www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

10 Қараша 2011 Құрметті жерлестер, қадірлі ағайын!

Құрбан айт мерекесімен бәріңізді шын жүректен құттықтаймыз!  



09 Қараша 2011 Қыздар сұлу көрінер...

Долинка кентінің мәдениет үйінде қыздардың сұлулығы мен сымбатына көз сүздірткен «Күз аруы - 2011» байқауы өтті. Алдын-ала іріктеуден кейін ақтық сынға бес бойжеткен жолдама алды.



08 Қараша 2011 Елбасына тілегіңді жеткіз

Осы күндері республика аумағында «Нұр Отан» ХДП мұрындық болуымен ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай «Халық дауысы» акциясы қарқынды жүргізіліп келе жатқан жұртшылыққа жақсы мәлім. Астанадан қазанның10-нан басталып қараша айының10 күні ширегіне жетпекші аталмыш жоба ұлан-байтақ еліміздің түкпір-түкпіріне тегіс аралап кетті. Шахтинск өңірінде акция қарашаның бірінші жұлдызына дейін қаланың өз басында, одан кейін Долинка, Новодолинский, Шахан сияқты кенттерінде жалғасын таппақ.



07 Қараша 2011 Екінші жәрмеңке болып өтті

Екі апта бұрын басталған «Ауыл береке» жәрмеңкесі өткен сенбі күні жалғасын тапты. Өткендегідей, бұл жолы да Шахтинск қаласының тұрғындарына Абай және Жаңаарқа аудандарына қарасты ауылдардан келген өнімдер ұсынылды.



03 Қараша 2011 Шартты түрде мерзімнен бұрын и босатудың ерекшеліктері

Шартты түрде мерзімнен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру заңдылығын қолдануда дұрыс сот тәжірибесін қалыптастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысымен 2007 жылы 25 желтоқсанда №10 Қаулысы қабылданды.  



02 Қараша 2011 Жеңіліссіз ойнады

Таяуда мектеп оқушылары арасында футболдан қалалық спартакиада өткенін, онда №16 қазақ орта мектебінің командасы жеңіске жеткенін жазғанбыз. Бұл команда жақында тура осындай спартакиаданың облыстық кезеңіне қатысып, мерейлі екінші орынды иеленді.  



01 Қараша 2011 Дінтанушылар ұстаздармен кездесті

19 қазан күні Кеншілердің мәдениет сарайында діни экстремизмді алдын алу мәселелеріне арналған семинар болып өтті. Мұны аймағымыздың ұстаздары үшін Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі мен дінтану – психологиялық – құқықтық кеңес беру орталығы ұйымдастырды.  



31 Қазан 2011 Әлеуметтік бағдарламалар қазына қалтасына қарайды

Үстіміздегі жылдың шілде айынан қалалық салық басқармасына Сәуле Сабырқызы Рахимова жетекшілік етеді. Бұл кісі салық саласында оның құрылғанынан, 1991 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ел егемендігінің алғашқы кезеңдерінде Тельман ауданының, кейін Бұқар-Жырау ауданының салық комитеттерінде, Теміртау қаласының салық комитетіне басшы болды. Шахтинск шаһарына қызмет ауыстырғанға дейін Қарағанды қаласы Октябрь ауданының салық басқармасын басқарды.  



27 Қазан 2011 Нұрмұхаммедке дауыс беріңіздер

Осы күндері әдеби ортада «Нағыз қазақ әдебиеті енді жасалынып жатыр» деген пікір бар. Бұл пікірге келісуге де болады, келіспеуге де болады. Дегенмен, бұл сөзде шындық та бар. Себебі, қалай десек те, кешегі тоқсаныншы жылдарға дейінгі әдебиетімізге «Қазақ Совет әдебиеті» деген айдар тағылып келді. Ол уақыттағы идеологияға сәйкес әдеби шығармалар қатаң сұрыптаудан өткізілетін.  



26 Қазан 2011 Кентте супермаркет ашылды

Өткен аптаның сәрсенбісінде Шахан кентінде жаңа сауда орыны есігің айқара ашты. «Шахтер» супермаркеті аталатын бұл нысанды жерлестеріне жеке кәсіпкер Қайрат Кинибаев тарту етті.  



25 Қазан 2011 Жүлдегерлер атанды

Осы айдың басында Қарағандыда жасөспірімдер арасында панкратионнан облыстық сайыс өтті. Оған қатысып, қаламыздың намысын қорғаған Берқұл Шыңғыс 45-тен жоғары салмақта екінші орынды жеңіп алды.  



24 Қазан 2011 Желаяқтар жарысты

Өткен сенбі, 15 қазан күні тоғай алаңында «Алтын күз» атты жеңіл атлетикалық кросс өтті. Аталмыш жарысты жыл сайын өткізу дәстүрге айналды. Бұл жолғы кросс еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Шахтинск қаласының жартығасырлық мерейтойына арналды.  



21 Қазан 2011 Сот жасауылдарының сот үдерісіндегі рөлі

Мемлекеттің демократиялық даму жолында негізін құрайтын маңызды тармағының бірі — сот жүйесі. Сот төрелігінің сапалы жүзеге асырылуы —азаматтардың мемлекеттік құқықтық саясатқа, билікке сенім арттыруының кепілі.  



20 Қазан 2011 Отырыс дінге арналды

Ислам діні адамдарды ізгілікке, имандылыққа тәрбиелейді. Иә, асыл дінімізде жамандық атаулыға орын жоқ. Алайда, кейінгі кездері дініміздің атын жамылған неше түрлі ағымдар пайда болып, өз насихатын жүргізуде. Осы ағымдардың әсерінен әлемде небір сойқан істер жасалынып жатыр.  



19 Қазан 2011 Қарттар да бала болған

Аты аңызға айналған атақты палуан Диқанбай Биткөзовпен білек айқастырып, боз кілемнің шаңын қаққан, самбо күресінен спорт шебері, өзіміздің жерлесіміз Бектұр Жұмажанұлы Тоқмағанбетовты біреу білсе, біреу білмес.  



Парақтар: 169170171172173174175176177
Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 0°C , ылғал 62%, қысым 712, жел 8 м/с

Валюта бағамдары

USD 379.19
Euro 426.63
Рубль 5.92

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары