www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
21.05.2020
Хабарлама

 

Қарағанды облысы Абай ауданында шаруа  немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ( жалға)

уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша қайталанған конкурс өткізу туралы 
Хабарлама

 

2020 жылы 15 маусымда Қарағанды облысы, Абай қаласы, Жеңіс даңғылы 3, мекенжайы бойынша орналасқан, Абай ауданы әкімшілік ғимараты  залында сағат 10-00-да, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша қайталанған конкурс өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімді тіркеу және қабылдау Қарағанды облысы, Абай қаласы, Абай көшесі, 26 құрылым, (2-ші этаж, 6 кабинет) мекенжайы бойынша орналасқан «Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не  2020 жылдың 01 маусымнан 2020 жылдың 12 маусым сағат 17:00-ға дейін  жүзеге асырылатын болады. Конкурсқа қатысуға өтінім, өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша, қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіпте тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғаларымен (шетелдік заңды тұлғалардан, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдіктердің,шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтағы жоқ тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамынқұрайтын заңды тұлғалардан басқа) Қазақстан Республикасының азаматтары ақпараттық хабармен орнатылған мерзімінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтінім рәсімделген жіберіледі.

 

Келесі жер учаскелері конкурсқа шығарылады, төменде көрсетілген кестеге сәйкес:

 


Лоттың

 

Жер учаскесінің сипаттамасы (алқаптың түрі және құрамы)

 

Алаңы,
(га)

 

Жалдық мерзім,
(жыл)

 

Жер учаскелерінің орналасуы, кадастрлік нөмірі,ауылдық округтен арақашықтығы)

Су

қамтамасыз ету

Ауданының шаруашылығы мамандандыру

1

2

3

4

5

6

7

4

Талшынды , жайылым -201,0 га, с.і. ТЖ жайылым - 120,0 га, өзге жерлер - 1,8597 га, балл бонитеті – 22.

202,8597

10

Самарка а/о, 09-134-004-171,

4,5 км  Б Бородиновка а.

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

6

Талшынды, жайылым -22,7532 га, онын ішінде суармалы егістік-23 га, шабындық 14- га, өзге алқаптар -18,7795 га, бонитет балы - 19

78,5327

10

Дзержинский а/о, .Пруды ауылынан, СШ қарай – 1,5 км

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

9

Талшынды , егістік -64,5 га,  өзге жерлер - 0,0410 га, балл бонитеті – 20.

64,5410

10

Самарка а/о, 09-134-004-174,

11,0 км Ш  Самарка а.

Қамтамасыз етілмеген

өсімдікшаруашылығы

16

Талшынды, жайылым -348,8216 га, өзге алқаптар – 7,147 га, бонитет балы-11

355,9686

10

Құлаайғыр а/о, Жаман жол ауылынан, солтүстікке қарай -9км

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

19

Талшынды, жайылым -533,6971 га, өзге алқаптар – 2,713 га, балл бонитета-15

536,4101

10

Есенгелді а/о, Есенгелді ауылынан, ОШ қарай -10 км

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

21

Талшынды, жайылым -5340,5306 га, өзге алқаптар – 127,477 га, бонитет балы-14

5468,0076

10

Есенгелді а/о, 8- ауылдан, батысқа қарай – 16,5 км

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

 

Конкурсты ұсыныста: 

  1. бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
  2. шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфра құрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
  3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс. 

Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық  ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Қосымша ақпаратты Қарағанды облысы, Абай қаласы, Абай к., 26 құрылыс мекенжайы бойынша «Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде білуге болады.Телефондар: 872131 48317, 41958 (факс), электрондық мекенжайы: abayarh@mail.ru.


 



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 31°C , ылғал 27%, қысым 723, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 414.46
Euro 451.35
Рубль 5.77

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары