хантер АГЗС» ЖШС Қарағанды филиалы жүзеге асырады.   Осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 349 адам.  Кәсіпкерлік субъектілерінің артуы анық көрінуде, ол біздің кәсіпкерлермен бірлескен жұмысымыздың және оларды қолдауымыздын он динамиасы. 
Дағдарысқа қарсы және тұрақтандыру іс – шараларының жоспарын орындау мақсатында, кент әкімі аппараты және кәсіпкерлер арасында негізгі азық – түлік тауарларына бағадарлы тұрақтандыру туралы 24 меморандум, сонымен қатар дәрілік заттарға 2 меморандум жасалды және қол қойылды, негізгі азық – түлік тауарларына, дәрілік заттарға бағаны негізсіз көтеруді болдырмау туралы меморандум тармақтарын түсіндіру үшін кәсіпкерлермен кездесулер өтеді.  Бірақ, сонымен қатар бұл жұмыс бір бағыттағы тәртіпте өтпейді, әңгіме үлгісінде біз үнемі әр түрлі кездесулер өткіземіз, оларға әр түрлі қаржы құрылымдарының өкілдері шақырылады.
Шахтинск қ. кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімімен, Шахтинск қ. жұмыспен қамту орталығымен, сонымен қатар Шахтинск қ. мемлекеттік кіріс басқармасының мамандарымен бірлесіп жыл ағымында шағын және орта бизнес субъектілеріне Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгертулерді түсіндіру бойынша кеңестер өтті, семинарлар өткізілді, әдістемелер, буклеттер таратылды, бизнес – жоспарларды ақысыз дайындауға көмек ұсынылды. 
Кенттің кәсіпкерлері өз бизнестерін кеңейтумен белсенді түрде айналысуда, оны олар банктер және шағын кердиттеу ұйымдары арқылы инвестициялайды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын орындауда өткен жылы Шахтинск қ. жұмыспен қамту орталығына жылыжайдың құрылысына Азимов Казимжан Ярматович өтініш берді және несие алды, ол 2016 жылы жылыжайды ашуды және көкөністер өсіру бойынша жұмысты жалғастыруды жоспарлауда.  Бүгінгі күні шағын және орта бизнестің жаңа субъектілерін ашу бойынша жұмыс жалғастырылуда, жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлерге барлық жағдайлар жасалды. 
Мемлекеттік қызметтер көрсету.    
Президенттің «"Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ерекше назарды мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруға аудару қажет». «Міндет – мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем көзқарастардан арылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуге көшу» деген болатын.
Долинка кенті әкімінің аппаратында 16 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, соның ішінде:   
- әлеуметтік сала – 4 қызмет;
- жер қатынастары – 2 қызмет;
- азаматтардың хал актілерін тіркеу желісі бойынша – 8 қызмет;
- білім беру -1 қызмет;
-жеке қосалақы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру -1 қызмет.
Мемлекеттік қызмет алушылардын ақпараттанулары үшін әкім аппаратының ғимаратында арнайы стед бар, онда кез келген адам өзіне қажетті ақпаратпен таныса алады. Сонымен қатар, қол жетімді ақпарат халық көп баратын орындарда орналастырылады (дүкендер, автопавильондар және т.б). 
өткен жылы мүмкіндіктері шектеулі тұрғындар үшін әкім аппараты ғимаратының, нормативқа сәйкес келетін пандусы қайта құрылды.
Халыққа мәлімет үшін мемлекеттік қызмет көрсету туралы мақалалар тоқсанына 1 рет «Шахтинский вестник» газетіне жарияланады.  
2015 жылы келесідей қызметтер көрсетілді:
- жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру – 51 дана;
- он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау – 14 дана;
-мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – 11 дана;
Есеп кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тұрғындардан Долинка к. әкімінің аппаратына шағымдар түскен жоқ.
Азаматтардың өтініштерін қарастыру.          
Азаматтардың өтініштерімен жұмыс, оның үлгілерін және әдістерін жетілдіру мемлекеттік органдардың қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі болып табылады.
         2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Долинка кенті әкімінің аппаратында «Айқын» жобасы жұмыс істейді, ол бойынша азаматтар және заңды тұлғалар өз өтініштерін қарастыру барысын Интернет арқылы көре алады.
         2015 жылы әкім аппаратына жеке тұлғалардан 36 жазбаша және ауызша өтініш келіп түсті, жеке қабылдауда 12 адам қабылданды. 2014 жылмен салыстырғанда өтініштердің азайуы  2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғылықты жері бойынша,  пешпен жылу берудің болуы туралы анықтамалардың берілмеуіне, сонымен қатар  нотариалдық әрекеттер өтініштердін жүйелендірілген есебіне кірмеуімен байланысты.
Барлық өтініштер автоматтандырылған ақпараттық жүйеде тіркеледі. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау үнемі жүргізіледі, оларға тиісті жауаптар, ұсыныстар, кеңестер беріледі. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша әкім аппаратының лауазымды тұлғаларына шағымдар түскен жоқ.  
Өткен жылы түскен барлық өтініштердің талдауы, азаматтардан түскен өтініштердің жалпы санынан: 1 өтініш жер пайдалану мәселесі бойынша, 1 өтініш денсаулық сақтау мәселесі бойынша, 1 өтініш құрылысты реттеу мәселесі бойынша, 11 өтініш халыққа нотариалдық қызмет көрсету мәселесі бойынша. Өтініштердің көп бөлігі тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық мәселелерін шешуге бағытталған – 22 өтініш. 
Барлық өтініштерге орнатылған мерзімдерде негізделген жауаптар берілді. Түскен 18 өтініш бойынша түсіндіру сипатындағы жауаптар берілді, 18 өтініш қанағаттандырылды. Одан әрі де ешқандай өтініш қараусыз қалдырылмайды, ал олардың орындалуы бақылауда болады.   Азаматтардың өтініштерін тудыратын себептер талдауы үнемі жүргізіледі, оларды жою бойынша шаралар қабылданады.  Долинка кенті әкімі аппаратының ғимаратында азаматтардың өтініштерін жинау үшін жәшік орнатылған. Соңғы уақытта әкім аппаратына өтініштер мен шағымдар саны айтарлықтай азайуда.
         Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық заңнамасын бұзу мәселесіне үлкен көңіл бөлінеді. Кент әкімі аппаратының басым бағттарының бірі сыбайлас жемқорлықтық бұзушылықтарды тудыратын себептер мен жағдайларды алдын – алу және жою, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің және кент халықының білім деңгейлерін арттыру, мемлекет саясатын нәсихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілетін іс – шаралардың дұрыстығы мен ашықтығы болып табылады.  
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, Долинка кенті әкімі аппаратының барлық мемлекеттік қызметкерлері және олардың зайыптары жыл сайын Шахтинск қаласы бойынша салық басқармасына кірістері туралы декларация тапсырады, заңда беліленген шектеулерді қабылдауға жазбаша келісім береді.  
Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Шахтинск аймағындағы 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындауда Долинка кенті әкімінің аппаратында 2015 жылдың өткен кезеңінде сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын іске асыру бойынша белгілі жұмыс жүргізілді. Құқықтық жалпыға бірдей оқуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің этика ережелері  үнемі қарастырылды. Сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық және мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этика ережелерін  бұзу туралы ақпаратқа жедел әрекет ету үшін Долинка кенті әкімінің аппаратында сенім телефоны орнатылған, оның нөмірі ай сайын «Шахтинский вестник» газетіне жарияланады. 2015 жылы мемлекеттік қызметкерлердің Ар – намыс кодексін бұзу деректері туралы сенім телефонына, сонымен қатар жазбаша өтініштер және азаматтардан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сәйкес өткізілді, мемлекеттік сатып алу сайтында ақпарат орналастырыла отырып. «Өзіңнен баста» акциясының аясында «Шахтинский вестник» газетінде менің кірістерім туралы ақпарат жарияланды.
«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық стендінде мемлекеттік органның қызметі, кент әкімінің жеке қабылдау кестесі туралы ақпарат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жадынама, шағымдар мен ұсыныстар кітабы, мемлекеттік қызметкерлердің Ар – намыс кодексін бақылау кітабы, Қарағанды облысының тәртіптік кеңесінің сенім телефоны орналастырылған.
Ішкі саясат
2015 жылы ішкі саясат саласындағы негізгі бағыт, алдыңғы жылдардағындай кенттік деңгейде қоғамдық – саяси тұрақтылықты, демократизацияны және қоғамды топтастыруға бағытталған жалпы мемлекеттік курсты іске асыру болып табылады.
«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіГ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол - Путь в будущее» Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық – нәсихаттау тобының жұмыс жоспары құрылды және орындалып жатыр.
Президент Жолдауын нәсихаттау және түсіндіру, халықты қоғамдық маңызды міндеттерді шешуге тарту үшін, Долинка және Северо – Западный кенттері ұйымдарының және мекемелерінің бірінші басшылары сандарынан 10 адам құрамына кіретін Жолдауды  түсіндіру бойынша ақпараттық – нәсихаттау тобы құрылды және әрекет етеді.   
Ақпараттық – нәсихаттау тобының жұмысы кездесулер, «дөңгелек үстелдер», дәріздер және т.б түрінде өтеді. 2015 жылдың өткен кезеңінде 12 кездесу өткізілді. 
Ақпараттық – нәсихаттау тобы кездесулерінің негізгі міндеті, Президенттің Қазақстан халқына жүгінген идеяларын ұғыну, Елбасының Жолдауын іске асыру бойынша, Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдау аясында тек осы жылға емес алдағы онжылдыққа да міндеттерді анықтау болып табылады. 
 Долинка кенті әкімінің аппаратымен кентті саяси және әлеуметтік мазмұндағы идеологиялармен безендіру бойынша белгілі жұмыс жүргізіледі. Нәсихаттау құралы ретінде сыртқы жарнамада Президент Жолдауының дәйкесөздері пайдаланылады. Дәйексөздер терең мағыналыболып табылады және тез жатталады. Кент аумағында саяси тақырыптағы билбордттар мен баннерлер үнемі орнатылады. 
Қорытындылай келе, жоғарыда айтылғандардың барлығы – біздің кентті одан әрі дамыту бойынша күнделікті жұмыстың бөлшегі екендігін атап өткен жөн. Барлығымыздың күшімізбен Біз кенттің мәртебесін жақсартуға бағытталған жаңа жобаларды және қойылған мақсаттарды, іске асыра, сонымен қатар ел Президентінің қойылған тапсырмаларын шеше аламыз.

Назарларыңызға рахмет!    

  Долинка кенті әкімі

М.-С.И. Бдуов

Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 14.01.2016 17:11

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 30°C , ылғал 19%, қысым 705, жел 11 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.70
Euro 427.15
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары