www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Шахтинск қаласы әкімінің 2014 жылғы есебі

 

 

Шахтинск қаласы әкімінің
2015 жылғы 3 ақпанда халық алдындағы
есеп беру кездесуінде беретін есебі

 

 

Құрметті Шахтинск қаласының тұрғындары!
Барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы жыл сайынғы есеп беру кездесулері өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы халыққа есеп беру ғана емес, сондай-ақ өзекті мәселелерді уақытында анықтауға мүмкіндік беретін билік пен халық арасындағы диалог.
Құрметті кездесуге қатысушылар!
Алдымыздағы жылдар біздің жас мемлекетіміздің дамуында және қалыптасуында ерекше болып келеді, 2014 жылда осындай, 2014 жылдың 11 қарашасында Мемлекет басшысы тарихи Жолдауымен халықтың алдына шыққан, онда экономиканың, сондай – ақ әлеуметтік саланың дамуына бағытталған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаттың басталуы туралы Жолдауды жариялады.
Әлеуметтік саясаттың басты міндеті болып экономикалық өсімді ынталандыру және тұтыну қызығушылығын өндіруге бағыну, еңбек және іскерлік бастаманы қарқындату.
Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындардан және қатерлермен бетпе – бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жахандық қаржы – экономикалық дағдарыстар салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі де құлдырау жалғасуда. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Елбасымен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шаралар қабылданған.
Құрметті шахтинскіліктер!
Елбасымен анықталған бағыттарға ілесе отырып, біз әлеуметтік және экономикалық жолмен сенімді келеміз. 2014 жылға қойған негізгі жоспарлар мен міндеттер орындалған.
Жыл қортындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 8 млрд. 884 млн. теңгені құраған, ол 2013 жылдан 17,6% көп. Өнеркәсіптік өнімдердің жеке көлем индексі 102,5% құраған.
2014 жылдың қортындысы бойынша аймаққа 9 млрд. теңге инвестицияланған.
Шағын және орта бизнесті дамыту және кеңейтуге қолдау көрсету жөнінде қалада белсенді жұмыстар жүргізіледі. Сондай–ақ, 2014 жылы менің қатысуыммен бизнес өкілдерімен 5 кездесу өткізілген. Әр қатысушы бизнесмен өзін қызықтырған сұрақты қойып және тез арада оған жауап алған.
2014 жылы «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Индустриализация картасына тағы бір жоба енгізілген, ол «ЖК Матюхиннің «Құрылыс материалдарын өндіруді кеңейту» жобасы. Жоба 580 млн. теңгеге бағаланған, жобаны іске асыру нәтижесінде қосымша 15 жаңа жұмыс орны құрылған.
Ағымдағы жағдайда Шахтинск аймағынан Индустриализация картасына 3 жоба енгізілген, осы бағыттағы 2015 жылыда жұмыстар жалғасатын болады.
Бүгінгі күні, қалада кәсіпкерлікті қолдаудың толық қанды инфрақұрылымы қызмет етеді, ол өз құрамына кәсіпкерлікті қолдау орталығын, кәсіпкерлік қауымдастығын, кәсіпкерлер палатасын енгізген, олардың негізгі міндеті аймақта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау болып табылады. Қазірдің өзінде біз аймақта бизнестің дамуының алғашқы нәтижелерін көре аламыз.
2014 жылы «Ас Екен» ЖШС тоқтап тұрған кәсіпорын базасында «Астана PowerEngineering» ЖШС ұн шығару қалпына келтірілген. Атап өту керек, кәсіпорын ұны нан пісіруге отандық кәсіпорындардың, сондай – ақ жақын шетелдік кәсіпорындардың сұранысына ие. 
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 5 163 адам жұмыспен қамтылған. Шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде ісшараларды іске асыру нәтижесінде жұмыспен қамтылғандар саны 157 адамға немесе 3,1% өскен.
Сондай – ақ, олармен шығаратын өнім көлемі 0,4% өскен (2014 жылы – 4 млрд. 767 млн. теңге, 2013 жылы – 4 млрд. 750 млн. теңге).
Өткен жылдың жағдайы бойынша белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің тіркелген саны 63 бірлікке өскенін атап өту керек (2014 жыл – 1 765 бірлік, 2013 жыл  – 1 702 бірл.).
Шағын және орта бизнес арасында ерекше тиімді және сұранысты бағдарлама болып «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы табылады. 2014 жылы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау механизмі бойынша 279 млн. 600 мың теңге сомаға 9 жоба мақұлданған. Осы жобаларды іске асыру қортындысы бойынша жаңадан 75 жұмыс орны құрылған. Бюджетке түсетін түсім 40 млн. теңгеге өскен.
12 млн. теңге көлемінде жаңа өндірістерді құруға гранттар ұсыну жолымен жаңадан бастаған кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсетілген. Деректер бойынша жаңа жұмыс орындарымен 22 адам қамтылатын болады.
Жұмыспен қамтуға ықпалдасу және кәсіпкерлікті дамыту шараларын іске асыру шеңберінде шағын несиені 13 адам алған. Атап өту керек, 13 адамның 10 жеке кәсіпкер болып табылады, 3 жұмыссыз болып табылады. Жобаны іске асыру қортындысы бойынша Шағын несиелеу бағдарламасының шеңберінде 12 жұмыс орын сақталып, 28 жұмыс орны қосымша құрылатын болады.
Ағымдағы жылы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдауды көрсету жөнінде жұмыстар жалғасатын болады, Бағдарлама қолданыстағы бизнесті дамытуға ғана емес, жаңадан бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге, өздігімен жұмыспен қамтылғандарға, жұмыссыздарға қолдау көрсетуге, сондай – ақ өз ісін ашқысы келетін жаңадан бастағандарға және тұрғындардың өзге де санатына бағытталған.
Бұл мақсаттарға 2015 жылы қала бюджетінен 52 млн. 700 мың теңге қарастырылған.
Қолдаудың алуандығымен қосымша 20 кәсіпкерлік субъектісі қамтылатын болады, жаңадан 50 жұмыс орны құрылады.
Мемлекеттік органдар алдында нақты міндет қойылған, ол бір бағытта бизнеспен бірге жұмыс істеу, хабарласа отырып қиындықтарды шешу.
Мемлекет тарапынан кәсіпкерлік бастамаға жан - жақты қолдау көрсетіледі, бірақ бүгін ол «бір бағыттағы қозғалыс» болып табылады. Кәсіпкерлерге белсенділік таныту керек, мемлекетпен серіктес болудан қорықпау керек. Сонымен қатар, сауда  операцияларға «қолайлы жағдайларға» бағытталмай жаңа салаларды игеру қажет. Әлемде шағын және орта кәсіпкерлік ғылыми – техникалық прогрестің және жаңа инновацияның көзі болып табылады, жаңа технологиялардың трансфертерінің бастамасы және негізгі пайдаланушысы. Біз оған тартылуымыз керек. Бұл үдерісте өз ролін коммерциялық банктер атқару керек, олар жобалардың старт – ап және «дәстүрлі емес» бизнес түрлерін қаржыландыру мәселелеріне тиімді жылжу.
Құрметті бизнесмендер, тағыда жеке сіздерге жүгінгім келеді, бизнес құрылымдарды дамытуға қолдау көрсету жөнінде мемлекет шаралар қабылдады, сіздерге де бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде шаралар қабылдау қажет. Өз нысандарыңызға, ғимараттарыңызға, сөрелеріңізге, маңдайша жазуларыңызға, кіре беріс жолдарына назар аударыңыздар. Дүкендердің, супермаркеттердің  бірде біреуінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалмаған. Қысқы мезгілде тұрақтардың бәрі қармен жабылған. Бизнесмен мырзалар, Сіздерді өздеріңіздің әлеуетті сатып алушыларыңызды және сатып алушыларыңызды сыйлауға шақырамын. Сіздердің нысандарыңыздың сыртқы келбетінен біздің тұрғындардың көңіл күйі байланысты. Аймақтың дамуына қатысыңыздар. Сіздердің естеріңізде болса қалада Кәсіпкерлер кеңесі құрылған, осы кеңес арқылы Сіздер өз мәселелеріңізді және ұсыныстарыңызды айта аласыздар. Ал біз өз кезегімізде ашық диалогқа әрқашан дайынбыз және сіздердің дамуыңызға бағытталған мемлекеттік қолдаудың барлық құралдары бойынша жан – жақты қолдауды қамтамасыз етеміз.
Орта кәсіпкерлік және жұмыспен қамтудың оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін 2014 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағытының шеңберінде Шахтинск аймағында 2015-2017 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту картасы әзірленген.
Отандық және шет елдік инвестицияларды тарту мақсатында, сонымен қатар заманауи кәсіпорындарды құру және Шахтинск аймағында өнеркәсіптік өндіріс көлемін өсіру үшін Индустриалды шекараны құру жөнінде бизнес – жоспар әзірленген, жаңа өндірістерді ашу инфрақұрылымды дамытуға және құруға, кәсіпорын шығыстарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.
2014 жыл қортындысы бойынша бюджетке 6 млрд. теңге түскен. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қабылданған кешенді шаралар Шахтинск аймағының дамуына бағытталған, ол жеке табыстар бойынша жоспардың 102% орындалуын қамтамасыз етті.
Осы көрсеткішке жету бойынша басты назар салық салу базасын кеңейту бойынша ісшаралар елеулі ықпал еткен және бюджетке қосымша 70 млн. теңгенің түсуін қамтамасыз еткен, бірақ бұл жеткіліксіз. Бүгінгі күні біз экономиканы диверсификациялауға және тау – кен кәсіпорындарына тәуелділікті төмендету бойынша барлық күшті салуымыз керек, бюджетке салық түсімдерін өсіру қажет. Осыған бизнесмен мырзалар сіздердің де қатысуыңыз керек, сіздерге үйренген тәжірибеден арылу керек, конвертте еңбекақы беру, қызметкерлердің санын нақты жасырып қалмау. Жұмыскерлердің әлеуметік бумасын қысқартып, бюджетке салықты толық төлемей, сіздер осымен өздеріңізді, өз отбасыларыңызды және қала тұрғындарын қосымша мүмкіндіктен айырасыздар. Біздің төлеген барлық салықтарымыз тұрғындардың әлеуметтік қолдауына, жаңа нысандарды алуға, жаңа нысандарды салуға, саябақтарды салуға, балалар ойнайтын алаңдарды салуға, бастысы осы қаражат біздің экономиканы нығайтуға бағытталады, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікты дамытуға мемлекеттік қолдауды көрсету жолымен.
2014 жылдың қортындысы бойынша ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жоспарланған ісшаралардың орындалуы қамтамасыз етілген, Шахтинск аймағы бойынша ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы өндіру көлемі 1 млрд. 41 млн. 400 мың теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,5% құраған.
Шахтинск аймағында инфляциялық үдерістерді ұстау бойынша жұмыстар жалғасуда.
Шахтинск аймағының дүкендері бойынша әлеуметтік–маңызды азық–түлік өнімдеріне баға мониторингі күнделікті жүзеге асырылады.  Сауда объектілерімен әлеуметтік–маңызды азық–түлік өнімдеріне шектеулі баға туралы меморандумдар жасалған.
Аймақта азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды облысының ауыл шаруашылық басқармасы, Шахтинск қаласы әкімдігі, облыстық «НК «Продкорпорация» АҚ өкілдігі, ұн кәсіпорны «Best Mill» ЖШС нан шығаратын кәсіпорындарды 1 сұрыпты ұнмен қамтамасыз ету бойынша меморандум жасаған.
2014 жылдың 15 желтоқсаннан бастап Шахтинск аймағы бойынша тіркелген бағада әлеуметтік нанды жеткізу жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, 2014 жылдың ішінде тұрғындардың жеміс және ет өнімдеріне сұранысын қаңағаттандыруға бағытталған 24 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілген. Шахтинск аймағының азық - түліктік тауарларын өндірушілері, Қарағанды облысының жақын маңдағы елді мекендердің ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер, сонымен қатар Қарағанды қаласы жәрмеңкеге қатысқан. Барлық өнім нарық бағасынан 15-20% төмен бағада сатылған.
Өкінішке орай бүгінгі күні аймақта әлеуметтік павильондар жоқ. Алдымыздағы 10 жылда қаланы дамытудың бекітілген жоспарына сәйкес 2015 жылы бір әлеуметтік павильонды ашу жоспарланған.
Құрметті кездесуге қатысушылар!
Тұрғын үй қиындығын шешуге басты назарды аудару керек. Есеп беру кезеңінде Шахтинск қаласында 6 мың 772 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд. 874 млн. теңгені құраған.
Маңызды мәселелердің бірі болып жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады. Біздің аймақта ата–аналарының қамқорлығынсыз қалған 327 жетім балалар және балалар бар, олар тұрғын үйге мұқтаж.
Барлығы мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға кезекте 1837 адам тұр.
2015 жылы «Қол жетімді баспана» бағдарламасы бойынша Карл Маркс 56 мекенжайы бойынша 2 блок секциялы (30 пәтерлі) 60 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің құрлысы аяқталуда.
Сонымен қатар, 2015 жылы Молодежная 55 көшесінің бойындағы бос тұрған үйді салуға және қалпына келтіруге техникалық зерттеуі жоспарланған және жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Шахан кентінің бос тұрған 5 қабатты ғимаратын қалпына келтіру жоспарланған.
Шахтинск қаласының Карл Маркс және  Парковая көшелерінің бойындағы 5 қабатты жалға берілетін үйді салуға жоба – сметалық құжаттары 2014 аяқталған болатын. Сондай- ақ, Шахтинск қаласында 280 орынды жаңадан балалар бақшасын салуға жоба – сметалық құжат әзірленген, республикалық бюджеттен қаражат бөлінуіне қарай құрылыс басталатын болады.
Тұрғындар үшін маңызды сұрақтардың бірі болып коммуналдық сектор табылады. Қазақстандықтар өз өмірлерін жақсарту үшін мемлекет жағдай жасайды.
Осыған байланысты, ТКШ жаңдандыру бағдарламасын іске асыру қажет. Пәтерлердің иелері үйді басқаруға тікелей қатысуы маңызды болып табылады және олар осы бағдарламадан пайда көруі керек. Атап өту қажет, қаланың 70% тұрғын үй қоры бұрынғыдай қаңағаттанғысыз жағдайда, сондықтан 2014 жылы «ТКШ жандандыру» бағдарламасының шеңберінде Шахтинск қаласына республикалық бюджеттен 34 млн. 82 мың теңге сома бөлінген. Ленинградская 52, 40 лет Победы 63 көшелері, Абай Кұнанбаев 78Б даңғылы бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің жөндеуі аяқталған.
Қала тұрғындарының белсенді қатысуы және сәйкесінше қаржыландыру кезінде, осы бағдарламаны іске асыру жалғасатын болады.
Бұл үйлерде шатыр, жер төле жөнделген және басқа да қиындықтар жойылған.
ТКШ жандандыру бағдарламасын іске асыру мақсатында 2015 жылы 6 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық трансферттерді бөлуге 76 млн. 102 мың теңге сомасында қосымша қажеттілік жолданған. Келесі жылдары қаржыландыру болған жағдайда, осы бағдарламаны іске асыру жалғасатын болады.
Бүгінгі күні көп қабатты тұрғын үйлердің қаңағаттанарлықсыз жағдайында тұрғындардың төмен белсенділігі айтылуда. Көп тұрғындар олардың үйлерінде жөндеу жұмыстары олардың қатысуынсыз жүреді деп ойлайды. Кондоминимум объектілерінің мүлкімен айналысатын жауапты тұлғалар болмайды, жұмысты ұйымдастыратын және тұрғындардың мүддесін біріктіретін үй басқарушылары жоқ болады. Адамдар өзіне жауапкершілік алғысы келмейді. Кондоминимум мүлкін ұстау жағдайында өз қөзқарастарын қарастыруға бірінші жандандыру қортындысы мүмкіндік береді, алдымыздағы 5-10 жылда бірігіп тұрғын үй қорын жаңарта аламыз, бұл өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Президенті көп қабатты тұрғын үйлерде жылу есептегіш құрылғыларды орнату жұмыстарын 2014 жылы аяқтау жөнінде тапсырма берген. Қазіргі уақытта жылу энергиясын есептейтін 274 құрылғы орнатылған. Есептеу құрылғыларын орнату жылуды қаншалықты пайдаланғаны туралы нақты ақпарат береді және сәйкесінше шешім шығаруға мүмкіндік береді, ол қай жерлерде энергия үнемдеу және энергия тиімділігі шараларын қабылдау қажеттілігін көрсетеді. Құрметті тұрғындар, Сіздерге өз тараптарыңыздан үйлеріңізге келетін жылуды сақтау және үнемдеу жөнінде барлық шараларды қабылдау қажет. Біздің елдің энергия ресурстарын үнемдеуге дайындалу керек.
Тұрғын үй шаруашылығының жүйесін реформалау мәселелерін іске асырумен қатар, басты назарды біздің аймақты абаттандыруға аудару керек.
2012 жылы басталған «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының шеңберінде 223 млн. теңге сомаға қаланы абаттандыру жұмыстары жүргізілген.
110 млн. 275 мың теңге сомаға отбасылық демалу орнын және спорт аумағын орнатумен «Тәуелсіздік скверінің» екінші кезегін абаттандыру жұмыстары аяқталған.
83 млн. 754 мың теңге сомаға 40 лет Победы көшесіндегі гүлзарды абаттандыру жұмыстары аяқталған. Жаяу жүргіншілер жолына плитка салынған, орындықтар, шамдар орнатылған.
Құрметті қала тұрғындары, тағы да Сіздердің алдарыңызда болып жататын, назар аударғыларыңыз келмейтін құқық бұзушылықтарға назар аударуларыңызды сұраймын. Сіздер барлықтарыңыз көріп отырсыздар 40 лет Победы көшесіндегі гүлзарды абаттандыруға қанша күш және еңбек кеткенін, біз абаттандыруды аяқтамай жатып, көше шамдарын қалпына келтіру жұмыстарын бірнеше рет жүргізуге тура келді. Қаланың коммуналдық меншігіне қатысты вандализм актілері қала тұрғындарымен, мүмкін біздің ұлдарымызбен, бауырларымызбен жасалатыны барлықтарыңызға түсінікті. Осындай құқық бұзушылықтарға бейжай қарайтын болсақ онда бірнеше жылдан кейін қалада демалатын бірде бір абаттандырылған жер болмайды, бізге келесі ұрпаққа қалдыратын ештеңеміз болмайды. Коммуналдық меншікке қатысты вандализм актілерін жоюға жеке сіздерді шақырмаймыз, тек қана уақытылы, анонимді құқық бұзушылық деректерін хабарласаңыз болғаны.
Бүгінгі күні әкімшілік құқықбұзушылықтың статистикасы көрсеткендей, бұзақылық үшін 750 адам немесе Шахтинск аймағы тұрғындарының 1,5% жауапқа тартылған. Қоқысты арнайы жерлерге тастамағаны үшін 754 хаттама толтырылған. Бұл тек қана ресми тіркелген жағдайлар бойынша ғана, нақты құқықбұзушылықты елестетіп көріңіз.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында, 2014 жылы қалада 36 видеобақылау камералары орнатылған және Шахтинск қаласының Ішкі істер бөлімінде орналасқан монитормен бақылайтын диспечерлік пункт ашылған.
29 млн. 853 мың теңге сомаға 3 ауланы абаттандыру бойынша жұмыстар жергілікті атқарушы органдармен 2014 жылыда жалғасуда.
2014 жылдың басынан бастап «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде жалпы 197 млн. 095 мың теңге сомаға 5,8 км жол жөнделген.
Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 119 млн. 416 мың. теңге сомаға Шахтинск қаласының автокөлік жолдары жөнделген.
Қосымша жергілікті бюджет қаражатының есебінен 46 млн. 500 мың теңге сомаға автокөлік жолдарын ұстау және жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілген.
2014 жылы автокөлік жолдарымен бірге, көше жарығын қалпына келтіру және ұстауға 26 млн. 741 мың теңге бөлінген.
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасының шеңберінде «Тәуелсіздік скверінде» талдар салынған, сондай - ақ қалалық аумақтарда 13 млн. теңге сомаға гүл салынған.
Қаланың автокөлік жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы 4 млн. 200 мың теңге сомаға 150 жол белгісі орнатылған. 
Ағымдағы жылы, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 43 млн. теңге сомаға қаланың автокөлік жолдарын ұстау, ағымдық және орташа жөндеу бойынша жұмыстар жүрігізлген.
2015 жылы жол қозғалысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасатын болады, жол белгілерін орнату бойынша жұмыстар жалғасатын болады, бағдаршам нысандарын пайдалануға және ұстауды қамтамасыз ету, 11 млн. 300 мың теңге сомаға жаяу жүргіншілер қоршауын орнату жоспарланған.
Жол қозғалысы ережелерін сақтаудан жолдағы қауіпсіздік байланысты. Автокөлік құралдарында балалар орындығын орнатуға қатысты жол қозғалысы ережесінде жаңа өзгерістер қатты талқыланған болатын. Жас аналардан және көлік иелерінен қала әкімінің атына, сондай-ақ қала әкімінің ақпараттық порталына жол қозғалысы ережесінің өзгеруіне қатысты көптеген сұрақтар және шағымдар түскен. Сіздердің сұрақтарыңызбен, шағымдарыңыз назарсыз қалмаған. Жергілікті атқарушы органдармен маршруттық таксида жолаушылар тасымалдайтын қызмет көрсетушілермен жаңа ереже нормаларын сақтау жөнінде жұмыстар жүргізілген. Әрине біз түсінеміз барлық маршруттық таксилерді автокресламен аз уақыттың ішінде қамтамасыз ету мүмкін емес екенін, сондықтан біз өзімізге жауапкершілік алып қаланың маршруттық таксилерінде автокреслоның барын тексеруге рейд жүргізуді уақытша тоқтаттық, бұл туралы қызмет көрсетушілердің барлығын хабардар еттік. Сонымен қатар қала тұрғындарының жайлылығы үшін, № 3 Автопарк басшылығымен жұмыс жүргізілген, жұмыс қортындысы бойынша 2015 жылдың 10 қаңтарынан бастап №5 және №5б автобустарының қозғалыс маршруттарына өзгеріс енгізілген. Осы ақпарат «Шахтинский вестник» газетінде және «Альтаир» ЖШС жүгіртпе жолағында орналастырылған. Автобустардың қозғалыс интервалы – 15 минут.
«Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС жүгінің көптігін жеке атап өткім келеді. «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС қосымша тұтынушыларды қосу үшін мүмкіндік жоқ екенін біздің барлығымызға мәлім. Бірақ, 1 орам тұрғындарына өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызу үшін осы орамдарды орталық жылу жүйесіне қосылу мәселесін шешу керек.
Жергілікті атқарушы органдармен осы мәселені шешу бойынша жұмыстар жүргізіледі, инвесторлар іздеу жүзеге асырылады, мемлекеттік жеке серіктестік нұсқасы қаралуда.
Аймақ экономикасына осы жандандыру оң әсерін тигізетін болады, әлеуетті жеткізушілерде жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындарды салу мүмкіндігі пайдала болады.
Аймақтың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету бойынша кешенді ісшараларды жалғастыру тақырыбы бойынша инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытын айтып өткім келеді, негізінен «Моноқалаларды дамыту» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылатын «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС жаңадан күл үйіндісін салу.
2013 жылы «Power Energy» ЖШС мердігерлік ұйымымен «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС жаңадан күл үйіндісін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2014 жылы осы бағытты іске асыру үшін 1 млрд. 325 млн. 334 мың теңге бөлінген, республикалық трансферттер көлемі 1 млрд. 283 млн. 894 мың теңгені құраған, облыстық трансферттер сомасы - 41 млн. 440 мың теңге.
2015 жылы құрылыс жұмыстарын аяқтауға 112 млн. 725,4 мың теңге қарастырылған. Нысанды 2015 жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарланған. Құрылысты аяқтау қортындысы бойынша, келесі 25 жылда аймақтың экологиялық жағдайын бұзбай «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС осы күл үйіндісін пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
Облыстық бюджет қаражатының есебінен қаланы үздіксіз жылумен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылады. 2014 жылы 1 млрд. 354,0 млн. теңге мөлшерінде бөлінген қаражатқа қазандықтың және турбоагрегаттың жөндеу жұмыстары жүргізілген, 2302 метр магистралды және ішкі орамды құбырлар ауыстырылған, отын (көмір, мазут) сатып алу қамтамасыз етілген. Бюджеттік инвестициялар ескірген 20 % жылу желілерін ауыстыруға мүмкіндік берді және бұл станцияның тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін болады.

Құрметті жерлестер!
Болашақты ойлай отырып, өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесін ойлануымыз керек. Заман талаптарына сай балалар мектепке дейінде бастауыш біліммен қамтамасыз етілуі керек.
Бірнеше сөзді білім беру саласының қызметкерлеріне арнағым келеді. Ешкімге құпия емес, олардың жұмысынан, тәрбиелеу сапасынан жас қазақстандық ұрпақтың қандай болатыны байланысты. Құрметті ұстаздар, біз сіздерге өзімізге қымбат балаларымызды сеніп тапсырамыз, сіздер әр қашанда білулеріңіз керек, сіздердің жұмыс сапаларыңыздан біздің жастарымыздың білімі ғана тәуелді емес. Басты назарды қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге, мәдени толеранттылыққа, мәдениетке, өз қызметін біздің жас буынның салауатты өмір салтын насихаттауға аудару керек. Мемлекет өз тарапынан білім беру саласын дамытуға барлық жағдайды жасайды және барлық жоспарланған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді.
2014 жылы білім беру саласына ғана 1 млрд. 933 млн. 166 мың теңге бөлінген, ол 2013 жылдың деңгейінен 5% жоғары (1 млрд. 841 млн. 252 мың теңге)
Бүгінгі күні аймақтағы 12 мектептің барлығы кең жолақты ғаламтор желісіне қосылған. Аймақ мектептерінің компьютерлік базасы 1 135 бірлікті құрайды. Оқушылар саны 6 342 адам, 1 компьютерге 5,6 оқушыдан келеді, орта облыстық көрсеткіштен  0,1 жоғары болады. 2014 жылы 169 компьютер сатып алынған, бұл ескірген компьютерлерді толығымен жаңартуға мүмкіндік берді.
Шахтинск аймағының білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.
Сондай – ақ, 2014 жылы бюджет қаражатының есебінен 5 млн. 759 мың теңге сомаға 2 химия кабинеті, 1 физика кабинеті, асхана үшін жихаз сатып алынған.
Сонымен қатар, қала мектептерінде және кент мектептерінде жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Біз қаламыздың кішкентай тұрғындарын аса қамқорлықпен және назар салып қараймыз. Қаламыздың мектепке дейінгі мекемелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілген. «Гүлдер» сәбилер- бақшасы қалпына келтірілген және пайдалануға берілген, онда әлемдік тәрибелеу жүйесі Монтессориді енгізу жүзеге асырылған. Осы педагогикалық жүйе бала дамуының сұранысқа ие жүйесі болып табылады. Осы бағдарламада негізгі назар өздігінен тәрбиелеуге, сезімталдықты дамытуға аударылады. Жаңа балалар бақшасын ашу мектепке дейінгі мекемелерге кезектілікті төмендетуге мүмкіндік береді, сондай –ақ балаларды мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен 100% қамтуға мүмкіндік береді.
Біздің қаламыздың білім беру жүйесінің оңтайлы даму динамикасымен қатар әлсіз жақтары да бар, негізінен:
- жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша жоғары білікті ұстаздардың тапшылығы, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарда:
- білім беруді ақпараттандыру жеткіліксіз дамыған;
- бастауыш және негізгі (жалпы) білім беруді ұстау интеграциясының жоқтығы.
Айтылған мәселелерді шешу үшін 2015 жылы ұстаздардың жалпы санының 20% қосымша екі апталық біліктілігін арттыру курстарына оқыту жоспарланған. 2017 жылы қосымша 30% мұғалімдер үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өту керек. Шахтинск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөліміне ұстаздарды өндірістен алыстатпай 100 пән мұғалімдері үшін қалалық мектептер базасында біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру қажет. Жаратылыстану – математикалық және гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдерінің сынақтан өту нәтижесін негізге ала отырып, математика мұғалімдері үшін ұстаздық шеберлік мектебі құрылатын болады.
Сонымен бірге, 2015 жылы білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық базасын нығайту арқылы ақпараттандыруды дамыту мәселесін шешу жалғасуда, қаланың материалдық – техникалық базасы облыс бойынша ең жақсы болып табылады. Қолданыстағы IT-технологияларды 100 % пайдалану ең маңызды. Соңғы жылдары білім беру жүйесінде енгізілген әдістеме және бастамаларды пайдалану маңызды кезең. 2011 – 2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде білім беру жүйесін түбегейлі жаңарту үдерісі өтуде.
Тұрғындардың өмір сапасына және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге басты назар аударылады.
Әлеуметтік дамудың маңызды көрсеткіші болып жұмыссыздық деңгейін төмендету.
2014 жылдың қортындысы бойынша жұмысқа тұрғызуға өтініш білдіргендердің жалпы санынан жұмысқа орналастырылғандар үлесі 87,9% (жүгінгендер - 2018 адам, жұмысқа орналастырылғандар - 1774 адам, оның ішінде 16- 29 жас аралығындағы жастар - 863 адам) құраған.
2014 жылы қоғамдық жұмыстарға 326 адам бағытталған, оның ішінде: 29 жасқа дейінгі жастар - 154 адам. Қаланың 39 мекемесінде қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылған.
Кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға 2014 жылы 134 жұмыссыз бағытталған (оның ішінде жастар – 66 адам).
Шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін еңбек нарығында қажетті мамандықтар бойынша оқу өткізілген.
Азаматтарды жұмысқа тұрғызуға ықпалдасуға көмек көрсету үшін, нысаналы топтардан әлеуметтік жұмыс орындарына 24 адам жолданған және жұмысқа орналастырылған.
2014 жылдың басынан бастап жастар тәжірибесі шеңберінде 31 түлек жұмысқа орналастырылған.
2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тіркелген жұмыссыздар саны 109 адам.
Шахтинск аймағында әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемдерді төлеу жолымен, ол атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төлеу түрінде жүзеге асырылады.
2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 37 отбасыға немесе 126 алушыға 1 млн. 946 мың теңге көлемінде төленген, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 131 отбасыға 249 балаға 2 млн. 049 мың теңге сомасында төленген, тұрғын үй көмегі 247 отбасыға 316 алушыға 4  млн. 765,8 мың теңге төленген, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамту 31 алушыға 1 млн. 095 мың теңге сомасында төленген, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек 7648 алушыға 29 млн. 581,3 мың теңге сомасында төленген.

Құрметті кездесуге қатысушылар!
2015 жыл – ерекше жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы, Ұлы Жеңістің 70-жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығы және қазақ хандығының құрылғанына 550-жылдығын атап өтетін боламыз. Өз елінің тағдырына жауапкершілікпен қарайтын және Қазақстан елінің бірыңғай ұлтын құрайтын бұл барлық қазақстандықтар үшін басты мерекелер болып табылады.
Бұл - бейбітшілік және тұрақтылық символы, дәстүрді сыйлау. Бізді алдымызда үлкен жұмыстар күтіп тұр.
Еліміздің барлық жерлерінде 6 ақпанда Қазақстан халқы  Ассамблеясының 20-жылдығына арналған «Біздің күшіміз бірлікте» атты акция басталатын болады. Біздің аймақта 70 ұлт өмір сүреді, көптеген адамдар үшін Сарыарқа жері туған үйі болып қалған. Біз рухани тұрғыда бұрынғыдан да гөрі күштірек, топтасқан және бұрынғыдан да аса тағатты ету маңызды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығына орай Шахтинск аймағында «20 игі іс» акциясы жоспарланған, осы акциямен әлеуметтік әлсіз санаттағы тұрғындар қамтылатын болады.
Ұлы Жеңістің 70-жылдығын тойлауға орай 60 жуық мәдени–бұқаралық ісшаралар жоспарланған, оның ішінде әлеуметтік бағыттағы шаралар 20 асады.
Құрметті отандастар, біз ардагерлеріміздің ерлігін есімізде сақтап, құрметтеуіміз керек.
ҰОС мүгедектеріне және қатысушыларына бір жолғы материалдық 150 мың теңге көлемінде (14 адам) төлем жасалатын болады. Сондай–ақ, материалдық көмек енбек ардагерлеріне, оларға теңестірілген адамдарға төленетін болады.
Атап өту керек, Ұлы Отан соғысы қатысушыларына көмек тұрақты көрсетіледі, 2014 жылы ардагер  Передерей Петр Константиновичтың Островская 21А көшесі мекенжайы бойынша орналасқан жеке сектордағы үйі орталық кәріз жүйесіне қосылған. Ұлы Отан соғысы қатысушыларының барлығы суды пайдалану, сумен қамту, жылумен қамтуға төлейтін коммуналдық қызметтерді төлеуден босатылған, сондай–ақ әр отбасыға қайтарымсыз негізде 100 кВт электрэнергия беріледі.
Ағымдағы жылы Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Терентьевич Барсуковқа жер телімін бөлу және гараж орнату мәселесі шешілетін болады.
Екі соғыс ардагері Чирышев Николай Ионович және  Аюханова Надежда Калашвильевна жыл ағымында қала ішінен жеке пәтерлермен қамтылатын болады.
Тұрғындар денсаулығына басты назар аударылады, лайықты дейгейде медициналық қызметтермен қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар өткізіледі.
2014 жылдың қортындысы бойынша «Саламатты Казахстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторларына қол жеткізілген. 2014 жылдың 11 айында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жалпы адам өлімінің  2,3 % төмендегені байқалған. 
Медициналық көмектің сапасына және заманауилығына, қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша көрсеткіштерді жақсарту және сақтап қалу біздің осы жылғы міндетіміз болып табылады.
Барлық алдын–алу шараларын оңтайлы іске асырудың бастамасы сөзсіз салауатты өмір салтын жүргізу, жаппай спортпен шұғылдану болып табылады. 
Шахтинск аймағында 30 түрлі спорт дамыған, оның ішінде 12 спорт түрі Олимпиядалық ойындар бағдарламасына енгізілген.
Дене шынықтырумен және спортпен айналысатындар саны – 13 682 адамды құраған. Қалада 76 спорт объектісі және жабдықтары тіркелген.
Аймақ спортшылары 2014 жылдың қортындысы бойынша облыстық, республикалық және әлемдік 79 жарысқа қатысқан, онда 132 медалға қол жеткізілген, оның ішінде: 32-алтын, 45-күміс, 55-қола медалдар алған.
Біздің қала спортшыларының жетістіктерімен мақтана алады. Чернов Сергейдің жетістіктерін айрықша айтып өткім келеді, каратэ бойынша екінші жыл әлем чемпионы болып келеді.
Қазақстан Республикасының бокс чемпионы Сон Александрдың, ауыр атлетика бойынша Қазақстан Республикасының чемпиондары - Кудрук Владимирдың және Староверкин Кирилдың, қол төбелесі бойынша әлем біріншілігінің жүлдегерлері - Худайбердиев Жасуланның, Абаев Алишердің жетістіктерін айтпай кетуге болмас.
Біздің жетістіктеріміз жаңа қазақстандық патриоттылықты қалыптастыруға себеп болады. Басты негізде біздің мемлекеттің, қоғамның, ұлттық идеясы, ол қоғамдық келісімді нығайту және сақтап қалу.
Өзара түсіністік пен ұлтаралық келісімді нығайту туралы айтып кетпеске болмайды, аймақта мәдениетті, дәстүрді және Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
Шахтинск аймағында 7 ұлттық – мәдени бірлестіктер қызмет етеді, оның ішінде қазақ ұлтының дәстүрін және салтын сақтау және жандандыру үшін 2 бірлестік бар, 2 славяндық бірлестік, сондай - ақ неміс, корей және татар башқұрт бірлестіктері бар.
Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру мақсатында, «Бастау» оқу- әдістемелік орталығында 2014 жылы мемлекеттік тілге  160 адам (2013 жылы - 160) оқытылған, оның ішінде 147 адам сертификат алған (2013 жылы - 146).
Ағылшын тілін оқу курстарында 72 адам оқыған (2013 жылы - 45), 61 адам сертификат алған (2013 жылы - 39).
Аймақтың толығымен мақсаттарымен, міндеттерін шеше отырып тұрақты негізде біздің кенттердің өзекті мәселелері бақылауда тұр. Кенттердің алғашқы кезектегі міндеттерін біртіндеп қарастыру бойынша жыл сайын жұмыстар жүргізіледі, жолдарды ағымдық және орташа жөндеу жүргізіледі, кентердің аумағы аббаттандырылады, балалар алаңы ретке келтіріледі, қатты – тұрмыстық қалдықтардың алаңын және жарық желілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бірақ бірқатар өзекті мәселелер бар, оларды шешу үшін ұзақ және аянбай еңбек ету керек. Мысалы, Шахан кентінің тұрғындарын үздіксіз жылумен қамту үшін жеке қазандық салу қажет. Бүгінгі күні жоба – сметалық құжат әзірленген, бұл құжатқа мемлекеттік сараптама алынған. Республикалық бюджеттен қаржы бөлінісімен қазандық салу басталатын болады. Осы мәселе жеке менің бақылауымда тұрғанын айтып өткім келеді.
Тазалау құрылғыларын қайта жөндеу маңызды сұрақ болып қалуда, сонымен бірге Новодолинский кентінде екі модулді қазандық салу. Қысқа мерзімде осы мәселелерді шешу мақсатында инвестиция тарту бойынша әртүрлі нұсқалар қаралуда, оның ішінде жеке мемлекеттік серіктестік нұсқасы.
Долинка кентінің негізгі проблемасы болып кент тұрғындарын жұмысқа орналастыру, бұл жұмыстарды іске асыру үшін туристік кластерді дамыту жөнінде жұмыстар жүргізіледі. Кент аумағында «Саяси құғын – сүргін құрбандарын еске алу мұражайы» жанына инвесторлардың қаржысына қонақ үй кешенін салу жолымен туристік қызмет саласын кеңейту жоспарланған.
Бүгін мен ең өзекті, күрделі мәселелерді ғана атап шықтым, оларды оңтайлы шешу жағдайында кентерде көптеген проблемалар шешілетін болады.
Шахтинск аймағының он жылдық даму жоспарына кенттердің мәселесі енгізілген, оларда жыл сайынғы, ұқсас шаралар айтылған.
Атқарушы биліктің маңызы қызметі болып қоғаммен керіс байланыс. Тұрғындардың күнделікті проблемаларын азаматтардың өтінішінен біз толық және нақты көре аламыз. Осы жұмыстың бір бөлігі болып біздің бүгінгі кездесуіміз табылады. Келіп түскен барлық өтінімдер тұрақты бақылауда тұр.
Өткен жылы қалалық әкімдікке және оның құрылымдық бөлімшелеріне 6 мың 679 өтінім келіп түскен, 484  адам менің жеке қабылдауымда болған.
Өтінімдерді талдау көрсеткендей тұрғындар үшін тұрғын үй мәселесі және коммуналдық – тұрмыстық сипаттағы мәселелер, сонымен қатар жер телімін бөлу мәселелері өзекті болып келуде.
Құрметті шахтинскіліктер!
Өткен жылы есеп беру кезеңінде келіп түскен тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру қортындысы туралы қысқаша айтып өтуге рұқсат беріңіздер:
2014 жылдың қаңтар- ақпан айларында кент әкімдерінің 4 есеп беру кездесулері өткен және Шахтинск аймағының тұрғындарымен қала әкімінің 1 есептік кездесуі өткен. Кездесу қортындысы бойынша, нақты шаралар қабылдау үшін тұрғындардан келіп түскен 24 ұсыныс бақылауға қойылған, оларды орындау жөнінде ісшаралар әзірленген.  Әр ұсыныстың орындау мерзімі және жауапты орындаушылары анықталған.
Айтылған ұсыныстарға сәйкес өткен жылы келесі жұмыстар жүргізілген:
Северо-Западный кенті бойынша:
Тұрғындардың өтініштері бойынша аптай сайын қоқысты шығару кезінде бұзушылықтарды анықтау жөнінде рейдтер жүргізілген, кенттің почта бөлімшесінің жанында орындық орнатылған, №8 жалпы білім беру мектебінің ауласында жарық шамдары қалпына келтірілген.
2014 жыл ағымында кент тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтуға және су жүйесіне қосу мақсатында жиналыстар өткізілген, бұл жиналыстарда орталықтандырылған су жүйесіне қосылу маңыздылығы айтылған. Қазіргі уақытта 36 тұрғын техникалық анықтама алуға жүгінген, төрт тұрғын орталық сумен қамту жүйесіне қосылған.
Долинка кенті бойынша:
тұрғындардың өтініші бойынша Парковая көшесінен Саяси құғын–сүргін құрбандарын еске алу мұражайына дейін автокөліктердің жүруі шектетілген.
Қоқысты шығару кезінде санитарлық нормаларды бұзу фактілерін анықтау жөнінде апта сайын рейдтер жүргізілген. 2014 жылдың кезеңінде 66 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, оның ішінде 63 адам ескертілген, 44 мың 448 теңге сомасында 3 адамға айыппұл салынған.
2014 жылдың наурыз айында кентте байланыс қызметін жақсарту үшін түзету мекемелерінің аумағында байланыс қызметінің сапасы қаралған, жабдықты жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бірақ бүгінгі күні байланыс қызметімен тағы да қиындықтар туындаған, осыған байланысты осы жұмыстар қайтадан басталған, жақын арада мәселе шешіледі деп ойлаймын.
Қатты тұрмыстық - қалдықтарды шығару жөінде бірыңғай қызмет көрсетушіні анықтаудан кейін кент тұрғындарымен жеке келісім жасау мәселесін қызмет көрсетушімен қарастыру қажет, осы уақытта қоқысты шығару бойынша қызмет көрсетуші анықталған, Шахтинск қалалық мәслихатымен қоқысты толтыру нормасы және қатты – қалдықтарды шығару тарифі анықталған, қызмет көрсетушілермен келісім жасау мәселесі қаралуда.
Новодолинский кенті бойынша:
Кент тұрғындарының ескертулері бойынша № 5 «б» автобустың қозғалысы жиілеген және саны көбейтілген болатын. Сондай – ақ, жолаушылар күтетін павильондарда автобус қозғалысының кестесі орналастырылған.
Тұрғындардың өтініші бойынша көктемгі мезгілде Энгельс көшесінің бойындағы № 28 үйдің ауласында балалар алаңын орнату жұмыстары басталған, Лесная көшесінің бойынша жарық қалпына келтірілген, кент саяжайларына апаратын жол асфальтталған, кенттің 10 трансформалы шағын станцияларында жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Шахан кенті бойынша:
Тұрғындардың өтініші бойынша бұрынғы "Грейс"  ғимаратын бұзуды алдын–алу бойынша кент полициясының қызметкерлерімен осы аумақты бақылау жүзеге асырылған.
Қысқы – көктемгі мезгілде жолдарды қардан тазалау жүргізіледі.
№227 автобустың сирек жүруі туралы № 3 автопарк басшылығымен кеңес өткізілген. 2014 жылдың наурыз айынан бастап осы автобустың қозғалысы жиілеген.
Шахтинск қаласы бойынша:
Шахтинскіліктердің сұранысы бойынша К.Маркс көшесінен Парковая көшесіне дейін жолдарды орташа жөндеу жүргізілген, жаяу жүргіншілер жолы салынған.
«Шахтинскводоканал»  ЖШС Абай даңғылының бойындағы тұрғын үйдің авариялық жағдайдағы  су құбырларын ауыстырған.
"Горкомхоз" ЖШС Ленинградская көшесінің бойындағы жаңбыр кәрізінің жолы тазартылған.
Тұрғындардың ескертулері бойынша көше жарығын уақытылы өшіріп жағуы тұрақты бақыланған.
Шахтинск қаласында жаңа мешіт салуға ықпал ету мақсатында  «Шахтинск аймағының әлеуметтік – экономикалық дамуына ықпал ету қоры» Қоғамдық қорын тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілген.
2014 жылы демеушілер есебінен қолданыстағы мешітке жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Қалада әлеуметтік павильон қажеттілігі туралы тұрғындардың ескертулерін назарға ала отырып, Шахтинск аймағының 2020 жылға дейінгі 10 жылдық даму жоспарын әзірлеу кезінде 6 әлеуметтік павильон салу жоспарланған.
Тұрғындардың ескертулерін және ұсыныстарын орындауды қамтамасыз етуге бағытталған ісшараларды іске асыру туралы ақпарат ай сайын ресми сайтта және «Шахтинский вестник» газетінде жарияланып отырған.
Құрметті жерлестер!
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық заңнамасын бұзу мәселелеріне аса қатты мән берілген. Осы бағыттағы жұмыстар біздің қаламызда да жалғасуда.
Құқық бұзушылықтың және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау фактілерін болдырмауға шаралар қабылдау мақсатында, сонымен қатар Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өңірлік бағдарламасын орындау үшін Шахтинск қаласы әкімдігінің қаулысымен осы бағдарламаға сәйкес ісшаралар жоспары әзірленген.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасы барлық мемлекеттік мекемелерге жеткізілген.
Шахтинск аймағында менің төрағалығымен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі жөнінде комиссия жұмыс істейді, осы комиссияның отырысы тоқсан сайын өтеді, қажет болған жағдайда жоспардан тыс өткізіледі.
Барлық мемлекеттік мекемелерде «сенім телефоны» қызмет етеді, олардың номерлері жергілікті «Шахтинский вестник» газетінде және қала әкімдігінің сайтында жарияланған. Шахтинск аймағының тұрғындарымен «Сенім телефондарына» мемлекеттік органдарда болатын сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпаратты  хабарлауға болады. Сонымен бірге, мемлекеттік мекемелерде жеке және заңды тұлғалардан хат қабылдау үшін пошта жәшіктері орналастырылған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 қыркүйектегі 2013 жылғы №983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтердің Реестріне сәйкес 2014 жылы 58 мемлекеттік қызмет түрі бойынша атқарушы органдармен 16 454 қызмет көрсетілген.
«Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді алу қол жетімділігі үшін аймақта 2 Халыққа қызмет орталығы жұмыс істейді, олар жергілікті атқарушы органдардың 12 қызметін көрсетеді, оның ішінде 6 қызмет альтернативсіз негізде тек қана Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ғана көрсетіледі.
Есеп беру кезеңінде мемлекеттік органдарда 13 493 (82%) мемлекеттік қызмет көрсетілген, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 1 722 (11%) мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде үдерістерді автоматизациялауға бірінші  кезекте назар аударылады. 6 мемлекеттік қызметтің электрондық нұсқаға ауысуы жүзеге асырылған, мысалы 2013 жылы  веб-портал «электрондық үкімет» арқылы 1 мемлекеттік қызмет көрсетілген («мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бағыттау үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды (7 жасқа дейін) есепке қою). 2014 жылдың қортындысы бойынша 1 239 электрондық қызмет көрсетілген (7 %), ол 2013 жылы көрсетілген қызметтерден 300 көп.
Бекітілген мемлекеттік стандарттарға сәйкес тегін түрде 13 283 (80,7%) қызмет, ақылы түрде - 3 171 (19,3 %) қызмет көрсетілген.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау ай сайын жүргізіледі. Талдалатын кезеңде жеке тұлғалардан мемлекеттік қызметті көрсетуге 2 шағым келіп түскен, олар бекітілген мерзімде қарастырылған. Стандарт талаптарын және мемлекеттік қызмет регламентінің талаптарын сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке 2 лауазымды тұлға тартылған.
Есеп беру кезеңінде сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер болып:
Білім беру саласында - «Бастауыш, орта және жалпы білім беруді ұсыну» (1487 қызмет ұсынылған)» және «Мектепке дейінгі мекемелерге бағыттау үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды (7 жасқа дейін) тіркеуге қою»;
тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» (2022 қызмет көрсетілген), «Жұмыспен қамтуға ықпалдасудың белсенді формаларына қатысуға адамдарға жолдама беру» (1998 қызмет көрсетілген) және «Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау» (344 қызмет көрсетілген);
ауыл шаруашылық саласында - «Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру» (3059 қызмет көрсетілген);
сәулет және қала құрылыс қызметінде «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын нысандардың мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» (754 қызмет көрсетілген);
жер қатынастары саласында «Жер телімдерін қалыптастыру бойынша жер құрылыс жұмыстарын бекіту» (520 қызмет көрсетілген);
кәсіпкерлік қызмет саласында – «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды ұсыну» (9 қызмет көрсетілген);
тұрғын үй  – коммуналдық шаруашылық саласында - «Есепке, кезекке қою, сонымен бірге жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдармен жалға берілетін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрғын үй беру туралы жергілікті атқарушы органдармен шешім шығару» (312 қызмет көрсетілген).
Мемлекеттік қызметтерге тұрғындардың бірдей қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімінің ресми интернет ресурсында және мемлекеттік мекемелердің ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қажетті ақпарат орналастырылған.
Мемлекеттік қызметердің сапасын арттыру мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен 20 семинар – кеңес және «дөңгелек үстел» өткізілген. Бұқаралық ақпарт құралдарында ХҚО арқылы, сонымен қатар электрондық форматта мемлекеттік органдарда қызмет көрсету бойынша  43 материал жарияланған.
2015 жылы қызмет сапасын жақсарту және уақытылы көрсетілуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтердің үдерісін ХҚО арқылы альтернативтік негізге ауыстыру жалғасатын болады.
Құрметті кездесуге қатысушылар!
Бір баяндамада Шахтиснк аймағының ағымдық және өзекті мәселелерін айтып шығу және барлық жұмысты көрсетіп шығу мүмкін емес. Ел Басымен тапсырылған міндеттердің көбісі орындалған, бірақ әлі көп тапсырмаларды іске асыру керек. Біз бәріміз жақсы түсінеміз алдымыздағы жыл оңай болмайтынын, кейбір мемлекеттер оны экономикалық шығынсыз өте алмайды. Әлемдік экономиканың дамуына жаңа қауіптерді нақты бағалай алатындарыңызға сенемі. Әлемдің әлеуметтік – әлемдік экономика күрделі жағдайда болғана қарамай біз экономиканың барлық құрылымдарын орындау үшін көп күш салатын боламыз.
Өз баяндамамның соңында Мемлекет Басшысының сөздерін тағы бір рет естеріңізге салып өткім келеді, экономика дамуының күрделі кезеңінен тек қана мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Біздің мемлекет этникалық әр түрлігіне байланысты ерекше болып келеді, ол тарихи дамуының әсері және бүгінгі күні экономиканың тұрақсыз кезеңінде біздің бәрімізге патриоттық сезімді таныту керек.
Бірлік жоқтығын біз көптеген елдерден көре аламыз, бұл орны толмас өкініштерге әкеліп соғады. Біздің мемлекетте Ел Басымен біздің азаматтардың әлеуметтік қамтымының төмендеуін, еңбекақының төмендеуін және жұмыскерлер санын төмендетуін болдырмау бойынша күш салынады.
Біз бірігіп біздің мемлекеттің даму жолында барлық қиындықтарды жеңе аламыз деп ойлаймын.

Назарларыңызға рахмет!

 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 15.01.2016 17:13

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 41%, қысым 715, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.38
Euro 431.05
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары