www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Шахтинск қаласы әкімінің 2013 жылғы есебі

Шахтинск қаласының әкімі А.М.Аглиулиннің Шахтинск аймағының  2013 жылға арналған әлеуметік – экономикалық дамуының қорытындылары және 
2014 жылға арналған даму басымдықтары туралы есебі.

       Тұрғындар арасында барлық деңгейдегі әкімдердің жыл сайынғы есептік кездесулері бұл биліктің  халықпен ашық диалогы, өткен жылы жүзеге асырылған жұмыстар туралы тұрғындарды ақпараттандыру ғана емес, сондай – ақ өзекті мәселелерді шешуде басымдықтарды анықтау болып табылады.

Құрметті қатысушылар!

Елбасы өзінің кезекті Жолдауында Стратегия 2030 кысқа мерзімде іске асырылатынын жариялады. Мемлекетіміз өзінің тәуелсіздігін және саяси салмағын нақтылай отырып елдің орналасу кезеңін нәтижелі аяқтады.
Республиканың Тұңғыш Президентінің көреген саясаты, ақылдылығы жалпы Қазақстан жетістігінің кепілдігі болып қалды. Елбасы елдің барлық азаматтарының тәуелсіздікке және жетістікке жету туралы арманын іске асырды. Кошбасшының саясаты елдің экономикалық жағдайын өзгертті. Келісім, бейбітшілік, бірлік құндылықтарының базасында Қазақстандық менталитеттің жаңа негіздері құрылды.
Осы құндылықтарды сақтау қазақстандық қоғамды біріктіретін негізгі фактор болып табылады. 
Стратегия-2030 қортындылай келе, Президент қоғам алдына үлкен міндет қойды, тәуелсіздік жылдары жеткен барлық жетістіктерімізді сақтай отырып, XXI ғасырда тұрақты дамуды жалғастыруғы керек екенін атап өтті. 
«Казахстан-2050» Стратегиясы біздің жалпы бағытымыз болып қалуда.
Аса маңызды саяси құжатта міндеттердің жаңа парадигмасы көрсетілген, оның мақсаты мықты елдің негізінде берекелі қоғам құру, экономиканы дамыту және жалпы еңбек ету мүмкіндіктері. Казахстан-2050 Стратегиясы, Стратегия -2030  - жаңа кезеңнің басты дамуы болып табылады. 
Оның негізінде үлкен идея жатыр, ол қысқа мерзімде әлемнің бәсекеге қабілетті отыз елінің құрамына кіру.
Бүгінгі күні Қазақстанның жетістігін әлем мойындаған. Оған дәлел ретінде  болатын факт, біздің Астанамыз «ЭКСПО-2017 арнайы халықаралық  көрмесін өткізетін орын болып тағайындалды, ол «Болашақ энергиясы» девизімен өтетін болады. Керемет технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктер Қазақстан жерінде көрсетілетін болады.
Стратегияның негізгі принциптері әр адамды толғандыратын негізгі қиындықтарды шешуге жолданған.
Біздің еліміздің және біздің аймақтың әрі қарай дамуы халықтың ауқаттылығына тәуелді, ауқаттылыққа жету бірқатар көрсеткіштер есебінен қол жеткізіледі, мен оларға әлі толығымен тоқталатын боламын.
Өткен жылы өнеркәсіптік өнімді өндіру көлемі 7 млрд. 414 млн. теңгені құраған. Өнеркәсіптік өнімдердің жеке көлем индексі -103,9 % құраған.
Негізгі капиталда инвестиция 11 млрд. теңгені құраған. 
Ағымдағы жылы 1 млрд. теңгеден астам соммаға 4 инвестициялық жоба жоспарланған. Бұл жобалар:

  •  «НПФ ВИТ» ЖШС – электр қуатын берудің барлық қысымының желілерін және шағын жоғарғы вольтты станцияны салуда қолданылатын темір бетонды бұйымдарды шығару үшін бөлшектерді және темір каркастарды өндіруді ұйымдастыру.
  • Тоқтап тұрған кәсіпорын «Ас Екен» ЖШС базасында «Астана Power Ingeniring» ЖШС ұн өндіруді қалпына келтіру.

3. «ОРТАЛЫК ОНІМ» ЖШС «Шошқа кешені» жобасын іске асыруды жоспарлайды. Жоба бәсекеге қабілетті шошқа етін шығаруға бағытталған.

  • «GoGreen.kz» ЖШС жылу кешенің салу. Бүгінгі күні «GoGreen.kz» ЖШС жылыжайын салу үшін және оған қызмет көрсету үшін 20 жылға ұзақ мерзімді қайтарусыз қолдануға 1,96 га жер телімі берілген. Жобаны іске асыру қортындысы бойынша жаңадан 20 жұмыс орнын құру жоспарланған. Жобаны іске асыру кезеңі 2014 - 2015 жылдар.

Мен ойлаймын бұл әлі шектеу емес.
Жаңа жобаларды тарту бойынша жұмыстар белсенді болуы керек, себебі аймақтың бәсекелестік басымдығы болып табылатын, іске асырылатын нақты басымдығы бар  инвестициялық жобаларды қолдауға аударамыз.
Жаңа жобаларды іске асыру қалада бар ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға және өмір сүру деңгейін тез арада жақсартуға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді басымдықта, біздің жоспарларды іске асыру өнеркәсіптік өнім көлемін 5 млрд. теңгеге өсіруге мүмкіндік береді.
Елбасының тапсырмасына сәйкес, біз шағын және орта бизнесті аймақ экономикасының негізі болуына және қозғаушы күші болуына қол жеткізуіміз керек. Қалада кәсіпкерлік секторды әрі қарай дамыту үшін бизнесті қолдаудың жалпы инфрақұрылымы құрылған, бұл инфрақұрылымдарға қаржы институттары (екінші деңгейлі банктер, микронесиелік ұйымдар), «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының шеңберінде ашылған кәсіпкерлікті қолдау орталығы, Шахтинск аймағының кәсіпкерлер қауымдастығы жатады.
Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі іс- шараларды іске асыру экономика секторының негізгі көрсеткіштерін орындауға мүмкіндік береді. Өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі жағдай бойынша кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 153 адамға өскен. Сонымен қатар, олармен шығарылатын өнім көлемі 10% ( 2013 жыл – 4 млрд. 701 млн. теңге, 2012 жыл  – 4 млрд. 330 млн. теңге) өскен.
Өткен жылдың жағдайы бойынша шағын және орта бизнестің тіркелген субъектілер санының 12 бірлікке өсуін ( 2013 жыл –    1702 бірлік,  2012 жыл – 1690 бірлік) атап өту керек.
Шағын және орта бизнес ортасында «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы тиімділікті және қажеттілікті көрсетті. Бұл бағдарламаның шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені 400 млн. теңгеге субсидиялауға мүмкіндік туды, 109 жаңа жұмыс орындарын құру арқылы 6 жоба мақұлданған. Бұл мынандай жобалар:
1. «Қоңак үй сауықтыру кешені» ЖК Омарбеков А.К.
2. «Сауда нарығын қайта жөндеу (жандандыру)» ЖК Петраков Г.Г жобасы.
3. «Автокөлікті сатып алу және оны ГАЗ қайта жабдықтау» ЖК Конуров жобасы. 
4. «Құрылыс материалдарының базасын кеңейту» ЖК Матюхин жобасы.
5. «Наубайхана және аспаздық шеберханасымен сауда нысанын салу» ЖК Зимницкий жобасы.
6. «Жартылай фабрикаттарды шығару бойынша шеберхана аша отырып сауда орталығын қайта жөндеу» ЖК Филинский жобасы.
Жалпы соммасы 12 млн. теңгеге грант ұсыну жолымен біздің кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсетілген. Осындай жобаларға:
1).  «Темір кесу үшін плазмалық жабдықты сатып алу» ЖШС  НПФ «ВИТ» жобасы;
2). «Мектепке дейінгі жастағы балалардың таңымдылық белсенділігін дамыту үшін қызметті ұйымдастыру» жобасы;
3). «Жеке және заңды тұлғалар үшін бөлмелерді, кеңселерді және тұрғын үй бөлмелерін, дүкендерді, сауда және сауықтыру кешендерін клинингтік жинау қызметін ұсыну»  жобасы;
4). «Жасанды тастан жуу өндірісін ұйымдастыру» жобасы жатады.
Ағымдағы жылы осы жұмыс жалғасатын болады, негізінен бағдарлама қолданыстағы бизнесті дамытуға жолданған, бірақ үш миллион теңгеге дейін грант ұсыну жолымен жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдау үшін, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, сонымен қатар микрокредиттауға қаржы қарастырылған.  
Бұған 76,0 млн. теңге қаражат қарастырылған.
Қолдаудың әр түрлерімен 10 кәсіпкерлік субъектілері қосымша қамтылатын болады, 50 – ден астам жаңа жұмыс орындары құрылған.
Сондай – ақ, қалада өткізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарына қарамастан жалпы кәсіпкерлердің тарапынан қызығушылық жоқ. Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, тағы да мемлекеттік қолдаудың  құралдарын белсенді қолдануға шақырамын. Өз тарапымнан біз қолдау көрсетуге дайынбыз.  
Мемлекеттік органдардың алдына нақты міндеттер қойылған, ол бір бағытта бизнеспен жұмыс істеу, өз қиындықтарын жұмыла шешу. Қалада көлеңкелі экономикаға қарсы іс- шаралардың Кешенді жоспары әзірленген.
2013 жылы қабылданған шаралардың нәтижесінде қала бюджетіне 5 млрд. теңгеден астам қаражат түскен. Жеке табыстар бойынша жоспар 109,6% орындалған.
Шахтинск аймағында салық салу базасын кеңейту бойынша шаралар бюджетке 80 млн. теңгеден астам қаражат түсімін қамтамасыз еткен. 2014 -2015 жылдары іске асыру шараларының нәтижесінде, көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге жағдай жасалған. Салық төлеуден жалтаруды емес, бәсекелестікке нарық қатысушыларын ынталандыруымыз керек, негізінен «ашық» бизнесті жүргізуге ынталандыру қажет.
Азық – түлік өнімдеріне өсіп жатқан сұраныс жағдайында ауыл шаруашылығын жалпы жандандыруды Нурсултан Әбішұлы басты атап өтті. Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі жағдай бойынша Шахтинск аймағының ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 113,5 % немесе 1 млрд. 25 млн. теңгені құрағанын атап өту керек.
Шахтинск аймағында инфляциялық үдерістерді ұстау бойынша жұмыстар жалғастырылған.
Шахтинск аймағының 16 дүкенінде әлеуметтік – маңызды азық- түлік өнімдерінің  бағасына  апта сайын мониторинг жүргізіледі.
Шахтинск аймағы бойынша негізгі азық- түлік өнімдеріне бағаның өсуін болдырмау мақсатында келесі іс- шаралар өткізіледі:
Меморандумдар:
- 160 сауда субъектілерімен «Негізгі азық- түлік өнімдеріне шектеулі баға туралы»;
- 3 азық- түлік базарымен «2013 жылдың ағымында жалға беру құнын өсірмеу туралы» жасалған.
Сонымен қатар, 1 сұрыпты нанға бағаны ұстау үшін, бекітілген бағада ұнды рационалды және мақсатты пайдалану туралы» «Конуров» ЖК  меморандум жасалған. Нәтижесінде, аймаққа тұрақтандыру қоры бөлке салмағы 600 грамм  1 сұрыпты нанды 40 теңге бағада жеткізеді.
Сонымен қатар, 2013 жыл ағымында мерекелік іс- шараларды өткізу күндері, ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізілген, бұл жәрмеңкелер  тұрғындардың жеміс және ет өнімдеріне сұранысын қаңағаттандыруға бағытталған. Көктемгі – жазғы кезеңде Қарағанды облысының жақын маңдағы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін  елді мекендерінің  және Шахтинск аймағының азық- түлік өнімдерін өндірушілердің қатысуымен 4 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілген.


Анықтама:
Жәрмеңкеге қатысқан кәсіпорындар:
«Тентек» нан комбинаты, «Апрель Кулагер» ЖШС ет комбинаты, «Племенное хозяйство «Топар» ЖШС сүт өнімдерімен, Курминская тауық фабрикасы.
Жәрмеңкеге қатысқан аудандар:
Нұра ауданы;
Абай ауданы;
Бұқар – Жырау ауданы

Атап өту керек, күзгі – қысқы мезгілде осы жұмыстар жалғастырылған, тек қазан және желтоқсан айларында қалада 7 жәрмеңке өткізілген.
Өткен кезеңде өткізілген жәрмеңкелерідің нәтижесінде жалпы соммасы 31 млн. теңгеге ауыл шаруашылық өнімдері іске асырылған.
Сонымен қатар, 2- нен 8 тамыз аралығында Шахтинск аймағында Батыс Қазақстан облысының «Бал жәрмеңкесі» өткізілген, онда 1 тонна бал сатылған.
Мемлекеттік қолдаудың саясатын әрі қарай біз аймақта мал шаруашылығын дамытуға бағыттаймыз. Ол үшін қалада келесі жобаларды іске асыру жоспарланған:
- «ОРТАЛЫК ОНІМ» ЖШС шошқа кешенін салу;
- «GoGreen.kz» ЖШС жылыжай кешенің салу.

Құрметті кездесуге қатысушылар!

Тұрғын үй мәселесін шешуге басты назар аударылуы керек. Есеп беру кезеңінде Шахтинск аймағында 7 мың 584 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Құрылыс жұмыстарының көлемі 1 млрд. 273,4 млн. теңгені құраған.
2014 жылы, «Қол жетімді баспана» бағдарламасы бойынша 8 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл:
- Карла Маркса көшесіндегі 2 блок секциялы 5 қабатты үй.
- Парковая көшесіндегі 3 үйдің құрылысын аяқтау.
Сонымен қатар, Шахтинск қаласында 2014 жылы 5 қабатты жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы үшін екі жоба – сметалық құжатқа қаражат жоспарланған.
Шахтинск қаласында ата- анасының қамқорынсыз қалған 279 жетім балалар және балалар тұрғын үйге мұқтаж.
Барлығы, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегінде 1581 адам тұр, оның ішінде 2013 жылы 466 адам кезекке қойылған.
Тұрғындар үшін ең өзекті мәселе болып коммуналдық сектордың жұмысы  болып қалуда. Өмір сүрудің сапасын қазақстандықтар  өздігімен жақсарту үшін мемлекет оларға жағдай жасайды.
Осыған орай, ТКШ жандандыру бағдарламасын белсендендіру қажет.
Пәтер иелері үйді басқару үдерісіне қатысуы керек және бұл бағдарламаладан нақты пайданы сезуі маңызды болуда. Атап өту керек, қаланың тұрғын үй қорының 70%   қаңағаттанарлықсыз жағдайда тұр, сондықтан ағымдағы жылы Абая 78б даңғылы, Казахстанская 129 көшесі, Ленинградская 52 көшесі мекен – жайы бойынша орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге «ТКШ жандандыру» бағдарламасының шеңберінде республикалық бюджеттен 34 млн. 082 мың теңге қаражат бөлу жоспарланған. Бұл үйлерде шатыр, жер төле және басқа да қосалқы бөлмелер жөнделетін болады.
Үйдің деректері бойынша зерттеу жүргізілген, дефект ведомосты құрастырылған, ағымдағы жөндеуге смета есепке алынған. Осы қаражатты тұрғындар 7 жыл ағымында қайтаратын болады.
2012 жылы басталған «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының шеңберінде өткен жылы 190 млн. теңгеге жұмыстар жүргізілген.
Бұл Тәуелсіздік скверін 149 265 мың теңгеге абаттандыру (РБ). Сонымен қатар, мемориалдық кешенді салу, қаланың орталық алаңында флагштокты орнату, брусчатка салу, торшерлерді орнату, жасыл желектер салу және автоматты суару жүйесін орнату, абаттандырылған скверде жарық диодты шаптырма орнатылған.
7 аулалық аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілген. Тас орнату және асфальт салу жұмыстары орындалған, сонымен қатар шағын сәулет формалары жасалған.
2014 жылы осы бағытқа 230 млн. теңге қаражат қарастырылған, «Тәуелсіздік скверін» абаттандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру жоспарланған.
«Моноқалаларды дамыту» мемлекеттік бағдарламасын айта отырып, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС жаңадан күл үйіндісін салу бағыттарын атап өткім келеді. 
3 жыл ағымында осы бағытты іске асыру үшін республикалық және облыстық бюджеттен 2 млрд. 300 млн. теңге бөлу жоспарланған.  2013 жылы 695 млн. теңге бөлінген,«Power Energy» ЖШС мердігерлік ұйымы анықталған. Ағымдағы жылы осы жоба бойынша жұмыстар жалғастырылады, оған республикалық және облыстық бюджеттен 414,4 млн. теңге бөлінген.
Бірінші кезектегі су желілерін ауыстырғаннан кейін қазылған жерлерді абаттандыруға басты назар аударылған. Бұл мақсаттарға 40 млн. теңге бөлінген. Осы жұмыстар шеңберінде, лайды шығару, аймақты жоспарлаудан басқа, Казақстан, Молодежная және Карла Маркса көшелерінде жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру жұмыстары жалғастырылған.
Қаланы безендендірудің әзірленген тұжырымдамасының шеңберінде, шағын сәулет нысандарын, жарық конструкцияларын орнату жалғастырылған, ғимаратты жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілген, мерекелік және әлеуметтік мәтінде баннерлер орнатылған.
Өткен кезеңде қаланы көгалдандыру бойынша көп жұмыстар жасалған. Қалалық аумақта гүлзарларды отырғызу жүргізілген. Көктемгі тазалықтың үш айлығының шеңберінде қалалық саябақта шырша отырғызылған.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, 2013 жылы 12 млн. теңге бөлінген.
Қаланың және кенттердің жол – қозғалыс желілерінде қосымша 136 жол белгілері орнатылған.
Автокөлік жолдарын орташа жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілген, оған қалалық бюджеттен 70 млн. теңге бөлінген. Жалпы аумағы 14 610 шаршы метр 4 қалалық автомобиль жолдары (Казақстан көшесі, Калинина, Центр – 3 ықшам ауданы және 40 лет Победы көшесінен Молодежная көшесіне) жөнделген.
2014 жылы «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының шеңберінде жолдарды ағымдық жөндеуге республикалық бюджеттен 200 млн. теңге бөлінгенін атап өту керек. Осы қаражатқа 40 Лет Победы көшесі (ұзындығы 3,4 км.), Карла Маркса (0,9 км.) көшесі, Молодежная (0,9 км.) көшесі, Бирюзова (0,45 км.) көшелерінің жолдарын жөндеу жоспарланды.
2013 жылы автокөлік жолдарымен бірге, күн энергиясын пайдалана отырып көше жарықтары қалпына келтірілген.
Жаяу жүргіншілер жолын абаттандыруға 11  млн. теңге бөлінген.№ 6, №15 орта мектептерінің және Ленинградская көшесінің жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілген.
Жөндеуге жататын көшелер мен жаяу жүргіншілер жолының тізімі тұрғындардың өтінішін негізге ала отырып, сонымен қатар әлеуметтік – маңызды нысандардың орналасуына қарай дайындалған.

Құрметті жерлестер!

  Болашақты ойлай отырып, біз алдымен өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесін ойлауымыз керек. 
2013 жылы білім беру саласына 1 млрд. 840 млн. 282 мың теңге бөлінген, ол 2012 жылдың деңгейінен  3,7% (1 млрд. 774 млн. 898 мың теңге) көп.
Бүгінгі күні аймақтағы 13 мектептің барлығы кең жолақты ғаламтор желісіне қосылған. Аймақ мектептерінің компьютерлік базасы 1072 бірлікті құрайды.  Оқушылар саны 5960 адам, 1 компьютерге 5,7 оқушыдан келеді. 2013 жылы 176 компьютер сатып алынған, ол ескіріп кеткен жабдықты ауыстыруға мүмкіндік берді.
Шахтинск аймағының білім беру ұйымдарының материалдық- техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
2013 жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен 5 биология кабинеті, 18 млн. 357 мың теңгеге мектеп жихазы, 5 сандық подиум, пневматикалық винтовка және спорт жабдықтары сатып алынған. 
Сонымен қатар, қаланың және кенттердің мектептерінде жөндеу жұмыстары жүргізілген, № 5 мектеп гимназиясында аймақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілген, № 6 және 3 орта мектептерде терезелер пластикалық терезеге ауыстырылған.

Анықтама:

  • № 2 білім беру мектебіесіктерді ауыстыру, қоршауды абаттандыру, көмір қоймасын жөндеу, стадионға корт орнату,
  • № 3 білім беру мектебітерезелерді ауыстыру;
  • Гимназия № 5 кіре берісті жөндеу, абаттандыру,қоршау;
  • № 6 білім беру мектебі- терезелерді ауыстыру;
  • № 11 білім беру мектебішатырды жөндеу

Қаланың мектепке дейінгі мекемелері де ұмыт қалмаған, оларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


Анықтама:
  •  «сәбилер бақшасы «Салтанат» КМҚК кір жүү бөлмесін жөндеу, терезелерді ауыстыру;
  •  «сәбилер бақшасы «Карлыгаш»КМҚКазық- түлік сақтау қоймасын жөндеу;
  • «сәбилер бақшасы «Березка» КМҚКкәрізді жөндеу, электр желілерін ауыстыру;
  • «сәбилер бақшасы «Снегурочка» КМҚКкіре берісті, шатырды жөндеу;
  •  «сәбилер бақшасы «Ботагоз» КМҚКабаттандыру;
  • «сәбилер бақшасы ,«Еркетай» КМҚКабаттандыру.

Білім беру шығыстарын оңтайландыру мақсатында энергия үнемдеу бағдарламасы әзірленген және орындауға қабылданған, оның шеңберінде 2013 жылы келесі жұмыстар жүргізілген: 
- энергия үнемдеу шамдарын орнату;
-  коммуналдық есептеу жабдықтарын орнату (ауыстыру);
- 4 қалалық бақшаларда автоматтандырылған жылу пунктарын орнату (АТП);
- пластик терезелерді орнату;
- тамбурды орналастыру.
Бұл 4 млн. теңге қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді, оны 12 жылдық білім беру моделін іске асыруға бағыттау жоспарланған.
Атап өту керек, 12 жылдық модулді оқытуға көшу бойынша іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2015 жылы аймақтың барлық мектептері толығымен дайын болады. 
Басты басымдықтарға қайта орала отырып, келесілерді атап өту керек, Ұлт Көшбасшысы өзінің Жолдауында «Әр қазақстандық үшін кедейшілік әлеуметтік басымдық болмауы тиіс» деп атап өткен.
Әлеуметтік қолдау мұқтаж адамдарға көрсетіледі. Бұл тұрғын үй көмегін көрсету, мүгедектерді арнайы құралдармен қамтамасыз ету, мүгедектерге жеке көмекшілерді ұсыну. Біздің міндетіміз үлкен буын өкілдерін қамқорлыққа алу. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына кепілдіктер және жеңілдіктер бойынша теңестірілген барлық санаттағы азаматтарға Жеңіс күнін тойлауға байланысты материалдық көмек көрсетілетін Қарағанды облысындағы жалғыз аймақтың бірі Шахтинск аймағы табылады. Өткен жылы бұл мақсаттарға 8 миллион теңге шығындалған. Қарттар күнін тойлауға байланысты 75 жасқа толған 5 мың зейнеткер 3000 теңге көлемінде материалдық көмек алған.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек 7669 алушыға  35 млн. 794 мың 197 теңге соммасында көрсетілген.
Мүгедектерді әлеуметтік оңтайландыруға байланысты  жылдан жылға бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемі өсуде.
2013 жылы бұл мақсаттарға  43 млн. 442 мың теңге бөлінген.
Әлеуметтік дамудың маңызды көрсеткіштерінің бірі – жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады.
2013 жылы жұмысқа тұрғызу мәселесі бойынша өтініш білдіргендердің үлесінен 93,3%(өтініш білдіргендер – 2143 адам, жұмысқа тұрғызылғандар 2000) құраған
Осы мәселені шешудің басты шешімі Жұмыспен қамту бағдарламасы болып табылады.
2013 жылы бағдарлама бойынша 40 адам оқытылған және жұмысқа орналастырылған.
Аймақтың 10 тұрғыны өз ісін ашуға 21,1 млн. теңге соммасында микронесиелер алған.
Жұмыспен қамту бағдарламасының шеңберінде қайта оқыту және жұмысқа орналастырудан басқа 14 отбасы (25 адам) тұрғын үй мәселесін шешкен.
Осы жылы бағдарламамен 50 адамды қамту жоспарланған.
Оның ішінде:
- 15 қатысушыға 30,0 млн. теңге соммасында несие беру;
- 5 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
- жастар тәжірибесін өту үшін 10 жұмыс орнын ұйымдастыру;
- кадрларды қайта даярлау шеңберінде 10 әлеуметтік жұмыс орындарын және 10 жұмыс орнын ұйымдастыру.
Сапалы білім беру және жұмыспен қамтудың үлкен мүмкіндіктерімен қатар, тұрғындардың медициналық қызметпен лайықты деңгейде қамтамасыз етілуін атап өту керек.
2013 жылы «Саламатты Казахстан» Мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторларына қол жеткізілген.
Адам өлімінің көрсеткіші 9% төмендеген. Осы жылғы  біздің міндетіміз – медициналық қызметтердің сапасын, қол жетімділігін, уақытылы көмек көрсетілуін сақтау және жақсарту болып табылады.
Жалпы спортпен және дене шынықтырумен айналысу, салауатты өмір салтын ұстану және қалыптастыру барлық алдын – алу шараларының нәтижелі іске асырылуы сөзсіз.
Осы бағыт бойынша тұрғындарды қамту 47% жеткен. Қалада 74 спорттық нысан және жабдық тіркелген.
 Өмір сүрудың барлық саласында біздің жетістіктеріміз жаңа қазақстандық патриоттылықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Оның негізіне біздің мемлекетіміздің, қоғамның, ұлттың басты мүддесі – бұл қоғамдық келісімді сақтау және нығайту болып табылады.
Ұлтаралық келісімді және өзара қарым- қатынасты нығайтуды айта отырып, аймақта мәдениетті, салт дәстүрді және Қазақстан халықтарының тілдерін дамытуға барлық жағдай жасалған деп айтпай кету мүмкін емес.
Шахтинск қаласында 7 этномәдени бірлестік қызмет етеді.
Біздің міндетіміз - қысқа мерзімде өмір сүрудің барлық саласында мемлекеттік тілде сөйлесуге қол жеткізу.
Ол үшін қаламызда 2011 жылы «Бастау» мемлекеттік тілді оқыту орталығы ашылған. 2013 жылы мемлекеттік тілді 160 адам оқыған. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер – 19, азаматтық қызметкерлер  – 71,  заңды және жеке тұлғалар – 9 адам.
Сонымен қатар, 2013 жылы ағылшын тілін оқыту курстары ұйымдастырылған, есеп беру кезеңінде 45 адам оқытылған.
Атқарушы биліктің маңызды қызметінің бірі қоғаммен кері байланыс. Негізінен азаматтардың өтініштерінен біз толығымен және нақты тұрғындардың өзекті мәселелерін білеміз.
Осы жұмыстың бөлігі, біздің бүгінгі кездесуіміз.
Өткен жылы қалалық әкімдікке және оның құрылымдық бөлімшелеріне 9 мың 953 өтініш келіп түскен, 364 адам жеке қабылдауда болған.
Жер телімдерін бөлу мәселесі, коммуналды- тұрмыстық сипаттағы өзекті мәселелер және тұрғын үй мәселесі тұрғындар үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын талдау көрсетті.
Аймақ тұрғындарының өтініштеріне тоқтай отырып, Сіздерді өткен жылы есептік кездесу барысында тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар мен шағымдарды іске асыру қорытындылары туралы қысқаша ақпараттандыруға рұқсат етіңіздер.
2013 жылдың ақпан айында Шахтинск қаласы әкімінің 5 есептік кездесуі өткен, нақты шаралар қабылдау үшін тұрғындардан келіп түскен 24 ұсыныс бақылауға қойылған.
Айтылған ұсыныстарға сәйкес, өткен жылы келесі жұмыстар жүргізілген:
Северо-Западный кенті тұрғындарының өтініші бойынша қартан адамдарға көмек көрсету бойынша іс- шаралар жоспары әзірленген және іске асырылған, Заречная және Буровая көшелерінің қоғамдық тәртібін күзету бақылауға алынған.
Северо-Западный тұрғындарының сұраныстары бойынша, Шахтинск – Караганда трассасында жаяу жүргіншілер жолында бағдаршам орнатылған.
Долинка кентінде балалар алаңын тұрақты бақылау жүргізіледі, "Казахтелеком" АҚ абоненттерінің төлеміне есеп шот ұсынудың альтернативті формасы іске асырылған.
Новодолинский кентінде тұрғындардың өтінімі бойынша қаңғыбас иттер ауланған, алғашқы  медико санитарлы бөлімдерде уақытылы анализ алу мәселесі реттелген, қарды уақытылы тазалау жүргізілген, «Қазақстан Ұлттық банкі» АҚ банкоматы қалдырылған.
Шахан кентінде әр аптаның бейсенбісінде санитарлы тазалық рейдттері жүргізіледі, сонымен қатар түнгі сауда нысандары бойынша рейдттер жасалған, спирттік сусындарды заңсыз сату фактілері анықталып, әкімшілік жазалау шаралары қолданылған. 
Тұрғын үйлерде қысымды бірдей тарату бойынша кенттің электр желілерінде жұмыстар жүргізілген. Жыл ағымында қазандықты салу үшін ЖСҚ әзірлеу бақылауда тұр. Қазіргі уақытта, жоба Астана қаласында сараптамада жатыр. Ағымдағы жылы, облыстық бюджеттен жылу желілерін жобалау үшін 50,0 млн. теңге бөлінген.

Шахтинск қаласында:
Қалада жергілікті маңызы бар мәселелерді өздігінен шешу үшін, тұратын жері бойынша азаматтарды ұйымдастыру мақсатында жеке сектордың көше комитеті және көп қабатты тұрғын үй қорының бөлігінде өзін – өзі басқару органдары құрылған. Шахтинскіліктердің өтініші бойынша «Салтанат» балалар бақшасының жанында жол белгілері орнатылып, «Карлыгаш» және «Снегурочка» балалар бақшаларының жанындағы жолдарда «жасанды кедергілер» орнату бойынша жұмыстар жүргізілген.  

Құрметті Шахтинскіліктер!

Сыбайлас жемқорлық заңдарын бұзу мәселелері бүгінгі күні маңызды орын алады. Осы бағыт бойынша жұмыстар біздің қаламызда да жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және құқық бұзушылық фактілерін болдырмау шараларын қабылдау мақсатында Шахтинск қаласы әкімдігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- шаралар жоспары бекітілген. Мемлекеттік ұйымдардың жоспарына сәйкес, олар тұрақты негізде қоғамдық және үкіметтік ұйымдардың отырысына қатысады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаты және қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, қала әкімінің аппараты, ішкі саясат бөлімі, прокуратура қызметкерлері материалдарды басып шығарады, қалалық «Шахтинский вестник» газетінде арнайы рубрика «Законность и правопорядок» қызмет етеді. Сонымен қатар, әр мемлекеттік органда «сенім телефоны» бар, бұл «сенім телефоны» тұрғындарға анықталған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы сәйкес органдарды ақпараттандыруға мүмкіндік береді. Барлық мемлекеттік органдарда заңды және жеке тұлғалардың хаттары үшін почта жәшіктері орналастырылған.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезектілік тізімін жүргізу және қалыптастыру мақсатында «Шахтинский вестник» газетінде, «Шахтинск қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жалпыға көрінетін орында, кезектілік тізімі жарияланады.  
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына бағыттау үшін мектепке дейінгі балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша сыбайлас жемқорлықты болдырмау, қызметке қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Шахтинск аймағының мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне балалардың орналасуы үшін Шахтинск қаласының әкім аппаратының порталында 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалардың кезектілік тізімі орналастырылды. Әуре сарсанды болдырмау мақсатында, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметкерлерімен өтініш берушілердің тікелей байланысы барысында сыбайлас жемқорлық фактілерін боддырмау үшін, өтініштерді қабылдау функцияларын халыққа қызмет көрсету орталығына беру шаралары қабылданған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер реестріне сәйкес, жергілікті атқарушы органдармен 61 қызмет түрі бойынша 2013 жылы 16 469 қызмет көрсетілген.
Мемлекеттік органдарда көрсетілген мемлекеттік қызметтер 13 829 (84%), тұрғындарға қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік органдарға көрсетілген мемлекеттік қызметтер 2640 (16%). Мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттарына сәйкес тегін 13198 (80,1%) қызмет көрсетілген, ал ақылы түрде - 3271 (19,9 %) қызмет көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарына және мемлекеттік органдарға заңды және жеке тұлғалардан 12 665 адамы жүгінген.
Есеп беру кезеңінде сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер болып келесілер табылады: «Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне (7 жасқа дейін) мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою» (1299 қызмет көрсетілген), «Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу» (2143 қызмет көрсетілген), «Жұмысқа орналастыруға ықпал ету белсенді формаларына қатысу үшін тұлғаларға жолдама беру» (2216 қызмет көрсетілген), «Жалпы бастауыш, орташа және жалпы білім беруді ұсыну» (1471 қызмет көрсетілген)», «Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру» (2053 қызмет көрсетілген).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын ішкі бағалау бойынша жұмыстар ай сайын жүргізіледі. Есеп беру  кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жеке тұлғалардан 2 шағым келіп түскен, бұл шағымдар бекітілген мерзімде қаралған. Мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік органдардың көрсетілетін қызмет мерзімдерін бұзу фактілері болмаған. Салыстыру үшін, 2012 жылы 11 мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері бұзылған, ал 2011 жылы - 192.
Электрондық түрде қызметтерді көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін автоматтандыруға басты назар аударылады.
Мысала, «Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне (7 жасқа дейін) мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметін электрондық формаға ауыстыру жүзеге асырылған. Сондай – ақ 2013 жылы осы қызмет түрлері бойынша жалпы көрсетілген қызмет санынан «электрондық үкімет» және ХҚО арқылы 1268 қызмет немесе 97,6% көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерге тұрғындардың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер» курсы бойынша тегін семинарлар № 5 гимназия базасында  тамыз айынан қараша айы аралығында ұйымдастырылған, бұл курстар әрбір санаттағы 600 тындаушыны қамтыған. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қажетті ақпарат мемлекеттік мекемелердің ақпараттық стендтарында және қала әкімінің ресми интернет – ресурсында «Мемлекеттік қызметтер»  бөлігінде орналастырылған.
Қызмет алушылар және мемлекеттік органдар қызметкерлерімен шектеуді қамтамасыз ететін, сапалы және уақытылы қызметтерді ұсыну үшін 2014 жылы ХҚО арқылы 8 мемлекеттік қызмет альтернативті негізде көрсетілетін қызметтерді ауыстыру боынша жұмыстар жалғасады.

Құрметті қатысушылар !

Сіздер білетіндей,2012 жылдың қараша айында Президент өзінің Жарлығымен жергілікті өзін- өзі басқару тұжырымдамасын бекітті, ол ауылдық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік береді және жергілікті маңызы бар мәселелерге азаматтардың қатысуын кеңейтеді.  
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес және Ел Басының тапсырмасы бойынша өткен жылдың тамыз айында біздің Республикада ауылдық әкімдерді сайлау өткізілген. Дауыс беру сайлау құқығының негізінде құпия дауыс беру арқылы өткен. Шахтинск аймағының қалалық мәслихат депутаттарымен Шахан, Долинка және Новодолинский кенттерінің әкімдері сайланды. 
Осы іс- шара орталықтардың және аудандардың уәкілеттілігін және жауапкершілігін шектеуге мүмкіндік береді. Табысты көздерді қалыптастыру, түсімдер жоспарын бекіту және жергілікті өзін- өзі басқару шығыстарының қаражаты және тағы басқалары бойынша ауыл әкімдері қосымша уәкілеттіктер алды.

Құрметті кездесуге қатысушылар!

Өзімнің баяндамамның соңында қала жетістіктері және жақын уақыттағы жоспарлар туралы шексіз айта беруге болатынын атап өткім келеді. Жергілікті атқарушы органдармен жасалатын жұмыстардың жартысы ғана менімен  айтылып өтті.
Қарағанды облысының барлығында, Шахтинск аймағының әлеуметтік – экономикалық жолында бірқатар өзекті мәселелер бар екенін жасырмаймыз.  Мен ойлаймын барлық қиындықтарды жену мүмкін және  бұл орындалатын болады.
Біздің тұрақты бақылауымызда тұрғындардың шағымдары, өтініштері, барлық өзекті мәселелер тұр. Қала үшін маңызды мәселелердің бәрі назарсыз қалмайтынын және өз шешімін табатынына Сіздерді сендіргім келеді.
Диалогқа көшпей тұрып, бүгінгі күнгі өзгерістердің барлығында сіздердің де үлестеріңіз бар екенін атап өткім келеді.
Барлық оңтайлы істерде адамдар атқарушы органдардың серіктесі болуы керек. 
Біздің Отанымыздың жарқын болашағы туралы айта келе Ұлт Көшбасшымыз: «Әр қазақстандық өзінен: өз үйінен, қаласынан және ауылынан бастауы керек, өз денсаулығы мен өмір сүру үлгісі туралы ойлануы керек. Оларсыз өмір сүрудің ешқандай жаңа сапасы келмейді» деп ерекше атап өткен.
Назарларыңызға рақмет!


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 19.01.2015 11:11

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 22°C , ылғал 35%, қысым 714, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 382.38
Euro 428.30
Рубль 5.97

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары