www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Шахтинск қаласының тұрғындарын egov.kz порталымен жұмыс істеуге үйретеді

 

2013 жылдың тамыз айынан бастап қыркүйек айына дейін Шахтинск қаласында egov.kz электрондық үкімет порталымен жұмыс істеуге үйрету семинарлары өтеді.
Мамандар қала және жапсарлас кенттердің тұрғындарына қалай электрондық цифрлық қолтаңба алуды және одан кейін оның көмегімен қалай мемлекеттік электрондық қызметтер алуға болатынын айтып береді.
Тегін дәрістердің ұзақтығы үш сағат. Осы уақыт ішінде тыңдаушылар теориялық және практикалық білім алады. Жаңадан келгендерді порталдан әр түрлі қызметтерді, салық, айыппұл, коммуналдық қызметтерді төлеуді және қажетті ақпаратты алуға үйретеді. Бағдарламаны өткеннен кейін семинарға қатысушыларға курсты өткендігі туралы куәлік беріледі. Семинарда 600 адам білім алады деп жоспарланып отыр.
Азаматтардан және ұжымдардан семинарға қатысуға тапсырыс қабылдануда, сондай-ақ семинар туралы толық ақпаратты 5-27-30 телефон нөмірі бойынша алуға болады.
Ниет білдірген тұлғалар ақпаратты білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінен алыңыздар. (Шахтинск қаласы,Қазақстан көш. 101).


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 41%, қысым 715, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.38
Euro 431.05
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары