www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Шахтинск қаласы әкімінің және кент әкімдерінің 2017 жылғы халықпен есеп беру кездесуін өткізу барысында халықтан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар

 

Орындау мерзімі және ескертулерді/ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Орындауға жауапты тұлға

Ескерту

1

2

3

4

  1.  

2017 жыл ішінде
Новодолинский кентінде қаңғыбас иттерді аулау шараларын ұйымдастырсын

Новодолинский
 кентінің әкімі
(Тусупов А.С.),
ветеринария бөлімінің басшысы
(Абдикаримов К.Д.),
қалалық ветеринарлық станция директорының м.а.
(Байтасов А.К.)
(келісім бойынша)

2017 жылы Шахтинск аймағы бойынша қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау мен жоюды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жергілікті бюджеттен 1500,0 мың тенге бөлінген. 2017 жылдың басынан бастап келіп түскен тапсырыстарға сәйкес Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шахтинск қалалық ветеринария станциясы» КММ Новодолинский кенті бойынша 82 бас ит пен мысық ауланған және жойылған.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады және бақылауда тұр.

  1.  

2017 жылдың IV тоқсаны
Новодолинский кентіндегі электр қуатымен жабдықтаушы "Жезказганэнергосбыт" ЖШС басқа қызмет көрсетушіге ауыстыру жұмыстарын ұйымдастырсын

Новодолинский
 кентінің әкімі
(Тусупов А.С.),
ТКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі басшысының м.а.
(Перова Т.В.)

Новодолинский кенті әкімінің аппараты электр қуатымен жабдықтаушыны ауыстыру мәселесі қарастырылды. Осыған байланысты «РСЦ» ЖШС, «КазахмысЭнерджи» ЖШС және  «Казэнергоцентр» ЖШС хат жолданды.  Алынған жауаптарға сәйкес «КазахмысЭнерджи» ЖШС жекелеп сату нарығына электр қуатын жібермейді, осыған байланысты Новодолинский кентінің жеке және заңды тұлғаларын электр қуатымен жабдықтауды жүзеге асыра алмайды. «РСЦ» ЖШС алынған жауапқа әйкес аталмыш кентті электр қуатымен жабдықтау мәселесін ұйым «ЖЭС» ЖШС барлық сот үрдістері аяқталғаннан кейін қарастырады.
Қазіргі кезде кентті электр қуатымен жабдықтау бойынша қызмет көрсетушіні ауыстыру үшін  бұл аймаққа электр қуатын жабдықтау қызметін жүзеге асыру үшін басқа ЭЖҰ болу қажет, ол өз кезегінде жергілікті  атқарушы органдарға бұл аймаққа электр қуатын жабдықтау ниеті мен мүмкіндігі туралы хат, барлық тиісті есептерді ұсыну керек және халықпен жария тыңдалым өткізу керек, оның қорытындысы бойынша ҚР заңнамасына сәйкес қызмет көрсетушіні ауыстыру үрдісін жүргізуге болады.

  1.  

2017 жылғы шілде
Нодоводолинский кентіндегі бақша қоғамының жер учаскелеріне көкеніс өсіру барысында топыраққа тыйым салынған химикаттарды пайдалануын анықтау жұмыстарын ұйымдастырсын.

Новодолинский
 кентінің әкімі
(Тусупов А.С.),
Шахтинск қ. бойынша тұтынушылар құқығын қорғау басқарасының басшысы
(Бейсембаев Е.Д.)
(келісім бойынша)

Кент әкімінің аппараты кенті тұрғыны және Шахтинск қаласының ішкі істер қызметінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторымен бірлесіп  «Автомобилист» өндірістік комбинатынан жеміс – көкеніс өсіру кезінде химикаттарды анықтауға топырақ үлгісі алынған және «Giotrade» ЖШС лабараториясына жеткізілген.
Зерттеу нәтижесі бойынша 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 4471/01  сынақ хаттамасы берілген, оған сәйкес нәтижелер бекітілген МЕМСТ сәйкес.

  1.  

2017 жылдың қыз мезгілі
Северо-Западный кентінің жолдары мен көшелерін қысқы кезеңде күтіп – ұстауға бақылау жасауды күшейтсін

Долинка
 кентінің әкімі
(Бдуов М.-С.И.)

Қысқы кезеңде жолдарды күтіп – ұстау мәселесі тұрақты бақылауда.
2017-2018 жылдардағы қысқы кезеңде жолдарды күтіп – ұстауға 3,374 мың тенге бөлінген. «Умерханов» ЖК шарт жасалған.
Қардан орталық автокөлік жолдары  және кіре беріс жолдар, мәдени объектілерге және коммуналдық қызметтерге апаратын жолдар, сонымен қатар, шұғыл жағдайларда  (жедел жәрдем, өрт сөндіру техникасы өту үшін) жүк тиегіш машиналармен тазаланады, одан кейін қосалқы жолдар тазаланды және соңынан автогрейдермен жолдарды кеңейту жұмыстары жүргізілді.

  1.  

2017 жыл ішінде
Северо-Западный кенті тұрғындарының  Қарағанды облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау ережесін бұзбау мәселесін бақылауда ұстасын,  бұзу деректері анықталған жағдайда олардың иелерін қолданымдағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартсын

Долинка
 кентінің әкімі
(Бдуов М.-С.И.),
қаланың ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы
(Абишев Е.С.)

Адамдар көп жиналатын жерлерде, жеке тұрғын үйлердің пошта жәшіктеріне, дүкендердің хабарландыру тақталарына, аялдамаларда Қарағанды облысында ит пен мысықты асырау қағидасы бойынша жаднамалар үнемі ілінеді. Ит пен мысықты асырау қағидасын бұзу деректері анықталған жағдайда  қолданымдағы заңнамаға сәйкес олардың иелері жазаға тартылатын болады.
Бұл мәселе бақылауда тұр.

  1.  

2017 жылғы наурыз
Северо-Западный кентінде ҚТҚ алаңын жабдықтау және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жөнінде ұсыныстар берсін

Долинка
 кентінің әкімі
(Бдуов М.-С.И.),
ТКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі басшысының м.а.  (Омарханов А.Г.)

Северо-Западный кентінде 13 дана ҚТҚ жинауға арналған алаңдар бар. Қақпағы бар контейнерлерді қолдану кент үшін ыңғайсыз, себебі контейнер сипатындағы техника үлкен қалдықтарға арналмаған, тек ұсақ және жанбайтын қоқыс үшін арналған. Сәйкесінше кентте самосвалдарға жүк арту мүмкіндігін, соңынан қосарлана жұмысшы персоналмен қолымен жинау мүмкіндігін ескере отырып,  қоқыс алаңдары орналастырылған.

  1.  

2017 жылғы наурыз
Северо-Западный кентіндегі ҚТҚ арналған алаңдарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттік тапсырыс дайындасын

Долинка
 кентінің әкімі
(Бдуов М.-С.И.),
ТКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі басшысының м.а.
(Перова Т.В.)

Долинка кентінде ҚТҚ алаңдарына жөндеу жүргізуге 2018 жылы 652 мың тенге қарастырылған.  

  1.  

2017 жылғы 1 наурызға дейін
Абай ауданының ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөліміне Мичурин совхозына дейін автомобиль жолын қардан тазарту мәселесі бойынша хат жолдасын

Долинка
 кентінің әкімі
(Бдуов М.-С.И.),
ТКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі басшысының м.а.
(Перова Т.В.)

2017 жылғы 24 ақпанда Абай ауданының ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөліміне Мичурин совхозына дейін автомобиль жолын қардан тазарту мәселесі бойынша хат жолданды. Қазіргі уақытта Мичурин совхозына дейін автомобиль жолдар тазаланған.

  1.  

2017 жылғы наурыз
Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына «Құрылсмет» ЖШС №2 өндірісі (МТК) қиылысында және Долинка кентінің бұрылысына бағдаршам орнату мүмкіндігін қарастыру туралы хат жолдасын

Долинка
 кентінің әкімі
(Бдуов М.-С.И.),
ТКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі басшысының м.а.
(Перова Т.В.)

Осы мәселе бойынша Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 2017 жылдың 30 наурызында № 2-11/150 хаты жолданған.  Алынған жауапқа сәйкес ағымдағы жылда  бағдаршам объектісін орнату  мүмкіндігі жоқ, себебі бұл мақсатқа 12 млн. тенге мөлшерінде қаражат бөлу қажет және бұл мәселе 2018 жылға арналған бюджетті қалыптастыру барысында қаралады.

  1.  

2017 жылғы қазан
Долинка кентіндегі 1-ая линия көшесіндегі жол төсемін жөндесін

Долинка
 кентінің әкімі
(Бдуов М.-С.И.)

 «RICH₰ S» ЖШС мердігерлік ұйыммен ағымдағы жылдың маусым айында Долинка кентінің 1 – ая линия көшесінің бойында 6294,4 мың тенге сомаға ауданы 3300 ш.м жол төсемінің ағымдық жөндеуі аяқталған.

  1.  

2017 жылғы сәуір
Долинка кенті 7-я линия көшесіндегі ашық кәріз құдықтарының люктарын қақпақпен жабу жұмыстарын ұйымдастырсын

Долинка
 кентінің әкімі
(Бдуов М.-С.И.)

"Шахтинскводоканал" ЖШС Долинка кентінің 7-я линия көшесіндегі 10 ашық кәріз қақпағын және су құбырлары қақпағын жабу жұмыстарын жүргізген.

  1.  

2017 жылғы желтоқсан
Шахан кентінде қазандық құрылысын бастауды қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылдасын

Шахан кентінің әкімі
(Умирбеков Г.А.),
құрылыс бөлімінің басшысы
(Алиев М.С.)

Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен қазандық салуға 1 254 020,0 мың теңге мөлшерінде трансферттер бөлінген. Алайда, жоба-сметалық құжаттаманы бөлшектеп қарау барысында сәйкессіздіктер мен қате мәліметтер, сондай-ақ, қуаты мен падаланылатын технология бойынша маңызды проблемалар анықталуына байланысты жобаны түзету туралы шешім қабылданды.
2017 жылғы 16 тамызда құрылыс бөлімі «Қарағанды облысы Шахан кентінің қазандығы мен жылу желілерінің құрылысы» ЖСҚ түзетуге конкурс жарияланған. Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша бір өтінім берілді, осыған байланысты конкурс өткізілмеген деп танылды.
2017 жылғы 16 қазанда конкурс қайта жарияланды. Конкурс қорытындысы бойынша «Конэс» ЖШС жеңімпаз болып танылды. 2017 жылғы 21 желтоқсанда №75 шарт жасалды.
Жоғарыда көрсетілген шартқа сәйкес ЖСҚ түзету жөніндегі қызметтерді көрсету мерзімі – 5 ай.
2017 жылғы 21 қыркүйекте құрылыс бөлімі мен жеңімпаз «Проектный Институт Семипалатинскгражданпроект» ӨК арасында «Қарағанды облысы, Шахан кентінің квартішілік жылу желілерінің құрылысы» ЖСҚ әзірлеуге шарт жасалған.

  1.  

2017 жылғы сәуір
Шахан кентінде электр қуатымен жабдықтайтын ұйымнан кезекші электрослесарь болуын қамтамасыз ету мәселесін шешсін.  

Шахан кентінің әкімі
(Умирбеков Г.А.),
ТКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі басшысының м.а.
(Перова Т.В.)

Кентті кезекші электрослесармен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін "КРЭК" ЖШС штатына, осы учаскеге қызмет көрсету үшін қосымша 2 бірлік (шебер және электрик) енгізілген.  Қазіргі уақытта электрик жұмысқа қабылданған, шебер бірлігі лауазымы бос тұр.   

  1.  

2017 жылғы 1 наурызға дейін
Шахан кентінің тұрғындарын жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етумен неғұрлым көп қамту үшін Шахтинск қаласына ТМККК шеңберінде бөлінетін дәрі – дәрмек құралдарының санын ұлғайту мәселесі туралы хат дайындасын және оны Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасына жолдасын

Шахан кентінің әкімі
(Умирбеков Г.А.),
қалалық емхана директоры
  (Абилбеков А.А.)
(келісім бойынша)

Кент тұрғындарын жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектермен  неғұрлым көп қамту үшін Қарағанды облысының денсаулық басқармасына бірнеше рет хат жолданған, сонымен қатар Басқарма басшысының қатысуымен кентте жиналыс өткізілген. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, ТМДМК шеңберінде берілетін дәрі-дәрмектер көлемі, бүгінгі күні 100 % құраған.

  1.  

2017 жылғы қараша
Жеке жай сала отырып, көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелерінен АЖЖ қазандықтарын шығару жұмыстарын жүргізсін

Шахан кентінің әкімі
(Умирбеков Г.А.),
құрылыс бөлімінің басшысы
(Алиев М.С.),
ТКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі басшысының м.а.  
(Перова Т.В.)

Шахан кентінде 19 көп қабатты тұрғын үйлерде (КТҮ) 16 автономдық жылу жүйесі (бұдан әрі - АЖЖ) орнатылған, оның ішінде 14 АЖЖ көп қабатты тұрғын үйлердің жер төле жайларында орналасқан.
"POWER Technolologies" ЖШС және "Технология" ЖК осы АЖЖ жертөлелерден шығару жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі таңда барлық жұмыстар аяқталған және АЖЖ қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

  1.  

2017 жыл ішінде
Шахтинск аймағының дәріханаларындағы дәрі-дәрмектерге баға қою мәселесін бақылауда ұстасын

Қала әкімінің орынбасары
(Тлеубергенов К.К.),
қалалық емхана директоры
(Абилбеков А.А.)
(келісім бойынша)

Шахтинск аймағында инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша баға өсімінің талдауын жүргізу және кешенді жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында қалалық штаб және инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша алты жұмыс тобы, оның ішінде:  дәрі- дәрмекке және білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласында ақылы қызметтерге бағаның өсуін тежеу жөніндегі жұмыс топтары жұмыс істейді, Осы жұмыс топтары  дәрі- дәрмектерге баға мониторингін жүргізеді.
Сонымен қатар, 2016 жылдың наурыз айында Новодолинский және Долинка кенттерінің Денсаулық орталықтарында әлеуметтік дәріханалар ашылған және жұмыс істейді, бұл дәріханаларда баға жеке меншік дәріханалардағы бағамен салыстырғанда төмен.  
Ал, 2017 жылғы 1 маусымда Шахтинск қаласы әкімдігі мен дәрі-дәрмектерді бөлшектеп сататын 17 субъектісі арасында дәрі –дәрмектің 105 түрі бойынша дәрі – дәрмек бағасының өсуін тежеу жөніндегі меморандум жасалды. Бекітілген тізбе бойынша жауапты мамандар ай сайын бағалар мониторингін жүргізеді.

  1.  

2017 жылғы тамыз
№205 автобустың Шахтинск бойынша бағытын №121 автобустың қозғалыс бағытындай етіп өзгерту мүмкіндігін қарастырсын 

ТКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі басшысының м.а.
(Перова Т.В.),
№3 автопарктың Шахтинск автоколона бастығы
(Долгопятов Г.А.)
(келісім бойынша)

Шахтинск қаласы бойынша № 205 автобус маршрутын №121 автобус қозғалысы маршруты сияқты өзгертудің тиімділігін анықтау мақсатында талдау жүргізілген.  Талдау қорытындысы бойынш маршрут жүрісіне өзгеріс енгізу автобуіс қозғалыстарының уақытының бірдей болуына байланысты аялдамаларда кептеліс болуына әкеп соғуы мүмкін деп шешті.  Осыған байланысты, қосымша кесте енгізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз.

  1.  

2017 жылғы 1 тамызға дейін
"Барс" КМҚК қалалық стадионындағы қоғамдық дәретхананы тиісті тазалықта ұстасын

Қала әкімінің орынбасары
(Тлеубергенов К.К.),
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
(Ибраева С.К.),
«Барс» КМҚК директоры
(Балыков Б.Р.)
(келісім бойынша)

«Барс» ҚМҚК қызметкерлері ағымдағы жылдың мамыр айында қоғамдық дәретхана жағдайын қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізді, дәлірек айтқанда оны әктеу, сырлау, дезинфекциялау және санитарлық тазарту, сонымен қатар, оған жарық орнату жұмыстары жүргізілген.

  1.  

2017 жылғы сәуір
Шахтинск қаласы Станционная көшесіндегі ашық кәріз құдықтарының люктарын қақпақпен жабу жұмыстарын ұйымдастырсын.

ТКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі басшысының м.а.
(Перова Т.В.),
 «Шахтинскводоканал» ЖШС директоры
(Рахимбергенов Н.Б.)

Бүгінгі таңда "Шахтинскводоканал" ЖШС Станционная көшесіндегі су құбырлары мен кәріз құдықтарын зерттеу жұмыстарын жүргізген, нәтижесінде Станционная көшесіндегі 4 су құбырының және Сатпаев-Станционная көшесіндегі 2 кәріз құдықтың қақпағы жабылған.
Ашық қалған құдықтарды анықтау және уақытында шара қабылдау мақсатында "Шахтинскводоканал" ЖШС  Шахтинск қаласының сумен жабдықтау жүйелері мен су тарту жүйелеріне кезеңдік аралау жүргізеді.

  1.  

2017 жылғы қыркүйек
Абай Құнанбаев даңғылы бойынша жаяу жүргінші тротуарын салу мәселесін қарастырсын (Парковая көшесінен Торговая көшесіне дейін)

ТКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі басшысының м.а.
(Перова Т.В.)

Ағымдағы жылдың тамыз айында Абай Құнанбаев даңғылында (Парковая көшесінен Торговая көшесіне дейін) жаяу жүргіншілер жолын орнату бойынша жұмыстар аяқталған.  

  1.  

2017 жылдың жаз мезгілі
Жазғы кезде автомобиль жолдарын тазартқан кезде жол жиегіндегі шаңның таралуына жол бермесін

ТКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі басшысының м.а.
(Перова Т.В.),
«Горкомхоз»ЖШС директоры
(Симусов В.М.)
(келісім бойынша)

Автомобиль жолдарын жазғы күндері күту шараларына  аумақты сапалы жинауға мүмкіндік беретін іс-шаралар жатады. Оның ішінде, жұмыстарды жүргізу барысында, міндетті түрде, сумен жол төсемін тазарту механизмін пайдалана отырып, жол үстін тазарту жұмыстары жүргізіледі.

  1.  

2017 жылғы желтоқсан
Парковая көшесіндегі «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша құрылысы аяқталмаған 12 пәтерден тұратын 3 үйді қалына келтіру немесе оны консервациялау мәселесін қарастырсын

Құрылыс бөлімінің басшысы
(Алиев М.С.)

Қала әкімінің 2017 жылғы 5 маусымдағы өкімімен Парковая көшесі, №31 үй аумағы мекенжайындағы 12 пәтерден тұратын 3 бос тұрған жалға берілетін тұрғын үйді аралап қарау және тексеру жөніндегі жұмыс тобы құрылған.  
Аталмыш жұмыс тобы  бұл үйлерді тексерген, көзбен қарап – тексеру актісін жасаған және оған қол қойылған. 2017 жылғы 8 қарашада мемлекеттік сатып алу порталында бұл үйлерді бөлшектеу бойынша жұмыс жобасын әзірлеуге конкурс жарияланған. 2017 жылғы 22 желтоқсанда конкурс қорытындыланды. Қазіргі кезде ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес қорытынды шағымдану бойынша 5 жұмыс күнінде. ЖСҚ дайындау мерзімі - 3 ай.


Размещение информации: 04.01.2018 10:43

Последнее изменение информации: 25.01.2019 12:48

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -1°C , ылғал 44%, қысым 726, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.98
Euro 434.01
Рубль 6.10

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары